«Аcсамблея Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды, ол барлық этностардың мүдделерін бірарнаға тоғыстырады, ұлттың тегіне қарамастан барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етеді».
Н.Ә. Назарбаев.
21 қазан күні қазақ тіліндегі әдебиеттер оқу залында «Қазақстан халқының рухани келісімі – ел бірлігі мен тұрақты дамудың кепілдігі » дөңгелек стол өтті. Ұйымдастырушы «Тарих және заң факультеті», «Қазақстан тарихы және Философия кафедрасы» мен қазақ тіліндегі әдебиеттер оқу залы .
Кешті «Қазақстан тарихы және философия» кафедрасының аға оқытушысы Бегалина Дильбар Бостандыққызы алғы сөзбен ашты.
|
Қазақстан халықтары Ассамблеясының Стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы//Н. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы / Жалпы ред.басқ. Ж.Ә.Әлиев.- А., 2006.- б.163 – 182.
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік – саяси демократиялық тұрғыдан жедел даму жолына түсті және де ол тек бұрынғы кеңестік кеңістік аясында ғана емес, сонымен бірге әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне саналады.
Тарихи міндеттерді шешуде біздің көп ұлтты Республикамыздың Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты рөл атқарды. Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдағы тұрлаулылық пен келісімді нығайтудағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін одан әрі көтеру мақсатында қаулы етті. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
|
|
Қазақстан халқы ассамблеясы// Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.-А., 2010.-б.95-100.
Еліміздегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылыққа мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қажырлы еңбегі арқылы қол жеткізудеміз. Ұлтаралық келісім саясаты Елбасының қолдауымен консультативті-кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясы және аймақтық әкімшіліктегі кіші халықтар ассамблеясы қызметі арқылы жүзеге асырылуда. Бұл ұлтаралық және діни келісім-Қазақстандағы қоғамдық-саяси тұрақтылық негізі. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
|
Қазақстан халық Ассамблеясының қызметі мемлекеттің егеменді даму ы жағдайындағы төл этностың саяси мәртебесін арттыру факторы ретінде // Арын Р.С. Қазақ этносының әлеуметтік- саяси мәртебесінің дамуы.- Павлодар, 2008.- б. 68- 119.
Бұл мақала Қазақстан халықтарының монография төл этностың саяси мәртебесін арттыру факторы ретінде беріледі. Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру идеясын 1992 жылы Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының Бірінші Форумында бірінші рет ел Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқан болатын.Ондағы өз сөзінде Президент: «Біздің басты жетістігіміз – халықтар достығын қазақстандықтардың бір ғана ұрпағы жасаған жоқ» деп атап өтті.
|
|
Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын. За мир и согласие в нашем общем доме:
Материалы первой Ассамблеи народов Казахстана.- А.: Қазақстан, 1995.-160б.
Бұл кітапта Қазақстан халықтарының бірінші Ассамблеясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің жасаған баяндамасы, делегаттардың сөйлеген сөздері, Ассамблеяның Қазақстан халқына жолдауы және референдум туралы Ассамблея резолюциясы. Қалың оқырманға арналған.
|
|
|
Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы.- А.: Жеті жарғы, 2007.- 216 б.
Бұл еңбекте қазіргі жаhандану заманындағы еуразиялық кеңістікте орын алған қазақ диаспорасының маңызды мәселелері жан – жақты талқылаудан өткізіледі. Еуразия және Азия елдеріндегі қандастарымыздың өмірлік болмысындағы көптеген күрделі және қайшылықты проблемалардың тәуелсіз Қазақстанның орнықты дамуына сәйкес келетін оңды шешімдері ұсынылады.
Кітап еліміздің мәдени- тарихи дамуын зерттеумен айналысатын мамандарға, ғалымдарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, аспиранттары мен магистранттарына және осы тақырыпқа қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымға арналған.
|
|
Конфессияаралық диалог пен ұлтаралық келісім туралы//Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен. –А.:Таймас, 2005.- б. 335 – 354.
Үлкен нәрсе алыстан көрінеді дейді ғой...
Сіз қолыңызға ұстап отырған кітап осы тезисті растайды. Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен, конфессияаралық диалог пен ұлтаралық келісім туралы,оның негізін шетел мемлекеттері көшбасшыларының сөзінен: «Қазақстанға осы бір қиын аймақта тұрақтылық аралы болып қалудың сәті түсіп тұр және бүгінгі күнде адамдардың ең маңызды құқығы бейбітшілік құқығы және аз ұлттарды сыйлау құқығы Қазақстанда мінсіз сақталуда» деп үн қатады.
|
Қазақстан қоғамы дамуының өзекті мәселелері: мақалалар жинағы / Жауап. ред. Б.Қ.Сұлтанов.- А.: ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ, 2010.- 164 б.
Жинаққа ҚСЗИ қызметкерлерінің бүгінгі Қазақстан дамуының өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары топтастырылған. Ғылыми басылымға елімізде демократиялық үрдістердің орнығуы мен саяси институттардың дамуы,халықтар Ассамблеясының дамуы, Қазақстанның әлемнің жетекші мемлекеттері мен халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының жандануына және Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ – дағы төралығына осындай- ақ аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған еңбектер енгізілген.
Мақалалар жинағы саясаттанушыларға, халықаралық қатынастар мамандарына, аймақтанушыларға, мемлекеттік қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне және Қазақстан Республикасының бүгінгі дамуының өзекті мәселелері қызықтыратын қалың оқырманға арналған.
|
|
Әмірғазин С.Т. Дін және жауапкерлік. Монография.- Астана: Фолиант, 2002.- 192 б.
Бұл еңбекте жауапкершілік мәселесінің әлеуметтік – философиялық мәні ретінде қазақ халқының рухани, діни және мәдени қайнар көздері қарастырылады.
Еңбек азаматтық жауапкершілікті арттыруды қажет етіп отырған қазіргі заман ағымындағы қоғамдық сұранысқа жауап іздеп, ұлт руханиятындағы жауапкершілік мәселесінің болмыстық деңгейін зерделеуге ұмтылған.
Кітап университетттерде, академияларда, институттарда оқу құралы ретінде кеңінен қолдануға болады.
|
|
|
Бұлұтай М.Ж. Дін және Ұлт.- А.: Арыс, 2006.- 584 б.+ 24 б.сур.
Автордың ең басты мақсаты ұлттық бірлік пен егемендіктің сақталуы, дінді бұрмалаушылықтардан сақтау, зайырлы да өркениетті қоғам орнатуға үлес қосу екені айқын байқалады.Жинақтағы материалдар негізінен қазақ баспасөзінде бұрын жарияланған және жалпы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген құнды дүниелер. Оқырманның ойлау жүйесіне әсер ететін, дін мен қоғамға деген көзқарасына жаңаша ой салатын мазмұнмен жазылған.
|
Кітап көрмесімен қазақ тіліндегі әдебиеттер оқу залында 10 ғимаратта 302 аудиториясында
таныса аласыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |