Оқытудың бірінші деңгейінде (білім беру жүйесінің репродуктивті типі) оқушы білу керек:
- оқу материалын мазмұндау керек;
- мұғалімнің айтқанын өз ойын қоспай мазмұндай алу керек;
- есепті бір формуланы қолдану арқылы шеше алу керек (негізгі формуланы және ақпараттың өлшем бірліктерін біле тұра);
Оқытудың екінші деңгейінде (білім беру жүйесінің реконструктивті типі) оқушы білу керек:
- сабақ барысында алған немесе оқулықтан оқыған білміне негізделіп мұғалімнің кез – келген сұрағына жауап бере алу керек;
- Анықтамалардың, формулалардың , мөлшерлердің мәнін ұғыну ;
- оқылып жатқан материалдар тақырыптарының арасында байланысты орната алу керек;
- 2 және 3 формуланы пайдаланып, алгоритмнен стандартты есептерді шеше алу керек;
Оқытудың үшінші деңгейінде (білім беру жүйесінің вариативті типі) оқытылу материалы негізінде оқушыға жаңа анықтамалар мен формулаларды түсіндірудің сәйкес келуі; білімді жаңа оқу үрдісінде қолдану. Осы деңгейге жатады:
алдын ала қаралмаған үлгідегі есептерді шешу;
- әр түрлі ақпараттық модельдердің оптимальды алгоритмдері және есептерді шешу әдістерін құру.
Достарыңызбен бөлісу: |