Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырамын. Сабақ мақсатымен таныстырамын.
Жаңа сөздер
Дүкен – магазин
1-тапсырма.
Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аудартамын. Балалардың (Арай, Әділ, Арман) суреті арқылы оқушылар үй, саябақ сөздерін қайталайды, дүкен сөзінің мағынасын түсінеді. Оқушылар өткен сабақ бойынша саябақ сөзін саябаққа деген үлгіде қолданылуын біледі, сондықтан сол үлгі бойынша үй, дүкен сөздерінің де өзгеруі түсіндіріледі. Мысалы: үй - үйге, дүкен - дүкенге. Оқушылардың мына сөйлемдерді айта алуына назар аудару керек:
Мен мектепке барамын.
Мен тауға барамын.
Мен саябаққа барамын.
Мен үйге барамын.
Мен дүкенге барамын.
Мұғалімнің суреттер жиынтығында осы 5 сурет (мектеп, тау, саябақ, үй, дүкен) міндетті түрде болуы керек. Өткен материалды әр сабақ сайын қайталатып отырған жағдайда ғана оқушылар оқу материалын толық меңгеріп шыға алады.
Дескриптор:__Сөйлемді_толықтырып_айтады.__3-тапсырма.'>Дескриптор:__Етістіктің_үш_жақта_қолданылуын_жаттығады.__2-тапсырма.'>Дескриптор:
Оқушылар назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады.
Балалардың (Арай, Әділ, Арман) суреті арқылы оқушылар үй, саябақ сөздерін қайталайды, дүкен сөзінің мағынасын түсінеді.
«Есте сақта!» айдары
бойынша мұғалім оқушылардың назарын бару етістігінің үш жақта қолданылуына аударады. Оқушыларға
барамын - барасың - барады
арасындағы айырмашылық түсіндіріледі. Мен сөзімен барамын, сен сөзімен барасың, ал ол сөзімен барады қолданылатыны айтылады. Оны жаттықтыру үшін, мәселен, мұғалім мен деп бастайды, оқушылар барамын деп аяқтауы керек. Осылай етістіктің үш жақта қолданылуы жаттықтырамын.
Дескриптор:
Етістіктің үш жақта қолданылуын жаттығады.
2-тапсырма. Толықтырып айт.
Ол мектепке... 2.Ол дүкенге... 3.Ол саябаққа...4.Ол үйге...5.Ол тау...
Дескриптор:
Сөйлемді толықтырып айтады.
3-тапсырма. Ең алдымен тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі тыңдалады. Оқушылардан неше адамның дауысын естігендерін сұраймын. Соған қарай сөйлесуге қатысатын балалар санын анықтайды. Оқулық бойынша сөйлесуге екі оқушы және мұғалім қатысады. Негізі бұл диалогті 3 бала қатысуымен болады. Ол үшін сыныптағы оқушылар 3 баладан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Топтағы бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді, үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды (мұғалімнің сұрағына жауап береді). Мысалы:
1-оқушы: - Сен қайда барасың?
2-оқушы: - Мен үйге барамын.
Мұғалім: - Ол қайда барады?
3-оқушы: Ол үйге барады.
Дескриптор:
Топтағы бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді, үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды.
(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар барады етістігінің болымсыз түрін түсіндіреді: Ол барады. Ол бармайды.
(Ұ) 4-тапсырма. Оқушылар барады, бармайды етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды.
Ол мектепке... Ол үйге...
Ол дүкенге... Ол тау...
Ол саябаққа...
Дескриптор:
Оқушылар барады, бармайды етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды.
(МҚ Ұ) ә дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастаймын. Алмабектің ә дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды ә дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудио дискіден ә дыбысымен ашылуын және ә дыбысы кездесетін сөздер катарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. ә дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырамын.
Мәселен, ә дыбысын айтқанда жақ кең ашылып, ауа еркін шығады. Тіл төменгі тістерге тіреледі.
Сондай-ақ тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды (буындарды) салыстыра беру арқылы да жаттықтыруға болады. Мәселен: а-ә (ма-мә).
Оқушылар ә дыбысының дауысты дыбыс екенімен танысады. Дауысты дыбыстар қызыл түспен, дауыссыз дыбыстар көк түспен берілгенін түсіндіремін.
Ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: әже, әке, әріп. Сондай-ақ оқушыларға ә дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат беремін. (Әсет т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім ә дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді.
Мысалы: әже (кім?), әріп (не?), Әсет (кім?).
(МК, Ү) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады.
Оқушылар назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады.
Балалардың (Арай, Әділ, Арман) суреті арқылы оқушылар үй, саябақ сөздерін қайталайды, дүкен сөзінің мағынасын түсінеді.
Етістіктің үш жақта қолданылуын жаттығады.
Сөйлемді толықтырып айтады.
Топтағы бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді, үшінші бала екінші баланың жауабын қайталайды.
Оқушылар барады, бармайды етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды.
Ә дыбысымен таныстыру жұмыстарына қатысады.
Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
|
|