Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет94/138
Дата03.01.2022
өлшемі1.02 Mb.
#451312
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   138
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі

Дидактикалық материялдар

I. Тапсырма нұсқалары

: Тапсырма 1. Берілген тақырыпта сабаққа – дәріске конспект даярлау. Конспект мазмұны келесіден тұру керек:

1.1. Сабақтың тақырыбы мен сағатын белгілеу

1.2. Мақсаты (білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік).

1.3. Оқыту мазмұнының негізгі ұғымдары (ұғым сөздігін құру ұсынылады).

1.4. Оқушылардың алдын – ала дайындығы ( оқытылатын дәріс материалының мазмұнын меңгерген білімдер, іскерліктер және дағдылар сипатталады).

1.5. Мұғалімнің алдын – ала дайындығы ( дәріске дайындалу барысында мұғалім шешетін практикалық тапсырмалар анықталады).

1.6. Оқыту құралдары (бөлімдерге бөлініп көрсетілген әдебиеттер: оқулықтар мен оқушыларға арналған есеп кітапшалары және мұғалімге әдістемелік нұсқаулар; қосымша әдебиеттер; техникалық және бағдарламалық құралдар; дидактикалық материалдар, сонымен қатар суреттерді компьютер экранынан демонстрациялайтын экранға проекциялауға мүмкіндік беретін қазіргі заманауи техникалық құралдар көмегімен жасалған демонстрациялар).

1.7. Уақыт шығынын есептейтін сабақтың сатылы жоспары.

1.8. Оқытудың мазмұны (оқушылар жұмыс дәптеріне жазып алатын мәліметті міндетті түрде мәтіннен ерекшелеп қою керек, сонымен қатар қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау керек).

1.9. Білімді қортындылау.
Ескерту.Егер сабақта қарапайым сынып тақтасы қолданылатын болса, онда тақтаға суреттер жиыны іліну керек.

Дәріс тақырыбы

1. Системологияға кіріспе.

2. Моделдеудің теориялық негіздері.

3. Ақпараттық модельдеу.

4. Модели представления знаний в системах искусственного интеллекта.

5. Компьютерлік модельдеуге кіріспе.

6. Имитациялық модельдеу.

Тапсырма 2. С.п.п 1.1 тапсырма 1 сәйкес берілген тақырыпта қиыстырылған сабаққа конспект дайындау. Қиылыстырылған сабақтың арнайылығын есепке алу керек, өйткені конспектте сабақтың әдістемелік құрылымын құрайтын келесі негізгі элементтерін сипаттау керек:

2.1. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру.

2.3. Оқушылардың білімін тексеру мен қайталау, оқытылған материалдың мықтылық деңгейін және түсіну тереңдігін көрсету және қажетті білімі мен ағымдық сабақта оқылған материалды қайталап оқыту тәсілінің актуалдануы.

2.4. Мұғалімнің жаңа материалды көрсетуі және оқушылар жұмысын ұйымдастыру.

2.5. Жаңа материалдың алғашқы бекітілуі және оқушылардың іскерлігі мен дағдысын практикалық білімде қолдану жұмысын ұйымдастыру.

2.7. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беруге нұсқау.



Сабақ тақырыбы

1. Системалық классификация.

2. Программалау тілдері (сабақ барысын басқару) логика-лингвистикалық ақпараттық модель.

3. Білімді семантикалық желілерде көрсету.

4. Физикалық процестерді және құбылыстарды компьютерлік модельдеу.

5. Жалпы қызмет жүйелерін модельдеу.

6. Популяция динамикасын модельдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет