Әйел шынымен жылап алса ажарланып кетеді, көңілінде түйнек болып тұрған бір тасты көз жасымен жуып тастағандай.
Әйелге – еркектердің таласы талай жазылады, әйелдердің еркекке таласы әлі жазылған жоқ. Бұл тақырыпты ептеп сезінсем керек: арнаулы тақырып етпегенмен бір сүрлеуге қоса кету дұрыс болады.
Дүниеде әйеліңмен жанжалдасудың ғана көп варианты бар және әр жанрда жанжалдасуға болады! Енді тоқтады-ау деген кезде тағы бір саңылау тауып қайтадан қоза береді.
Әйелді сүю үшін білуің ғана жетпейді, сезінуің керек, ең керегі осы.
Еркектің ашуы түске дейін, әйелдің ашуы кешке дейін.
Еркектің ашуы аспен тарайды, әйелдің ашуы төсекте тарайды.
Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді.
Әйел боянса бұзылады, көп қиқаңдаса ұрылады.
Әйел шынын айтса да себебі бар, өтірік айтса да себебі бар.
Менің байқауымша, сұлу әйелді ит қаппайды. Олай болса сұлулықты ит те сезеді.
Ғ.Мүсірепов өз шығармашылығында жігерлі де ақылды, сұлу да адал, мейірімді де қайсар, белгілі бір мүдде жолында өз жанын пида етуге бар, өр рухты да, ер мінезді, мәрт те нәзік, бір сөзбен айтқанда қаһарман әйелдер туралы үзбей жазған суреткер.
Жазушы шығармаларында осындай қаһарман әйелдер бейнесінің тәжі де, шыңы да іспеттес болып, әдебиетімізге Ұлпан бейнесі келді.Ұлпанның бір бойында жоғарыдағы әйелдердің баршасына тән драма да, трагедия да, қайраткерлік те, қаһармандық та бәрі-бәрі шынайы тоғысқандай. Ғ.Мүсірепов шығармашылығында үзбей орын алып келген әйел кейіпкердің барлық қасиетін бір бойына жинақтаған Ұлпан бейнесін, әйел − Ұлпанды ұлы образ, әрі ұлы тұлға, әрі ұлы әйел деп есептейміз. Романда қазақ қызының ісі де, қылығы да, сөзі де айқын танылады. Ұлпан бейнесі − бүкіл қазақ әйелінің жиынтық, көп планды бейнесі. Осы образдың ішкі тінінде қазақ әйелінің феодалдық қоғамда көрген зорлық-зомбылығы да, ел билеген, ел басқарған даналығы мен батырлығы да, шырақты сүттей ұйытып мейірімге бөлер аналық қадір-қасиеті де жатыр.
Дегенмен, Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы хақында айтылатын пікірлер мен зерттеулер түгелденіп бітті десек, жаңсақ кеткен болар едік. Осы кезге дейін Ғ.Мүсірепов туралы бірталай зерттеулердің, көптеген мақалалардың жарияланғанына қарамастан, жазушы творчествосының кейбір тұстары мен қырлары әлі де болса жеткілікті сөз болмаған.
Көріп отырғанымыздай Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан" романында қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен қызметі туралы халық анасы ретінде тың жаңылықтар ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |