Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым Министрлігі


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет11/13
Дата29.11.2022
өлшемі398 Kb.
#466006
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Курс+лекций++Налоговая+отчетность+каз+2017

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Арнаулы салық режимдері қалай қалыптасқан?
2. Ұйымдар жергілікті бюджетке қандай салықтар төлейді?


8 Қосылған құнға салық бойынша бюджетпен есеп
айырысулардың салықтық есебі

Сұрақтар:


1.Қосылған құн салығының салық салу базасы және төлеушілері
2.Қосылған құн салығын бухгалтерлік есепке алу

1.Республикалық бюджет кірістерінің ішінде ең маңыздысы - қосылған құн салығы (ҚҚС). Ол тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстарды, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстарды, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.


Салық салу объектілері:

  • салық салынатын айналым;

  • салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.

Төлеушілері Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:

  • жеке кәсіпкерлер;

  • мемлекеттік мекемелерді қоспағанда заңды тұлғалар;

  • қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

  • заңды тұлға сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.

Тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға қойылатын талаптар:

  1. Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналымның мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлғалар кез келген кезең (он екі айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

  2. Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.

Шаруа қожалығы үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеуші, өткізу бойынша айналым мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне кіретін қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып айқындалады.

  1. Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі көрсетілген кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15 000 еселенген шамасын құрайды.

  1. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.

Тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады. Жеке кәсіпкер он жұмыс күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы тұлға жеке кісіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.
Мемлекеттік мекемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күннен кешіктірмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтініш берген жағдайда осы тұлғалар өздері салық төлеушілер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушілерге айналады.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай зағды тұлғаның не оның құрылымдық бөлімшесін қосылған құн салығы бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырылады.
Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару:

  1. Егер қосылған құн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңдегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы.

  2. Егер қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі алты айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.

  3. Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға салық төлеушілердің мемлекеттік тізімінен алынып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуы тиіс.

Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым.

  1. Тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде:

  • тауарды сатуды;

  • тауарды тиеп жөңелтуді, оның ішінде басқа тауарларға алмастыруды;

  • тауар экспортын;

  • тауарды тегін беруді;

  1. Тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді;

  2. Мүлікті қаржы лизингіне беруді;

  3. Қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепілге қойылған мүлкін беруін;

  4. Бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді т.б.

Салық салынатын айналымды анықтау.
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:

  • қосылған құн салығынан босатылған;

  • өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.

Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер белгіленген тәртіппен алушының салық салынатын айналымына енгізіледі.
Салық салынатын импорт Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Тауарды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу орны болып:

  • егер тауарды беруші, алушы немесе үшінші тұлға тасымалдайтын болса, тауарды тасымалдау басталған орын;

  • басқа жағдайларда- тауарды алушыға беру орны ;

  • егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса, осы мүліктің орналасқан жері;

  • егер олар жылжымалы мүлікпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтерді нақты жүзеге асыратын орын.

Өткізу бойынша айналым жасау күні болып:
Тауарды тиеп жөнелту күні тауар өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.
Салық салынатын айналым мөлшері.
1. Егер трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын енгізбей, мәмле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негізінде анықталады.
2. Тауарларды тегін берген кезде салық салынатын айналым мөлшері, қосылған құн салығын енгізбей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізге алына отырып анықталады, бірақ бұл баланстық құнынан кем болмауы керек.
3.Кепіл беруші кепілдік мүлікті берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері, сатылатын кепілдіктегі мүлік құны негізге алынып, бірақ қосылған құн салығы енгізілмей, осы мүлікті кепілге салудан алынған займ қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады.
2. Салық салынатын айналым мөлшерін түзету.
Өткізілген тауарлардың құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзеті:

  • тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;

  • мәмленің шарттары өзгерген;

  • өткізілген тауарлар үшін баға, өтем өзгерген;

  • өткізілген тауарлар үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған.

Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар. Тауарлар экспорты болып:

  • экспортқа тауарлар өткізу жөніндегі айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады; Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

  • тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткізу бойынша айналымға көрсетілген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиіс.

ҚҚС ставкасының кему салдарлары әртүрлі.
Біріншіден, ҚҚС ставкасының кемуі есебінен салық төлеушіде, әсіресе өнімді даярлаудан өтізуге дейін ұзақ уақыт өткен кәсіпорындарда айналым қаржылары неғұрлым аз жұмсалатынын атап өту керек. ставканың кему олардың айналым қаржыларын үнемдеуіне, демек салық жүктемесін азайтуына мүмкіндік береді.
Екіншіден, ҚҚС ставкасы кеміген кезде салық төлеушілердің өз жұмыстарына немесе көрсететін қызметтеріне баға қалыптастыруға екі көзқарасты болжауға болады.
Бірінші көзқарас, бағаларды өзгеріссіз қалдыруда болып табылады, яғни ҚҚС ставкасы кеміген кезде салық төлеушінің қарауында қалған табыс сомасы ұлғайтылады. Екінші көзқарас, салық төлеушілер өз бағаларын төмендету жағына қарай түзету жасайтын нұсқа да болуы мүмкін.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Қосылған құн салығының ставкасы 15 пайызға тең болады және салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады.
Өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.
Салық салынатын импорт боыйнша қосылған құн салығының ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 15 пайызға тең болады.
Қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады. Егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, онда салық кезеңі тоқсан болып табылады. Егер күнтізбелік ай ішінде есепке жатқызысған қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда, қосылған құн салығын төлеуші дербес айқындалған күнтізбелік ай не тоқсан салық кезеңі болып табылады. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер үшін аталған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызметті жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі салық жылы болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеуші әрбір салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер әр тоқсан үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың-15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті. Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізілімі табыс етіледі.

Қосымша құн салығы бойынша шоттар корреспонденциялары





Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Сатып алушылар шоттарына қосымша құн салығы көрсетілді

1210

3130

2

Еншілес ұйымдарға қосымша құн салығы көрсетілді

1220,1230

3130

3

Есепке алынған қосымша құн салығы

3130

1420

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті. Салық төлеуші тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен, кеден төлемдерін төлеу үшін Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген күні төленеді.

Бақылау сұрақтары:



  1. Салықтар бойынша декларациялар қалай толтырылады?

  2. Салықтардың бухгалтерлік есебі қалай жүргізіледі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет