2
УДК 398 (574)
ББК 82.3 (5 К аз)
Ж 91
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
Ғылыми кеңесі ұсынған.
Жүсіпов Н.Қ. Қазақ фольклортану ғылымы: ХХ ғасырдың бірінші
жартысы.
Монография.-Павлодар. 2007.-381 б.
ISBN
Монографияда ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
қазақ фольклоры
туралы ғылымның жай-жапсары, оның салаларының даму барысын зерттеу,
фольклортану ғылымының қандай межелерге жеткенін, қандай мақсаттар қойып,
қандай проблемаларды қандай дәрежеде шешкені анықталады.
Сондай-ақ сол
тұстағы фольклористиканың қай аспектілері зерттелгені, қандай тұжырымдар
жасалып, олардың ғылым мен оқу процесіне қаншалықты енгені сөз болады.
Сонымен бірге монографияда жарты ғасыр ішінде
қазақ фольклоры қалай
жиналды және қандай түрде жарияланды, әрі зерттелді деген мәселелер
қарастырылды. Бұлармен қатар өткен ғасырдың
алғашқы жартысындағы
фольклортануға өздерінің жинаушылық, жариялаушылық әрі зерттеушілік
істерімен айтарлықтай үлес қосқан оқымыстылар мен қайраткерлердің еңбектері
талданады.
Монографияны жоғарғы оқу орны студенттеріне арналған қазақ фольклоры
бойынша
оқылатын дәрістерді, сондай-ақ арнайы курстар, семинарлар
жүргізгенде
кеңінен
пайдалануға
болады.
Еңбек
қазақ
фольклорын
зерттеушілерге,
оқытушыларға, студенттерге, аспиранттар мен магистранттарға,
жалпы халық мұрасына қызығушы көпшілік қауымға арналады.