Қазақстан республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң ҚҰрылымы



Дата23.02.2016
өлшемі367.63 Kb.
#11480




Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2012 ж. «____» ___________

№ ____ бұйрығына

2-қосымша

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2010 жылғы «1» сәуірдегі

№ 141 бұйрығына

2-қосымша


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БЮДЖЕТ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СЫНЫПТАМАСЫ ЕРЕКШЕЛIГIНIҢ ҚҰРЫЛЫМЫ



Кіші сынып

Ерекшелiк

Атауы

Анықтама

Шығындардың тiзбесi

110




Жалақы




111

Еңбек ақы

Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне лауазымдық мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақшалай төлемдер, лауазымдық жалақыға тұрақты сипаты бар және заңнамамен белгiленген, сондай-ақ мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыс үшiн қосымша ақылар, үстемеақылар және көтерiлiмдер. Жеке табыс салығын, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын және жалақыдан алынатын өзге де ұстап қалуларды осы ерекшелiктен аударған жөн.

Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен ұсталатын органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 жарлығымен белгiленген әскери және арнаулы атақтар бойынша жалақылар, қосымша ақылар мен үстемеақылар;

«Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысымен белгiленген азаматтық қызметшiлердiң лауазымдық жалақылары, қосымша ақылары мен үстемеақылары;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес мерзiмнен тыс жұмысқа, түнгi уақыттағы, мереке күндерi мен демалыс күндерiндегi жұмыстарға ақы төлеу, жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерiне өтемақы төлемдері.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 131-бабына сәйкес белгіленген қосымша ақылар: лауазымдарды бірлесіп атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңеюі) немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы.






112

Қосымша ақшалай төлемдер

Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне берiлетiн ынталандыру, көтермелеу сипатындағы, сондай-ақ мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыс iстегенi үшiн ақшалай төлемдер. Жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және басқа ұстаулар.

Саяси және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң, судьялардың, алыс және таяу шет елдердегi Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiнiң, әскери қызметшiлердiң, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары,

Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қосымша ақшалай төлемдерi: «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылы 18 маусымдағы № 3038 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 наурыздағы № 825 Жарлығының 1-тармағы 5-тармақшасының 3-абзацына сәйкес қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен мемлекеттiк орган басшысының шешiмiмен белгiленген лауазымдық жалақыға үстемеақылар; мемлекеттiк органдардың орталық аппараттары мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң сыйлықақысы. Қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен мемлекеттiк орган басшысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары Төрағаларының шешiмi бойынша төленетiн сыйлықақылар. Басқа мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің қосымша ақшалай төлемдері: қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік мекеме басшысының шешімі бойынша қызметкерлердің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар, сыйлықақылар; 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін келісімшарт бойынша солдат (матрос), сержант (старшина) қызметіне әскери қызметке алғаш кіріскен азаматтарға келісімшартты жасасу мерзіміне қарай біржолғы ақшалай сыйақылар.






113

Өтемақы төлемдерi

Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне берiлетiн өтемдiк сипаттағы ақшалай төлемдер

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттiк және азаматтық қызметшiлердi сауықтыруға арналған жәрдемақы;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өтемақы төлемдерi, бiржолғы жәрдемақылар;


Бюджет қаражатын үнемдеу есебiнен мемлекеттiк мекеме басшысының шешімі бойынша төленетiн материалдық көмек.




114

Қосымша белгіленген мiндеттi зейнетақы жарналары

Осы ерекшелiк бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан аз әскери қызмет, құқық қорғау органдарында қызмет өтiлi бар әскери қызметшiлердiң, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, прокуратура, ішкі істер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы органдары және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет қызметкерлерiнің ақшалай қамту мөлшерiнiң 20%-ы мөлшерiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары көрсетiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорына судьяның ай сайынғы кiрiсiнiң 10 % мөлшерiнде қосымша зейнетақы жарналары.




120




Жұмыс берушiлерлердiң жарналары




121

Әлеуметтiк салық

Мемлекеттiк мекемелер бюджетке жүргізетін аударымдар, уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеу







122

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар

«Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлейтiн әлеуметтік аударымдары және әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл







123

Мiндеттi сақтандыру жарналары

Осы ерекшелiк бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiнде белгiленген көлiк құралдары иелерiнiң мiндеттi азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң мемлекеттiк мiндеттi жеке сақтандыру шығындары көрсетiледi




130

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналар аудару




131

Техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу

Техникалық персоналға ақшалай төлемдер, сондай-ақ жеке тұлғалардан табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және техникалық персоналдың төлемдеріне есептелетін жалақыдан басқа да ұсталымдар







132

Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу

Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу жүзеге асырылады

Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес мемлекеттік білім мекемелері тәрбиешілерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады.




133

Негізгі жұмыс орны бойынша мәслихат депутаттарына орташа жалақыны өтеу

Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі жұмыс орны бойынша мәслихат депутаттарына орташа жалақыны өтеу жүзеге асырылады







134

Алқа билерге сыйақылар төлеу

Осы ерекшелік бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алқабилерге сыйақылар төлеу жүзеге асырылады

Алқабилерге сыйақылар төлеу «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.




135

Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары

Мемлекеттік мекемелер әлеуметтік салық бойынша бюджетке жүргізетін аударымдар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша жәрдемақылар төлеу

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес мемлекеттік мекемелер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін аударымдар.




136

Техникалық персоналдың ел ішіндегі іссапарлары мен қызметтiк жол жүрулері

Техникалық персоналдың Қазақстан Республикасының шегінде қызметтiк іссапарларға шығындар

Іссапарда болған уақытына тәуліктік;

баратын жеріне және кері қайтуға жол жүру бойынша шығыстар;

тұрғын үй-жай жалдау бойынша шығыстар;

заңнамада белгіленген басқа да шығындар.






137

Алқабилердің іссапарлық шығыстары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алқабилердің іссапарларына шығындар




140




Қорлар сатып алу




141

Азық-түлiк өнiмдерiн сатып алу

Мемлекеттiк мекемелердiң жеткiзушiлерге немесе бөлшектеп сатушыларға жеке қажеттілік үшiн сатып алынған тамақ өнiмдерi үшiн ақы төлеуi.

Жекелеген мекемелердiң асханаларда тамақтанғанына ақы төлеу.


Контингент (оқушылар, мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi, курсанттар) көшпелі iс-шараларға қатысқан кезде оларды тамақтандыруға арналған шығындар 169-ерекшелiк бойынша жүзеге асырылады.



Жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы;

арнайы тағам;

жануарлардың тағамы;

құтқару және кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiби және ерiктi апаттан құтқару қызметтерiнiң және құрылымдардың құтқарушылары үшiн тағам сатып алу;

мерзiмдi әскери қызметшiлердiң, әскери оқу орындары, iшкi iстер органдарының оқу орындары курсанттарының, «Әскери қызмет және әскери қызметшілін мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда басқа әскери қызметшілердің, сондай-ақ сотталғандардың, қылмыс жасауда күдiктiлер мен айыпталушылардың тамақтануына ақы төлеу;

казармалық жағдайдағы оқу орындарында арнаулы (әскери) қурсанттарды және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарын азық-түлікпен қамтамасыз ету;

мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген жағдайда мектеп асханаларында тамақ өнімдерін сатып алу;

егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді шарт бойынша басқа заңды тұлға жүзеге асырады және бұл шығындар 159-ерекшелiк бойынша көрсетiледi.






142

Дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алу

Мемлекеттiк мекемелердiң дәрi-дәрмектер мен бiр жолғы және бiрнеше рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға арналған шығындары;

Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша ветеринарлық препараттар, атрибуттар мен ветеринарлық мақсаттағы заттарды сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі.



Дәрi-дәрмектер мен байлап-таңу құралдарын, медициналық құрал-саймандарды және өзгелердi сатып алу;

қан сатып алу;

биопрепараттар сатып алу;

ветеринарлық препараттар мен ветеринарлық мақсаттағы заттарды сатып алу.






143

Заттық мүлiктердi, нысанды және Арнаулы киiм-кешектер сатып алу, тiгу және жөндеу

Нысанды киiм және айыру белгiлерiн сатып алуға, тiгуге және жөндеуге арналған шығындар және басқа заттай мүлiктi, нысанды және арнаулы киiм-кешектердi, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, сондай-ақ заттай мүлiктi, нысанды және арнаулы киiм-кешектердi сатып алудың орнына ақшалай өтемақылар.







144

Отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу

Барлық отын түрлерiн сатып алуға, тасымалдауға, тиеуге, түсiруге және сақтауға арналған шығындарды қоса алғанда, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алуға арналған шығындар.







149

Өзге де қорларды сатып алу

141-144-ерекшелiктер бойынша көзделмеген материалдар мен басқа да қорларды сатып алуға арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы заттар мен материалдар сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі.

Құрылыс материалдарын, оқу, ғылыми-зерттеулер мен басқа да мақсаттар үшін материалдар, шаруашылық материалдары мен кеңсе заттарын, қосалқы бөлшектер, басқа да қорлар сатып алу.

150




Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу




151

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу

Коммуналдық қызметтерге (суға, газға, электр энергиясы және жылытуға) төлеуге арналған шығындар. Мемлекеттiк мекемелер ғимараттар мен үй-жайларды, мемлекеттiк мекеме болып табылмайтын ұйымдардан (теңгерiм ұстаушыдан) жалға алған жағдайда, мемлекеттiк мекеме (жалгер) осы ерекшелiк бойынша коммуналдық қызметке ақы төлеуге арналған қаражатты теңгерiм ұстаушының шотына аударады.

Ыстық, суық суға, кәрiзге ақы төлеу;
газға, электр энергияға ақы төлеу;
тұтынылған; қызметтерге уақтылы ақы төлемегенi үшiн өсiмпұл.




152

Байланыс қызметтерiне ақы төлеу

Байланыстың барлық түрлерiнiң қызметтерiне, оның iшiнде байланыс қызметтерiн жеткiзушi көрсететiн байланыс арналарын орнату (қосу), үзiп тастау жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу.

телефондар үшiн абоненттiк ақы;

қалааралық сөйлесу;

ұялы байланыс;

почта-телеграф шығындары;

үкiметтiк байланыс;

факс;
электронды почта;

арнайы байланыс;

спутниктi байланыс;

телетайп;
радио және байланыстың басқа да түрлері.





153

Көлiктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеу

Темiр жол, теңiз, жүк, әуе және автомобиль көлiгiнiң қызметтерiне арналған шығындарды қоса алғанда, мемлекеттiк мекемелерге заңды және жеке тұлғалар көрсететiн көлiктiк қызметтерге арналған шығындар. Бұған, сондай-ақ тасымалдау үшiн заттарды дайындауға арналған шығындар кiредi.

Көлiктi жалдау;

жабдықтарды, материалдарды, арнайы контингенттi, қару-жарақ, әскери техниканы, әскерге шақырылғандарды тасымалдауға ақы төлеу және өзге де тасымалдар.






154

Үй-жайды жалға алу төлемдерi

Бұл ерекшелiк бойынша үй-жайларды, ғимараттарды жалға алғаны үшiн төлемақы көрсетiледi. Жалға алынған үй-жайды, ғимаратты ұстауға, коммуналдық қызметтерге арналған шығындар, электр энергиясына, жылуға арналған шығындар тиiстi ерекшелiктер бойынша жiктеледi.







155

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде қызметтерге ақы төлеу

Әлеуметтiк бағдарламалар мен жобалар бойынша үкiметтiк емес ұйымдар көрсететiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегi қызметтерге ақы төлеу.







156

Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу

Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеуге арналған шығындар.







159

Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу

Осы ерекшелiк бойынша 151-156 ерекшелiктерде көрсетiлмеген, заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар көрсетiледi, оның ішінде:

ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлiк және басқа да негiзгi құралдарды ұстау жөнiндегi қызметтер;

республикалық немесе коммуналдық меншiктегi ғимараттар мен үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәрiздеу жүйесiн ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жабдықтарды, көлік және басқа негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу.

Заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтердің, жұмыстардың құнына тауарлар, материалдар сатып алу кіретін жағдайларды қоспағанда, ғимараттарды, үй-жайларды, көлік және басқа да негізгі құралдарға қызмет көрсету және ұстау және оларды ағымдағы жөндеу үшін қажетті тауарларды, материалдарды сатып алу «Басқа қорларды сатып алу» деген 149-ерекшелік бойынша көрсетіледі. қызметтерге, жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар көрсетiледi.



Шарт бойынша заңды және жеке тұлғалар көрсететiн қызметтер, жұмыстар, оның iшiнде банк қызметтерi;
еңбек шарттары бойынша штаттан тыс қызметкердiң, еңбегiне ақы төлеу, сондай-ақ штаттан тыс жұмыскерлерге төлеуге есептелетiн жалақыдан ұстап қалу, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жұмыс берушiлердiң жарналары;
штаттан тыс жұмысшылар мен жүргiзушiлердiң еңбек шарты бойынша iссапар шығындарына ақы төлеу, тiрек-қозғалу аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге көлiк қызметтерiн көрсеткенi үшiн төлем; патронат тәрбиешiлерiнiң еңбекақысын төлеу; демалыс кезеңiнде мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындарға жеңiлдiкпен жол жүруге төлеу.

160




Басқа да ағымдағы шығындар




161

Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар

Қазақстан Республикасы шегiндегi қызметтiк iс-сапарларға арналған шығындар.

Iс-сапарда болған уақыт үшiн тәулiктiк шығыстар;
баратын жерге және керi жол жүру жөнiндегi шығыстар;
тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстар;
заңнамада белгiленген басқа да шығыстар




162

Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтiк iс-сапарларға арналған шығындар.

Iс-сапарда болған уақыт үшiн тәулiктiк шығыстар;
баратын жерге және керi жол жүру жөнiндегi шығыстар;
тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстар;
заңнамада белгiленген басқа да шығыстар




163

Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары

«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердегi аз қамтылған отбасылардан шыққан аса мұқтаж оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге арналған шығындар.

Киiмдердi, аяқ киiмдердi, оқулықтарды, оқу құралдарын, мектеп жазба керек жарақтарын сатып алу;

ақшалай көмек көрсету;

санаторий-курорттық мекемелерге және демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алу;

оқушылардың мәдени бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз ету.






164

Шетелдегi стипендиаттардың оқуына ақы төлеу

Шетелде кадрларды даярлаудың халықаралық бағдарламасын iске асыру бойынша шетелдегi стипендиаттардың оқуына ақы төлеу.

Шетелде кадрларды даярлаудың халықаралық бағдарламасы шеңберінде стипендиаттарды оқыту және тағылымдамадан өту ақысын төлеу, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқу ақысын төлеу.





165

Атқарушылық құжаттарының, сот актiлерiнiң орындалуы

Бұл ерекшелiк бойынша атқару құжаттарын орындау жөнiндегi шығындар көрсетiледi.

Тартылатын заңгерлерге, консультанттарға ақы төлеу жөнiндегi шығындар 159-ерекшелiк бойынша көрсетiледi, мемлекеттiк баж төлеу 169-ерекшелiкте көрсетiледi.









166

Нысаналы салым


Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметтерін және олардың ұйымдастырылуын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн айрықша қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға және (немесе) бiлiм берудiң дербес ұйымының қызметiне бюджеттен өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер.







167

Ерекше шығындар



Құқық қорғау органдарындағы, ұлттық қауiпсiздiк, қорғаныс органдарындағы ерекше шығындар.

Мемлекеттiк құпиялар, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, елдiң қорғаныс қабiлетi мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттер мен өкiлеттiктерге сәйкес мемлекеттiк органдар iске асыратын iс-шараларға арналған шығындар




169

Өзге де ағымдағы шығындар

Бұл ерекшелiкте басқа ерекшелiктерге жатқызылмаған ағымдағы шығындар көрсетiледi.

Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттiк органдарының, iшкi iстер органдары мен қаржы полициясының қызметкерлерiн және сотталғандарды жерлеуге арналған шығындар;

халықты әлеуметтiк қорғау органдарының мектеп-интернаттарының қамқорындағыларды жерлеуге арналған шығындар;

өкiлеттiк шығындар;

жеке табыс салығын уақтылы аудармағаны үшiн өсiмпұл, айыппұл;

мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұл;

айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялық төлемдер, кiру жарналары;

Қоршаған ортаны эмиссия үшiн төленетiн төлемақы, мемлекеттiк баж, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, олар бойынша өсiмпұл және айыппұлдар (121-ерекшелiк бойынша төленетiн әлеуметтiк салықтан басқа);

саяси партиялардың қызметiн қаржыландыру.

сайлауларды өткiзу:

кандидаттардың мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеуi;

кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк iс-шаралар өткiзуi және үгiт-насихат материалдарын шығаруы;

кандидаттардың көлiктiк шығындары (көлiк жалдау, жанар-жағармай);

Заңнамалық актiлерге сәйкес мәдени, спорттық және басқа да iс-шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, қызметкерлерге, жеке тұлғаларға, басқа да ақшалай төлемдер;

бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жол жүру билеттерiн сатып алу;

мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерінің iссапар шығыстарынан басқа, сапарға шығу арқылы өткiзiлетiн iс-шараларға байланысты шығындар (жол жүру, тұру, тамақтану);

мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде оқитындардың жекелеген санаттарына демалыс кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруiн өтеуге арналған шығыстар;

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң — Елбасының қорын толықтыру мен ұстауға, жеке кiтапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға көзделген шығыстарды қаржыландыру;

автокөлік құралдарының міндетті техникалық тексеру бойынша шығындар;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына шетел мамандарын тартуға арналған шығыстар;

басқа ерекшелiктер бойынша жiктелмейтiн басқа да шығыстар.



210




Iшкi қарыздар бойынша сыйақы төлемдерi




211

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iшкi қарыздары бойынша сыйақыларды төлеу

Iшкi капитал рыноктарында қарызға алынған қаражатты пайдаланғаны үшiн сыйақы төлемдерi (мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды, екiншi деңгейдегi банктерден алынған кредиттердi орналастыру нысанында және басқа да нысандарда).







212

Жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдерi

Жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi атқарушы органдар алған қарыздар бойынша сыйақы төлемдерi.




220

Сыртқы заемдар бойынша сыйақылар (мүдделердi) төлеу




221

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы қарыздары бойынша сыйақы төлемдерi

Сыртқы капитал рыноктарында қарызға алынған қаражатты пайдаланғаны үшiн сыйақы төлемдерi (мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды, халықаралық қаржы ұйымдарынан, шетел мемлекеттерiнiң үкiметтерiнен, шетелдiк коммерциялық банктер мен фирмалардан алынған кредиттердi орналастыру нысанында).




310

Заңды тұлғаларға ағымдағы трансферттер




311

Заңды тұлғаларға соның iшiнде шаруа (фермер) қожалықтарына берiлетiн субсидиялар

Мемлекеттiк мекеме және қоғамдық бiрлестiк болып табылмайтын заңды тұлғаларға және шаруа (фермер) қожалықтарына берiлетiн субсидиялар.




320

Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер




321

Арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері

Осы ерекшелік бойынша «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы және «Тұрғын ұй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері бойынша шығындар көрсетіледі.







322

Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер

Жеке тұлғалардың иелiгiндегi кiрiстi ұлғайтуға, не шығындардың немесе зияндарының белгiлi бiр түрлерiн толық немесе iшiнара өтеуге арналған ақшалай нысандағы төлемдер. Жергiлiктi өкiлеттi органдар жеке тұлғаның (алушының) жазбаша өтiнiшi бойынша жәрдемақыларды қызметтердi жеткiзушiлердiң шотына аударуды көздейтiн тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбiн белгiлеген кезде бұл шығындар осы ерекшелiк бойынша жүзеге асырылады. Өтемақылардан алынатын ұстап қалулар осы ерекшелiк бойынша аударылады.

Әлеуметтiк төлемдер;

әлеуметтiк көмек;

заңнамаға сәйкес қызметкерлер мен қызметшiлерге олардың еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты мертiгуден не денсаулығының өзге де зақымдалуынан келген залалдың орнын толтыру; мерзiмдi әскери қызметшiлерге,әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарына демалысќа (каникулға) кеткен кезде азық-түлік үлесінің орнына берілетін ақшалай өтемақы;

«Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы және «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңдарда көзделген жағдайларда шығындар мен өтемақылардың орнын толтыру;


жеке тұлғаларға берiлетiн басқа да трансферттер.




323

Зейнетақылар

Бұл ерекшелiк бойынша зейнетақы төлемдерi көрсетiледi.







324

Стипендиялар

Бұл ерекшелiк бойынша стипендиялар, iшкi iстер органдарының, Қарулы Күштердің, басќа да јскерлері мен јскери ќўралымдардың офицер құрамы қатарынан күндiзгi оқу нысаны бойынша оқып жатқан әскери оқу орындары, арнаулы оқу орындары тыңдаушыларының, адъюнкттердiң, магистранттардың, докторанттардың стипендияларын, ақшалай жабдықталуын төлеу жөнiндегi шығындар көрсетiледi.

Iшкi iстер органдарының, Қарулы Күштердің, басќа да јскерлері мен јскери ќўралымдардың офицер құрамының және басшы құрамының қатарынан күндiзгi оқу нысаны бойынша оқып жатқан әскери оқу орындары, арнаулы оқу орындары тыңдаушыларының, адъюнкттердiң, магистарнтарының, доктаранттарының ақшалай жабдықталуы мөлшерiнiң 20%-ы мөлшерiндегi міндетті зейнетақы жарналарынын аудару;

Әскери (арнайы) оқу орындарыынң (әскери факультеттердің) курстанттарының 20% мөлшеріндегі лауазымдық жалақысын (степендияларын) аудару осы ерекшелiк бойынша жүргiзiледi.





330




Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер




331

Субвенциялар

Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне, облыстық бюджеттен аудандық (қалалық) бюджеттерге берiлетiн субвенциялар.







332

Бюджеттiк алып қоюлар

Аудандық (қалалық) бюджеттен облыстық бюджетке немесе облыстық бюджеттен және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiнен республикалық бюджетке алынатын бюджеттiк алып қоюлар.







339

Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер

Бюджеттердiң 341, 342-ерекшелiктер бойынша жiктелмейтiн әр түрлi деңгейлерi арасындағы трансферттер.




340




Шетелге берiлетiн ағымдағы трансферттер




341

Шетелдегi ұйымдарға ағымдағы трансферттер

Республиканың халықаралық ұйымдардағы мүшелiгiне байланысты шығындар.

Халықаралық ұйымдарды үлестiк ұстау;

мүшелiк жарналар;

донорлық жарналар;

халықаралық ұйымдарға кiру жарналары және көпжақты конвенциялар.



350




Өзге де ағымдағы трансферттер




359

өзге де ағымдағы трансферттер

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 42-бабы 3-тармағында көзделген жағдайларда облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне берiлетiн трансферттер.




410




Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу




411

Жер сатып алу

Мемлекеттіңжердің, ормандардың, ішкі сулардың және пайдалы қазбалардың кен орындарының кез келген түрлерін сатып алуына жұмсалатын шығындар.

Егер мемлекет сатып алған жерде құрылыс тұрған болса, құрылыстың құны жердің құнынан бөлек бағалануы тиіс, құрылсты сатып алуға жұмсалатын шығындар 412 ерекшелікке жатқызылуы тиіс.

Егерде құрылысты сатып алуға жұмсалатын шығындарды жерді сатып алуға жұмсалатын шығындардан бөлу мүмкін болмасажердің және құрылыстың құнын не осы ерекшелікке не, ненің-жердің немесе құрылыстың бағасы неғұрлым құнды болуына қарай, 412 ерекшелікке жатқызылуы қажет.

Құрылыс жобасының құнына енгізілген мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін сатып бойынша өтемақыға жұмсалатын шығындар және осымен байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру осы ерекшелік бойынша көрсетіледі.









412

Үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстарды, беру қондырғыларын сатып алу

Үй-жайлар, ғимараттар және құрылыстар, беру қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар орналасқан жердi сатып алуға жұмсалатын шығындар.

Егер сатып алынған үй-жайлардың, ғимараттардың және құрылыстардың құны ғимаратпен бiрге сатып алынған, мысалы жабдықтар, активтердiң құнына енгізілсі, онда оларға жұмсалатын шығындар осында көрсетiледi.









413

Көлік құралдарын сатып алу

Көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алу жұмсалатын шығындар көрсетіледі.







414

Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу

Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы көлік құралдарды сатып алу жұмсалатын шығындар көрсетіледі.







416

Матери алдық емес активтерді сатып алу

Матери алдық емес активтерді сатып алу.







417

Биологиялық активтерді сатып алу

Биологиялық активтерді сатып алуға жұмсалатын шығындар.







418

Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекетітік кәсіпорындарды қаржыландыру.







419

Өзге де негізгі құралдарды сатып алу

411-414 ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарыд сатып алуға жұмсалатын шығындар




420




Негізгі қаражатты күрделі жөндеу

Осы кіші сыныпта жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды күрделі жөндеуге және қайта жаңғыртуға арналған шығындар көрсетіледі. Осы шығындар күрделі жөндеумен және қайта жаңғыртуға, әлеуметтік салық, жинақтаушы зейнетақы қорына жарналармен, күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту үшін қажетті заттарды, материалдар мен жабдықтарды сатып алумен айналысатын жұмысшылардың жалақысын (оның ішінде жалақыдан ұстауды), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының, инжинирингтік қызметтердің шығындарын, техникалық қадағалау қызметтерін, сондай-ақ күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту шаруашылық тәсілімен немесе келісімшарт бойынша қандай да бір тәсілмен жүргізілетіндігіне қарамастан күрделі жөндеу мен қайта жаңғыртуға тікелей байланысты өзге де шығындарды қамтуы мүмкін.






421

Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды беру қондырғыларын күрделі жөндеу

Жайларды, үйлерді, құрылыстарды, беру қондырғыларын, сумен қамту жүйелері мен желілерін, кәрізді, электрмен қамтамасыз етуді, жылумен қамтамасыз етуді күрделi жөндеуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығындар.







422

Жолдарды күрделі жөндеу

Әуеайлақ жолдарын және ұшу-қону жолақтарын күрделі жөндеуге байланысты шығындар. Ағымдағы жөндеу, ұстау, көгалдандыру, сондай-ақ орташа жөндеу (ойықтарды толтыру, сүйірленген жол учаскелерінің қайта төсеу)159-ерекшелікте өзге қызметтер ретінде жіктеледі.







423

Мемлекеттiк кәсiпорындардың жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу

Жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін күрделі жөндеуге байланысты шығындар, сондай-ақ республикалық немесе коммуналдық меншiкте тұрған жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, мемлекеттiк кәсiпорындарды күрделi жөндеу мен қайта жаңғырту үшін қаржыландыру.







429

Өзге де негізгі қаражатты күрделі жөндеу

421, 422 – ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген басқа да объектілерді күрделі жөндеуге арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша машиналар мен жабдықтарды жаңғыртуға арналған шығындар көрсетіледі.




430




Дамуға бағытталған күрделі шығындар

Осы кіші сыныпта қолданыстағы объектілердің (ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендері, коммуникациялар) жаңаларын салу және (немесе) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау), оларға байланысты технологиялық және инженерлік жабдықты монтаждау (бұзу), құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды жасау (өндіру), аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау және өз ресурсын шығарған объектілерді постулизациялау бойынша жұмысты жүзеге асыру арқылы өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру бойынша құрылыс қызметіне байланысты барлық шығындар көрсетіледі, сондай-ақ қайта жаңғырту мен күрделі жөндеуден басқа, сол сияқты ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға және бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды іске асыруға арналған шығындар көрсетіледі. Осы кіші сынып бойынша жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар көрсетіледі.

Жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) құжаттамаларды әзірлеу мен сараптауға арналған шығындар 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарды төлеу» ерекшелігі бойынша сыныпталады.









431

Жаңа объектілерді салу және қолдағы объектілерді реконструкциялау

Жаңа объектілерді салуға және қолдағы объектілерді реконструкциялауға, оның ішінде күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан басқа әскери мақсаттағы объектілерге арналған шығындар.







432

Жолдар салу

Күрделі жөндеуден басқа жолдарды салуға арналған шығындар.







433

Кемелерді салу және жеткізу

Кемелерді салу және жеткізу.







434

Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту

Ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту бойынша қызметтерді төлеуге арналған шығындар, сондай-ақ инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде көзделген негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді сатып алу бойынша шығындар.







435

Мемлекеттік мекемелердің жаңа объектілерін салу және қолдағы бар объектілерін реконструкциялау

Күрделі жөндеуден және қайта жаңғыртудан басқа ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншiкте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру.

Осы ерекшелік бойынша мемлекеттік мекемелердің қайта жасаған және бұрын жасаған ұзақ мерзімді шарттары бойынша шығыстарды қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.




436

Бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шартында концессиялық жобаларды іске асыру

Бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шартында концессиялық жобаларды іске асыруға арналған шығындар.



440

Дамуға арналған нысаналы трансферттер




441

Мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерін дамытуға арналған нысаналы трансферттер

Мемлекеттік басқарудың әртүрлі деңгейлерінің трансферттеріне арналған шығындар.




450

Шетелге күрделi трансферттер




451

Халықаралық ұйымдарға және шетелдiк мемлекеттердiң үкiметтерiне күрделi трансферттер

Халықаралық ұйымдарға және шет мемлекеттердiң үкiметтерiне күрделi мақсаттар үшiн берiлетiн трансферттерге арналған шығындар.




510

Iшкi бюджеттiк кредиттер




511

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарға бюджет қаражатын қайтарымды негiзде беру.







512

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдарға бюджет қаражатын қайтарымды негiзде беру.







513

Мамандандырылған ұйымдарға бюджеттік кредиттер

Мамандандырылған ұйымдарға қайтарымды негізде бюджет қаражатын беру. 







514

Жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер

Жеке тұлғаларға қайтарымды негізде бюджет қаражатын беру.







519

Өзге де ішкі бюджеттік кредиттер

511-514 - ерекшеліктері бойынша сыныпталмайтын қайтарымда негізде берілетін бюджет қаражаты.




520

Сыртқы бюджеттік кредиттер




521

Шетелдiк мемлекеттерге берiлетiн бюджеттiк кредиттер

Шет мемлекеттерге қайтарымды негiзде берiлетiн бюджет қаражаты.




530

Мемлекет кепiлгерлiгi




531

Мемлекет кепiлгерлiгi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлгерлiк шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберiнде тартылған, қарыз бойынша қарыз берушi алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе iшiнара өтеу мiндеттемесi.




540

Мемлекеттiк кепiлдiк




541

Мемлекеттiк кепiлдiк

Қазақстан Республикасының қарыз алушы резидентi одан тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң берешектi толық немесе iшiнара өтеуге қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемесi.




610

Қаржы активтерiн сатып алу




611

Заңды тұлғалардың қатысу үлесiн, бағалы қағаздарын сатып алу

Заңды тұлғалардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алуға арналған, мемлекеттiк кәсiпорындардан басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджет шығыстары.







612

Квазимемлекеттік сектордың жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту

Квазимемлекеттік сектордың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджет шығыстары.




620

Елден тысқары жерлерден қаржы активтерiн сатып алу




621

Халықаралық ұйымдардың акцияларын сатып алу

Халықаралық ұйымдардың акцияларын сатып алуға арналған бюджет шығыстары.




710

Ішкі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу




711

Жоғары тұрған бюджет алдында негiзгi борышты өтеу

Жоғары тұрған бюджеттен алдынатын қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасы.







712

Iшкi нарықта орналастырылған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негiзгi борышты өтеу

Iшкi рынокта орналастырылған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негiзгi борыш сомасын өтеу.







713

Қарыздың iшкi шарты бойынша негiзгi борышты өтеу

Iшкi қарыз шарты бойынша негiзгi борыш сомасын өтеу.







714

Бюджет кредиттерiнiң пайдаланылмаған сомаларын қайтару

Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған бюджет кредиттерiнiң мақсатсыз пайдаланылмаған сомасын қайтару.







715

Бюджеттiк кредиттердi мақсатсыз пайдаланудың сомаларын қайтару

Жоғарыда тұрған бюджеттен алынған бюджет кредиттерiнiң пайдаланылған сомасын қайтару.




720

Сыртқы қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу




721

Сыртқы нарықта орналастырылған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негiзгi борышты өтеу

Сыртқы нарықта орналастырылған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негiзгi борыш сомасын өтеу.







722

Қарыздың сыртқы шарттары бойынша негiзгi борышты өтеу

Сыртқы қарыз шарттары бойынша негiзгi борыш сомасын өтеу.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет