Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының қаулысы
2013 жылғы 29 қараша №268 Алматы қаласы
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілерін тіркеу, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3832 тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамды қайта ұйымдастыру жолымен құрған кезде осы Ереженің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған құжаттардан басқа қоғам мыналарды ұсынады:
1) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың мүлкін (меншікті капитал мөлшерін көрсете отырып) бағалау туралы есептің, өткізу актісінің, біріктіру туралы шарттың көшірмелері;
2) қосу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған қосылатын қоғамның мүлкін (меншікті капитал мөлшерін көрсете отырып) бағалау туралы есептің, қосу жүзеге асырылатын қоғамның аудиторлық есеппен расталған қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдау алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілігінің, өткізу актісінің, қосу туралы шарттың көшірмелері;
3) бөлу және бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған бөлу не бөлініп шығу нәтижесінде туындайтын қоғамдардың жарияланған акцияларын төлеуге берілетін мүлікті бағалау туралы есептің, бөлу балансының көшірмелері;
4) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкіндегі қатысушының (қатысушылардың) үлесін (үлестерін) бағалау туралы есептің, шешім қабылдау күніндегі қаржылық есептіліктің, өткізу актісінің көшірмелері;
5) мемлекеттік кәсіпорыннан қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – тиісті лицензияға ие бағалаушы дайындаған, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған күнге дейін кемінде бір жыл бұрын жасалған мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін (меншікті капитал мөлшерін көрсете отырып) бағалау туралы есептің, шешім қабылдау күніндегі қаржылық есептіліктің және өткізу актісінің көшірмелері.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тіркеу үшін қоғам уәкiлеттi органға мыналарды ұсынады:
1) еркiн нысанда жасалған өтiнiш;
2) бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және қоғамның мөр бедерімен расталған қазақ және орыс тiлдерiнде қағаз тасымалдауыштағы екi дана акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер мен толықтырулар. Екi дананың әрқайсысында акциялар шығарылымының проспектiсiне қазақ және орыс тiлдерiндегі өзгерiстер мен толықтырулар қамтылады;
3) қаржылық есептілік қоса берілмей-ақ, Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдағышта енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар (қазақ және орыс тiлдерiнде) қамтылатын акциялар шығаралымының проспектiсi;
4) акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген қоғамның органы шешiмiнің көшiрмесi.
Қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген шешiмнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынған жағдайда, осы үзiндi көшiрмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;
акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтер;
акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;
акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртiбi;
акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгiзiлетін мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру тәртiбi;
акционерлердiң жалпы жиналысы төрағасының (президиум мүшелерiнiң) және хатшысының тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты;
акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетін дауыс беруге салынған әр мәселесі бойынша акционерлер дауыстарының жалпы саны;
акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлетін мәселе бойынша қоғам акционерлерінiң жалпы жиналысы қабылдаған шешiм;
акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдаған шешімдер.
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімінен үзінді көшірме жиналыс хатшысының (корпоративтік хатшының) және қоғамның бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады.
Жалпы жиналыста қоғамның директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе қаралған жағдайда, қоғам акционерлерінiң жалпы жиналысының хаттамасынан үзінді көшірмеде директорлар кеңесінің таңдалған мүшесі қай акционердің өкілі болып табылатыны және (немесе) директорлар кеңесінің сайланған мүшелерінің қайсысы тәуелсіз директор болып табылатыны көрсетіледі.
Егер акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген қоғамның шешімі қоғамның директорлар кеңесінің не атқарушы органының шешімінен үзінді көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзiндi көшiрмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
қоғамның атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
отырысты өткізу күні, уақыты және орны (ішкі отырыс болған жағдайда);
отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
отырыс кворумы;
шешімдері акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкеп соқтырған отырыстың күн тәртібінің мәселелері;
акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерiстер енгізілетін дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;
акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлетін мәселе бойынша қабылданған шешім.
Директорлар кеңесінің не атқарушы органының отырысы шешімінен үзінді көшірме директорлар кеңесі хатшысының (корпоративтік хатшының) және қоғамның бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолымен және қоғам мөрінің бедерімен расталады;
5) әділет органының не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгiсi қойылған барлық енгiзiлген өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге жарғының (не жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттың көшiрмесi) және заңды тұлғаны мемлекеттік (тіркеу) қайта тiркеу туралы анықтаманың көшiрмесi;
6) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы (қоғамның атауы, оның орналасқан жері, акциялардың саны және (немесе) түрі өзгерген жағдайда);
7) жарияланған акциялардың санын және (немесе) олардың түрiн өзгерту туралы шешiм қабылданған күнгі жағдай бойынша ірі акционерлер туралы тiркеушi берген анықтаманың көшiрмесi;
8) iрi акционерлер туралы мәлiметтердiң өзгеру күнiнен кейiнгі күнгі жағдай бойынша акционерлiк қоғамның iрi акционерлерi туралы тiркеушi берген анықтаманың көшiрмесi (iрi акционерлер туралы мәлiметтер өзгерген жағдайда);
9) қоғамның жарияланған акциялары болмаған жағдайда немесе мерзiмi өткен берешектi өтеуге олар жеткiлiксiз болғанда, оларды кейіннен орналастыра отырып, қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару арқылы қоғамның мерзiмi өткен салық берешегiн өтеу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi.»;
14, 15, 16, 16-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еркін нысанда жасалған өтініш;
2) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған, есепті кезеңді аяқтайтын айдың соңындағы жағдай бойынша не акцияларды орналастыру аяқталған күннен кейінгі күнгі қаржылық есептілікпен, есепті кезеңде акциялардың төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесімен (көшірмелерімен) және акцияларды орналастыру аяқталған күннен кейінгі күнгі ірі акционерлер туралы тiркеушi анықтамасының көшірмесімен бірге тігілген қағаз тасымалдағыштағы екі данада акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында акцияларды орналастыру қорытындылары туралы қазақ және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады;
3) қоғамның қаржылық есептілігінсіз Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдағыштағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп (қоғамды тарату және қайта құру жағдайларын қоспағанда).
15. Қоғамның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган:
1) есепті бекітеді және қоғамды есептің бекітілгені туралы жазбаша хабардар етеді;
2) есептің бекітілгендігі туралы уәкілетті органның белгісі қойылған есептің бір данасын қоғамға қайтарады.
16. Орналастырылған акциялар санының ұлғаюына (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде), қоғамның бір түрдегі орналастырылған акцияларын осы қоғамның басқа түрдегі акцияларына айырбастауға байланысты акциялар шығарылымының проспектiсiне өзгерістер енгiзiлген жағдайда, эмитент уәкiлеттi орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке енгiзiлген өзгерiстердi және акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту туралы хабарламаның түпнұсқасын (бар болса) уәкiлеттi органға ұсынады.
Уәкілетті орган көрсетiлген өзгерiстерді назарға алады және қоғамды бұл туралы жазбаша хабардар етеді.
Қоғам уәкілетті органға қоғамның орналастырылған акциялардың санын өсірген (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда), қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтыруларды орналастырылған акциялардың санын өсіру (қоғам сатып алған акцияларды шегеріп тастағанда) қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау рәсімін аяқтағаннан кейін бір ай ішінде ұсынады.
16-1. Орналастырылған акциялар саны ұлғайған (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде), қоғамның орналастырылған акциялары бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбасталған жағдайда қоғам уәкілетті орган бекіткен акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді назарда ұстау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
-
еркін нысанда жасалған өтініш;
-
орналастырылған акциялар санын ұлғайту (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) және қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау аяқталған күндегі ірі акционерлер туралы тіркеуші анықтамасының көшiрмесiмен бірге тiгiлген, осы Ереженің 2-3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған қағаз тасымалдағыштағы екі данадағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер (орналастырылған акциялар саны ұлғайған (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде), қоғамның орналастырылған акциялары бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбасталған жағдайда ұсынылады). Екі дананың әрқайсысында акцияларды орналастыру қорытындылары туралы қазақ және орыс тiлдерiндегi есеп қамтылады;
-
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы Acrobat Reader форматындағы электрондық тасымалдағыштағы есепке өзгерістер.
Уәкілетті орган соңғы есепті кезеңдегі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіткен жағдайда, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбасталуына байланысты қоғам соңғы есепті кезеңдегі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Қоғамның орналастырылған акцияларын бір түрінен осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған кезде қоғамның жай акцияларын сатып алатын тұлғалар Банктер туралы заңның 17-бабының 5-тармағында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 4-тармағында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.»;
17, 17-1 және 18-тармақтар алып тасталсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Акциялар шығарылымын жою үшін қоғам уәкiлеттi органға:
1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату (эмитентті қайта ұйымдастыру) туралы сот шешiмiнің көшірмесін немесе қоғамды қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жою туралы қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы хаттамасының (барлық дауыс беретін акцияларға ие акционер шешімінің) көшірмесін;
2) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлiгін, жарияланған акциялар шығарылымының проспектісін, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді және уәкілетті органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекiту туралы хабарламаларын (хаттарын);
3) таратылатын қоғамның тарату балансын бекіту туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 24-2-тармақпен толықтырылсын:
«24-2. Таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы мәліметтер бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде қамтылатын акционерлік қоғамдар акцияларының шығарылымдары акцияларды жою үшін қажет құжаттар ұсынылмай-ақ жойылады.
Акциялар шығарылымының жойылуы туралы мәліметтер Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне Қазақстан Республикасының әділет органдарынан алынған ақпарат негізінде көрсетілген ақпарат алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізіледі. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне деректер енгізілген күннен бастап шығарылым жойылған болып есептеледі.
Осы тармақтың ережелері осы акционерлік қоғамға басқа заңды тұлғаны қосу немесе осы акционерлік қоғамнан жаңа акционерлік қоғамның бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды.».
2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі
№ 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесiнде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы жүзеге асырылатын эмитент шешімі эмитент органының отырысынан үзінді көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
отырысты өткізу күні, уақыты және орны (ішкі отырыс болған жағдайда);
отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
отырыс кворумы;
шешімдері облигацияларды (облигациялық бағдарламаны) шығаруға әкеп соқтырған отырыс күн тәртібінің мәселелері;
облигацияларды (облигациялық бағдарламаны) шығару жүзеге асырылатын дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;
облигацияларды (облигациялық бағдарламаны) шығару жүзеге асырылатын мәселе бойынша қабылданған шешім.
Эмитент органы отырысының шешімінен үзінді көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) және эмитенттің бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркеген облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент:
-
еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
-
облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымының осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектiсiн қағаз тасымалдағышта екi данада және Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдағышта (қоғамның қаржылық есептілігiнсіз) қазақ және орыс тілдерінде бiр данада ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында қазақ және орыс тілдеріндегі облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісі қамтылады;
3) эмитент органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер қамтылатын облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады.
Егер облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымы жүзеге асырылатын эмитент шешімі эмитенттің органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме нысанында ұсынылса, осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
отырысты өткізу күні, уақыты және орны (ішкі отырыс болған жағдайда);
отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
отырыс кворумы;
отырыстың күн тәртібінің облигациялардың шығарылымына, орналастырылуына, айналысына, өтелуіне қатысты мәселелері;
дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің облигациялардың шығарылымына, орналастырылуына, айналысына, өтелуіне қатысты әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;
облигациялардың шығарылымына, орналастырылуына, айналысына, өтелуіне қатысты әрбір мәселесі бойынша қабылданған шешім.
Эмитенттің органы отырысының шешімінен үзінді көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) және эмитенттің бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады.»;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Облигацияларды қоғамның жай акцияларына айырбастауды жүзеге асыратын тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-бабының 5-тармағында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.»;
5-1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген эмитент органы шешімінің көшірмесі.
Егер облигациялар шығарылымының проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген эмитент шешімі эмитенттің органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
отырысты өткізу күні, уақыты және орны (ішкі отырыс болған жағдайда);
отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
отырыс кворумы;
дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің облигациялар шығарылымының проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгізілген әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері
облигациялар шығарылымының проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгізілген мәселе бойынша қабылданған шешім.
Эмитенттің органы отырысының шешімінен үзінді көшірме эмитент органы хатшысының (корпоративтік хатшының) және эмитенттің бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау үшiн эмитент уәкiлеттi органға Заңның 24-бабының 1-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы қазақ және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау үшiн эмитент уәкiлеттi органға Заңның 32-бабының 2-тармағында белгiленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды өтеу қорытындылары туралы қазақ және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.
11. Облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
1) облигацияларды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептi бекiтедi және эмитентті есептің бекітілгені туралы жазбаша хабардар етеді;
2) эмитентке облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептiң уәкiлетті органның оны бекiткендiгi туралы белгiсi қойылған бiр данасын қайтарады.»;
12-тармақ алып тасталсын;
5-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. КЕЛІМБЕТОВ.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 268 қаулысына
1-қосымша
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту және акциялар шығарылымын жою ережесіне 2-қосымша
_______ бастап ________ дейінгі кезеңде
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП
1. Қоғамның атауы және оның орналасқан жері.
2. Қоғамның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер.
Осы тармақта қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.
3. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркелген (жарияланған акциялар санының ұлғаюына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстырылған) күні және шығарылымды мемлекеттік тіркеу нөмірі.
4. Қаржылық есептің деректеріне сай қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер.
5. Қоғам акцияларды орналастыру инвесторлардың шектеусіз аясының ортасы туралы хабарламаларды орналастырған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және осы хабарламалар шыққан күні көрсетіледі.
6. Қоғам өзiнiң акционерлеріне олардың қоғам акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын акцияларды сатып алу ұсынысын қоғамның жарғысында көзделген мынадай тәсiлдердiң бiрiмен жеткiзгенi туралы ақпарат:
1) хабарламаны жіберу күнін және акционердің осы хабарламаны алған күнін көрсете отырып жеке жазбаша хабарлама жіберу арқылы;
2) көрсетілген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарының атауын және жарияланған күнін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы.
7. Акциялар туралы мәліметтер:
1) жарияланған акциялардың жалпы саны, оның ішінде:
жай акциялар __________;
артықшылықты акциялар ______;
2) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;
3) егер акциялар айырбасталған болса, онда айырбастау тәртібін және айырбасталған акциялардың санын көрсету қажет.
8. Аукциондарды немесе жазылуды өткізу талаптары мен тәртібі туралы қоғамның ішкі құжатының қабылданған және бекітілген күні туралы мәліметтер.
9. Егер қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген болса, онда олардың енгізілген күнін көрсету қажет.
10. Акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:
1) есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша түрлері бойынша орналастырылған және орналастырылмаған акциялардың саны;
2) акцияларды орналастырудың осының алдындағы әрбір есепті кезең үшін орналастыру кезеңін, орналастырылған акциялар санын және оларды жеке төлеу сомасын, сондай-ақ акцияларды орналастырмау туралы ақпаратты назарға алу күнін көрсете отырып, осының алдындағы есепті (есептерді) бекіту күні;
3) қоғамның директорлар кеңесінің (Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде жарияланған акциялар санын ұлғайту жағдайын қоспағанда) есепті кезеңде орналастырылатын акциялардың санын және оларды орналастыру бағасын белгілеу туралы шешім қабылдаған күні;
4) Банктер туралы Заңның 17-2-бабы негізінде банктің жарияланған акцияларын сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі қабылданған күн;
5) түрлері бөлігінде есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны;
6) бір жай және артықшылықты акцияны сатып алу бағасын, акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күнін, сондай-ақ қоғам орналастырылған акцияларды (сатып алудың әрбір түрі бойынша жеке) сатып алуға шеккен шығыстарын көрсете отырып, қоғамның бастамасы және (немесе) акционерлердің талап етуі бойынша есепті кезеңнің аяқталу күніне сатып алынған акциялардың саны.
Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін акционерлердің жалпы жиналысы немесе құрылтай жиналысы бекіткен күні.
11. Акцияларды орналастырудың есептi кезеңiнде акцияларды орналастыру (сату) тәсiлдерi:
1) акциялардың немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, артықшылықпен сатып алу құқығы бойынша;
2) жазылу арқылы (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықтарда):
акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналды құнын, ақы төлеу сомасын көрсете отырып, құрылтайшылар арасында (жаңадан құрылған қоғамдар үшін);
акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы;
3) аукцион арқылы:
акциялардың түрін, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткізу күнін, есепті кезеңде бір акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасын, есепті кезеңдегі бiр жай және артықшылықты акцияның нарықтық құнын (егер ол есептелген болса) көрсете отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында;
аукционды өткізу күнін, акциялардың түрін, санын және ақы төлеудiң жалпы сомасын көрсете отырып, ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында;
4) айырбасталатын бағалы қағаздардың санын, бағалы қағаздарды не қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастауды жүргізу күнін көрсете отырып, қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және (немесе) қоғамның ақшалай міндеттемелерін айырбастау арқылы не туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды орналастыру жүзеге асырылған мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында сатып алуға ұсынылған акциялар санын көрсете отырып).
12. Акциялардың санын және ақы төлеу сомасын көрсете отырып, оларға ақы төлеу тәсiлi:
1) ақшалай (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлеуiн растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелерi, төлем сомасы және төлеушiнiң атауы көрсетiлуi тиiс);
2) бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентiнiң атауын, оның мекен-жайын, бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмiрiн және олардың санын, бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мәміленің тіркелу күнін көрсету қажет);
3) зияткерлiк қызметтiң нәтижесiне құқығымен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, зияткерлiк меншiктi қабылдау-өткiзу актiсi туралы мәлiметтердi көрсету қажет);
4) қоғамның ақшалай міндеттемелерін қоғамның акцияларына айырбастау арқылы (берешекті акцияларды төлеу есебіне өтеу туралы шешімді кредитордың қандай органы қабылдағанын және осындай шешімнің қабылданған күнін, берешекті салыстырып тексеру актісінің деректемелерін, талап ету құқықтарын бағалау актісін кім дайындағанын, оның жасалу күнін, бағалау сомасын, егер қоғам дәрменсіз борышкер болса, банкті қайта құрылымдау жоспарын немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күнін немесе қоғамның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығарылымы проспектісін тіркеу нөмірін көрсету қажет);
5) басқа да мүлiктiк құқықтармен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мүлiктi қабылдау-өткiзу актiсiнің күнін көрсету қажет);
6) өзге де тәсілмен.
Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда осы Ереженiң 2-тармағында көрсетілген құжаттардың деректемелері көрсетіледі.
Акцияларды төлеу үшiн мүлiктiк құқықтар және өзге де мүлiк енгiзілген жағдайда, тиiстi лицензиясы бар бағалаушының осы мүлiктi бағалау туралы есебіне осы мүлiк акцияларды төлеуге енгiзілген күнге дейiн алты айдан кеш емес күнi қойылады.
13. Қоғам акциялары шығарылымының андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат.
Осы тармақта:
1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
2) андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі туралы;
3) андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, өкілдерге орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық көрсетілімде және орналастырылатын әрбір акцияға төленген (төленетін) комиссиялық сыйақылар туралы, сондай-ақ шығыстар туралы басқа да мәліметтер;
4) шығаруға, орналастыруға және листингке енгізуге шығатын шығасылардың негізгі санаттары туралы. Көрсетілген шығасыларды эмитенттің өзі төлемеген жағдайда, оларды төлейтін тұлғаны көрсету қажет;
5) андеррайтерлерді тартпастан және орналастырудың болашақ жоспарынсыз есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны туралы ақпаратты көрсеткен жөн.
14. Опциондарды орындау бағасы туралы мәліметтер.
15. Акциялардың нарықтық және баланстық құнының тарихы туралы ақпарат.
Егер қоғамның акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста болса, онда жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күнге дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың ең жоғары және ең төмен нарықтық бағасы туралы мәліметтерді көрсету қажет.
Акциялардың баланстық құнының тарихы туралы ақпаратта жылдар бойынша бөле отырып соңғы аяқталған үш жыл үшін, тоқсан бойынша бөле отырып соңғы аяқталған екі жыл үшін, акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталғанға дейін соңғы алты ай үшін (айдың 1-ші күніне) акциялардың баланстық құны туралы мәліметтер болуға тиіс.
Акциялардың баланстық құны мына формула бойынша есептеледі:
АБҚ= МК/А, мұнда
АБҚ – акциялардың баланстық құны;
МК – қоғамның меншікті капиталының мөлшері;
А – қоғамның орналастырылған акцияларының саны (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде).
16. Дивидендтерді төлеу туралы мәліметтер:
1) тиісті шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысы хаттамасының деректемелеріне сілтеме жасай отырып, төлем жүзеге асырылған аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жай және артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленген дивидендтердің жалпы сомасын (есептелген және бюджетке төленген салық сомасын) көрсете отырып, дивидендтер төленген акционерлердің санын көрсете отырып дивидендтерді соңғы төлеу күні;
2) қоғамның хабарламаны жариялау күнін көрсете отырып, дивидендтерге төлем жасау туралы хабарламасын орналастырған бұқаралық ақпарат құралының атауы;
3) бір жай және артықшылықты акцияға есептелген және (немесе) төленген дивидендтердің мөлшері, сондай-ақ дивидендтер есептелген және (немесе) төленген қаржы жылының қорытындылары бойынша бір жай және артықшылықты акцияға келген таза кіріс мөлшері;
4) егер дивидендтерді уақтылы төлемеу бойынша берешек орын алған жағдайлар болса, оның пайда болу себептерін және акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күніндегі берешек сомасын көрсету қажет, бұл ретте акционерлер алдында берешекті өтеу бойынша қоғам қандай шаралар қолданғанын көрсету қажет.
17. Қоғамның тіркеушісі туралы мәліметтер:
1) акцияларды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің атауы және орналасқан жері;
2) қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімін жүргізу туралы шарттың күні және нөмірі.
18. Акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күндегі ірі акционерлер туралы мәліметтер. Осы мәліметтер тіркеуші осыған ұқсас күнге берген, есептің ажырамас бөлігі болып табылатын анықтама негізінде толтырылады:
Заңды тұлға –
акционерлердің толық атауы
немесе жеке
тұлға –
акционерлердің аты-жөні, болса әкесінің аты
|
Жеке тұлға - акционердің
жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері немесе заңды тұлға – акционерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні және оның орналасқан жері
|
Акциялардың түрін көрсете отырып,
акционерге
тиесілі
акциялардың
жалпы саны
|
Ірі акционерге тиесілі акциялардың пайыздық арақатынасы
|
19. Егер орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде акцияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күні акциялары номиналды ұстаудағы ірі акционерлер туралы мәліметтер болмаса, номиналды ұстаушылардың атауы және олардың номиналды ұстауындағы қоғам акцияларының саны туралы мәліметтер.
20. Есепке бірінші басшы, бас бухгалтер не олардың орнындағы адамдар қол қояды және акционерлік қоғам мөрінің бедерімен куәландырылады. Есептің әрбір данасы қаржылық есептілікпен, осы қосымшаның 12-тармағына сәйкес акцияларды орналастырудың есепті кезеңінде акциялардың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерімен және тіркеуші берген анықтаманың көшірмесімен бірге тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі (есепті кезеңде акциялар орналастырылмаған жағдайда акциялардың төленгенін растайтын құжаттарды қоспағанда). Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына қойылады және бірінші басшының қолымен куәландырылады.
Есепті кезеңде акциялар орналастырылмаған жағдайда осы қосымшаның 11, 12 және 13-тармақтары толтырылмайды.».
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 268 қаулысына
2-қосымша
«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережесіне
5-қосымша
_______ бастап _________ дейінгі кезеңде облигацияларды
орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП
1. Эмитенттің атауы.
2. Эмитенттің мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
Осы тармақта эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілу қажет.
3. Эмитенттің орналасқан жері.
4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi.
5. Облигациялар туралы мәлiметтер:
шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрi, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшерi, облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күнге орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған облигациялардың саны.
6. Меншік иелерiнiң санаттары бойынша облигацияларды иеленушiлердiң саны туралы мәліметтер:
резиденттер және резидент еместер; жеке және заңды тұлғалар;
жоғарыда көрсетілген әр санаттағы тұлғалардың иеленушiлерiне жататын облигациялар санын көрсете отырып зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екiншi деңгейдегі банктер, банктік емес ұйымдар, брокер-дилерлер және басқалар.
7. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
1) орналастыру кезеңiнiң басталу күнін және аяқталу күнiн, орналастырылған облигациялар санын және әрбiр алдыңғы есептi облигацияларды орналастыру кезеңіне жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ облигацияларды орналастырмау туралы ақпаратты мәлімет үшін қабылдаған күнін көрсете отырып, алдыңғы есепті (есептердi) бекіту күні;
2) есепті кезеңде ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығындағы жазу және аукциондық жолмен орналастырылған облигациялар саны және тартылған ақша сомасы, оның ішінде облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелу күнін және нөмiрiн, осы облигациялар түрін, санын көрсете отырып, төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын есепті кезеңде орналастырылған облигациялар туралы ақпарат. Облигацияларды аукцион өткізу жолымен орналастырған жағдайда оларды жүргізген күні және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасы көрсетіледі;
3) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында облигацияларды орналастыру туралы ақпарат (caуда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнiң санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күнге облигациялардың нарықтық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға және бiрiншi және соңғы сауда-саттықтағы күні, орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақшаның сомасы) оның ішінде шет мемлекеттің аумағында облигацияларды орналастыруға уәкілетті органнан рұқсат алу күнін көрсете отырып шет мемлекеттің аумағында есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың саны;
4) есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың жалпы саны;
5) есептi кезең аяқталған күнге сатып алынған облигациялардың саны, сатып алу туралы шешiм қабылданған күн, сондай-ақ проспектіде және (немесе) Заңмен көзделген ковенантты бұзған кезде сатып алған себебін көрсете отырып, эмитент оларды сатып алған кезде шеккен шығындар сомасы;
6) эмитент бұрын сатып алған және есепті кезеңде қайта сатылған облигациялардың саны;
7) осы үлестес тұлғалардың деректерін көрсете отырып, үлестес тұлғаларға орналастырылған облигациялар саны.
8. Облигацияларды шығару андеррайтерлерi (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай ақпарат көрсетіледі:
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметін көрсетуге шарттың күнi мен нөмiрi, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, орналастырудың жалпы көлемiнiң пайыздық көрсетiлiмде, әрбір орналастырылған облигациялардың дисконты және комиссиясы көлемінде өкілдерге төленген (төленуі тиіс) дисконт және комиссия және шығыстар туралы басқа да мәліметтер;
андеррайтерлердi тартпастан орналастырылған облигациялардың саны және орналастырудың болашақ жоспарлары туралы көрсетіледі.
9. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:
1) оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
2) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің шарттары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
3) арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылым проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
4) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
5) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша алған ақша сомасы;
6) есепті кезеңде секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар сомасы;
7) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер.
10. Тiркеушi туралы мәлiметтер.
Тiркеушiнiң атауы және орналасқан жерi, шарт жасалған күн және нөмiрi.
11. Баспасөз басылымының атауы және облигациялар шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған күн.
12. Шығарылым проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзу жағдайлары туралы ақпарат.
13. Облигациялардың орналастыруы (қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді) аяқталған күніне левередж мөлшері, бұрын шығарылған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының болуы, облигацияларды әрі қарай орналастыруға байланысты бар проблемалар.
14. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу туралы мәлiметтер:
1) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңдiлiгi және мерзiмдерi;
2) облигациялар бойынша сыйақының мөлшерi және мөлшерiн белгiлеу тәртiбi. Есептi кезең iшiнде осы шығарылымның облигациялар бойынша төленген жалпы сыйақы сомасы;
3) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезiндегi есеп айырысу тәртiбi (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, қолма-қол емес);
4) кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемалардың және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданатын іс-шаралардың сипаттамасы. Облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленбеу жағдайлары болса, эмитенттiң қандай шаралар қабылдағанын көрсету керек.
Есепке эмитенттің бiрiншi басшысы, бас бухгалтері қол қояды және эмитенттiң мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Есептің әрбір данасы есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі қаржылық есептілігімен және облигацияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күнге тіркеуші берген облигациялар ұстаушылар тізілімінің көшiрмесiмен бірге тiгiледi, тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бірінші басшысының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолымен куәландырылуы тиіс.
Осы қосымшаның 7-тармағының 2), 3), 4) тармақшалары есепті кезеңде облигациялар орналастырылмаған жағдайда толтырылмайды.».
Достарыңызбен бөлісу: |