Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту институты



Дата17.06.2016
өлшемі123.5 Kb.
#143416
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту институты

 

Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары

 

(біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін)

 

Алматы 2007 ж



 

 

Көкіректің ашық және жабық жарақаттары. Жүрек жарақаты, пневмоторакс, гемоторакс



 

Хаттама коды: Е-005

Кезеңдік ем мақсаты: өмірге қауіпті бұзылыстарды тыю, ағзалардың және тереңде жатқан тіндік құрылымдардың және жарақаттардың инфекциялануын болдырмау; зардап шегушіні стационарға шұғыл түрде жатқызу.

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

Кеуде қуысы жарақаттары (S20- S29);

Енгізілген: жарақаттар

- кеуде(қабырғасы)

Енгізілмеген:

Үсіктер (Т33-Т35)

Омыртқа сынуы БДУ (ТО8)

Бөгде заттардың ену салдары:

- бронхыға (Т 17.5);

- өкпеге (Т 17.8);

- өңешке (Т 18.1);

- кеңірдекке (Т 17.4);

термиялық және химиялық күюлер (Т 20- Т 32)

жарақаттар:

- бұғана;

- жауырын аймағы (S 40 - S+49);

- иық;

- қолтық ойығы;

- жұлын БДУ (ТО 9.3);

- кеуде БДУ (Т 09-);

улы жәндіктердің шағуы немесе тістеуі;

S 20. Көкіректің беткейлік жарақаттары;

S 20.2 Көкіректің соғылған жарақаттары;

S 20.3 Көкіректің алдыңғы қабырғасының өзге де беткейлік жарақаттары;

S 20.4 Көкіректің артқы қабырғасының өзге де беткейлік жарақаттары;

S 20.7 Көкіректің бірнеше беткейлік жарақаттары;

S 20.8 Көкіректің басқа және белгісіз бөлігінің беткейлік жарақаттары;

S 21  Көкіректің ашық жаралануы;

S 21.1 Көкіректің алдыңғы қабырғасының ашық жаралануы;

S 21.2 Көкіректің артқы қабырғасының ашық жаралануы;

S 21.7 Көкірек қабырғасының бірнеше жерден ашық жаралануы;

S 21.8 Көкіректің басқа бөліктерінің  ашық жаралануы;

S 21.9 Көкіректің белгісіз бөлігінің ашық жаралануы;

S 22 Қабыртқалар (қабыртқа), төс және омыртқа бағанының кеуде бөлігі сынуы;

Енгізілген: кеуде бөлігінен:

- омыртқа доғасы

- арқа өсіндісі

- омыртқаның

- көлденең өсіндісі

S 26. Жүрек жарақаттары

Енгізілген :

тесілу;

жүрек жыртылуы;

жарақаттық тесілу;

соғылу

S 26.0 Жүрек жарақаттары, жүрек қабына қанқұйылуы (гемоперикард);

S 26.8 Жүректің өзге де жарақаттары;

S 26.9 Жүректің белгісіз жарақттары;

S 27 Көкірек қуысының басқа және белгісіз ағзаларының жарақаттары;

S 27. 0 Жарақаттық пневматоракс;

S 27.1 Жарақаттық гемоторакс;

S 27.2 Жарақаттық гемопневмоторакс;

S 27.3 Өкпенің басқа да жарақаттары;

S 27.4 Бронхылардың жарақаттары;

S 27.5 Кеңірдектің кеуде бөлігінің жарақаттары;

S 27.6 Плевра жарақаты;

S 27.7 Көкірек қуысы ағзаларының бірнеше жарақаттары;

S 27.8 Көкірек қуысы анықталаған басқа ағзаларының жарақаттары;

S 27.9 Көкірек қуысының анықталмаған ағзасының жарақаты;

S 29.7 Көкіректің бірнеше жарақаттары;

S 29.8 Көкіректің анықталаған басқа жарақаттары;

S 29.9 Көкіректің анықталмаған жарақаты;

Анықтамасы: Кеуде жарақаты - тері жамылғысының, сүйек қаңқасының, ішкі ағзалардың жекеленген немесе комплексті түрде бүтіндігінің бұзылуы;

Кеуде жарақатының жіктелуі (Комаров Б.Д; 2002):

1. біржақты;

2. екіжақты;

Кеуденің зақымдануының жіктемесі:

1. Кеуденің жабық зақымдануы.

2. Кеуденің ашық зақымдануы (жаралануы).

Кеуденің жарақатық зақымдану түрлері:

1. Көкіректің және оның ағзаларының шектелген зақымдануы;

2. Көкіректің және оның ағзаларының көптеген жарақаттары;

3. Көкіректің және оның ағзаларының қосарланған зақымдануы;

Кеуде жарақаты бөлінеді:

1. Париетальдық плевра тесіп өткен зақым;

2. Париетальдық плевра тесіп өтпеген зақым;

Көкіректің ішіне енген жарақат түрлері:

1. Түйреліп-кесілген

а) тұйық, тесіп өткен;

б) біржақты, екіжақты;

в) жалғыз, көптеген;

г) пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен;

2. Оқжарақаттар:

а) тұйық, тесіп өткен;

б) біржақты, екіжақты;

в) жалғыз, көптеген;

г) пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен;

Кеуденің жабық жарақаты тізіміне кіреді:

- қабыртқа сынуы;

- кернеулі пневмоторакс және гемоторакс дамыған өкпе зақымдануы;

- өкпенің соғылуы;

- көкірекорта эмфиземасы;

- жүректің соғылуы;

Көкіректің ашық жарақаты.

Кезеңі: ауруханаға дейін.

Кезеңнің мақсаты:

1) Өмірге қауіпті бұзылыстарды жою;

2) Жаранық және тереңде жатқан тіндік құрылымдарға және ағзаға инфекция түсуінің алдын алу;

3) Зардап шегушіні дереу стационарға жеткізу;

АХЖ коды: S21

Анықтамасы:

Көкіректің ашық жарақаты кеуде қабырғасының тері жамылғысының және тіндік құрылымының бүтіндігінің бұзылуымен сипатталатын зақымдану.

Жіктемесі:

Кеуде жарақаты бөлінеді:

1) Париетальдық плевра тесіп өткен зақым;

2) Париетальдық плевра тесіп өтпеген зақым;

Кеудені тесіп өткен жарақат түрлері:

1. Түйреліп-кесілген

а) тұйық, тесіп өткен;

б) біржақты, екіжақты;

в) жалғыз, көптеген;

г) пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен;

2. Оқжарақаттар:

а) тұйық, тесіп өткен;

б) біржақты, екіжақты;

в) жалғыз, көптеген;

г) пневмоторакспен, гемоторакспен, гемопневмоторакспен;

Қауіп-қатерлі факторлар:

1) жіті тыныстық жеткіліксіздік (бейадекватты ауаландыруы)

2) гиповолемиялық шок (кеуде қабырғасының жарақатынан мол қан кету, кеудеішілік қантамырлардың жарақаты);

3) тыныс жолдарының обструкциясы (құсықпен, қанмен және басқада бөгде заттармен, тіл кептелуімен, магистральді тыныс жолдарының тікелей  жарақатымен);

4) плевра қуысының тығындалуы (пневмоторакс, гемоторакс, гемопневмоторакс);

5) диафрагма зақымдануы;

6) паренхима функциясның бұзылысы (соғылу, аспирация, бронхішілік қан кету);

Диагностика критерилері:

1) кеуде проэкциясындағы және проэкциясынан тыс тері жарақатының анықталуы;

2) тері жамылғысының бозаруы немесе цианозы;

3) ауырсыну сезімі, қабыртқа және төс зақымдануы қосарласқанда;

4) ентігу және тыныс алудың қиындауы;

5) тыныс алу қозғалысының шектелуі;

6) ұзаққа созылған және әртүрлі интенсивті қан түкіру;

7) ашық пневмоторакс белгілері;

8) ішкі ағзалардың және тамырлардың зақымдануынан болатын гиповлемиялық шок;

9) теріасты эмфиземасы;

10) көкірекорта эмфиземасы;

11) тыныс және жүрек қантамыр жеткіліксіздігі белгілерінің күшеюі;

12) физикалық пневмоторакс және гемоторакс белгілері, көкірекорта сау жаққа ығысуы;

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1) жарақатты көріп тексеру және жарақат каналының траекториясын анықтау;

2) эмфиземаны анықтау үшін зақымданған аймақты пальпация арқылы үдей түсу динамикасын тексеру;

3) пневмотораксты немесе гемотораксты анықтау үшін кеудеге перкуссия жасау;

4) зақымданған жақтағы өкпе функциясын анықтау үшін аускультация жасау;

5) АҚ өлшеу және ЖСЖ санау;

6) ТЖ санау;

7) есі дұрыстығын анықтау;

Жедел жәрдем көрсету тактикасы:

1) асептикалы таңғыш салу;

2) ашық пневмоторакста герметизациялайтын таңғыш салу;

3) кеуде қабырғасында көлемді ақау анықталса жарақатты стерильді орамалмен жауып, циркулярлы таңғышпен фиксациялау.

4) қақпақшалы кернеулі пневмоторакс болған жағдайда бұғананың ортаңғы сызығы тұсынан 2-3-ші қабыртқааралыққа  Дюфо тәсілімен 3-4 ине немесе троакар  енгізу арқылы плевра қуысын дренаждау; түтіктің немесе иненің бос ұшына резеңке қақпақша бекітіледі.

5) үлкен гемоторакс анықталғанда артқы қолтықасты сызығы бойымен 7-8-ші қабыртқааралықтан плевра қуысын дренаждау;

6) АҚК толтыру мақсатында кристаллойдты коллойдты ерітіндіні тамыр ішіне құяды, егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы 300-500 мл/мин құрауы керек; шоктың І-ІІ дәрежесінде 800-1000 дейін полиионды ерітіндіні тамыр ішіне құяды; қанайналымның айқын бұзылысы кезінде декстран немесе гидроксоэтилкрахмалды 5-10 мл/кг мөлшерде АҚ 90/100 мл с.б. тұрақтанғанша тамыр ішіне құю керек.

7) Гемодинамиканың төмен көрсеткішінде регидратацияға қарамастан уақыт ұту үшін және стационарға жету жолында жүрегі тоқтап қалуының алдын алу үшін вазопрессорлық және глюкокортикоидтық препараттарды құяды: допамин 200 мг 400 мл плазмаалмастырғы ерітіндіге қосып венаға құяды, мол тамшымен преднизон 300 мг венаға құяды;

8) психомоторлы қозу кезінде седативті препраттар енгізу;

9) ауырсыну реакциясын басу үшін және қақырықтың шығуын жақсарту үшін: 2 мл 0,005% фентанил ерітдісін 1 мл 0,1% атропин ерітіндімен бірге.

10) жіті тыныстық жеткіліксіздік дамыса оттекпен дем алдыру;

11) көкірекорта эмфизема өрістеуінде алдынғы көкірекортаны дренаждау;

12) шокпен күресуде және тыныс бұзылысында Вишневский әдісімен зақымданған жаққа вагосимпатикалық блокада жасау;

13) Жіті тыныстық жеткіліксіздік үдегенде ӨЖЖ және кеңірдек интубациясы;

14) Қанайналымның тиімділігі тоқтағанда − ресусситациялық шаралар;

15) Зардап шегушіні 30°-қа бас жағы көтеріңкі жағдайда немесе жартылай отырған қалыпта жеткізу;

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:

1) 0,85% натрий хлорид ерітіндісі;

2) декстрант-60;

3) 0,25% новокаин ерітіндісін;

4) диазепам;

5) натрий оксбутираты;

6) допамин;

7) фентанил;

8) есірткілік аналгетиктер;

Қабыртқа, төс сынуы

Саласы: хирургия

Емдік саты: ауруханаға дейін.

АХЖ коды: S 22

S 22. 2. Төс сынуы;

S 22. 3. Қабыртқа сынуы;

S 22. 4. Бірнеше қабыртқаның сынуы;

Анықтамасы:

S 22.2. Төс сынуы;

Төс сынуы механикалық күштің тікелей әсері нәтижесінен болады.

Олар қабыртқаның ортаңғы бөлігінің сынуымен қосарласа жүруі мүмкін.

Төс зақымдануы алдыңғы көкірекортаға қан құюлуымен және жүрек жарақатымен қосарлануы мумкін.

Жіктемесі:

1. Жабық:

а) ығысусыз

б) ығысумен (фрагменттерінің көлденең ені бойымен, ұзына бойымен және алға - артқа ығысуы);

2. Ашық:

а) ығысусыз;

б) ығысумен (фрагменттерінің көлденең ені бойымен,  ұзына бойымен және алға - артқа ығысуы);

Қауіп-қатерлі факторлар:

1) вентиляцияның бұзылуына байланысты жіті тыныстық жеткіліксіздік қосарласуы;

2) Жүрек жарақатынан кардиогендік шоктың дамуы;

3) Төстің ашық сынуынан жарақаттық инфекция және медиастинит дамуы;

Диагностика критерилері :

1) сынған жердің ауыруы, көкіректі күшейте қозғалтқанда ауырсыну күшеюі;

2) Тұншығу сезімі;

3) Төс арты ауыруы;

4) Жүрек жарақаты қосарласқанда тұрақты артериялық гипотензия.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1) қарау арқылы зақымданған аймақтың және жармалық ойық үстінде ретростернальдық гематома) қанталағанын анықтау;

2) пальпациялап тексергенде сынған жердің ауыратыны және сынықтардың тепкішек тәрізденіп ығысқаны анықталады;

3) жүрек жарақаты бар-жоғын анықтау үшін ЭКГ зерттеу жүргізу керек;

Күттірмейтін көмек көрсету тактикасы.

1) сынған жерге 1% прокаин ерітіндісін жіберу;

2) Жіті тыныстық жеткіліксіздік дамығанда Вишневский тәсілі бойынша екі жақты вагосимпатикалық блокада;

3) Оксигенотерапия;

4) Басылмайтын ауыру болса есірткілік анальгетиктер салу;

5) Психомоторлы қозу кезінде седативті препараттарды беру;

6) Жүрек соғылуы салдарынан тұрақты гипотензия дамыса кристаллоидты, каллоидты және вазопрессорлы препараттарды қолдану;

7) Нәтижелі қанайналым тоқтап қалған жағдайда ресусситациялық шаралар жүргізу;

8) Жарақаттанған адамды травматологиялық стационарға аппарғанда көлденең жатқызып, бас жағын 30°-қа көтеріңкі жағдайда жеткізу керек;

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:

1) прокаин 1% және 0,25% ерітінді

2) 0,85% натрий хлорид ерітіндісі

3) декстран-60

4) диазепам

5) натрий окибутираты

6) допамин

7) есірткілік аналгетиктер

Қабыртқалар сынуы

Анықтамасы

S 22. 3. Қабыртқа сынуы

S 22. 4. Қабыртқалардың көп жерден сынуы

Бір немесе бірнеше қабыртқаның ашық немесе жабық сынуы

Жарақаттың тікелей әсерінен көбіне қабыртқаның көптеген сынулары болады. 4-7-ші қабыртқа жиірек зақымданады. 1-ші немесе 2-ші қабыртқаның оқшауланып сынуы сирек кездеседі. Қабыртқа көп жерден сынғанда көкіректің бүтіндігі бұзылады.

Екі және одан да көп перпендикуляр сызық бойынша қабыртқаның көптеген сынулары болса, флотацияланған сынықтар пайда болады.

Сынықтардың орналасуына байланысты «қабыртқалық қақпақшалар» түрлеріне бөлінеді:

1) алдыңғы билатералды флотацияланған сынықтар: (қабыртқалар төстің екі жағынан сынады және кеуденің алдыңғы бөлігінің омыртқамен байланысы үзіледі);

2) алдыңғы бүйірлік флотацияланған сынықтар: (әрбір қабыртқа екі және одан да көп жерден (бір жағынан алдыңғы бөлігінен және бүйір бөлігінен) сынады;

3) артқы бүйірлік флотацияланған сынықтар: (қабыртқалардың артқы бөлігі қосарланып біржақты сынады);

4) артқы билатералды флотацияланған сынықтар: (қабыртқаның артқы бөліктерінің сынығы омыртқа бағанасының екі жағында болады);

Көкірек бүтіндігінің бұзылуына байланысты, оның қимылына қатыспайтын қабыртқа фрагменті пайда болады.

Ішкі дем алғанда «қабыртқалық қақпақша» төмен түседі, ал демді шығарғанда көтеріледі, яғни көкірек қабырғасының қимылына парадоксальды қарама-қарсы қозғалады. Нәтижесінде зақымданған жақтағы өкпе толығымен керілмейді.

«Қабыртқалық қақпақшаның» парадоксальды ығысуынан зақымданған жақ өкпедегі ауа қысымы дем алғанда жоғары, ал дем шығарғанда төмен болады. Бұл жағдайда дем алып және керісінше дем шығарған кезде зақымданған өкпеден ауа біртіндеп сау өкпеге тасымалданады, осыған байланысты «өлі кеңістіктің»көлемі үлкейеді.

Жіктелуі:

Қабыртқалар сынуы:

1) оқшауланған - а) кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз; б) кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс);

2) көптеген - а) кеудеішілік ағзалардың зақымдануысыз; б) кеудеішілік ағзалардың зақымдануымен (пневматоракс, гемоторакс, гемопневмоторакс); в) қабыртқалық қақпақшалар пайда болуымен.

Қауіп-қатерлі факторлар:

1) жарақаттық шоктың дамуы;

2) геморрагиялық шоктың дамуы;

3) қосарласқан жүрек жарақатында кардиогенді шок дамиды;

4) вентиляция бұзылысының дамуына байланысты жіті тыныстық жеткіліксіздік дамуы;

5) кеуде қуысы ағзаларының және плевра қуысының ашық жарақатында жарақаттық инфекция және іріңдеудің болуы;

Диагностика критерилері:

1) дем алу кезінде және көкіректің қимыл ауқымын көбейткенде ауырсыну сезімі күшейіп кету (жөтелу, түшкіру, т.б. пайда болуы);

2) зақымданған жақта тыныс экскурсиясының шектелуі;

3) көкірек контурының деформациялануы;

4) «қабыртқалық қақпақшалардың» парадоксальды қозғалуы;

5) пальпациялағанда ауырсыну сезіну;

6) көкіректің зақымданбаған жерінен алдынан артқа немесе екі бүйірден қысқанда сынған аймақта ауыру сезімнің күшеюі;

7) тыныс алу кезінде сынған аймақта пальпация немесе аускультация арқылы анықталатын сүйек крепитациясы,;

8) плевра қуысында ауа немесе қан барын перкуссия арқылы анықтау;

9) зақымданған жақтағы өкпенің функциясын аускультациямен анықтау;

10) тері астының эмфиземасы;

11) көкірекорта эмфиземасы;

12) тахипноэ, үстіртін дем алу;

13) тахикардия және АҚ төмендеуі;

14) тері жамылғысының бозаруы немесе цианозы;

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі.

1) көкірек деформацияны және тыныс алу кезіндее көкіректің қимылын анықтау үшін қарап тексеру;

2) жергілікті ауырсыну сезімін, деформацияны, крепитацияны патологиялық қозғалыстарды және «қабырғалық қақпақты» анықтау үшін қабыртқаларды пальпациялап тексеру;

3) зақымданған аймақты және эмфиземаның үдеуін анықтау үшін пальпация жасау;

4) кеуде перпуссиясы арқылы пневматоракс немесе гемоторакс бар-жоғын анықтау;

5) зақымдалған жақтағы өкпенің функциясын аускультация арқылы анықтау;

6) АҚ өлшеу және ЖСЖ санау;

7) Тыныс жиілігін санау;

8) Есі дұрыстығын анықтау;

Жедел көмек көрсету тактикасы.

1) асфиксияның алдын алу немесе тыю - ауыз және мұрын қуысын қан ұйындыларынан, бөгде заттардан тазарту;

2) көкірек жарақаты анықталғанда асептикалық қорғаныш таңғыш салу;

3) сынған аймаққа 1% прокаин ерітіндісімен жергілікті және паравертебральдық блокада жасау;

4) қабыртқалардың көптеген сынуы болғанда Вишневский тәсілімен вагосимпатикалық блокада жасау;

5) алдыңғы «қабыртқалық қақпақша» бар жағдайда (құм салынған дорбашаны) флотацияланған сегменттің үстіне бастырып қою;

6) ашық пневматоракс бар болса немесе сыртқы қақпақшалы пневматоракс болса герметик таңғыш салу;

7) сыртқы қақпақшалы және ішкі қақпақшалы пневмоторакс болса міндетті түрде плевра қуысын бұғананың ортаңғы сызығы бойынша 2-ші, 3-ші қабыртқааралықта Дюфо тәсілі бойынша 3-4 ине немесе троакар енгізу; иненің бос жағына немесе түтікке резеңке қақпақша бекітіледі;

8) ауқымды гемоторакс анықталғанда қолтықтың артқы сызығы бойымен 7-8-ші қабыртқааралығынан плевра қуысын дренаждау;

9) ауыру сезімін басу: 2 мл 0,005% фентанил ерітіндісін 1 мл 0,1% атропин ерітіндісімен қоса құю;

10) қанайналым көлемін толтыру мақсатында көктамырға коллоидты және кристаллоидты ерітінділерді құю: егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы минутына 300-500 мл; 1-ші, 2-ші дәрежелі шок болса көктамырға 800-1000 мл-ге дейін полиионды ерітінділер құю; қанайналымның айқын бұзылуы болса көктамырға декстрандарды немесе гидроксиэтилкрахмалды 5-10 мл/кг мөлшерінде, АҚ 90-100 мм.с.б тұрақтанғанша құю;

11) гемодинамика төменгі көрсеткіш деңгейде болса, регидратацияға қарамай (уақытты ұту үшін және жүрек функциясы тоқтауын болдырмау мақсатында) ауруханаға дейін вазопрессорлар және глюкокортикоидтар құю керек: допамин 200 мг 400 мл, плазмааламастырғыш ерітінділерді венаға жылдам тамшылатып, преднизолон 300 мг-ға дейін венаға құю керек;

12) психомоторлық қозу седативті препараттар беру;

13) тыныстық жеткіліксіздік дамыса оттекті маска арқылы беру;

14) көкірекорталық үдемелі эмфиземасында алдыңғы көкірекортаны дренаждау;

15) 3-ші дәрежелі жарақаттық шок, жіті тыныстық жеткіліксіздіктің декомпенсацияланған сатысында, тыныс ырғағы бұзылғанда, апноэ кезінде кеңірдекті интубациялау және өкпеге жасанды вентиляция (ӨЖВ) жүргізу.

16) тиімді қанайналымы тоқтаған жағдайда − ресусситациялық шаралар жасау;

17) транспорттық иммобилизация (көрсетімдер бойынша);

18) зардап шегушіні көлденең жатқызып, басын 30 градусқа жоғары көтеріп тасымалдау

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:

1) прокаин 1% және 0,25% ерітінді

2) 0,85% натрий хлорид ерітіндісі

3) декстран-60

4) диазепам

5) натрий оксибутираты

6) допамин

7) фентанил

8) преднизолон

9) есірткілік анальгетиктер

Кеуде қуысындағы анықталмаған және басқа да ағзалардың жарақаты

Саласы: хирургия.

Емдеу кезі: ауруханаға дейінгі.

Кезеңдік ем мақсаты:

1) Жарақаттың және гиповолемиялық дамуын болдырмау және коррекциялау;

2) Ашық пневмотораксты жабық түріне айналдыру;

3) Кернеулі пневмотораксты тоқтату;

4) Көлемді гемоторакс кезіндегі плевралық қуыстағы қанды эвакуациялау;

5) Жарақаттық инфекцияның және плевралық қуыс іріңдеп қабынуының алдын алу;

6) Жарақаттанған адамды жедел түрде торакалдық хирургиясы бар стационарға жеткізу.

Коды ЖСБ: S27

S27.0 Жарақаттық  пневмоторакс

S27.1Жарақаттық  гемоторакс

S27.2 Жарақаттық гемопневмоторакс

Анықтамасы:

Көкірек қабырғасының және/немесе бронхөкпелік құрылымның зақымдануы, сонымен қатар плевралық қуысқа ауа кіруі және қан құйылуы.

Пневмоторакс - Көкіректі тесіп өткен жарақаттың немесе өкпе зақымдануының салдарынан плевралық қуысқа ауа жиналуы.

Шектелген пневмоторакс кезінде өкпенің 1\3 бөлігінен аз көлемі бүрісіп кішірейуі;

Орташа пневмоторакс - өкпенің 1\3 -нен  1\2 бөлігіндей көлемі бүрісіп кішірейеді;

Тұтас пневмоторакста өкпе қалыпты көлемінің тек жартысындай ғана болады немесе  толығымен бүрісіп кішірейіп қалады.

Жабық пневмоторакс. Бұл кезде плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыспайды және жарақат кезіндегі өткен ауа көлемі көкірек экскурсиясында өзгермейді.

Ашық пневмоторакс. Бұл жағдайда плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыста болады. Дем алу кезінде плевралық қуысқа ауа қосымша кіріп тұрады, ал дем шығару кезінде сол көлем қайта шығады. Ашық пневмоторакс кезінде плевралық қуысқа ауа жиналуы болмайды. Бұл жағдайда пародоксальды тыныс пайда болады дем алу кезінде жарақат болған жақтағы өкпе бүрісіп кішірейеді, ал дем шығарғанда керіледі. Мұндай кезде ауаның өкпеде маятник тәрізді жылжуы болады, дем алу кезінде жарақат болған жақтағы ауа сау өкпеге өтеді, ол дем шығарғанда қайтадан сау өкпеден жарақаттанған өкпеге өтеді. Плевраішілік қысымның өзгеріп көкірекортаның флотациялануын туындатады.

Клапақшалы пневмоторакс. А) сыртқа дем шығару кезінде плевра қуысының сыртқы ортамен байланысуы азаяды және мүлдем тоқтайды, өйткені аралық қақпақша тәрізді жауып қалады. Әр дем алған сайын плевралық қуысқа ауа көбірек кіреді, ал дем шығарғанда аз шығады. Осыдан плевралық қуысқа ауа жинала береді. Әр дем алу актісінде өкпенің кернелуі артып көкірекорта қарама-қарсы жаққа қарай ығысады. Соның салдарынан сау өкпе қысылады. Үдемелі плевраішілік қысымнан ауа жұмсақ тінге өтіп теріастылық эмфизема дамиды. Б) ішкі қақпақша өкпелік тінде орналасады, плевралық қуыс сыртқы ортамен бронхылар арқылы байланысады. Әр дем алу актісінде ауа плевралық қуысқа өкпенің зақымданған бөлігінен енеді, ол дем шығару кезінде толығымен немесе жартылай плевралық қуыста қалып отырады. Ауаның плевраға жиналу механизмі сыртқы қақпақшалы пневмоторакстағыдай болады. Біртіндеп плевраішілік қысымның күшеюі соншалық, атмосфералық қысымнан да жоғары болып кернеулі пневмоторакс дамиды.

Гемоторакс − өкпенің тамырларынан, орталықтан, жүректен немесе кеуде қабырғасынан қан кету салдарынан плевралық қуысқа қан жиналу. Плевралық қуыстағы қан ұйып, кейін фибринолизден кейін қайта сұйылады.

Көп жағдайда қан сұйылмайды - сондықтан ұйыған гемоторакс пайда болады, кейін эмпиема даму қаупі бар.

Кіші гемоторакс - қан құйылу көлемі 500 мл көп емес. Зардап шеккен адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терінің бозаруы, шамалы ентікпе, кеуде тұсында ауырсыну сезімі және аздаған жөтел болуы мүмкін.

Орташа гемоторакс - плевралық қуыста қан құйылу көлемі 500-1000мл дейін. Зардап шеккен адамның жағдайы орташа ауырлықта. Бозарудың үдеуі, ентікпе, кеудедегі ауырсыну сезімі және жөтел. Өкпедегі Демуазо сызығының бойымен перкуссиялық дыбыстың қысқаруы байқалады (гемопневмоторакс кезінде горизонтальды деңгейде), жауырынның төменгі қырына дейін жетеді. Аускультация жасағанда тұйықталған жерде дем үні нашар естіледі немесе мүлдем естілмейді. Шамалы ғана қимыл әрекет жасағанда ентігу пайда болады.

Үлкен (тұтас) гемоторакс - плевралық қуыста 1000мл аса қан жиналады. Жағдайдың ауырлығы тек тыныс бұзылуымен ғана көрінбей, сонымен бірге қан кету белгілерімен білінеді. Жағдайы ауыр және өте ауыр болады. Айқын бозару тері жабындысының цианозы, ентікпе, тахикардия және АҚ төмендейді. Науқастар мәжбүрлі қалыпта отырады. Кеуде тұсында ауырсыну сезімі, жөтел және ауа жетіспеуі мазалайды. Перкуссия және аускультация арқылы сұйықтықтың жауырынның ортасына дейін жиналғаны байқалады.

Жіктемесі:

Кеуденің жабық жарақаттары - 1) ішкі ағзалардың бұзылуынсыз:

а) көкірек сүйектерінің сынуынсыз; б) кеуде сүйектерінің сынуымен. −

2) Ішкі ағзалардың зақымдануымен жүретін; а) кеуде қуысының зақымдануынсыз жүретін; б) кеуде қуысының сүектерінің сынуымен жүретін.

Кеуденің ашық жарақаты - 1) ішне тесіп өтпеген; 2) ішне тесіп өткен:

а) түйілеліп кесілген (тұйық, тесіп өткен; біржақты, екіжақты; жалғыз, көптеген; пневмоторакспен, гемоторакспен, пневмогемоторакспен); б) оқжарақат (тұйық, тесіп өткен; біржақты, екіжақты; жалғыз, көптеген; пневмоторакспен, гемоторакспен, пневмогемоторакспен).

Қауіп - қатерлі факторлар:

Жарақаттық шок пайда болуы;

Геморрагиялық шок пайда болуы;

Өкпенің ауамен немесе қанмен жаншылуы есебінен тыныс жеткіліксіздігінің болуы (вентиляцияның бұзылуы);

Веналық қан қайтудың азаюы обструкциялық шоктың пайда болуы (көкірекорта ығысуымен және қуыс веналардың қыслуымен);

Плевралық қуыста және\немесе көкірек жарақатының іріңді қабынуы пайда болуы.

Диагностика критерилері:

1) Тері жабындысының ақауы болуы, кеуде қабырғасының «сорушы» немесе ашық жарақаты;

2) Тері жабындыларының бозаруы және цианозы;

3) Жергілікті ауырсыну сезімі, әсіресе қабыртқа мен төстің зақымдануы қосарланып келуі;

4) Ентікпе және тыныстың ауырлауы;

5) Тыныс алу қозғалысының шектелуі;

6) Әртүрлі қарқындылықпен және ұзақтығымен білінетін қан түкіру;

7) Ашық пневмоторакс белгілері, ентікпе, цианоз, тахикардия, қорқыныш сезімі, мазасыздық;

8) Кеудеішілік ағзалардың зақымдануы кезіндегі ашық пневмоторакс белгілері;

9) Теріастылық эмфизема;

10) Көкірек эмфиземасы;

11) Үдемелі жүрек және тыныс жеткіліксіздігі (тахипноэ, тахикардия, АҚ төмендеуі);

12) Пневмоторакстың физикалық белгілері, соның ішінде қақпақшалы түрі және көкірекортаның сау жаққа ығысуы, гемоторакс.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1) Жарақатты көзбен көріп тексеру және жарақат каналының траекториясын анықтау;

2) Жүрек жиегі шекараларын перкуссиялап анықтау;

3) Пневмоторакс пен гемотораксты анықтау үшін жүргізілетін перкуссия;

4) Жарақат болған жердегі өкпе және жүрек жұмысының бұзылыстарын анықтау үшін жасалатын аускультация;

5) АҚҚ өлшеу және ЖСЖ санау;

7) 6) ТАЖ санау;

8) Көзбен көріп тексергенде орталық веналық қысымның жоғары кернеулігінің белгілерін анықтау (беткейлік мойын венасының ісінуі, беттің ісінуі);

9) Магистральды веналарды катетеризациялағаннан кейін ОВҚ деңгейін анықтау;

10) Есі дұрыстығын анықтау.

Жедел жәрдем беру тактикасы:

1) Асфиксияның алдын алу немесе жою - ауыз және мұрын қуысын қан ұйындыларынан, бөгде заттардан тазарту;

2) Көкірек жарақаты кезінде асептикалық таңғыш қою;

3) Ашық және қақпақшалы пневмоторакс кезінде герметик таңғыш қою;

4) Көкіректің ауқымды ақауы болса жарақатқа стерильді сүлгі қойып бетіне полиэтилен қағаз қойып фикацияайтын циркулярлы таңғыш қою;

5) Сыртқы қақпақшалы және міндетті түрде ішкі қақпақшасы пневмоторакс болса плевралық қуысты 2-3-ші қабыртқа аралығына бұғананың ортаңғы сызығы тұсынан 3-4 Дюфо инесін енгізіп дренаж жасау, иненің бос шетіне резеңке қақпақша жалғaу;

6) Көлемді гемоторакс болса 7-8 қабыртқааралыққа ортаңғы қолтықасты сызығы плевра тұсынан қуысын дренаждау;

7) Кристаллоидты және коллоидты ерітінділерді құю, егер АҚ анықталмаса инфузия жылдамдығы 300-500мл\мин, І-ІІ дәрежелі шок жағдайында 800-1000мл мөлшерде ерітінділерді құю. Қанайналым бұзылыстарының айқын түрінде тамыр ішіне декстрандар немесе гидроксиэтилкрахмал 5-10 мл\мин мөлшерінде АҚ 90-100 мм с.б. қалпына келгенше құю керек;

8) Гемодинамиканың көрсеткіштері нашар болса регидратацияға қарамастан вазопрессорлық препараттарды құю. Бұл шара стационарға жеткізгенше жүрек тоқтап қалуды болдырмау үшін алдын алу үшін және уақытты ұзарту үшін жасалынады;

9) Психомоторлы қозу кезінде седативті препараттар беру;

10) Ауырсыну сезімін басу үшін және қақырықты түсіру үшін: 2мл 0,005% фентанил ерітіндісін, 1мл 0.1% атропин ерітіндісін құю керек;

11) Жіті тыныстық жеткіліксіздігі кезінде маска арқылы оттек беру;

12) Көкіркортаның үдемелі эмфиземасында - алдыңғы көкірекортаны дренаждау;

13) Шокпен және тыныс бұзылыстарымен күресу үшін зақымданған жақта Вишневский тәсілмен вагосимпатикалық блокада жасау;

14) Жіті тыныс жеткіліксіздігінің үдеуіне байланысты ӨЖЖ және кеңірдекке интубация жасау;

15) Нәтижелі қанайналым тоқтауы анықталса - рессуситациялық шаралар жасау;

16) Зардап шеккен адамдарды көлденең жағдайда және жартылай отырған қалыпта, басын 30 градусқа көтеріп тасымалдайды.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:

1) 0,85% натрий хлориді ерітіндісі

2) Декстран - 60

3) 0,25% новокаин ерітіндісі

4) Диазепам

5) Натрий оксибутираты

6) Допамин

7) Фентанил

8) Есірткілік анальгетиктер

9) Атропин

10) Міндетті түрде гемодинамикалық көрсеткіштерді үзбей бақылау!

Жедел госпитализациялау үшін көрсетімдер:

1) Көкіректің ашық және жабық оқшауланған жарақаты кезіндегі тыныстың және қанайналымның бұзылыстары бар науқастарды жедел түрде стационарға жатқызу.

2) Кеуде жарақаты бар науқастар зеңбілмен жартылай отырған қалыпта тасымалданады.

3) Тасымалдау кезінде науқастың тыныс тереңдігін, тыныс жиілігін, пульсін және АҚ деңгейін бақылау.

Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:

1. Оттек

2. Пентакрахмал 500,0мл, фл

3. Допамин 0,5%-5,0мл, амп

4. Преднизалон 30мг, амп

5. Фентанил 0,005%-2мл, амп

6. Трамадол 50мг -1,0мл,амп

7. Диазепам 10мг -2,0 мл,амп

8. Ацесоль 400,0мл,фл

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:

1. Полиглюкин 400,0мл, фл

2. Натрий хлориді, калий хлориді, натрий гидрохлориді 400,0мл,фл

3. Лактасоль 400,0мл, фл

4. Декстроза 5%- 400,0мл, фл

Емнің келесі кезеңіне аустыру критерилері: науқас жағдайының тұрақтануы.

Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер:

1. Руководство по скорой медицинской помощи. Багненко С.Ф., Верткин А.Л, Мирошниченко А.Г., Хабутия М.Ш. ГЭОТАР-Медиа, 2006 г.

2. Доврачебная помощь при неотложных критических состояниях. И.Ф. Богоявленский. Санкт-Петербург, «Гиппократ», 2003 г.

3. Секреты неотложной помощи. П. Э. Парсонз, Дж. П. Винер-Крониш. Москва, «МЕДпресс-информ», 2006 г.

4. Закрытые повреждения органов грудной клетки. А.Е. Романенко, Д.П. Чухриенко, Б.О. Мильков. Киев, «Здоровье», 1982 г.

5. Экстренная хирургия сердца и сосудов. Под ред. Де Беки, Б.В. Петровского. Москва, «Медицина», 1980 г.

6. Закрытая травма сердца. Н.Н. Малиновский и др. Минск. 1979 г.

7. Хирургия повреждений груди. Е.А. Вагнер. Москва, «Медицина», 1981 г.

8. Ранения сердца. В.И. Булынин и др. Воронеж. 1989 г.

9. Feliciano, Mattox, Moore. Trauma. McGraw-Hill Company, 2004

10. Greaves, Porter, Ryan. Trauma Care Manual. London. 2001

11. Henderson. Emergency medicine. Texas. 2006

12. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

13. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года № 542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

Әзірлеушілер тізімі:

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел және шұғыл медициналық жәрдем, № 2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.

Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С. Алматы мемлекеттік дәрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

 

* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар



 

 

 



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет