77
нәруыздары бар мононуклеарлы қатардағы жасушалардың (лимфоциттер,
моноциттер) жаппай жиналуы байқалады. Табиғаты вирустық түрі жиі
кездеседі. Ал, туберкулездік, бруцеллездік, листериоздық түрлері сирек
кездеседі.
Іріңді менингит. Бұл кезде экссудат ми түбегейінде (астында), дөңес
беткейлерде (көбінесе "қалпақ, плащ түрінде"), жұлын мидың
қабықтарында жиналады (24- сурет). Оның құрамында өте көп нәруыздары
бар, кейде эритроциттер араласқан полинуклеарлы (экссудатта 60%-дан
астамы нейтрофилдер) жасушалар көптеп кездеседі. Табиғаты көбінесе
бактериялық, ал саңырауқұлақтық түрі сирек кездеседі. Іріңді
менингиттердің жартысынан көбі балаларда 3
жасқа дейін гемофилдік
инфекцияның (гемофилді инфекцияның b типі – СИА (созылмалы
инфекциялық аурулар) - инфекциясы) нәтижесінде туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: