Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы



бет2/13
Дата23.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#9888
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 1803 Қаулысымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-кіші бөлім өзгертілді

2. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру:

Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі параметрлері

 

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау ұйымдарының желісінде жекеменшік құрылымдарға есептегенде 967 емдеу және 3416 амбулаториялық-емдеу ұйымдары жұмыс істейді. 2005 жылмен салыстырғанда амбулаториялық-емдеу ұйымдарының саны (63-ке) артты және емдеу ұйымдарының саны (62-ге) азайды. Бұл ретте жекеменшік сектор үлесінің 2005 жылғы 20,4 %-дан 2009 жылы 27,3 %-ға азайғаны байқалады.

2009 жылы аурухана төсектерімен (Денсаулық сақтау министрлігі жүйесінде) қамтамасыз ету көрсеткішінің 10 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 68,2-ге қарағанда 65,9-ға дейін азайғаны байқалды. Бірақ бұған қарамастан аталған көрсеткіш деңгейі 10 мың адамға шаққанда 56,4-ті құрайтын орта еуропалық деңгейден анағұрлым жоғары.

Өңірлер бөлінісінде төсекпен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (84,5) және Ақмола (89,4) облыстарында, ал ең төмен деңгей Алматы (43,7) және Оңтүстік Қазақстан (10 мың адамға шаққанда 52,4) облыстарында байқалған.

Соңғы бес жылдың төсек қоры бойынша талдау көрсеткендей төсек санының азаюы 6 өңірде: Ақмола (280 төсекке), Ақтөбе (34 төсекке), Қарағанды (450 төсекке), Қызылорда (340 төсекке), Павлодар (70 төсекке) және Оңтүстік Қазақстан (25 төсекке) облыстарында байқалып отыр. Ауылдардағы ауруханаларды оңтайландыру және қала ауруханаларының төсек қорын қысқартуға байланысты аурухана төсектерінің саны азайды.

Жыл сайын ел халқының шамамен 18 %-ы стационарға емдеуге жатқызылады. Сонымен қатар сараптамалық бағалау бойынша науқастардың 30 %-ы стационардағы емді қажетсінбейді; медициналық жедел жәрдем көмегін шақыру саны артуда (2004 жылғы 4 559 298-ден 2009 жылы 5 446 670-ке дейін), оның ішінде нәтижесіз және негізсіз шақырту саны (тиісінше 153103-тен 198206-ға дейін) өскен.

Стационарды алмастыратын технологиялар белсенді дамуда. Мысалы, амбулаториялық-емдеу ұйымдарының күндізгі стационарларында 434 449 науқас емделген (2005 жылы - 278 813), ауруханалардың күндізгі стационарларында - 64 514 науқас емделген (2005 жылы - 56 728), үйдегі стационарларда - 159 897 науқас емделген (2005 жылы - 155 480 науқас).

2009 жылы денсаулық сақтаудың амбулаториялық-емхана ұйымдары 106,9 млн. пациентті қабылдаған (2005 жылы - 99,3 млн. пациент), бір тұрғынға шаққанда қаралу саны бұрынғы деңгейде қалып отыр - 6,7.

Қазіргі кезде 50 денсаулық сақтау ұйымында денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ДСБАЖ) енгізілген. Астана қаласы және Ақмола облысының медицина ұйымдарында ДСБАЖ-ды пилоттық енгізу жүзеге асырылуда.

2004 жылдан бастап «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту» инвестициялық жобасын іске асыру жұмыстары жүзеге асырылуда, оның шеңберінде орталық аудандық ауруханалар базасындағы телемедицина кабинеттеріне және облыстық және республикалық деңгейдегі ауруханалар базасындағы телемедицина орталықтарына телемедицина жабдықтар, бейнеконференцбайланысы жабдықтары, бейне және аудиоақпаратты енгізу, өңдеу және берудің ықпалдастырылған кешендері және енгізу құрылғылары жеткізілуде, телемедициналық консультациялар өткізу үшін деректерді тасымалдау арналарын қамтамасыз ету және Ұлттық телемедицина желісін аппараттық-бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау жөніндегі қызметтер көрсетіледі.

Ағымдағы сәтте Ұлттық телемедицина жүйесіне 125 телемедицина кабинеті, 14 облыстық деңгейдегі телемедицина орталығы, 3 республикалық деңгейдегі телемедицина орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Телемедицинаны дамыту орталығы және 14 облыстық денсаулық сақтау басқармасы қосылған.

Шалғайда және жетуге жолы қиын жерлерде тұратын халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  2010 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен 14 бірлік жылжымалы ұтқыр кешендерді (бұдан әрі - ЖҰК) сатып алуды бастады. 2011 жылы тағы 36 ЖҰК сатып алынатын болады.

Республикада денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативіне көшу жалғасуда. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен бекітілді, бұл мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының желісін реттеуге, көп бейінді ауруханалар желісін құруға, бірінші кезекте ауыл халқына БМСК-нің қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Халыққа медициналық қызметке тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында таяудағы үш жылдың ішінде «100 мектеп және 100 аурухана салу» ауқымды жобасының шеңберінде 36 денсаулық сақтау объектісінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Медицина ұйымдарын шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне кезең-кезеңмен ауыстыру басқару жүйесін жетілдіруге, қаржыландыруға, денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетілдіруге, медицина ұйымдары қызметтерінің экономикалық тиімділігін арттыруға және де кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап салынған инвестициялық салымдардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға бағытталған Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді (бұдан әрі - БҰДЖ). Бұдан басқа, БҰДЖ-ды енгізу медициналық қызмет нарығында бәсекелестік ортаны құруға бағытталған.

БҰДЖ шеңберінде жоғары технологиялық қызметтер, оның ішінде өңірлік деңгейде белсенді түрде енгізілуде.

Озық медициналық және басқару технологиялар трансферті «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) базасында жүзеге асырылады, оның құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететін бес республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы кіреді. 2011 жылы тағы бір объектінің - Республикалық кардиохирургия орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

БҰДЖ енгізу шеңберінде Министрлік түпкілікті нәтижеге және әрбір нақты ауруды емдегені үшін нақты шығыстарға ақы төлеуге, сапаны бағалау негізінде ақы төлеуге, медициналық қызметтерге ақы төлеудің ашықтығына бағдарланған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) қаржыландырудың жаңа моделін енгізді, сондай-ақ пациенттің дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауы енгізілді.

Қазақстан Республикасында халықаралық талаптарға бейімдеу үшін фармацевтика саласын оңтайландыру үдерісі басталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру үшін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналысының саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Мемлекеттік қолдау шаралары отандық өндірушілердің сапалы фармацевтикалық өнімді өндіру номенклатуралары мен көлемін жыл сайын ұлғайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы тіркеу, сертификаттау, сапасын бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жарнамалау қызметі жетілдірілуде. Ұлттық ақпараттық дәрілік орталық құрылды.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен сатып алынатын дәрілік заттарға мемлекеттік бағаны реттеу енгізілді, бұл өз кезегінде бағаны орта есеппен 30 %-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Терапиялық тиімділікті, фармакоэкономиканы және жанама әсерлерін мониторингілеуді ескере отырып, дәрілік заттарды тиімді қолдануға бағытталған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің формулярлық жүйесі енгізілді.

Әлемдік тәжірибенің негізінде қаржыны айтарлықтай үнемдеуге және отандық препараттарды тұтыну үлесін бірнеше рет ұлғайтуға мүмкіндік беретін дәрілік заттарды және медициналық өнімдерді дистрибуциялаудың бірыңғай жүйесі құрылды.

Ауыл халқына дәрілік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК объектілері арқылы дәріхана ұйымдары жоқ 3000-нан астам ауылдық елді мекенге дәрілік заттарды өткізу ұйымдастырылды.

 

 

Негізгі проблемаларды талдау

 

Денсаулық сақтау жүйесінде қаржыландыру мен басқарудың, ең алдымен желінің тиімділігіне емес, оның қуаттылығын ұстауға бағдарланғанына байланысты проблемалар бар. Ынталандырушы төлемдерге қаржыландырудың болмауынан (44%); нормативтік құқықтық базаның жетілдірілмеуінен, заңды тетіктердің болмауынан (25%); денсаулық сақтау менеджерлерін даярлаудың нашарлығынан (6%) қаржыландырудың тиімді тетіктері (қор ұстау, екі компонентті жан басына шаққандағы норматив) жеткіліксіз пайдаланылады.

Қазіргі тариф белгілеу (амортизацияны қамтымайтын) жүйесінің объективті еместігі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының төмен дербестігі және білікті менеджерлердің болмауы медициналық қызметтерді ұсынушылардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай тежеп отыр.

Өңірлер бойынша ресурстарды бөлудің теңсіздігі әлі де байқалады. Мысалы, 2009 жылы бір тұрғынға есептегенде ТМККК шығыстары 12 964-тен 21 289-ға дейін теңгені құрады. ТМККК-ні қаржыландыру көлемінің жыл сайын өсуіне (2003 жылғы 64,8 млрд. теңгеден 2009 жылы 464,1 млрд. теңгеге дейін) қарамастан, қосымша шығыстарды қажет етеді.

Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейімен байланысты мәселелер проблемалы күйінде қалып отыр. Мысалы, медициналық жедел жәрдемнің медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырылуы республика бойынша 51,69 пайызды құрайды. Елдің бірқатар өңірлерінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар (медициналық жедел жәрдем станциялары, БМСК, сот-медициналық сараптама және тағы басқалар) типтік емес бейімделген ғимараттарда орналасқан. 400-ден (4,3%) астам денсаулық сақтау ұйымы апатты ғимараттарда орналасқан.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласының бастапқы буынында жалпы дәрігерлік практика және профилактикалық жұмыстарда денсаулық сақтау технологиялары әлсіз дамуда. Медициналық қызметтерге қол жетімділіктің теңсіздігі мен медициналық қызметтер сапасының төмен болуы сақталуда.

Бүгінгі таңда БҰДЖ-дың белсенді енгізілуіне қарамастан, денсаулық сақтауда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жеткіліксіз деңгейі, медицина қызметкерлерінің компьютерлік сауатының төмен болуы, емдеу-профилактикалық үдерісті автоматтандырудың және төсек қорын оңтайландыру бойынша барабар іс-шаралардың болмауы, емдеуге негізсіз жатқызу және стационарларда ұзақ жату сақталып отыр.

Қазақстанның ауылдық денсаулық сақтау жүйесі оқшаулануға (қашықтыққа), инфрақұрылымның нашар дамуына, материалдық базаның әлсіз болуына, қатаң климаттық жағдайларға, медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз болуына және кадрлардың тұрақтамауына байланысты елеулі қиындықтарға ұшырап отыр.

Ауыл халқы денсаулығының жағдайы және медициналық қызмет көрсету деңгейі талап етілетіннен айтарлықтай қалып отыр. Медициналық көмек көрсету деңгейінің көлемі және сапасы халықтың өсіп жатқан қажеттілігін қанағаттандырмайды. Халық денсаулығының нашарлауы қолайсыз экологиялық жағдаймен, таза ауыз сумен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігімен қиындай түсуде.

Ауылдық емдеу-профилактикалық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлықсыз жағдайда қалып отыр. Медицина ұйымдары көбінесе бейімделмеген, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін үй-жайларда орналасқан, қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен, санитариялық автокөлікпен, жұмсақ және қатты бұйымдармен жеткіліксіз жарақтандырылған. Ауылдық денсаулық сақтау объектілерінің көбінде дәріханалық дүңгіршектер жоқ.

Қабылданған шараларға қарамастан фармацевтикалық бақылау, фармакоэкономикалық зерттеулер жүйесі, дәрілік заттардың жанама әсерінің мониторингі, жалған және контрафактілік дәрілік заттардың өндірісіне және таралуына қарсы күрес жұмыстары одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Медицина ұйымдарын тиісті сервистік қызмет көрсететін қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін де шешу қажет.

Халықтың, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері одан әрі шешуді қажет етеді.

Фармацевтикалық саланы қарқынды дамыту үшін өндірілетін дәрілік заттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық нарыққа шығару бойынша жұмыстар жүргізу қажет, оның ішінде Кеден одағы шеңберінде соңғы өнімнің сапасын бақылау жүйесінен дистрибьюторлық және дәріханалық практика өндірісінің сапасын қамтамасыз ететін жүйеге көшу қажет.

 

 

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

 

Халыққа медициналық көмек көрсету деңгейіне мынадай ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді.

Сыртқы факторлар:

денсаулық сақтау саласын жеткіліксіз қаржыландыру;

Қазақстанның климаттық-географиялық ерекшеліктері.

Көрсетілген факторлардың теріс әсерін болдырмау үшін бөлінетін ресурстардың тиімділігін арттыру, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу, қосымша (бюджеттен тыс) қаржыландыру көздерін табу қажет. Жетуге жолы қиын өңірлерде, сондай-ақ климаттық катаклизм уақытында тиімді медициналық қызметті қамтамасыз ету үшін мобильді және санитариялық авиацияны дамыту қажет.

Ішкі факторлар:

БМСК деңгейінде медицина қызметкерлері жүктемесінің көп болуы;

саладан медицина қызметкерлерінің кетуі, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлардың жетіспеушілігі және телемедициналық консультацияларды жүргізуге медицина қызметкерлерінің дайын болмауы және дайындалмауы;

пациенттерді режіммен қарауда кезеңділікті сақтамау;

өңірлерде амбулаториялық-емдік деңгейдегі медициналық қызметті қаржыландырудың теңсіздігі;

медицина қызметкерлер құрамы уәждемесінің болмауы;

денсаулық сақтау қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеудің жетілдірілмеуі;

медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз деңгейі;

басқару шешімдерін қабылдауда медициналық ұйымдардың дербестігінің төмендігі.

Денсаулық сақтау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру үшін мыналар жоспарланады:

әлеуметтік қызметкерлерді енгізе отырып, БМСК-нің әлеуметтік бағдарланған моделін құру;

БМСК-ні қаржыландыруды жетілдіру: екі компонентті жан басына шаққандағы норматив, ішінара қор ұстау;

медицина қызметтерін төлеудің тиімді әдістемесін әзірлеуді қоса алғанда, негізгі құралдарды жаңарту шығындарын өтеуді ескере отырып, стационарлық, стационарды алмастыратын көмекті қаржыландыруды жетілдіру;

қоса ақы төлеу тетігін енгізе отырып БҰДЖ-ды одан әрі дамыту;

медицина қызметтерінің сапа менеджменті жүйесін одан әрі жетілдіру;

мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;

корпоративтік басқару қағидаттарын енгізе отырып мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дербестігін арттыру;

денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіру;

көлік медицинасын дамыту, оның ішінде авиациялық медициналық тасымалдауды жетілдіру.

Халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін және сапасын арттыруға мынадай ішкі және сыртқы факторлар ықпал етуі мүмкін:

Сыртқы:

ДСҰ-ға және Кеден одағына кіру.

Сыртқы факторларды жою үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің үйлесімділігі, рұқсат құжаттарын өзара тану, Кеден одағы шеңберінде дәрілік заттар сапасын инспекциялау мен бақылаудың ықпалдастырылған жүйесін құру қажет.

Ішкі факторлар:

отандық фармацевтикалық нарықтың бәсекеге қабілетсіздігі;

жалған және контрафактілік өнімдерді тестілеу үшін зертханаларды жарақтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі;

Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі менеджментінің тиімсіздігі;

медициналық жабдықтарды, әсіресе қымбат тұратын медициналық жабдықтарды мониторингілеу деңгейінің жеткіліксіздігі.

Халыққа дәрілік заттардың сапасын, тиімділігін, қауіпсіздігін және қолжетімділігін арттыру мен медициналық жабдықтардың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету үшін мыналар жоспарланып отыр:

жабдықтарды жеткізу және сервистік келісімшарт жүйесінің лизинг тетіктерін енгізе отырып, медициналық техникамен орталықтандырылған қамтамасыз ету және сервис жөніндегі үйлестіру орталығын құру;

дәрілік заттарды сертификаттау мен бақылау бойынша мемлекеттік зертханаларды халықаралық аккредиттеу.

 

 

3. Кадр ресурстарын және медицина ғылымын дамыту. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1803 Қаулысымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

 

4. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1803 Қаулысымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



 

 

ҚР Үкіметінің 2011.23.05. № 556 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)



3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар,

іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

 

ҚР Үкіметінің 2011.31.12. № 1740 Қаулысымен 3.1-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.12. № 1744 Қаулысымен 3.1-кіші бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.28.04. № 553 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 1799 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 1803 Қаулысымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3.1-кіші бөлім өзгертілді



3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

 

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету

1.1-мақсат. Аурулардың профилактикасы, емдеу және оңалтудың тиімді жүйесі

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 001, 005, 006, 008, 009, 010, 016, 021, 036, 038, 062, 103, 104

 



Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Ағымдағы жылдың жоспары

Жоспарлы кезең

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

1.

БҚЖИ позициясы бойынша өмір сүру ұзақтығы

ДЭФ деректері

позиция

108

106

96

95

95

95

95

2.

Нәресте өлім-жітімі бойынша БҚЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

87

93

90

90

79

74

73

3.

Туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша БҚЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

94

103

101

86

86

85

83

4.

Туберкулездің іске ортамерзімдік әсері

ДЭФ деректері

позиция

111

104

102

90

90

87

87

5.

АИТВ таралуы бойынша БҚЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

23

22

20

20

18

18

18

6.

АИТВ/ЖИТС-тің іске ортамерзімдік әсері

ДЭФ деректері

позиция

95

86

86

80

72

72

72

7.

Мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдердің ашықтығы

ДЭФ деректері

позиция

 

75

53

46

31

29

27

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері:

1.1.1-міндет Аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемелерін жетілдіру

8.

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы*

СА

жас

68,33

68,41

68,7

69,2

69,5

69,8

70,1

9.

Жалпы өлім-жітімді төмендету*

СА

1000 халыққа шаққанда

8,97

9,01

8,9

8,5

8,14

7,91

7,62

10.

Халық арасында темекі шегудің таралуын төмендету

ДСМ

%

27,0

27,0

27,0

26,8

19,5

18,8

18,2

11.

Халық арасында алкогольді шектен тыс тұтынудың таралуын төмендету

ДСМ

%

16,9

16,8

16,6

16,4

15

14,5

14

12.

Скрининтік тексеріп-қарау мен қамтуды қамтамасыз ету

ДСМ

нысаналы халықтан %

80

80

80

80

80

80

80

13.

СӨС-ті насихаттау бойынша ҮЕҰ арасында әлеуметтік жобалардың саны

ДСМ

бірлік

 

 

110

110

120

125

125

14.

Жобалардың жалпы санында үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-құрылым дар бірлесіп іске асыратын жобалар үлесі

ДСМ

%

0

0

3

5

7

8

9

15.

БМСК дәрігерлерінің жалпы санынан жалпы практика дәрігерлері үлесін арттыру

ЖАО деректері

%

25

26

27

35

40

45

50

16.

2015 жылға қарай БМСК шығыстар көлемін денсаулық сақтау саласының жалпы шығыстар көлемінен 30 %-ға дейін ұлғайту

ДСМ

%

10

12

16

20

24

28

30

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

17.

Ұлттық скринингілік бағдарламаны әзірлеу және енгізу

Х

 

 

 

 

18.

Мына аурулардың түрлерін: қанайналым жүйесінің ауруларын, қант диабетін, онкопатология, В және С вирусты гепатит, глаукома, ерте жастағы балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын есту патологиясын ерте анықтауға арналған скринингтері қоса алынған Ұлттық скринингілік бағдарламаны енгізу және іске асырылуына мониторинг жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

19.

СӨС насихаттау мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

Х

Х

Х

Х

Х

20.

СӨС ұйымдарының желісін мемлекеттік нормативке сәйкес келтірудің мониторингі

Х

Х

Х

Х

Х

21.

Халықты ақпараттық-білім беру баспа материалдармен қамтамасыз ету

Х

Х

Х

Х

Х

22.

Әлеуметтік денсаулықты сақтау саласында әлеуметтік қызмет көрсететін ҮЕҰ-ны тарту бойынша жұмысты белсендіру (мемлекеттік тапсырысты орналастыру)

Х

Х

Х

Х

Х

23.

Жастарға арналған денсаулық орталықтары желісін дамыту арқылы жастарды саламатты өмір салтын насихаттаумен қамту

Х

Х

Х

Х

Х

24.

Саламатты өмір салтын енгізуге уәждеу және қауіпті мінез-құлық факторларын таралуын бағалау бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу

Х

 

Х

 

Х

25.

БМСК қызметінің іс-әрекетін регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

Х

Х

Х

Х

Х

26.

БМСК объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

Х

Х

Х

Х

Х

27.

БМСК деңгейінде әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізу және дамыту

Х

Х

Х

Х

Х

28.

Амбулаториялық деңгейде науқастарды диагностикалау және емдеу хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру

Х

Х

Х

Х

Х

1.1.2 - міндет. Ана мен баланың денсаулығын нығайту

29.

Ана өлім-жітімін төмендету*

СА

100 мың тірі туғандарға шаққанда

36,8

34,4

32,1

22,0

21,0

20,0

18

30.

Нәресте өлім-жітімін төмендету*

СА

1000 мың тірі туғандарға шаққанда

18,23

17,4

17,1

14,5

14,1

13,2

12,3

31.

ДДҰ ұсынған, 2008 жылдан бастап енгізілген тірі туу және өлі туу критерийлерін есепке ала отырып, 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін төмендету*

ДСМ

1 000 тірі туғандарға шаққанда

21,28

21,0

20,5

19,0

18,0

17,0

16,0

32.

ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1799 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

33.

Босандыру мекемелерінде есепке уақтылы тұрған жүкті әйелдер үлесі

ДСМ

%

73

65

70,1

72,5

72,7

73,0

75,0

34.

Аборттардың таралу деңгейі

ДСМ

фертильді жастағы 1000 әйел халыққа шаққанда

25,6

23,3

23,0

22,8

22,5

22,0

21,0

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

35.

Перинатальдық медициналық көмек көрсетуді өңірлендіру және пренаталды, перинатальдық, неонатальдық және педиатриялық медициналық көмек көрсетудің және хаттамалар мен стандарттарды дәлелді медицина негізінде енгізу (әзірлеу және таратып көбейту)

Х

Х

Х

Х

Х

36.

Көмек көрсету деңгейіне сәйкес материалдық-техникалық базаны жетілдіру, халықаралық стандарттарға сәйкес балалар және босандыру денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жарақтандыру

Х

Х

Х

Х

Х

37.

Ана болу қауіпсіздігі, тиімді перинатальдық технологиялар және балалық шақ ауруларын ықпалдастыра ем жүргізу бойынша каскадты оқыту

х

х

х

х

х

38.

ЭКҰ циклдерін жүргізудің ұлғаюы бөлігінде ТМККК-ні кеңейту

х

х

х

х

х

39.

Босандыру ұйымдарында акушерлік асқынулардың қиын жағдайларын және ана өлім-жітімін құпия аудитін жүргізу

х

х

х

х

х

40.

Ұрпақты болу денсаулығын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу

х

х

х

х

х

1.1.3-міндет. Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру

41.

Қанайналым жүйесі ауруларынан өлім-жітімді азайту*

СА

100 мың халыққа

416,4

403,99

401,3

299,5

290,5

284,7

279,0

42.

Онкологиялық аурулардан өлім-жітімді азайту

СА

100 мың халыққа

111,76

108,93

106,5

101,8

99,5

96,2

95,8

43.

Сүт безінің қатерлі ісігінен өлім-жітім деңгейі

ДСМ

100 000 халыққа шаққанда

8,5

8,7

8,7

8,6

8,5

8,4

8,3

44.

Жарақаттардан, жазатайым оқиғадан және уланудан өлім-жітімді төмендету*

СА

100 мың халыққа

108,37

108,72

107,0

100,3

97,6

94,9

92,1

45.

Туберкулезден өлім-жітімді төмендету*

СА

100 мың халыққа

12,9

10,6

10,4

7,9

7,6

7,4

7,2

46.

Туберкулезбен сырқаттанушылы қты төмендету*

СА

100 мың халыққа

105,3

95,3

95,0

84,2

87,0

84,4

81,8

47.

АИТВ инфекциясын 15-49 жастар тобында таралуын ұстау*

ДСМ

%

0,2

0,6

0,6

0,3

0,4

0,5

0,6

48.

Ауруханалық және амбулаториялық -емханалық ұйымдардың жанындағы күндізгі стационардағы төсек орын саны

ДСМ

төсек орындар саны

11 691

17 558

17 558

20 380

18950

18950

18950

49.

БМСК ұйымдарының жұмыс сағаттарында (8-ден 19-ға дейін) созылмалы аурулары бар науқастарға шақыру санын төмендету

ЖАО деректері

%

30

29

28

27

26

25

24

49-1

Қаржы лизингі жүйесі арқылы жабдық сатып алу есебінен медициналық қызметтер көрсету көлемін ұлғайту

ДСМ

мың қызметтер

 

 


 

 


 

 


 

 


159,5

147,9

26, 9

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

50.

Жоғары технологиялық көмектің жаңа түрлерін енгізу есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін кезең-кезеңмен кеңейту

Х

Х

Х

Х

Х

50-1.

Қазақстан Республикасында Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру

 

Х

Х

Х

Х

50-2.

Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығын құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

 

Х

 

 

 

51.

Халықаралық стандарттарға және дәлелді медицинаға сәйкес ауруларды диагностикалау және емдеудің, паллиативті көмек көрсету, қалпына келтіріп емдеу және оңалтудың клиникалық нұсқаулары мен хаттамаларын әзірлеу мен жетілдіру және одан әрі енгізу

Х

Х

Х

Х

Х

52.

Ересек тұрғындар арасында холестерин, қан глюкозасын анықтау арқылы АГ, ЖИА, қант диабетін ерте анықтаудың экспресс-диагностика әдісін дәрігерге дейінгі кабинеттер жұмысына енгізу

Х

Х

Х

Х

Х

53.

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту

Х

Х

Х

Х

Х

54.

АИТВ инфекциясының таралуын қадағалауды күшейту

Х

Х

Х

Х

Х

55.

АИТВ жұқтырған науқастардың вирустық жүктемесін анықтау үшін ЖИТС РО референс-зертханаларын тест-жүйелермен қамтамасыз ету

Х

Х

Х

Х

Х

56.

АИТВ жұқтырған науқастарды антиретровирустық терапиямен қамтамасыз ету

Х

Х

Х

Х

Х

57.

Медициналық жедел жәрдем қызметі стансаларының және стационарлардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру

Х

Х

Х

Х

Х

58.

Санитариялық авиация қызметінің жұмысын үйлестіру және мониторингілеу

Х

Х

Х

Х

Х

59.

Халықаралық стандартқа сәйкес жедел медициналық көмек және медициналық тасымалдау (санитарлық авиация) қызметін жетілдіру

Х

 

 

 

 

60.

Жедел медициналық жәрдем бригадаларын GPS навигация жүйелері бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру

Х

Х

Х

Х

Х

1.1.4-міндет. Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу

61.

Қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткішін ұстау

СА

100 мың халыққа

0,13

0,2

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

62.

В вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

СА

100 мың халыққа

3,2

4,2

4,0

3,8

3,6

3,4

3,0

63.

А вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

СА

100 мың халыққа

31,6

40,2

40,0

39,6

39,2

39,0

38,8

64.

Обамен сырқаттанушылық көрсеткішін 0,03-тен аспайтын деңгейде ұстау

СА

100 мың халыққа

0,03

0,03

0,03

0,03

0,03

0,03

0,03

64-1

Вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылықты төмендету

ДСМ

100 мың халыққа

8,1

5,5

5,0

4,8

4,6

4,3

4,2

64-2

Жалпы инфекциялық сырқаттанушылықты төмендету

ДСМ

100 мың халыққа

1843,4

1842,8

1841,5

1840,5

1839,4

1839,1

1839,0

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

65.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нормативтік құқықтық актілерін халықаралық стандарттар мен Кеден одағы талаптарымен үйлестіру

Х

Х

Х

Х

Х

66.

Жұмыс істеп тұрған орталықтар базасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы, туляремия, бруцеллезді диагностикалау бойынша мамандандырылған зертханалар желісін ұйымдастыру

Х

Х

 

 

 

67.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бойынша мамандандырылған зертханалар құру

 

Х

Х

Х

Х

68.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларына стандарттар әзірлеу

Х

 

 

 

 

69.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының қызметіне сапаны сыртқы бағалау жүйесін енгізу

Х

Х

Х

Х

Х

70.

Қазақ карантиндік және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығы базасында Аса қауіпті және карантиндік инфекцияларды диагностикалау жөніндегі орталық зертхананы құру

 

 

 

 

Х

71.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне бактериологиялық және химиялық заттарды анықтауға экспресс-зерттеулерді енгізу

Х

Х

Х

Х

Х

72.

Балаларды пневмококк вакцинасына қарсы кезең-кезеңмен вакцинациялауды енгізу

Х

Х

Х

Х

Х

72-1

Медицина ұйымдарын вакциналармен қамтамасыз ету

 

 

X

X

X


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет