Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 23. Кедергі пештерін тиеуші



бет2/5
Дата11.06.2016
өлшемі376 Kb.
#127870
1   2   3   4   5
§ 23. Кедергі пештерін тиеуші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті тиеушінің басшылығымен пештерді тиеуге дайындау. Тиелетін пешке шихталарды, керн материалдарын, аморфаларды, кварц құмдарын және басқа да материалдарды тасымалдау. Отқа төзімді қыштарды пештерге беру және қалқандар арасына ойықтар тиеу. Керн тиеу үшін қалқандар мен кергілерді дайындау. Бункерлерден тиеуші тасымалдағыштарға шихталарды, керн кокстарын, амофор материалдарын және кварц құмдарын шығару.

Білуге тиіс: пеш аймақтарына шихталарды беру кезектілігін; пештерді және кернді тиеу үшін қолданылатын материалдарды; балқыту кезіндегі керннің рөлін; шихталық материалдарға қойылатын талаптарды.


§ 24. Кедергі пештерін тиеуші

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кран-балка, кран немесе тасымалдау құрылғысының көмегімен механикаландыру тәсілімен пеш аймақтары бойынша шихталарды тиеу. Жақтау қалқандарын және кернге қалқандар орнату. "Керн-электрод" байланыстарын жүзеге асырумен кернді тиеу.

Білуге тиіс: кедергі пештерінің құрылғысын және оның жекелеген элементтерінің міндетін; қолданылатын жабдықтар және пештерді тиеу механизмдерін; пештерді тиеу тәртібін; шихталарды аймақтар бойынша бөлу ережесін және оның габаритін; керннің оңтайлы өлшемдерін және оны тиеу әдістерін; керннің жұмыс электродтарымен байланысын жүзеге асыру ережесін; кремний карбидін балқытудың технологиялық процесін; қолданылатын материалдардың стандарттары мен техникалық шарттарын.


§ 25. Кептіру пештерін тиеуші-түсіруші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кептіру пештерін тиеуге дайындау. Кептіру тақталарын сұрыптау және оларды престерге орналастыру. Престердің өнімділігін және оларға қалыптасатын өнімнің түр-түрін ескере отырып, бұйымдарды үшін пресс жабдықтарына вагонеткаларды даярлау және беру. Кептіру тақталарын орналастыру бойынша цех ішінде маневрлі операцияларды жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс принципін; бұйымдардың типтік өлшемдеріне қарай кептіру тақталарының түр-түрін.


§ 26. Кептіру пештерін тиеуші-түсіруші

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Вагонеткаларды кептіру пештеріне тиеу, абразивтік бұйымдарды вагонеткаларға салу тәсімін тексеру. Қалыпталған бұйымдарды сыртқы көрінісі бойынша тексеру және механикалық зақымданған шеңберлерді алу. Кептірудің температуралық режиміне және бұйымдардың сипаттамасына қарай вагонеткаларды кептіру пештерінің туннелдері бойынша бөлу. Кептіргіштердің тиімді қызметін қамтамасыз етуді ескере отырып, вагонеткаларды кептіру пештеріне беру. Вагонеткаларды кептіру пештерінен түсіру. Бұйымдардың геометриялық параметрлерін және дымқылдығын тексеру. Вагонеткаларды түсіру және тасымалдайтын құралдардың түрі бойынша бұйымдарды сұрыптау. Кептірілген бұйымдарды термиялық цехтың қайта бөлуі бойынша бөлу және орналастыру. Бұйымдарды жартылай дайын өнімдер қоймасына түсіру және . Бұйымдарға партиялары бойынша есеп жүргізу.

Білуге тиіс: цех ішіндегі көлік құралдарының құрылғысын; бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталған туннелдер мен кептіру камераларында кептіру режимдерін; вагонеткаларды кептіру пештеріне тиеу және оларды түсіру ережесін.


§ 27. абразивтік бұйымдарды Дайындаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды жасау үшін пішу машиналарында және гидравликалық престерде мақталы, сизальді-маталы материалдарды пішу. Тігін машинасында бір қабатты және көп қабатты ленталарға жолақтарды тігу және сырып тігу оларды бүрмелеу әрі жиектеу. Одан әрі кептіру камерасында кептіріп, вакуумды-сіңіру қондырғыларымен бұйымдарды құрастыру және сіңдіру. Абразивтік аралар жасау. Араларға арналған дайындамаларға целлулоид табақтарын кесу. Дайындамаларды тұтқышқа толтыру. Бастарының бетін ацетонға еріту. Ерітілген бастарының бетіне ажарлайтын түйіршіктерді жағу. Ауамен кептіру үшін тақталарға араларды төсеу. Жиектерді өңдеу және фибралы ажарлайтын дискілерді түрі мен сыныптары бойынша сұрыптау. Қондыруда дискілерді құрастыру және қысу әрі бекіту. Қондырғыларда ажарлайтын қажау қағаздардан жасалған бұйымдарды алдын ала құрастыру. Қосалқы материалдарды дайындау. Желім құрылымын жағу. Бұйымдарды түрі, сынып бойынша сұрыптау және таңбалау. Ажарлайтын қажауқағаздардан жасалған бұйымдар дайындамаларын бір станоктан басқа станокқа тасымалдау. Өнім сапасын бақылау. Абразивтік бұйымдарды қағаздарға және полиэтиленге буып-түю.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын және қызмет принципін; абразивтік бұйымдар жасаудың технологиялық процессін; материалдарды пішу ережесін; бұйымдарды кептіру режимдерін және олардың қасиетін; шығарылатын материалдардың түр-түрін, целлулоид пен ацетонның қасиеттерін; буып-түю және таңбалау әдістерін, бұйымдарды түрі мен сыныбы бойынша сұрыптау.


§ 28. абразивтік бұйымдарды Дайындаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сизальді-маталы және мақталы материалдардан ирис станоктарында қалыптау әдісімен бұйымдар жасау. Механикалық престе шығыршықты (шайбаны) қысу. Үтіктеу престерінде лентаны дымқыл-жылумен өңдеу. Шеңберді құрастыру. Термопластавтоматқа күпшектер құю. Силикатты желім ерітіндісін дайындау үшін құрауыштарды елеу және өлшеу, оның тығыздығын және созылмалылығын тексеру. Дайындалған желімнің дайын болғандығын және сапасын қарап айқындау. Химиялық ерітінділерді дайындау және сол ерітіндіме табақ фибрасының бетін өңдеу. Желім жағатын машиналарда фибралардың химиялық өңделген жолақтарын жабыстыру. Ажарлайтын түйірді фибраның бетіне жағу. Кесетін аппараттарда ажарлау дискілерін кесу. Кептірілген ажарлау дискілерін қондыруға өткізу, престе қысу және бекіту. Ажарлайтын дискілерді парафиндеу. Ажарлайтын қажауқағаздарды көлденең механикалық қайшылармен кесу және оларды жөндеу. Ораманы станокқа орнату. Алдыңғы білектерге ажарлайтын қажауқағаздардың бос соңын толтыру. Дайындамаларды ұзыннан және көлденеңнен пішу, берілген мөлшерге кесу, жиектеу. Желім құрылымын дайындау. Желім жағатын машиналарды жөндеу. Бұйымдарды құрастыру. Дайындамаларды жабыстыру үшін желім пленкалары мен қағаздарды кесу. Дайындамаларды абразивтік материалдардан, желімдерден және ені 500 мм дейін тазалау станогында аппреттерді тазалау. Ажарлайтын қажауқағаздардан жасалған бұйымдарды түрлері мен сыныптары бойынша сұрыптау. Дайындамаларды салмағы мен түйірлігіне қарай бір будаға жинақтау. Бұйымдарды буып-түю үшін картон ыдыстарын жасау. Бақылау және тараларға буып-түю. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын, пайдалану және жөндеу ережесін; абразивтік бұйымдар жасаудың технологиялық процесін; желім құрылымдарын жасаудың рецептурасы мен технологиясын; бұйымның тығыздығы мен түр-түріне қарай жағылатын желім қабатының қалыңдығын; шығарылатын бұйымдардың түр-түрін, оларды түрі мен сыныптары бойынша сұрыптау; дайын өнімнің орауына қойылатын талаптар.


§ 29. абразивтік бұйымдарды Дайындаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Синтетикалық желімдерді қолдана отырып абразивтік бұйымдар дайындау. Бұйымдарды құрастыру, Фланецтердің тік беті жағынан желім ерітінділерінде ұстау. Фланецтердің ішкі бетінің майсыздануы және жабысатын қоспаларды жағу. Бұйымдарды құрылғыларға орнату, өзекшеге гайкаларды бұрап кигізу және кілтпен қатайту. Бұйымды қысып ұстау және құрылғылардан түсіру. Фибро негізге ажарлайтын материалды электр статикалық жағу. Келе жатқан ленталардың қозғалыс жылдамдығын реттеу. Негізге жағылатын желім қабатының оңтайлы қалыңдығын қамтамасыз ету. Бекітетін қабатты абразивтік ленталарға жағу, ленталарды шабуға дайындау. Фибралы дискілерді шабу. Табақ кесетін, лента кесетін, бабин кесетін пішу станоктарында және жартылай автоматты желілерде ажарлайтын қажауқағаздардан күрделі бұйымдарды жасау. Күрделі бұйымның дайындамасын есептеу және пішу. Дайындамаларды бұйымдарға жабыстыру және құрастыру. Станокқа төлкелерді қойып ленталарды орау. Тігістердің беріктігін тексеру. Бұйымның абразивтік қабатын бекіту. Бұйымдарды кептіру камераларында кептіру және кептіру процесін бақылау. Бұйымның дайындамаларын абразивтік материалдардан, желімдерден және ені 500 мм артық тазалау станогындағы аппреттерден тазалау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын және жөндеу ережесін; синтетикалық желімдерде абразивтік бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесін; желімделетін заттардың ы және оларды қолдануды; абразивтік материалдардың түйірлігіне қарай желім және желімделетін қабаттың қалыңдығын; бұйымдарды желімдеу технологиясын; бұйымдарды жасау кезіндегі ажарлайтын қажауқағаздың түр-түрін; жабдықтарды жөндеудің тәсілдерін.


§ 30. абразивтерді сынаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сынау стендтерінде диаметрі 600 мм дейін абразивтік шеңберлерді беріктігіне механикалық сынау. Абразивтік шеңберлердің ақаулығын айқындау.

Білуге тиіс: абразивтік шеңберлерді сынау үшін қолданылатын сынау стендтері мен құрылғысының жұмыс қағидаттарын, сыналатын абразивтік шеңберлердің типтік мөлшері, материалдар және байланыстырғыштар бойынша сипаттамасын; абразивтік шеңберлерді бақылау ережесін.


§ 31. абразивтерді сынаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сынау стендтерінде диаметрі 600 мм абразивтік шеңберлерді беріктігіне механикалық сынау. Сынау стендтерін реттеу. Жарамды және ақау өнімдерге құжаттамаларды ресімдеу.

Білуге тиіс: устройство испытательных стендов, правила их регулирования в части подбора втулок, колец и прокладок для испытания; технологический процесс производства абразивных кругов.


§ 32. ажарлау ұнтақтарын сыныптаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ажарлау ұнтақтарын және микроұнтақтарды алу мақсатында бастапқы материалдарды гидравликалық сыныптау және седиментациялау. Гидросыныптауыш конустарын пульпамен тиеу. Механикалық араластырғыштардың, сорғылардың, байланыс чандарының, су тетіктерінің және пульпалардың,сұйық шыны мөлшерлемелерінің және гидросыныптау және седиментациялау агрегаттарының жұмысымен байланысты басқа қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылау.

Білуге тиіс: гидравликалық сыныптау және седиментациялау агрегаттарының аппараттарын жөндеу тәсілдерін; сыныптау және седиментациялау режимдерін; пульпаның тығыздығын айқындау және жоғары көтерілетін су ағынының жылдамдығын өлшеу әдістерін.

§ 33. ажарлау ұнтақтарын сыныптаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ажарлау ұнтақтарын және микроұнтақтарды алу мақсатында, таразылау әдісімен пульпалардың тығыздығын тексере отырып, бастапқы материалдарды гидравликалық сыныптау және седиментациялау. Пульпаның тығыздығы бойынша конустардың толтырылу дәрежесін айқындау. Сыныптаудың жекелеген сатыларында су ағынының жылдамдығын әрі пульпаларды бақылау және реттеу. Сыныптауыштардың берілген режимінен ауытқушылықты жою.

Білуге тиіс: гидросыныптау және седиментациялау агрегатының барлық аппараттарының құрылғысын және жөндеу тәсілдерін; сыныптаудың әр жекелеген сатыларында жоғары көтерілетін ағынды реттеу әдістерін; өндірілетін өнім стандарттарын және техникалық шарттарды.


§ 34. Желім қайнатушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Дайын желімдерден әртүрлі типті және міндеті бар желім ерітінділерін дайындау. Желім ерітінділерін қайнату процесін жүргізу. Дайындалған желімдер мен желім ерітінділерін созылмалылығына, жабысқақтығына, шоғырлануына сынау. Желімді агрегаттың ваннасына құю және талап етілетін консистенциясын ұстау. Шикізатты және материалдарды өлшеу. Дайындалған желімді ағызу және беру. Қайнату және желімнің дайын болғанын айқындау процесіне, желім материалдары мен ерітінділерін сақтау және пайдалану ережелеріне бақылауды жүзеге асыру.

Білуге тиіс: желім қайнату, оның ішінде қысыммен жұмыс істейтін қазандарының құрылғысын; желім материалдарының стандарттарын және техникалық шарттарын; қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысын; желім мен желім ерітінділерін созылмалылығына, жабысқақтығына сынау тәсілдерін; міндетіне қарай желім мен желім ерітінділерінің түрлерін; әртүрлі желім, желім материалдарын, ерітінділер мен эмульсияларды сақтау және пайдалану ережелерін.


§ 35. желім қайнатушы

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Берілген режимге сәйкес желім қайнатушы қазандар мен реакторларда әртүрлі типтегі және міндеті бар желімді дайындау және қайнату. Құрауыштарды мөлшерлеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен желімді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу және реттеу. Желім, шайыр және эмульсияларды қайнату процесінің барысын бақылауды жүзеге асыру. Дайындалған желімдерді созылмалылығына, жабысқақтығына сынау. Дайын эмульсияларды бактарға құю, сақтау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, аппаратураларының және коммуникациялар құрылғысын және жұмыс қағидаттарын; қолданылатын синтетикалық материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін; желім мен эмульсия рецептурасын және дайындаудың тәсілдерін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы мен міндетін және оларды пайдалану ережесін; желімдерді сақтау ережесін; желім сапасына қойылатын талаптарды.


§ 36. абразивтік бұйымдарды бақылаушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күйдірілмеген абразивтік бұйымдарды бақылау және қабылдау. Маршрут қағазында берілген деректерге бұйымдардың сипаттамасының сәйкестігін және санын тексеру. Сыртқы тексеру жолымен бұйымдардың ақауларын анықтау. Бұйымдарды және кептіру тақтайларын сақтау тәртібін қадағалау.

Білуге тиіс: күйдірілмеген бұйымдарды өлшемі, бейіні, материалдары және түйірлігі бойынша түр-түрін; бұйымның ақаулығын айқындау әдістерін.


§ 37. абразивтік бұйымдарды бақылаушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Маршрут қағазына сәйкес саны мен сипаттамасы бойынша қалыптаудан, термиялық және механикалық өңдеуден кейін абразивтік бұйымдарды бақылау және қабылдау. Қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу. Ажарлайтын қажауқағаздың сапасына бақылауды жүзеге асыру және басу, желімдеу, және жапсыру станоктарынан, кептіруден, орамаға ораудан және табаққа кесілгеннен кейін ажарлау қажауқағаздарын қабылдау. Сапасын бақылау және ажарлау дискілерін фибра негіздерде және ажарлайтын қажауқағаздардан жасалған басқа бұйымдарды қабылдау. Ажарлайтын қажауқағаздар мен ажарлау дискілері өндірісіне жіберілетін желім қосылымын тексеру. Ақау себебін сыныптаумен жарамды және ақау өнімдердің есебін жүргізу.

Білуге тиіс: материалдар мен түйірлігі бойынша абразивтік материалдардың түр-түрін; ақаудың туындау себептерін; абразивтік бұйымдар өндірісінде қолданылатын шикізат материалдарына қойылатын талаптар; термиялық өңдеудің түрлері мен режимін; ажарлайтын қажауқағаздар мен ажарлау дискілерінің өндірісі үшін термиялық пештердің және жабдықтардың жұмыс қағидаттарын.


§ 38. абразивтік бұйымдарды бақылаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Диаметрі 600 мм дейін тік бейінді және диаметрі 500 мм дейін фасон бейінді абразивтік құралдарды механикалық өңдегеннен кейін бақылау және қабылдау. Теңгерілім станоктарында шеңберлердің статикалық теңгерімсіздігін бақылау. Аспаптардың көмегімен абразивтік құралдардың қаттылығын айқындау. Қаттылығын тексеру үшін аспаптарды теңшеу және реттеу. Сынау стендтерінде ажарлау шеңберлерінің абразивтік беріктігін механикалық сынау. Қолданылатын шикізат пен материалдардың паспорттарының болуына тексеру. Бұйымның сорттығын айқындау. Технологиялық процестерден ауытқу жағдайларын тіркеу.

Білуге тиіс: қалыптау, термиялық және механикалық өңдеу цехтарында абразивтік бұйымдар өндірісінің технологиялық процесін; абразивтік бұйым стандарттарын және техникалық шарттарын; абразивтік бұйымдар мен материалдарды бақылау үшін қолданылатын аспаптардың, станоктардың және құралдардың құрылғысын.


§ 39. абразивтік бұйымдарды бақылаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. А, АА сыныбындағы және прецизиялы орындалған абразивтік құралдар өндірісінің технологиялық процестерінің орындалуын бақылау. Диаметрі 600 мм артық тік бейінді және диаметрі 500 мм артық фасон бейінді абразивтік құралдарды механикалық өңдегеннен кейін бақылау және қабылдау. Бақылау аспаптарын теңшеу және реттеу. Экспорт өніміне техникалық құжаттаманы ресімдеу. Өндірістің барлық сатысында бракқа шығарылған бұйымдарға актілер мен сапасын тексеру карталарын жасау. Ақау себептерінің және оларды сыныптаудың жүйелілік есептілігін жүргізу.

Білуге тиіс: қалыптау, термиялық және механикалық өңдеу цехтарында А, АА сыныбындағы және прецизиялы орындалған абразивтік құралдар өндірісінің технологиялық процесін; абразивтік құралдарды бақылау және қабылдау тәртібін; дайын өнімге техникалық шарттарды; өнім ақауларының себептерін және оны алдын алу тәсілдерін; техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі; бақылау аспаптарын реттеу тәсілдерін.


§ 40. балқыту, бөлшектеу, қалпына келтіру және себу цехтарын бақылаушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік материалдарды балқыту мен қалпына келтірудің, керамикалық байланыстырғыштардың, шикізат және электрокорундтың ажарлаушы материалдарының, кремний карбидінің, бор карбидінің және басқа абразивтердің құрауыштарын ұсату мен араластырудың технологиялық процесін бақылау. Кесектерді тексеру және сұрыптау сапасын бақылау. Зертханалық талдаулар үшін сынамаларды іріктеу. Елекпен талдау жолымен түйірде және ұнтақта ірі, негізгі, жиынтықты әрі ұсақ фракциясының пайыздық мазмұнын айқындау.

Білуге тиіс: ұнтақтарды техникалық бақылаудың әдістерін; талдаулар түрін; бақыланатын өнімнің міндеті мен қолданылуын; ажарлау ұнтақтары мен микроұнтақтарды дайындаудың технологиялық процесін; стандартарға сәйкес ұнтақтардың әр маркасы ының гранулометриялық нормаларын; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; техникалық және есеп жүргізу құжаттамаларын ресімдеу ережесін.


§ 41. балқыту, бөлшектеу, қалпына келтіру және себу цехтарын бақылаушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Абразивтік материалдардың барлық түрлерін сұрыптаудың, бөлшектеудің, ұсатудың және себудің технологиялық процесін сақтауды бақылау. Аспаптардың көмегімен бақылау електерін іріктеу. Ажарлайтын ұнтақтар мен микроұнтақтарды себуге арналған електерді тексеру. Бақылау аспаптарын қолданумен барлық абразивтік материалдардың дайын өніміне бақылау жүргізу. Дайын өнімнің ақауларын зерттеу. Абразивтік материалдардың сапасын тексеру үшін бақылау аспаптарын жөндеу. Тиелетін өнімнің сапасы туралы техникалық құжаттамаларды ресімдеу. Материалдар сапасы туралы мерзімдік есептілікті жасау.

Білуге тиіс: абразивтік материалдарды бөлшектеудің, себудің, ұсатудың технологиялық процесін; бақылау сынамаларын іріктеу және сақтау тәртібін; өнімнің түйірлі және химиялық ының нормаларын; електерді іріктеу әдістерін және өнімнің сапасын тексеру үшін бақылау аспаптарын жөндеу тәсілдерін; тиелетін өнімге техникалық құжаттаманы ресімдеу ережесін.


§ 42. Күйдiрушi-от жағушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі типтегі саңылаулы электрлік және туннельдік пештерде керамикалық байланыстырғштағы абразивтік бұйымдарды термиялық өңдеу. Пайдаланылған бакелитті шеңберлерден ажарлау түйірлерін қалпына келтіру. Вагонеткаларды туннель пештеріне тиеу және оларды электр лафеттер мен электр шығырлардың көмегімен бөлшектеу орынына түсіру. Термиялық өңдеуден кейін бұйымды түсіру және оларды түрлері бойынша сұрыптау. Пешті гидравликалық және механикалық итергіштерін басқару. Вагонетка футерлерін тексеру және оларды туннельдер бойынша жылжыту.

Білуге тиіс: электр лафеттерінің, электр шығындарының, механикалық және гидравликалық итергіштердің құрылғысын және қызметінің қағидаттарын, автоматтандыру құралдарын; саңылаулы электр пештерінде абразивтік бұйымдарды термиялық өңдеу режимі; шахта пештерінде өңделген бакелитті шеңберлерден ажарлау түйірлерін қалпына келтіру режимін.


§ 43. Күйдiрушi-от жағушы

4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Газ немесе мазутпен жұмыс істейтін ұзындығы 40 м дейін туннель пештерінде және саңылаулы газ пештерде керамикалық байланыстырғыштағы абразивтік бұйымдарды термиялық өңдеу. Термоөңдеудің температуралық және гидравликалық режимін жүргізу. Бүріккіштер мен жанарғылардың жұмысын реттеу. Шығыс бактарына қара май құю. Саңылау газ пештеріне термиялық өңдеу үшін бұйымдарды және оларды термиялық өңдеуден кейін түсіру. Маршрут қағаздарына сәйкес түрлері бойынша бұйымдарды сұрыптау.

Білуге тиіс: ұзындығы 40 м дейінгі туннель пештер мен бақылау-өлшеу аспаптарының (оптикалық пирометрлердің, термобулардың, манометрлердің, тартым өлшемдерінің және т.б.) құрылғысын және жұмысының қағидаттарын; ұзындығы 40 м дейінгі туннель пештері мен саңылау газ пештерінде абразивтік бұйымдарды термиялық өңдеудің температуралық және гидравликалық режимдерін.


§ 44. Күйдiрушi-от жағушы

5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Газ немесе қарай маймен жұмыс істейтін ұзындығы 40 м артық туннель пештерінде керамикалық байланыстырғыштағы абразивтік бұйымды термиялық өңдеу. Вагонеткаларды қабылдау, олардың монтаждау сапасын және бұйымдарды дың орнықтылығын тексеру. Абразивтік бұйымдарды термоөңдеудің берілген температуралық, гидравликалық және аэродинамикалық режимдерін қамтамасыз ету. Пештерді жөндеуге тоқтату және оларды жөндеуден кейін қосу.

Білуге тиіс: ұзындығы 40 м артық керамикалық байланыстырғыштағы абразивтік бұйымдарды термиялық өңдеу үшін туннельдік пештердің құрылғысын; пештердің жекелеген элементтері мен бақылау-өлшеу әрі тіркейтін аппаратуралардың жұмыс істеу принципін және өзара іс-әрекетін; қолданылатын отынның түрлерін және оны дұрыс жағудың шарттарын; абразивтік материалдардың сипаттамасы мен қасиеттері туралы негізгі мәліметтерді; байланыстырғыш түрлерін және олардың айырмалық ерекшеліктерін; термиялық өңдеу кезінде абразивтік бұйымдарда болатын физикалық-химиялық процестерінің негізін; пештерді жөндеуге тоқтату және жөндеуден кейін қосу ережесін; пештер мен вагонеткаларды футерлеу үшін қолданылатын отқа төзімді материалдардың түрлерін; бұйымдарды вагонеткаларға орналастыру тәсілдерін.


§ 45. оттық сындырушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Кезекті балқытулар жүргізу үшін кедергі пештерінің подиндерін дайындау. Силоксикон мен шихталардың бірігіп қалған қатты және үлкен кесектерін сындыру және оларды бадьийлерге немесе тасымалдағыштарға тиеу. Подиндарды шихталардың қалдығынан тазарту. Кірпіштер арасындағы саңылауларды ауамен үрлеп тазалау. Металл конструкцияларын шихталар мен тұз ағындарынан тазарту. Отқа төзімді кірпіштен оқшаулау белдеулерін қалау. Жұмыс электродтары мен оқшаулау блоктарын тазалау. Бүйір қалқандарды орнату. Стационарлық кедергі пештерінде үгінділерді қоса отырып, подин шихталарын жұмсарту. Қоспаны подин бойынша тегістеп жағу.

Білуге тиіс: кедергі пештерінің құрылғысын; подиндерді кезекті балқытуларға дайындау тәртібін; подин дайындығы сапасының балқыту барысына әсері


§ 46. Торларды тартушы

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Торларды себу жабдықтарына тарту және жоғары білікті тартушының басшылығымен міндеті бойынша орнату. Ескі рамаларды жөндеу және жаңаларын жасау. Раманың көлемі бойынша төсемдерді пішу. Төсемдердің ақау жерлерін жабыстыру.

Білуге тиіс: себу жабдықтары қызметінің қағидаттарын; торларды рамаларға тарту тәсілдерін; торларды қабылдау және сақтау ережесін.

§ 47. Торларды тартушы

3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Торларды себу жабдықтарына тарту және міндеті бойынша орнату. Себудің берілген тәсіміне сәйкес торларды нөмірлері бойынша іріктеу. Себудегі ақау себептерін анықтау және оларды жою. Рамалар мен торлардың жағдайын бақылау. Одан әрі пайдалану үшін олардың жарамдылық тәжірибесін айқындау.

Білуге тиіс: абразивтік материалдарды себу үшін қолданылатын торлардың түр-түрін; себу жабдықтарының орналасу тәсімін, торлардың тәсімде орналасуын; абразивтік материалдардың түрлері мен қасиеттерін; себудегі ақау себептерін анықтау және жою.


§ 48. Абразивтік бұйымдарды үрлеуші

2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Механикалық өңдеуден кейін әртүрлі типтегі үрлеу камераларында абразивтік бұйымдарды сығылған ауамен өңдеу. Сығылған ауаның берілу қысымын және реттелуін бақылауды жүзеге асыру. Тазалаудан кейін бұйымның бетін бақылау және оны эталонмен салыстыру. Механикалық ақаулықтары бар бұйымдарды қайтару. Токсыздандырылған бұйымдарды маршрут қағаздарына сәйкес партиялары бойынша жинақтау. Білуге тиіс: үрлеу камераларының құрылғысын және үрлеуге арналған құрылғыларды; абразивтік бұйымдардың түр-түрін, оларды үрлеу және үрлеу камерасына тиеу тәсілдерін; сыртқы көрінісі бойынша абразивтік бұйымдардағы ақауларды айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет