Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


§ 25. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ СЫНАУШЫ



бет4/38
Дата25.02.2016
өлшемі2.38 Mb.
#25866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
§ 25. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ СЫНАУШЫ

6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Күрделі, эксперименталды және жоғары жиілікті аспаптарды сынау. Құрылым-бұйымдарды әзірлеу кезінде аспаптарды және стандарт аппаратураны (осциллограф, толқын өлшеуіш, дыбыс генераторы, жиілік спектрін талдағыш және т.б.) және осы өңдеуге қажетті қосымша аппаратураны қолдана отырып, өндіріс технологиясын күрделі сынау. Бұйым өлшемдерін формулалар бойынша өлшеу және есептеу (қуаты, тұрақты толқынның коэффициент, беру режиміндегі шығындар және т.б.). Статикалық және динамикалық режимдерде модуляциялық сипаттамаларды өлшеу және құрастыру. Күрделі сынақ жабдықтары кешенін басқару. Паспорттардың жай-күйі.

Білуге тиіс: сынақ құрылғыларының, схемалардың, стенділердің және электр өлшемдерін өлшеуге арналған аспаптардың құрылысы, дәлдігін тексеру тәсілдері мен ережесі; жабдықтың негізгі ақаулықтарын жою тәсілдері; күрделі бұйымдарды қондыру, бекіту және салыстыру тәсілдері; сынау процессінің кезектілігін айқындау әдістері; формулалар, кестелер, графиктер, номограммалардың көмегімен бұйымдардың өлшемін есептеу ережесі; сыналатын бұйымдар мен схемалардың құрылымдық ерекшеліктері мен өндіріс технологиясы; бұйымдардың шақтау және шығу өлшемдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Жұмыс үлгілері

1. Электр жарылатын күрделі агрегаттар – бақылау, үлгілік, тәжірибелік сынақтар; қондырушы партияны сынау.

2. Телеграф аппараттары, күрделі дыбыс жазғыш аппаратура - климаттық және механикалық сынақтардың толық кешенін жүргізу.

3. БМБ-8, ВТБ типті вакуумметрлер - блоктаушы құрылғының жұмысын тексеру; берілетін кернеуді бақылау.

4. Қуаты 60 кВт жоғары жиілікті генераторлар - сынау.

5. Сәттік кернеуді өлшеуіштер, импульстер генераторлары, жады кубтары - ТУ бойынша сынау.

6. АЖЖ диапазонды бұйымдар – жұмыс орындарындағы сәулелену қуатын өлшеу.

7. Микроэлектроника бұйымдары - екі сәулелі стробоскопиялық осциллографты пайдалана отырып, өлшеу орындарын дайындау.

8. АЖЖ бұйымдары – спектр талдауышын пайдалана отырып, дірілді сынау.

9. Бейнелеуші, импульстік және күшейткіш клистрондар - өлшемдерді өлшеу, шынықтыру, баптау.

10. Түрлі-түсті кинескоптар – жеке стенділерде және жартылай автомат агрегаттарда жекелеген өлшемдерді өлшеуге арналған қосымша құрылғыларды, кестелерді, графиктер мен номограммаларды пайдалана отырып, сынау.

11. ЛБВ, ЛОВ, ТҚШ, АЖЖ модульдері – шуыл, күшейткіш, беру, бейнелену, КСВН коэффициенттерін өлшеу.

12. Күрделі, импульстік МҚШ шамдар – күшейту режимінде динамикалық өлшемдерін өлшеу.

13. Жарық өлшеуіш үлгі шамдар - электр өлшемдерін тексеру.

14. Импульсті магнетрондар - ЧТУ және ОТУ толық көлемде мерзімді және құрылымдық сынақтар жүргізу.

15. Матрицалар, толтырғыштар, кубтар – жаңа әзірлемелерге сынақ жүргізу.

16. Жадыға сақтайтын құрылғыларға арналған микросхемалар, магнитті интеграл схемалар - мерзімді және құрылымдық сынақтар жүргізу.

17. Сызғыш құрамындағы АЖЖ модульдері (күшейткіштер, көбейткіштер, түрлендіргіштер) - динамикалық өлшемдерін өлшеу; ұзақ мерзім қолданылуын сынау.

18. Тәжірибелік үлгілер – электр өлшемдерін өлшеу.

19. Барлық типті жартылай өткізгіш аспаптар – нәтижесін қолданыстағы ТУ бойынша бағалай отырып, ұзақ мерзім қолданылуына мерзімді сынақ жүргізу.

20. 55 топтағы аспаптар - ЧТУ және ОТУ толық көлемде мерзімді және құрылымдық сынақтар жүргізу.

21. Барлық типті 25 топтағы аспаптар - нәтижесін қолданыстағы ТУ бойынша бағалай отырып, ұзақ мерзім қолданылуына мерзімді сынақ жүргізу.

22. Транзисторлар мен микросхемаларды бақылауға арналған аспаптар, әр түрлі типті автоматтар - мерзімді және құрылымдық сынақтар жүргізу.

23. Газ разрядтауыш және ВИС (сынап толтырғышы бар) аспаптары- НТД (ОТУжәне ЧТУ) талаптарына сәйкес толық сынау.

24. Электрондық оптикалық түрлендіргіштер – аса күрделі тәжірибелік үлгілерді өлшеу қорытындысын толық өңдей отырып сынау.

25. Потенциалоскоптар – жарамсыздықтардың пайда болу түрлері мен себептері бойынша талдай отырып сынау.

26. Резонанстық разрядтауыштар - өлшемдерді баптау және өлшеу.

27. Кварц резонаторлар, барлық типтегі кварц сүзгілер - магнит пленкаға жазу және автоматты түрде бағдарламалық сынақтардың діріл стендінде бейнелеу; діріл шуылдарын өлшеу; акустикалық әсерін сынау; дыбыстық қысымды өлшеу.

28. Кварц резонаторлар – жиіліктің кетуін дискриминаторлық әдіспен өлшеу.

29. Рентгендік-телевизиялық микроскоптар, барлық типті электрондық микроскоптар – мерзімдік сынақтар.

30. Түрлі-түсті теледидарларға арналған барлық типті сөндіру жүйесі - нәтижесін қолданыстағы ТУ бойынша бағалай отырып, ұзақ мерзім қолданылуына мерзімді сынақ жүргізу; бас тарту себептерін айқындау; электр өлшемдерін математикалық есептеу.

31. Интегралды схемалар - эксперименталдық сынақтар жүргізу; сынақтардың нәтижесін сипаттайтын бөліністерді өлшемдері бойынша баптау және әр түрлі функционалдық тәуелділіктерді баптау; сынақ материалдарын машиналық өңдеуге дайындау; арнайы әсерге сынау; сипаттамалардың беріктігін анықтау үшін дайындау және сынақ жүргізу; НТД талаптарының толық көлемінде күрделі микросхемаларға сынақ жүргізу.

32. АЖЖ интегралды схемалар - өлшемдерді өлшеу.

33. Суперортикондар - сынау.

34. Кварц сүзгілер - НТД талаптары көлемінде фазалық сипаттамаларын өлшеу.

35. Феррит бұйымдар - ЦМП бұйымдарының жаңа маркаларына білікті сынақ жүргізу.

36. Сандық өлшеу аспаптары, ЭВМ, "Электроника НЦ-ОЗ" – қызмет етуін тексеру.


§ 26. МАГНИТ ӨТКІЗГІШТЕР МЕН СЛЮДАЛАРДЫ КАЛИБРЛЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Индикатордың көмегімен (қолмен) слюданы бақылау, тексеру. Индикаторды баптау. Күміс жалатылған слюда пластиналардың шетін ағындардан тазалау. Күміс жалатылған слюда пластиналарды Құндақтар мен қораптарға салу. Пластиналарды өлшеу.

Білуге тиіс: слюда ақаулықтарын индикаторларда анықтау ережесі; индикатор құрылғысы; конденсаторда пайдаланылатын слюданың көлемі мен қалыңдығы; слюданың негізгі қасиеттері.


§ 27. МАГНИТ ӨТКІЗГІШТЕР МЕН СЛЮДАЛАРДЫ КАЛИБРЛЕУШІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті магнит өткізгіштердің есілген дайындамаларын және жартылай автоматтардағы өлшемдерін калибрлеу және жентектеу. Слюда пластиналарды қалыңдығы бойынша арнайы автоматтарда калибрлеу және оптиметрдің көмегімен қалыңдығы 0,05-ден 0,011мм дейін пластиналардың қабатын қолмен ашу. Қызмет көрсетілетін жабдықты реттеу және баптау. Бөлшектерді автоматтар мен жартылай автоматтарға салу. Күміс жалатылған және күміс жалатылмаған слюданың ақаулықтарын сыртқы түріне, сыйымдылығына қарап анықтау. Жабдықтың жұмыс істеуін бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидаты және реттеу тәсілдері; арнайы құрылғылар мен қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; магнит өткізгіштерді термиялық өңдеу режимін таңдау ережесі; слюда сапасына қойылатын техникалық талаптар; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері.

Жұмыс үлгілері

1. Есілген магнит өткізгіштер – көп жылғалы автомат пен жартылай автоматтарда калибрлеу.

2. Есілген, ленталы О-тәрізді магит өткізгіштер - екі жылғалы газ жартылай автоматтарда калибрлеу, жентектеу.
§ 28. МАГНИТ ӨТКІЗГІШТЕР МЕН СЛЮДАЛАРДЫ КАЛИБРЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр техникалық болаттан жасалған есілген магнит өткізгіштерді стационар қондырғыларда, арнайы көп жылғалы калибрлеу автоматтары мен жартылай автоматтарында калибрлеу, күйдіру және жентектеу. Эксперименталдық, ерекше тұрақты және тәжірибелік үлгілерді күйдіру және калибрлеу. Пештегі температураны және пневможүйедегі қысымды таңдау, қондыру және сақтау. Термикалық өңдеу режимін магнит өткізгіштердің тип көлеміне байланысты таңдау және қондыру. аспаптар мен қыздырылған металл түсі бойынша жұмыс режимін бақылау. Жұмыс процессіндегі ұсақ жөндеу және реттеу. Шығарылатын өнімнің сапасын тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидаты және реттеу тәсілдері; арнайы құрылғылар мен қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; магнит өткізгіштерді термиялық өңдеу режимін таңдау ережесі; электр техникалық болаттың түрлері мен қасиеттері; электр- және радиотехника негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. "Габарит", ''Малютка", "Потенциал" типті есілген магнит өткізгіштер – автоматта және жартылай автоматта калибрлеу, күйдіру және пісіру.

2. Эксперименталдық және тәжірибелік үлгілер - калибрлеу.

3. Есілген магнит өткізгіштер - стационар түзетулермен көп жылғалы калибрлеу жартылай автоматтарында калибрлеу, күйдіру және жентектеу.


§ 29. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ЖИНАҚТАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Конструкторлық және технологиялық құжаттаманы, құралдар мен тораптарды тапсырмаға сәйкес жинақтау. Жинақтаушы бұйымдар мен материалдарды сұрыптау. Түзетуге дайындалған бұйымдардың номенклатураға сәйкес толық жиынтығының болуын тексеру. Сызбалар, технологиялық құжаттамалар, материалдар мен құралдардың жиынтығын дайындау және жұмыс орындарына жіберу. Қабылдап-тапсыру құжаттамасын ресімдеу және жинақтаушы ведомостерді жасау. Орындалатын жұмысты есепке алу.

Білуге тиіс: бұйымдар номенклатурасы, өлшемдері мен жиынтықтығы; бұйымдарды қоймаға салу және оларды бұзылудан сақтау; жинақтаушы бөлшектер мен бұйымдарды орау тәсілдері және тасымалдау; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптардың мақсаты және оларды қолдану ережесі; жинақтаушы бұйымдардың жарамдылығын айқындау тәсілдері.


§ 30. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ЖИНАҚТАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды бақылау-өлшеу құралдарын, аппаратураны, аспаптарды қолданып, алдыңғы сынақ мәліметтерін пайдалана отырып жинақтау. Микромодульдердің белгіленген схемаға қажетті элементтерді таңдау және орналастыру арқылы микромодульді қысқышпен операция аралық ыдысқа жинақтау. Микроэлементтерді номенклатурасы, саны мен бағдары бойынша осы схемаға конструкторлық құжаттамаға сәйкес жинақтау. Жинақтаудың дұрыстығын тексеру. Бұйымдардың техникалық құжаттамасын жинақтау.

Білуге тиіс: бұйымдар мен аспаптарды жасау технологиясы; жинақтаушы материалдардың атауы мен қасиеттері; микромодульге электр схемасы бойынша орналастыру картасын жасау қағидаты; микроэлементтердің электр схемаларында шартты белгіленуі; микроэлементтердің маркалық белгілері; номиналдың пайыздық рұқсат етілетін шақтамасы бойынша микроэлементтерді шекті ауыстыру тәртібі; микроэлементтердің платамен қосылу тәсілдері; микроэлементтер мен жинақталған микромодульдерді орамасыз және герметикалық орамада сақтау мерзімі; жинақталатын өнімді есепке алу, тасымалдау, салу, сақтау және орау ережесі; құжаттаманы ресімдеу тәртібі; бұйымдарды бақылау-өлшеу құралдарын, аппаратураны, аспаптарды қолдану ережесі.


§ 31. ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕХНИКА БҰЙЫМДАРЫН ЖИНАҚТАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі бұйымдарды бақылау-өлшеу құралдарын қолдана отырып жинақтау, микроэлементтерді номенклатурасы, саны мен жасалу мерзімі бойынша таңдау. Микроэлементтерді конкурстық құжаттамаға және ТУ талаптарына сәйкестігін тексеру. Арнайы мақсаттағы микромодульдерді, әр түрлі схемаларды оларға қойылатын талаптарды ескеріп жинақтау. Жинақталған микромодульдерді оларды кейінгі операцияларға тапсырғанша герметикалау. Жинақтаудың дұрыстығын бақылау. Арнайы мақсаттағы микромодульдерге арналған ілеспе құжаттаманы ресімдеу.

Білуге тиіс: әр түрлі бұйымдар мен құралдарды жасау технологиясы; арнайы мақсаттағы микроэлементтер мен жинақталған микромодульдерді қолдану ережесі; микроэлементтердің типтері мен түрлері; микроэлементтерді сыртқы түрі мен электр өлшемдері бойынша тексеру тәртібі; маркалық белгілер; дәлдік дәрежелері, микроэлементтердің ақаулықтары бойынша жол берілетін шектері, арнайы схемаларға арналған микроэлементтердің ерекшелік белгілері; арнайы мақсаттағы микромодульдерге қойылатын талаптар; жинақтауыштарды тексеру тәртібі; жинақталған микромодульдерді герметикалау тәртібі; арнайы мақсаттағы жинақталған микромодульдерді сақтау тәртібі мен мерзімі; микромодульдердің сызбалары, ТУ және конструкторлық құжаттамасы және оларды оқу ережесі; арнайы мақсаттағы микромодульдерге арналған ілеспе құжаттаманы ресімдеу тәртібі.


§ 32. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әр операция сайын бақылау және күрделі емес бөлшектер мен дайындамалардың қолданыстағы техникалық құжаттамасына сәйкес өлшеу құралдарының (микрометр, калибр, мегометр, көлемді сызғыш, штангенциркуль, микроскоп), сондай сыртқы түріне қарап көмегімен қабылдау. Жұмыс орындарында іріктеп бақылау. Орамаларды ашу және бөлшектер мен аспаптарды бақылау үшін шығару, оларды операция аралық ыдысқа салу. Тексерілген бөлшектер мен аспаптар герметикалық орамасы. Қабылданған және жарамсыз деп танылған өнімнің құжаттамасын ресімдеу. Тексерілген өнімді келесі операцияға, аралық қоймаға тапсыру.

Білуге тиіс: бөлшектердің техникалық шарттары мен МЕМСТ-і; қызмет көрсетілетін учаскеде бөлшектер мен күрделі емес тораптарды технологиялық өңдеу процессінің негіздері; бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолданудың мақсаты мен шарттары; негізгі технологиялық операциялар бойынша ақаулардың сыныптамасы мен түрлері; қабылдау ережесі және операция аралық бақылау қағидаты; қабылдап-тапсыру құжаттамасын ресімдеу тәртібі (орындалатын жұмыс көлемінде); шақтамасы, қондырма жүйесі; дәлдік және кедір-бұдырлық дәрежесі.

Жұмыс үлгілері

1. Анод, экрандар – дәнекерлеуден кейін бақылау.

2. Анодтарға арналған жапсырмалар мен дайындамалар - вакуумдық дәнекерлеу және майсыздандырудан кейін бетін өңдеудің көлемі мен кедір-бұдырлығы бойынша бақылау.

3. Аша және ашалық розеткалар, электр қосқыштар – сыртқы түрін бақылау.

4. Жартылай өткізгіш аспаптардың бөлшектері, жартылай өткізгіш аспаптар – көзбен шолып бақылау, аралық бақылау.

5. Қыш бөлшектер, магнийленген слюда, қалыптағаннан кейінгі қатпарлы жылытқыштар, өңдегеннен кейінгі штамп басылған пышақтар, күйдіргеннен және никельдегеннен кейінгі жұқа жіп, мыспен булағаннан кейінгі бөлшектер, газ сорғыштар, жиналған катод, жиналған катодтың аяғы, цокольдер, пластмасса жапсырмалар – сыртқы түріне қарап бақылау.

6. Штамп басқаннан, майсыздандырған және күйдіргеннен кейінгі металл және слюда бөлшектер, өткізгіш блоктар - сыртқы түріне және мөлшеріне қарап бақылау.

7. Аша ағытпаларының бөлшектері - механикалық өңдегеннен, штамп басқаннан және нығыздағаннан кейінгі бақылау.

8. Анодқа арналған дайындамалар – майсыздандырғаннан кейін мөлшері мен кедір-бұдырлығы бойынша бақылау.

9. Дайындамалар – селен жаққаннан кейін қабылдау.

10. Пьезокварц және суда еритін кристалл дайындамалар – кескеннен кейін қабылдау.

11. Кварц немесе кристалл ұстағыштар – бөлшектерді әр операция сайын қабылдау.

12. Жарықтандырғыш шамдар мен радиошамдарға арналған колбалар, штенгельдер, моншақтар, қуаты аз генераторлар мен қабылдап-күшейткіш шамдарға арналған табақшалар – мөлшері бойынша калибрлеп және баламалап бақылау және контроль.

13. Кварц қалпақшалар - сыртқы түріне және мөлшеріне қарап ақаулықтарды анықтау.

14. Қыш нақыштаушы конденсатор – күміспен жалату сапасын, жағылған күмістің қалыңдығын, беріктігі, дәнекерлеу және айналу сәтін бақылау.

15.Штепсель ашалардың, тармақталулардың, розеткалардың, радио тұтқалардың, сөндіргіштердің корпусы - нығыздағаннан және тазалағаннан кейінгі бақылау.

16. Қатты схемалардың корпусы – сыртқы түрі және геометриялық өлшемі бойынша тексеру, герметикалығын тексеру, жабынының ұстасу беріктігін, жабын сапасын тексеру.

17. Қабылдап-күшейткіш шамдар - дәнекерлегеннен кейінгі бақылау, газ сорғышты бүрку.

18. Микросхемалар – қыштың металданған жабынының сапасын тексеру, дәнекерлеу беріктігін тексеру.

19. Шам панельдер, ауыстырып-қосқыштар, ТВ және ТО тумблерлар – бөлшектерді нығыздағаннан кейін бақылау; жиналған бұйымдарды сыртқы түрі, жинақтаудың дұрыстығы, шығындарды бекіту беріктігі, санын, жиынтықтығы, этикеткасының дұрыс толтырылуы, ыдысқа салынуы, дайын өнімдердің оралуы бойынша бақылау; ауыстырып қосудың дәлдігін, контакт пен ағытпаға ауыстырып қосуға күш жұмсауды бақылау.

20. Контактілердің магнитпен басқарылатын пружиналары – штамп басқаннан кейін көзбен шолып бақылау.

21. Пьезорезонаторлар – металл қорытпамен пломбалау.

22. Дайын резисторлар, конденсаторлар, қондырушы қыштың, феррит бұйымдардың, селен және купрокс түзеткіштердің бөлшектері, альсифер сақиналар – бақылау және қабылдау.

23. Кварц резонаторлар – жарықтандыру және қалайылау сапасын бақылау.

24. Интеграл схемалар (1 және 2 дәрежелі интеграция) – (пластиналардың, кристалдардың, жинақтар мен дайын өнімдердің) сыртқы түрі бойынша бақылау; желілік мөлшері мен ауқымын өлшеу (ИС элементтерінің, жинақтар мен дайын өнімдердің ИС-ін).

25. Диаметрі әр түрлі дрот шыны және шыны өндірісіндегі рецептілер - бақылау және қабылдау.

26. Шыны таблеткалар – сыртқы түрі бойынша көзбен шолып тексеру және өлшеу аспаптарының көмегімен геометриялық өлшемдерін тексеру.

27. КБН тауарлары – күрделі емес бұйымдарды сыртқы түріне және ауқымына қарап бақылау.

28. Ферриттер (нығыз-ұнтақ, шикіқұрам) – сыртқы түріне қарап аралық көзбен шолып бақылау.

29. Феррит бұйымдарындағы, пленкалардағы жады элементтері - жиынтық, трафареттердің, орамалардың тігісін, дәнекерлеу сапасын, бұйымдардың сыртқы түрін аралық көзбен шолып бақылау.

§ 33. БӨЛШЕКТЕР МЕН АСПАПТАРДЫ БАҚЫЛАУШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа аспаптардың бөлшектері мен тораптарын сызбаларға, бұйымдардың ТУ-на, сапаны бақылау нұсқаулықтарына және технологиялық құжаттамаға сәйкес бақылау және қабылдау. Бұйымдардың сапасын, оптикалық аспаптарды пайдалана отырып, сырттай тексеру және бақылау-өлшеу құралдарының, құрылғылар мен аспаптардың көмегімен айқындау. Технолгиялық процеске қатысушы материалдар мен қоспалардың сапасын айқындау. Ақаулықтың әр түрлі түрлерін эталон үлгілер бойынша айқындау. Резисторларды кедергінің нақты мәнінің номиналға сәйкестілігіне тексеру. Аспаптарды сынау схемалары бойынша тапсыратын сынақтар.

Білуге тиіс: күрделілігі орташа бөлшектер мен тораптарды өңдеудің негізгі түрлеріне қойылатын талаптар; қабылданатын бұйымдардың мақсаты, оларды тексеру тәсілдері; бөлшектер мен тораптарды жасаудың технологиялық процессі; бақылау-өлшеу құралдарының, аспаптардың, сынақ схемаларының, байланысқа түсетін қалыптар мен құрылғылардың құрылысы; ақаулықтың алдын алу әдістері; кесу, калибрлеу және ақаулықты анықтайтын бұйымдарды, автоматтар мен жартылай автоматтарды бақылау ережесі; жекелеген материалдар мен компоненттердің қасиеттері және бұйымдардың электр өлшемдерінің сапасына әсері; шектеу, қондырма квалитеттер; орындалатын жұмыс ауқымындағы электр және радиотехника.

Жұмыс үлгілері

1. Жинақталған ішкі ПУЛ арматурасы – қысқа тұйықталуын тексере отырып бақылау.

2. Вольфрам, молибден, ковар, платин кірмелер – бетін және мөлшерін бақылау.

3. Аша және аша розеткалар - "ОС" жиынтығын бақылау.

4. В типті балқыма ендірмелер – дәнекердің болуын және балқитын элементтердің шығып тұрмауын рентген телевизиялық МТР-34 микроскобымен тексеру.

5. ЭВТ толқынжолы - әмбебап өлшеу құралдарының көмегімен өлшемдерін бақылау.

6. Газ сорғыштар, катод аяқ, катод блок, анод блок - ПТИ-7 ағатын тесікті іздейтін құралымен ағындардың болмауын бақылау.

7. Геркон бөлшектері – сыртық түрін көзбен шолып бақылау және желілік мөлшерді тексеру.

8. Магнитпен басқарылатын контактілердің бөлшектері - сыртық түрін бақылау және желілік мөлшерді тексеру.

9. Өңдегеннен және күйдіргеннен кейінгі металл бөлшектер - бақылау.

10. Штамп басылған металл бөлшектер - бақылау.

11. МҚШ және ТҚШ бөлшектер – көзбен шолып бақылау; гальванды жабын қалыңдығын бақылау.

12. Микросхемалардың бөлшектері, корпусы, нығыздалған газ сорғыштар - геометриялық өлшемдері мен сыртқы түрі бойынша бақылау.

13. Жартылай өткізгіш аспаптардың бөлшектері - микроскопты, шатографты қолдана отырып бақылау.

14. ЭВП бөлшектері - әмбебап бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен көзбен шолып тексеріп бақылау.

15. ПГ2-7 бұйымдарының бөлшектері, механикалық өңдеуден кейінгі күрделілігі әр түрлі бөлшектер (тығындар, конденсаторлар, фланецтер, толқынжол құбырлар, өзектер және т.б. ) - бақылау.

16. 55 гр. бұйымдарының бөлшектері (сильфондар және т.б.), күрделілігі әр түрлі қыш бөлшектер – өлшемдерін жабынды жаққаннан кейінгі бақылау.

17. Металл және қыш бөлшектер - мөлшері мен дәнекерлеу алдындағы тазалығы бойынша бақылау.

18. Күрделілігі әр түрлі металл бөлшектер штамп басылған бөлшектер – өлшемдерді микроскоп немесе әмбебап өлшеу аспаптарының көмегімен сызбалар бойынша бақылау; кварц шамын қолдана отырып бақылау.

19. Қондырушы қыш бөлшектер - геометриялық өлшемдерді бақылау.

20. Қыш дайындамалар, панельдер – сыртық түрі бойынша қабылдау және электр сипаттамалары бойынша бақылау.

21. Жоғары жиілікті топтағы кварц пластиналарын дайындау - ТУ бойынша сапасын бақылау.

22. Фотошаблондарға арналған металл дайындамалар – ауқымын өлшеу және бетін көрсетпейтін жабынның сапасын бақылау.

23. Кескеннен кейін таңбалау – мөлшері, қалыбы және сыртқы түрі бойынша қабылдау.

24. Синтерленген және оксидтелген катодтар, қыш бөлшектер - сыртқы түрі бойынша бақылау.

25. Талшықты кварц, шикіқұрам, кескеннен кейін таңбалау – қабылдау және сапасын тексеру.

26. Кварц немесе кристалл ұстағыш – түпкілікті қабылдау.

27. Өте кішкентай ЭВП арналған қыш (бөлшектердің мөлшері 5-40 мм) – бөтен бөлшектердің болмауын соңғы рет бақылау.

28. Генераторлық шамдарға, электрондық сәуле түтіктеріне, сандық индикаторларға және басқа да арнайы аспаптарға арналған колбалар – мөлшері мен сыртқы түрі бойынша бақылау.

29. Барлық типтегі конденсаторлар – сыртқы түрі бойынша тексеру, көлемді пішіндерді өлшеу, ТКЕ-ні өлшеу.

30. Төменгі вольтті конденсаторлар - диэлектр шығындары бұрышының тангенсін тексеру.

31. Қатты схемалардың корпусы – түпкілікті бақылау және сапасы жөнінде қорытынды жасау.

32. Маскалар мен шеңберлер - оксидтегеннен кейін көзбен шолып бақылау (бақылау).

33. Магнитөткізгіштер - электр өлшемдерін бақылау.

34. Микро ауыстырып-қосқыштар, микротумблерлер, шам панельдері, ауыстырып-қосқыштар, ТВ және ТП тумблерлер – бөлшектерді нығыздағаннан кейін бақылау; бұйымдардың жинақтарын бақылау.

35. Микрожинақтар, қола тұйықтағыш - микроскоппен сыртқы түрін бақылау және аспаптардың көмегімен ауқымды көлемдерді бақылау.

36. Интегралды ауқымды микросхемалар - платалардың сыртқы түрін бақылау, микроскопты қолдана отырып ашық және жабық микросхемаларды бақылау; күрделілігі орташа тораптар мен бөлшектер - сыртқы түрін бақылау.

37. "Тротил" типті микросхемалар – дөңгелек шығындары бар белсенді элементтердің дәнекерлерінің беріктігін тығыз ауаны үрлеу әдісі арқылы сынау.

38. Электр вакуум аспаптарға арналған штамп басылған айдарлы және саусақша аяқтары, шыны жинақталған аяқтар - өңдегеннен кейінгі соңғы бақылау.

39. Штамп басқаннан, қалыптағаннан, кескеннен кейінгі электр вакуум аспаптардың аяқтары – сыртқы түрі бойынша және геометриялық өлшемдері бойынша бақылау.

40. Қыш осьтер - соғысын өлшеу.

41. Слюда пластиналар – платаның, циркулятордың, диодтардың, транзисторлардың техникалық талаптарға сәйкестілігін бақылау және тексеру - түпкілікті қабылдау.

42. Жылытқыштар - торзион таразыларда өлшеу әдісімен және сыртқы түрі бойынша (көзбен шолып) бақылау.

43. Жартылай өткізгіш аспаптар – аспаптардың бір немесе бірнеше типін тапсыру сынақтары бойынша қабылдау; сыртық түрі және ауқымы бойынша бақылау.

44. 40 және 55 топтағы аспаптар - кварцтың жіктелуін, траверсті дәнекерлеуді, штоктың желінуін сыртқы түрі бойынша бақылау.

45. Электр вакуум аспаптары - аяғын жинағаннан, дәнекерлегеннен, айдағаннан кейін операциялық бақылау;сыртқы түрін бақылау; түпкілікті қабылдау және барлық өлшемдер бойынша бақылау.

46. Сым, шыбықтар мен түрлі диаметрлі дайындамалар, қатарлар, лента және жолақтар - контроль механикалық қасиеттерін, өлшемдерін, бетінің сапасын бақылау; сымның жіңішке түрлері – сымдау, өңдеу, күйдіру және металдандырудан кейін бақылау.

47. Пьезорезонаторлар, пьезокварц немесе суда еритін кристалдардан жасалған пластиналар - механикалық өлшемдері бойынша әр операция сайын қабылдау.

48. Резисторлар, реле, есептегіштер, ауыстырып қосқыштар, қыздыру шамдары, радио шамдар мен электр магнит реле - ТУ бойынша бақылау.

49. Торкөз - микроскопты қолдана отырып сыртқы түрін бақылау.

50. КБН тауарлары – оқшаулағыш кедергісін, сыртқы түрінің электр беріктігін, өңдеу сапасын, жиынтық бөлшектерін, белгі соғуды, орау сапасын бақылау.

51. Интеграция деңгейі орташа транзисторлар мен микросхемалар - тізбектердің вольт-амперлік сипаттамасын алу; аспаптардың корпусын ашу және ақаулықтарды анықтау мақсатында микроскоппен қарау.

52. Шыны түтіктер, қатарлар, тарт түтіктер, моншақтар – сыртқы түрі, геометриялық өлшемдері бойынша бақылау және полярископта күйдіру сапасын айқындау.

53. Күрделілігі әр түрлі электр вакуум аспаптардың жалпы типтеріне арналған әр түрлі жабындары бар жинақтаушы тораптар мен бөлшектер (жабылған катодтар, жылытқыштар, экрандар және т.б.) – сыртқы түрі бойынша бақылау.

54. Күрделілігі әр түрлі жинақтаушы тораптар – кедір-бұдырлығы мен мөлшерін бақылау.

55. Жартылай өткізгіш тораптар (платалар, циркуляторлар, толқынжол өткелдер) – тұйықталуын тексеру, КСВ, шығындар мен шешімдері.

56. Ферриттер - микроскопты қолдана отырып, геометриялық өлшемдерін бақылау; талдау және торцион таразыларында салмағын бақылау.

57. Аралық фото түпнұсқалар – сыртқы түрін, белгі соғылуын және жұмыс аймағының орналасуын бақылау.

58. Интегралдық схемалардың фотошаблондары (жұмыс істейтін) - сыртқы түрін, белгі соғылуын және репер және тест модульдерінің орналасуын бақылау.

59. ПУЛ цокольдері - бақылау.

60. Селен түзеткіш элементтер – түпкілікті қабылдау.

61. Феррит бұйымдарындағы, пленкалардағы жады элементтері - монтаж сапасын электр схемалары бойынша бақылау; дәнекерлеу сапасын бақылау; оқшаулау кедергісін айқындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет