Өлшеу құралдары - өлшеуді орындаған кезде қолданылатын және қалыпты метрологиялык сипаттамалы техникалык құрылғы.
Өлшеу құралдарын калибрлеу – бұл метрологиялық сипаттамалардың нақты мәнін немесе мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жарамдылығын анықтау және бекіту мақсатында орындалатын операциялардың жиынтығы. Нормативтік құжатта баяндалатын немесе тапсырыс беруші анықтайтын, оның метрологиялық сипаттамасының бұрын белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келуі өлшеу құралдарының жарамдылығы ретінде түсіндіріледі. Жарамдылық туралы қорытынды калибрлеу зертханасы жасайды.
Өлшеулердің жіктелуі
Өлшеулердің жіктелуі өлшеулерді орындау және нәтижелерді өңдеу әдістемелерін әзірлеу кезінде себептеледі.
Жіктелу мақсаты – өлшеу нәтижелерін анықтау кезінде пайда болатын, өлшеулердің әдістемелік қателіктерін ерекшелеу ыңғайлылығы.
Өлшеулер бірқатар белгілер бойынша жіктелуі мүмкін. Нәтижелерді алу тәсілі бойынша өлшеулер: тура, жанама, бірлескен және жиынтық болып бөлінеді.
Сынау
Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері.
Сынаудың негізгі белгілері мыналар болып табылады:
- объект бойынша белгілі шешімді, яғни оның жарамдылығы немесе ақауланғандығы туралы шешімді қабылдау;
- сынаудың талап етілетін нақты шарттарын беру.
Сынаулар шарттары – сынаулар кезінде әсер етуші факторлардың және (немесе) объектінің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығы. Нақты объектілерді сынауға нормативтік-техникалық сынаулардың қалыпты шарттары анықталу керек. Сынаудың келесі алуан түрлері болады, олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі:
- тағайындалуы бойынша олар зерттеуші, бақылаушы, салыстырушы және анықтаушы болып бөлінеді;
- жүргізу деңгейі бойынша: мемлекеттік, ведомство аралық және ведомстволық;
- сыналатын өнімді әзірлеу кезеңдерінің түрі бойынша: алдын ала және қабылдаушы;
- дайын өнімді сынау түрі бойынша: біліктілікті, қабылдау-тапсырушы, периодтық, типтік.
Сынаудың мақсаты – номинал жағдайларда берілген сыналатын параметрдің мәнін анықтау.
Бақылау
Бақылау – бұл бұйым параметрі мәнінің анықталған талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін анықтау процесі. Бақылау өлшеуді түрлендіруден, бақыланатын ұдайы өсіру операциясынан және бақылау нәтижесін салыстыру мен анықтаудан тұрады.
Өлшеу мен бақылаудың айырмашылықтары келесіден тұрады: