Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті



Дата23.02.2016
өлшемі71.4 Kb.
#10291


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі ҚАЖ комитеті) құрылымына 15 аумақтық басқарма, ҚАЖ комитетінің Академиясы (бұдан әрі – Академия), Павлодар заң колледжі (бұдан әрі – ПЗК), Тараз қаласындағы Оқу орталығы (бұдан әрі – ОО), Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ комитеті басқармасының (бұдан әрі – ҚАЖКБ) күзет және қадағалау бөлімі, 75 түзеу мекемесі (бұдан әрі – ТМ), 19 тергеу изоляторы (бұдан әрі – ТИ), 218 қылмыстық-атқару инспекциясы (бұдан әрі – ҚАИ), 3 республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – РМК) және 2 бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған оңалту орталығы кіреді.

2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республиканың түзеу мекемелерінде 62 626 сотталған және тергеу қамауындағылар ұсталуда, бұл 2009 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша 1734 адамға көп (2009 ж.– 60892). Оның ішінде, ТМ-де 54 452 сотталған жазасын өтеді, бұл 2009 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша 2522 адамға көп (2009 ж.– 51930), ТИ-де 8174 адам ұсталды, бұл 2009 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша 788 адамға кем (2009 ж.– 8962).
Жедел-режим қызметі

Есептік кезең барысында ҚАЖ комитетімен республиканың ТМ-де жедел жағдайды тұрақтандыру және құқықтық тәртіпті ұстану бойынша бірқатар ұйымдық-практикалық шаралар жүзеге асырылды.

Мәселен, ҚАЖ мекемелерінде ұстау режимін нығайту, сотталғандардың қылмыс жасауларын алдын алу, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеуден жалтарған және бас тартқан адамдардың орнын анықтау және ұстауларын анықтау мақсатында «Режим», «Құқықтық тәртіп», «Іздестіру» және «Бақылау» республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Бұл іс-шаралар ҚАЖ мекемелеріндегі ахуал өзгерген жағдайда ҚАЖ қызметкерлерінің және ішкі әскердің бірлескен іс-әрекеттерін өтеу және бекіту мақсатында өткізілуде.

Түзеу мекемелерінің режимді және жедел аппараттарының негізгі бағыттарының бірі сотталғандарға тыйым салынған заттардың өту арналарын жабу болып табылады.


Тәрбие жұмысы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 108-бабына сәйкес (бұдан әрі – ҚР ҚАК), ТМ-да 30 жасқа толмаған сотталғандармен міндетті түрде орта білім алу ұйымдастырылуда. Бүгінгі күні республиканың ТМ-да 54 жалпы білім беру оқу орындары қызмет етуде (2008/2009 оқу жылында - 53), онда 5727 сотталған білім алуда (2009 жылы – 6003).

Бүгінгі күні ҚАЖ мекемелерінде 130 кітапхана бар, кітаптардың жалпы саны – 497265 дана (2009ж. 3 айында – 446865). Оқырмандардың жалпы саны – 19289 (2009ж. 3 айында – 18687).

ҚАЖ мекемелерінде сотталғандармен діни ғұрыптарын орындау үшін 178 сыйыну бөлмелері бөлінген және жабдықталған. Олардың ішінде жеке тұрған мешіт пен орыс шіркеу ғимараты – 38. Сыйынушы сотталғандардың жалпы саны – 9054 адам.


Сотталғандарды құжаттандыру
Сотталғандарды құжаттандыру бойынша ҚАЖ комитетінің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде, 2010 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша құжатсыз жазасын өтеп жатқан тұлғалардың саны 729 адамға дейін төмендеді, олардың ішінде Қазақстан Республикасының азаматы – 162 адам (481 - басқа мемлекет азаматтары, 86 - азаматтығы жоқ адамдар, оларды құжаттандыру Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген), бұл сотталғандардың жалпы санынан 0,25 % құрайды (2009 ж. 3 айында - 107 сотталған немесе 0,17 %).
Қылмыстық-атқару инспекцияларының қызметі

2010 жылғы 3 ай ішінде республиканың қылмыстық-атқару инспекцияларының есебінен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға 27045 адам өтті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1386 адамға көп (2009 ж. 3 айында – 25659). Өткендердің ішінде: 4432 әйел (2009 ж. 3 айында - 4027), 1461 кәмелетке толмағандар (2009 ж. 3 айында - 1641).

Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылған сотталғандармен қайта қылмыс жасалды, 2010 жылғы көрсетілген кезеңде 154 (2009 ж. 3 айында - 154) қылмыс.

Ағымдағы жылы қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау сапасын жақсарту бойынша мақсатты және жоспарлы жұмыс жүргізілді.

Мекен-жайы және жұмыс орны бойынша жазаны өткеру жағдайын және тәртібін жүйелі бұзатын барлық есепте тұрған тұлғаларды тексеру, жазаны өткеруден жасырынған тұлғаларды іздеу және ұстау, сонымен қатар қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталғандар арасында қайталама қылмыстың жолын кесіп, алдын алу деңгейін көтеру және ішкі істер органдарымен өзара әрекеттесуді жақсарту мақсатында, ҚАИ «Іздеу» республикалық режимді-алдын алу іс-шарасына қатысты.
Медицина қызметінің жұмысы туралы

Есеп беру кезеңінде ҚАЖ комитеті және оның аумақтық бөлімшелері сотталғандарға және тергеу қамауындағыларға медико-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Адам құқығы сұрақтары бойынша халықаралық көлемде еліміздің теріс беделін қалыптастыруға жол бермеуге бағытталған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, ӘдМ, ДМ, ІІМ, ҚР ҰҚК-мен бірлескен «Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде және тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын тұлғаларды куәландыру барысында денсаулық сақтау органдарының немесе соттық-медициналық сараптама мекемелері қызметкерлерінің міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету» туралы бұйрыққа қол қойылды.

Қарағанды қаласында ҚАЖКБ бастығының ЕАЖ жөніндегі орынбасарларымен және медицина қызметкерлерімен, туберкулезге қарсы мекемелерде, соматикалық және психиатриялық ауруханаларда «2009 жыл ішінде ҚАЖ мекемелерінде ұсталынған тұлғаларға емдеу алдын-алу көмегін көрсетуді және санитарлы-эпидемиологиялық жақсартуды ұйымдастыру жұмысының қорытындысы және 2010 жылға келешекке арналған міндеттер» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖКБ-да ТБ КДТ пилотты жобаның енгізілуіне тексеріс жүргізілді, қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша ҚАЖКБ тексеріс жүргізуде.


ҚАЖ қызметін құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық

ҚАЖ комитеті басқармаларының аумақтық қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелерімен өзара әрекеттесуі бойынша жұмыс тұрақты бақылауда тұр. Жыл басынан ҚБК-мен ҚАЖ мекемелеріне 249 рет қатынау (2009 ж. 3 айында - 172) барысында 283 құқық түсіндіру шаралары іске асырылды.

ҚАЖ мекемелерінде ұсталынатын тұлғалармен құқық түсіндіру жұмысының деңгейін көтеру бойынша жұмыс жандандырылды. Жыл басынан бері заңкеңесшілерімен 6491 (2009 ж. 3 айында – 3930) құқық түсіндіру шаралары өткізілді (дәрістер, семинарлар, жеке қабылдаулар).

Ағымдағы жылдың басынан бастап шетел азаматтарымен және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен 8 кездесу өткізілді.


ҚАЖ қызметін ақпараттық қамтамасыз ету

ҚАЖ қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ) сындарлы өзара әрекет ету нәтижесінде 2010 жылғы 3 ай ішіндегі пенитенциарлық жүйеге қатысты жарияланымдардың жалпы саны 1976 (2009 ж. 3 айында - 1914) материалды құрады. Бұл ретте, Президенттің жолдаулары мен тапсырмаларын іске асыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, есірткіге қарсы насихатқа, сотталғандардың конституциялық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға, олардың діни нанымға құқықтарын жүзеге асыруға, жалпы және кәсіби білім алуға көп көңіл бөлінді.

Есеп мерзімінде жағымды сипаттағы материалдар жарияланды. Тек республикалық БАҚ-та 90-нан астам материалдар жарық көрді. Халықаралық деңгейде 2010 жылғы 7 наурыздағы Сандей Таймз газетінде «Қазақстан түрмелері Айткенге реформалауға жол көрсетті» атты жариялымды ерекше атауға болады.

ҚР Әділет министрінің бұйрығын орындауда есептік кезеңде Әділет министрлігінің веб-сайтына орналастыру үшін 23 материал жолданды. 2010 жылдың басынан ӘдМ веб-сайтына ҚАЖ қызметі туралы 112 материал жолданды.
ҚАЖ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын және қылмыстардың жолын кесу бойынша қызметі

Ағымдағы жылы ҚАЖ комитетімен ҚАЖ органдарының жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық белгілерін ескерту және жолын кесу бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуге бірқатар шаралар қабылданды.

ҚАЖ органдары қызметкерлерінің арасында тарату үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын қолдану бойынша Жадынама әзірленді.

Ақпанда ҚАЖ органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның көрінісін жою әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ҚАЖ комитетінің басшылық құрамымен кеңейтілген бейне селекторлық кеңес өткізілді.

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 Жарлығын іске асыру барысында азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының жолын кесу мен оны ашуға жәрдемдесуге бағытталған қызметін көтермелеу тетіктерін қамтитын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетін ынталандыру жөнінде шаралар көзделген, пара берушілерді ұстауға көмек көрсеткен қызметкерлер марапаттауға ұсынылды.

Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру

2010 жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша 44583 еңбекке жарамды сотталғандар жұмысқа шығарылды, немесе өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 1895 адамға көп (2009 ж. 3 айында - 42688).

Сотталғандарды қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында, жаңа өндіріс түрлері игерілді, ол РМК өндірістерінде жұмыс істейтін сотталғандардың санын 585 адамға көбейтуге қол жеткізілді (2009ж. жұмыспен қамтылғаны – 13977, олардың РМК-да - 7586, 2010ж. – 14316, олардың РМК-да - 8171).

Жұмыс істейтін сотталғандардың жалпы санынан, мекемелердің шаруашылық қызмет көрсету ретінде еңбекпен қамтылғаны 3318 адам (2009г. – 3352 адам); басқа ұйымдарда – 2827 адам, ол 2009 жылғы осы кезеңінен 212 адамға төмен (3039 адам).

Еңбекпен қамтылған сотталғандардың орташа республикалық көрсеткіші 32,1 % құрайды.

16 наурызда ҚАЖ комитеті төрағасының м.а. Қ.М. Есқалиевтің жанында Астана қ. ҚАЖКБ «Еңбек» РМК-ның «Еңбек-Ақмола», «Еңбек-Аршалы», «Еңбек-Орал» жұмыс кеңесі өтті.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 104-бабына сәйкес, ТМ-да кәсіби мамандықтары жоқ сотталғандарға техникалық және кәсіби білім беру немесе кәсіби дайындау жүзеге асырылуда, бұл кейін сотталғандардың осы мекемелерде немесе босатылғаннан кейін жұмыс жасай алуына мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні республиканың 44 ТМ-да 3691 сотталғандарды 42 мамандық бойынша (электр жөндеуші, дәнекерші, токарь, тігінші, тасшы, мотор жүргізуші, электрмонтер, газэлектрдәнекерші және т.б.) кәсіби оқыту ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сотталғандардың теориялық білімдерін нығайту мақсатында, оларға өндірістік тәжірибеден өтуге барлық жағдайлар жасалған.


«Еңбек» РМК қызметі

2010 жылғы 3 ай ішінде «Еңбек» РМК қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша өнімдерді, жұмыстарды және қызмет көрсетуді іске асырудан 386078 мың. теңге сомасына табыстар алынды, жоспарлы тапсырмада 411638 мың. теңге болатын, яғни 94 %. 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2009 ж. – 489505 мың. теңге) өнімдерді, жұмыстарды және қызмет көрсетуді іске асыру бойынша нақты кіріс 34550 мың. теңгеге төмендеді.



Өндірістік өнім 336201 мың теңге сомасына шығарылды, ол өткен жылмен салыстырғанда 3154 мың теңгеге көп (2009 ж. –320608 мың теңге).
_____________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет