В подземных горных выработках



бет1/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#141815
  1   2   3   4
ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ ЖЕРАСТЫ

КЕН ҚАЗБАЛАРЫНДАҒЫ ҚОРҒАУ ИМАРАТТАРЫ
ЗАЩИТНЫЕ СООРУЖЕНИЯ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ

В ПОДЗЕМНЫХ ГОРНЫХ ВЫРАБОТКАХ

Енгізілген күні 2002.03.01.
КIРIСПЕ
1 ЖАСАЛҒАН: «Азаматтұрғынжобасы» жобалау-өндірістік бюросымен.

2 КЕЛІСІЛГЕН: ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігімен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Өртке қарсы қызметі Мемлекеттік Департаментімен, Мемсараптама РМК-ымен.

3 АУДАРЫЛҒАН: «Геотехстройинновация» ЖШС-імен.

4 ӘЗIРЛЕНГЕН: «KAZGOR» Жобалау академиясымен мемлекеттік тілге аударылуына байланысты қайта басуға.

5 ҰСЫНЫЛҒАН: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (ҚР ИСМ) Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасымен.

6 ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ

ҚОЛДАНЫСҚА ҚР ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 26.05.2004 ж. № 251 бұйрығымен

ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI: 01.09.2004 жылдан бастап.

7 Осы ҚР ҚНжЕ Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің (ҚР ЭжСМ) 2001 жылғы 29 маусымдағы № 146 бұйрығымен 01.03.2002 жылдан бастап iске енгiзiлген орыс тiлiндегi «Азаматтық қорғаныстың жерастылық тау-кен қазбаларындағы қорғаныстық имараттары» ҚР ҚНжЕ В.2.4-4-2000-ның теңтүпнұсқалық мәтiні және мемлекеттiк тiлдегi аудармасы болып табылады.

8 ОРНЫНА: ҚР ҚНжЕ В.2.4-4-2000.


МАЗМҰНЫ
1 Жалпы ережелер

2 Көлемді-жоспарлау және құрЫлымдық шешімдер

Пананың қорғалған кіреберістері

Құрылымдық шешімдер

3 ҚАЗБАЛАРДЫҢ қорғаушы құрЫлымдары мен құрЫлымдық

элементтерінің есебі

Негізгі есептік ережелер

Соққы толқыны кіруінің жүктемелері

Ұзын бойлықты қазбалар контурындағы жыныстар тұрақтылығының есебі

Ұзын бойлықты қазба бекітпесіне жыныстық құлау әсерінен түсетін эквивалентті статикалық жүктеме есебі

Камерааралық кентіректер мен камералы қазбалар төбелерінің орнықтылық есебі



4 Инженерлік-техникалық жабдық

Паналарды желдету

Радиацияға қарсы тасаларды желдету

Сумен жабдықтау және ассенизация

Электрмен жабдықтау, жарық және байланыс

Өртке қарасы талаптар

1-қосымша «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002-нің 1-қосымшасына сәйкес

2-қосымша Қос шлюзді кіреберістер құрылысының сұлбалары

3-қосымша Паналардан бөлінген қорғалған кіреберістер құрылысының сұлбалары

4-қосымша Қазбалардың конфигурациясы мен қимасының жергілікті өзгерістер кезіндегі соққы толқынының Ккір кіру және Ктой тойтарылу коэффициенттері

5-қосымша Түрлі кескінді қазбалардың контурындағы тангенциальды және ысырылмалы

кернеулердің шоғырлану коэффициенті

6-қосымша Қысуға есептік кедергісіне байланысты созылуға және қиылуға жыныстардың

есептік кедергілерінің мәндері

7-қосымша Сейсмикалық жарылыс толқыны әсерінен қазбалардың тіреулерінде

болатын күштерді есептеу әдістемесі

8-қосымша Камера төбелері мен камерааралық кентіректерінің көтеруші қабілеті

коэффициенттерінің мәндері

9-қосымша Қазбаларда ауаның табиғи тартымы параметрлерін өлшеуді өткізу

бойынша нұсқаулар

10-қосымша. Сілтемелік нормативтік-техникалық құжаттардың тізімі
Осы нормалар жерасты кен қазбаларында орналасқан және соғыс уақытында кеніштерде, шахталарда және басқа объектілерде ауысымдық жұмыс істейтін жұмыскерлер мен қызметшілерді, сондай-ақ тұрғындарды ықтимал қарсыластың қазіргі заманғы зақымдайтын құралдардың әсерінен және бейбіт кезеңдегі төтенше жағдайларда қорғауға арналған азаматтық қорғаныстың қайтадан салынатын және қалпына келтірілетін қорғау имараттарын (паналар мен радиацияға қарсы тасаларды) жобалауға таралады.

Кен қазбалары тасаланушыларды соққы толқынынан, өтетін радиациясының сыртқы гамма-сәулесінен, радиациялық тозаңының тікелей түсуінен және жарық сәулесін алудан жоғары қорғану қамтамасыз етеді.


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Азаматтық қорғаныстың жерасты кен қазбаларындағы қорғау имараттарын жобалау кезінде, осы норма талаптарынан басқа, ҚР ҚН «Экономика салаларының өңделген кен қазбаларында орналасқан объектілерін жобалау жөніндегі нұсқауы», «Жерасты кен қазбалары» ҚНжЕ талаптарын және Құрылыс істері жөніндегі комитет бекіткен және келісілген қолданыстағы басқа нормативтік құжаттардың талаптарын, сондай-ақ өнеркәсіптің тиісті салаларының кәсіпорындарына арналған қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Ескерту - Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары, бұдан әрі - «қорғау имараттары», жерасты кен қазбалары - «қазбалар» деп аталады.
1.2 Қорғау имараттары бейбіт уақытта өндірістің жұмысын бұзбауға тиіс.

1.3 Объектінің қазба жүйесінде, қағида бойынша, тасаланушыларды қысқа уақытқа орналастыру мүмкіндігімен қамтамасыз ететін бір қорғану имараты қарастырылады.

Кен қазбаларының кен-техникалық жағдайлары тасаланушылардың барлығын бір қорғау имаратына жинауға мүмкіндік бермеген жағдайда, техника-экономикалық негіздемеде бір объектіде екі қорғану имаратын және неғұрлым нақты жағдайды қарастыруға рұқсат етіледі.

1.4 Қорғау имараттарын ұзын кен орындарына (квершлагтарға, штректерге, штольняларға, еңіс оқпандарға, оқпан сақтау аулалары орындарында) орналастыру керек.

Қазбалар қимасының пішіндері әр түрлі болады: тік бұрышты, трапеция тәрізді, күмбезді және аркалы (сұлба 1).

Құрылыс материалдарын, тасты және калий тұздарын өндіретін кәсіпорындарда қорғану имаратының орнына орнықты камераларды да пайдалануға болады. Осы мақсатқа лайықталған, бекітілмеген төбелері бар камералардың биіктігі 6 м-ден аспауға тиіс.




а )

б )

в )

г )
2
1-сұлба - Кен қазбалары қимасының

а) тік бұрышты; б) трапециялы;

в) қосылысты; г) арқалы пішіндері.
Кен қазбаларының көлденең өлшемдері олардың мақсатына қарай анықталады және үлкен шекте ауытқуы мүмкін.

Тасаланушыларды орналастыруға пайдаланылатын қазбалардың аз өлшемдерінің биіктігі 8 м және ені 2 м болуға, еңіс бұрышы 18°-тан аспауға тиіс.

1.5 Қорғау имаратына, қағида бойынша, табиғи тартым қозғалысының бағыты жыл бойында өзгеріссіз болған кездегі табиғи желдеткіш жағдайында таза ауамен желдетілетін кен орнын бейімдеу (қосу) керек.

Тасаланушыларды орналастыру үшін, қалыпты (өндірістік) желдету кезіндегі ауа температурасы 27 °С жоғары емес кен орнын пайдалану қажет.

1.6 Қорғау имаратына лайықталған кен орындары мен тасаланушыларды эвакуациялау жолдарының беті осы қазбаларын пайдаланудың белгіленген мерзімі және ішінде беткі сулардың басып қалуына және зиянды газдармен газдануға ұшырамауы тиіс.

Қорғау имараттарын қазбаларында жобалау кезінде «Су басатын және суға батқан аймақтардағы инженерлік қорғау» ҚР ҚНжЕ сәйкес су басу мен суға батудан инженерлік қорғау жөніндегі талаптарды сақтау қажет.

1.7 Қорғау имараттары кіретін қазбаларымен байланыста және сыртқа шығатын кем дегенде екі шығаберісі болуға тиіс.

Пананы сыртқа шығаберістердің орналасуын ескере отырып жобалау кезінде, ҚР ҚНжЕ «Азаматтық қорғаныстық қорғау имараттары» 1-қосымшасына сәйкес, шыға берістердің бірі апаттық шығаберіс ретінде жабдықталуы тиіс.

Радиацияға қарсы таса бір сыртқа шығаберісі бар қазбаларына орналастыруға қорғау имараты мәжбүр желдетумен қамтамасыз етілгенде ғана рұқсат етіледі.

1.8 Тасаланушылардың құрамы мен саны қорғау имаратының тапсырмасында тасаланушылардың лайықталынған қазбаларында жиналуының нақты жағдайларын ескере отырып анықтайды.

1.9 Қорғау имараттарында жерасты ауысымындағы жұмысшылар мен қызметкерлерді, ал еңіс бұрышы 30 °С-тан аспайтын штольнялар мен оқпандар бар болғанда, бұдан басқа, сыртта жұмыс істейтін жұмысшылармен қызметкерлерді, сондай-ақ тұрғындарды қорғауды қарастыру керек.

Қажет жағдайда, тасаланушылардың үстіңгі істеушілердің жиналу радиусын ескере отырып, штольнялар мен оқпандардың паналарына кіретін жерлерге паналардан бөлек қорғалған шыға берістерді салу керек.

1.10 Тасаланушыларды қорғау имаратына лайықталған қазбаларына жоғарыдан түсірудің тиісті негіздемесінде баспалдақ (саты) бөлімдерімен жабдықталған, оның тереңдігі (түсу ұзындығы) 100 м аспаған кездегі еңіс бұрышы 30 °С асатын оқпан пайдаланылуы мүмкін.

Мұндай жағдайда пана жобаларында қорғау имаратының жоғарғы бетінде 2.12,2.12.1-т.т. талаптарына сәйкес, тасаланушыларды жинайтын құрылыс салуды қарастыру керек.

Жерасты ауысымындағы жұмысшылар мен қызметкерлерді және жоғарыда жұмыс істеушілерді қорғау үшін жиналатын баспананы жобалаудың дұрыстығын бұл нұсқаны жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау үшін қазбалары мен жоғарғы сыртқы паналар салуды қарастыратын нұсқамен техникалық-экономикалық салыстыру нәтижесінде анықтау керек.

1.11 Тасаланушылардың қорғау имараттарындағы жиналу радиусы мен уақытын ҚР ҚНжЕ «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» 1-қосымшасына сәйкес қабылдау керек.

1.12 Адамдардың қозғалысы үшін ені 1 м өткелмен жабдықталған кіру қазбаларының өткізу қабілетін тең қабылдау керек: еңісі 7 °С дейінгі қазбаларында минутына 80 адам, 7 °С-тан 15 °С дейін 60 және еңісі 15°-тан 30°-қа дейінгі қазбалары үшін минутына 40 адам.

Механикалық көтергішті пайдалануға тұрақты электрмен жабдықталған объектілердегі радиацияға қарсы тасаларды соғыс уақытында толтыру үшін ғана рұқсат етіледі.

1.13 Қорғау имараты режиміне лайықталған қазбаларын ауыстыру мерзімі мен тасаланушылардың қорғау имаратында болуының есептік ұзақтығын ҚР ҚНжЕ «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» талаптарына сәйкес қабылдау керек.

1.14 Қорғау имараттарын, соның ішінде, жаңа салынып жатқан және қалпына келтірілетін объектілері арнайы тапсырмамен жобалау керек.

Қорғау имараттарының жобалау тапсырмасының құрамын, жобалануының сатылылығын, әзірлемесі мен жобаларының рәсімделуін өнеркәсіптік құрылыстың жобалар мен сметаларының әзірлемесі жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, ҚНжЕ «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» 1-қосымшасында көрсетілгендерді ескеріп қабылдау қажет.

Тапсырмада қорғау имаратының (паналар үшін) класы, тасаланушылардың құралы мен саны, басқару тармағында жұмыс істейтіндердің осы қорғау имаратына орналастырыла қалған жағдайдағы саны, екінші қайтара зақымдану факторлары жөніндегі мәліметтер мен басқа да қажетті деректер қосымша көрсетілуі тиіс.

Пана класын ҚР ҚНжЕ «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» талаптарына сәйкес қабылдау керек.

Қорғау имараттарын жобалау тапсырмасына қазбалардың жаз және қыс мезгілдеріндегі табиғи тартымы мен ауасынан газ құрамын өлшеу актілерін және лайықталған кен орындары мен сыртқа шығаберістерді алдын ала зерттеу материалдарын қосу керек.

1.15 Жаңа салынып және қалпына келтірілген объектілердегі қорғау имараттары құрылысының сметалық құнын жергілікті смета бойынша анықтайды. Қорғау имараты құрылысына жұмсалатын шығынға тиісті қазбалары мен имараттардың объектілік сметасын қосу керек.
2 КӨЛЕМДІ-ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ШЕШІМДЕР
2.1 Қорғау имараттарында тасаланушыларды, ауыз су қорын сақтауға арналған ыдыстарды, азық-түлік қоймасын, санитарлық тораптар жабдықтарын, дәрігерлік орындар (санитарлық постылар) орналастырылатын алаңдар қарастырылуы тиіс. Қажет жағдайда, объектіні басқару орнында желдеткіш жабдықтар және қорғалған автономды электрмен жабдықтау көзі орналастырылатын алаңдар қарастырылуы керек.

Кен қазбасында баспананы жоспарлау варианты 2-сұлбада көрсетілгені.

2.2 Тасаланушыларды орналастыру үшін орын едені ауданы нормасын тең етіп алу керек: 11 жасқа дейінгі балалар, емізуші және екіқабат әйелдер мен қарттар үшін - 1 м2-ге 10 адам, қалған тасаланушылар үшін - 0,6 м2-ге 1 адам.

Тасаланушылардың баспаналардағы орналасу нормасын жылу жағдайына қарай, 1-кестеге сәйкес тексеру керек.



6 7
2-сұлба - Кен қазбасында пананы жоспарлау нұсқасы.

а) пана сұлбасы; б) пананы желдету сұлбасы;


1 - тамбур; 2 - санитарлық торабы; 3 - суы бар вагонеткалар; 4 - сәкі-төсектер; 5 - басқару орыны; 6 - дәрігерлік орын; 7 - сүзгіш-желдеткіш камера; 8 - тамбур-шлюз; 9 - пана; 10 - қазбалар бойынша ауаның қозғалыс жолы; 11 - шахтаның тік оқпаны; 12 - табиғи желдету кезіндегі таза ауаның қозғалу бағыты; 13 - баспана толған кездегі адамдардың қозғалу жолы; 14 - адамдарды эвакуациялау жолдары.
1-кесте


Жылдық жазғы уақытына лайықталған қазбаның қалыпты (өнеркәсіптік) желдету кезіндегі ауа температурасы, tа,0С

Қазбаның ішкі бетінің бір тасаланушыға есептегендегі ең аз ауданы, м2

21 дейін

21 жоғары 25 дейін

25 жоғары 27 дейін


1,5

2,0


2,5


Ескерту - Өткен қазбаларында tа ауа температурасы нақты жағдайда өлшенеді, жобаланатындарда есеппен анықталады.
2.3 Өте күшті улы заттардың (ӨКУЗ) қауіпті ықпалына, сондай-ақ жоғары беттегі өрт кезінде көміртек тотығы мен көмірқышқыл газының газдануына ұшыраған объектілердің паналарындағы лайықталған қазбаларының ішкі көлемі бір тасаланушыға 5 м3 есептегендегідей болуға тиіс. Мұндайда баспанаға жанасып жатқан, табиғи тартымның әсерінен ауа шығып, ең жақын желдету торабына дейін баратын қазбаның әрқайсысының (м3) ішкі көлемі кем емес тең болуға тиіс (mК, mШ - панаға жанасатын қазбаларының панаға келетін және одан табиғи желдету кезінде шығатын ауа ағынына сәйкес саны).

ӨКУЗ-дың қауіпті әсеріне ұшырауы мүмкін объектілердің тізбесін министрліктер мен ведомстволар белгілейді. Ауа беретін оқпандар мен штольнялар ауданындағы көміртек тотығы мен көмірқышқыл газының күтілетін және жіберуге болатын шоғырлануын ҚР ҚНжЕ «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» талаптарына сәйкес анықтау керек.

2.4 Қорғау имараттарында 11 жасқа дейінгі балаларды, емізуші және екіқабат әйелдер мен қарттарды жататын орындармен 10 % қамтамасыз етуді қарастыру керек.

Қалған тасаланушылар үшін 75 % отыратын және 25 % жататын орындар қарастырылуы тиіс.

Отыратын және жататын орындарды ҚР ҚНжЕ «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» талаптарына сәйкес жабдықтау керек.

Орналастыру үшін бөлмелер өлшемі 0,55 ´ 1,8 және 0,45 ´ 0,45 м сәйкес жататын және отыратын орындармен жабдықталуы тиіс.

Бір адамға қазба еденінің 1 м2 бөлінеді.

2.5 Тасаланушылардың жаяу жүруіне арналған қазбалары жабдықталуы тиіс: бұрышы 7°-тан 15°-қа дейін болғанда - қанаттармен, 15°-тан 30° дейін басқыштары мен қанатты баспалдақтармен, 30°-тан 45° дейін - қанатты баспалдақтармен, 45°-тен жоғары - баспалдақ бөлімдерімен.

2.6 Азық-түлік қоймасының ауданын ҚР ҚНжЕ «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» талаптарына сәйкес алу керек.

2.7 Санитарлық тораптарды 75 адамға бір тесік және 200 адамға бір қолжуғыш, бірақ санитарлық торапқа кем дегенде біреуден болатындай ерлер мен әйелдерге бөлек жобалау керек.

Санитарлық тораптарды қорғау ғимаратының ауа ағынын шығатын жағына орналастыруды қарастыру керек.

2.8 Қорғауш имараттарында әр 500 тасаланушыға 2 м2 ауданға бір санитарлық орыннан келетіндей етіп, бірақ қорғау имаратына кем дегенде біреуден санитарлық посты қарастыру керек.

Қорғау имаратындағы тасаланушылар саны 1000 адамнан асса, санитарлық орындардан басқа жалпы ауданы 25 м2 оңашалау бөлмесі бар дәрігерлік орын қарастырылуы тиіс.

2.9 Жерастындағы қорғау имаратындағы объектіні басқару орнын ҚР ҚНжЕ «Азаматтық қорғаныстың қорғау имараттары» талаптарына сәйкес жобалау керек. Мұндайда жұмыс бөлмесі мен байланыс бөлмесінің жалпы ауданын 30 м2 дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі.

2.10 Желдету жабдығын қорғау имараттарының кіреберістеріне жақын, қазбаларының технологиялық жабдықтаудан бос алаңдарына орналастыру керек.

Қажет болса, осы мақсатта қазбаларын немесе арнайы имаратта, қағида бойынша, тұйық қазбаларын (камераларды) кеңейтуді қарастыруға болады.

2.11 Қорғау имаратының автономды электрмен жабдықтау көздерін (дизельді электр станциялары, аккумулятор батареялары) қазбаларындағы одан шығатын немесе тазаланған ауа ағыншасымен желдетілген қорғаныш ғимаратына жақын немесе ауа ағыны шығатын қорғау имаратының шегінде, тасаланушыларға арналған жайдан тыс жерге орналастыру керек.

Тиісті негіздеме болған кезде пананың жоғары бетінде орнатылған автономды электрмен жабдықтау көзін пайдалануға рұқсат етіледі.

2.12 Терең емес шахталарда (100м дейін) жұмыс істеушілер үшін қосылған паналар пайдалануға тиіс. Мұндай паналардағы адамдар үшін бөлме кен қазбаларында орналастыруы және тек қана жерасты емес, сондай-ақ жұмыс істейтін ауысымның жер үстіндегі қызметшілеріне де арналуы керек. Мұндай пана екі секциядан - өзара адамдарды түсіру мен көтеру үшін жабдықталған арнайы шурфтармен біріктірілген жерүсті және жерасты секцияларынан тұруға тиіс. Жер үстіндегі секцияларда сыртта (жоғарыда) істейтін адамдарды уақытша орналастыруға арналған бөлмелер, сондай-ақ желдетуші камера орналастырылуы тиіс. Пананың терең емес шахтада орналасуы 3-сұлбада келтірілген.

Жер үстіндегі қызметшілерді қорғау үшін, сондай-ақ ауысым жүріп жатқан кезде жұмыс істеушілерді қорғау үшін сыртқы пана-жинаушы (жиналатын баспана) пайдаланылады, ол оқпанмен немесе негізгі жерасты панасы галереясымен жалғасуға және көтеру механизмдерімен жабдықталуға тиіс.

Жинаушы класы жерасты панасының класына сәйкес келуі және панаға қажетті инженерлік-техникалық жабдықтармен жарақтандырылуы тиіс.

2.12.1 Тасаланушыларды жинайтын орын панаға түсу үшін пайдаланылатын ұзындығы 2-3 м және қимасы 1,2 х 2 м болатын галерея оқпанымен байланысуы тиіс.

Жинаушының жалғастырушы галереясын қоса алғандағы ауданын сырттағы ауысымда жұмыс істейтін тасаланушыларды норма бойынша адам басына 0,15 м2 қысқа мерзімге орналастыру есебінен алу керек.

Жинаушының кіреберісі тамбур-шлюзбен жабдықталғаны жөн. Тамбур-шлюздің ауданын және ондағы есіктің енін «Азаматтық қорғаныстық қорғау имараттары» ҚН ҚНжЕ азаматтық қорғаныс баспалдақтарының тамбур-шлюзіне қойылатын талаптарға сәйкес алу керек.

Тасаланушыларды түсіру үшін қимасы үлкен емес (7 м2 дейін) технологиялық оқпандар немесе шурфтар қолдануы мүмкін.

3-сүлба - Пананың терең емес шахтада орналасуы.


1 - жерүсті секциясы; 2 - жерасты секциясы; 3 - адамдарды түсіру мен көтеруге жабдықталған арнайы шурф; 4 - жерүсті секциясының ауа қабылдағышы; 5 - сорғыш; 6 - жерүсті секциясының қорғаушы-герметикалық есіктері; 7 - кіреберіс павильоны; 8 - жаяу жүргіш; 9 - қорғаушы-герметикалық маңдайшалар; 10 - баспалдақ.
Жинаушы мен оқпан ядролық қарудың бүлдіру факторының әсерінен пананың қорғау дәрежесіне сәйкес қорғануы тиіс.

2.13 Зақымдалған киімді сақтауға арналған орынды қорғау имаратына кіреберіс жерден қарастыру керек.


Пананың қорғалған кіреберістері
2.14 Панаға кіреберістердің санын, олардың орналасуы мен құрылымдық шешімдерін жобаларда пайдаланатын қазбаларының сұлбасын, тасаланушылардың саны мен орналастырудың соққы толқынның кіру параметрлері мен қазбаларындағы ауаның табиғи тартылыс қозғалысының сипатын ескеріп анықтау керек. Паналарды ұзыннан ұзақ созылған қазбаларына орналастыру кезінде, қағида бойынша, пайдаланатын қазбаның қарама-қарсы жақтарынан екі есік қарастыру керек.

Атмосфера зақымдалған жағдайда тасаланушыларды панаға жіберуді, қағида бойынша, панадан ауа ағыны шығатын қазбасынан қарастыру керек.

2.14.1 Панадан ауа ағыны шығатын қазбаларында орнатылған кіреберістерді соққы толқынының кіру бағытындағы қысым 0.01 МПа (0.1 кгк/см2) артық болғанда бір камералы тамбур-шлюзбен және соққы толқынның кіру бағытындағы қысым кем дегенде 0.01 МПа (0.1 кгк/см2) тең болғанда бір герметикалық маңдайшасы бар есікпен жабдықталуы керек.

2.14.2 Өлшеу мәліметтері бойынша табиғи желдету жағдайында панаға ауа келіп түсетін қазбаларында орналастырылған кіреберістерді, соққы толқынның кіру бағытындағы қысымының шамасына қарамастан, бір камерлы тамбур-шлюзбен жабдықтау керек, ол атмосфера зақымдалған тасаланушыларды панаға жіберу үшін, бұл қазбаларын пайдалануға қажеттілік болған жағдайда, оларды бірінен соң бірі орналасқан тамбур-шлюз бен шлюзді камералардан тұратын қос шлюзді кіреберіспен жабдықтау керек.

Қос шлюзді кіреберістерді қазбасына орналастырған жағдайда сүзгіш - ауа тартқыш агрегатпен ауа қабылдауы жүзеге асыратын, тамбур-шлюз желдетілетін болуға тиіс.

Қос шлюзді кіреберістердің сұлбасы 2-қосымшада келтірілген.

2.14.3 Паналарға жанасқан кірілмейтін, сыртпен байланысы бар қазбаларына тамбур немесе маңдайша орнатуды қарастыру қажет.

Тамбур құрылысын ауа табиғи тартым әсерінен панаға кіретін қазбаларында қарастыру керек, бір маңдайша жасау - қазбаларында, одан ауа табиғи тартым әсерінен панадан шығады.

Тамбурды саңылаусыз маңдайшалардан жасағанда ішкі маңдайша өлшемі 0,7 x 0,7 м герметикалық терезе қақпағымен жабдықталуы тиіс.

2.15 Желдетілетін шлюз-тамбурдың ауданын және оған жапсарлас шлюзді камераның ауданын атмосферамен уланған жағдайда панаға жіберілетін әр 25 адамға 1 м2-ден келетіндей есеппен алу керек.

Барлық тамбур-шлюздердің, шлюзді камералар мен тамбурлардың ені есік тақтасы енінен кем дегенде 0,6 м-ден артық болуға тиіс.

2.16 Штольняларда және еңкіш оқпандарда орнатылған және жасырынушыларды сырттан өткізуге пайдаланылатын есіктердің енін кіреберіске келген тасаланушылардың санына қарай «Азаматтық қорғаныстық қорғау имараттары» ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес анықтау керек.

Панаға кіреберістегі есіктердің ені 0,8 м кем болмауға тиіс.

2.17 Соққы толқынының кіру бағытындағы қысым 0,01 МПа (0,1 кгк/см2) жоғары болғанда тамбур-шлюздердегі маңдайшаның екеуі, тамбурдағы сыртқы маңдайшалар, жалғыз маңдайшалар және есіктер қорғаушы-герметикалық, қалған маңдайшалар мен есіктер герметикалық болуға тиіс.

Соққы толқынның кіру бағытындағы қысым 0,01 МПа (0,1 кгк/см2) тең және кем болғанда барлық маңдайшалар мен есіктер герметикалық болуға тиіс.

2.17.1 Горизонтальды және көлбеу қазбаларында соққы толқынынан қорғауға қорғаушы-герметикалық маңдайшалар және қорғаушы (қорғаушы-герметикалық) есіктер жасау арқылы жетуге болады (4 және 5-сұлбалар).


5
4-сұлба - Көлденең және көлбеу қазбаларында маңдайшалар мен қорғаушы (қорғаушы-герметикалық) есікті (қақпаны) орнату
1- қорғаушы (қорғаушы-герметикалық) есік; 2 - кен қазбасында тұтас құйма темірбетон маңдайшасы; 3 - кен қазбасы; 4 - металл табақ; 5 - еден деңгейі.

4
5-сұлба - Қорғаушы-герметикалық есігі бар темірбетон қорғаушы-герметикалық маңдайша
2.18 Панадан бөліктенген, көлбеу оқпандар мен штольняларда орналасқан қорғалған кіреберістерде шамасы 0,01 МПа (0,1 кгк/см2) аспайтын соққы толқынды өткізетін қорғаушы маңдайшалар мен есіктерді орнатуды қарастыру керек.

Панадан бөлінген қорғалған кіреберістер орнатуының мүмкін сұлбалары 3-қосымшада келтірілген.

2.19 Штольнялар мен көлбеу оқпандарға орналастырылатын кіреберістерді, қағида бойынша, тасты немесе жартылай тасты жыныстарға кіреберіс аражабынының үстіндегі жыныстың қалыңдығы қазбаның кем дегенде екі аралығына тең болатындай етіп орналастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет