Р/с
№
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге
тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік
органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
«Шымкент қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1110 қаулысына сәйкес Ордабасы, Сайрам, Төле би аудандарының әкімшілік шекаралары жерлерінің бөлігі Шымкент қаласының шегіне енгізілді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша 2013 жылдың 1 қазанына Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1065259 адамды құрады, ал 2015 жылға дейін 1105716 адамды құрайтын болады. Халық санының жыл сайынғы өсуі бір мемлекеттік мекемеде заң қызметтерін алушылардың жаппай жиналуына әкеп соғады, бұл халықтың арасында наразылық тудырады. Үш аудандық әділет басқармасына бөлу уақытылы және сапалы заң қызметтерін көрсетуге ықпал етеді
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдар
|
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды
|
4.
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бекітілген штат саны және 001 «Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын бөлінетін қаражат шегінде жүзеге асырылатын болады
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
|
Халықтың өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту. Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы.
Әділет органдары көрсететін және қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын қамтамасыз ету
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/ немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
Жоқ
|
7.
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Қажет етпейді
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Қажет етпейді
|
9.
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
|
Рұқсат етілді
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)
|
Жоба www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
|