Қ азақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СОӨЖ 5
М.Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрік" еңбегіндегі сөз таптарының функциялық тұлғалары мен категориялары (ізденіс)
6В01701- "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы
3 курс
301-топ
Орындаған : Есенбек Қарлығаш
Қабылдаған : Қобланова А.Ж.
Алматы - 2023ж
М. Қашқаридың сөздігі құрылымдық-әліппелік принциппен, сөздердің сөз таптарын есепке ала отырып жасалған. Сонымен қатар ұлы лингвист М.Қашқари түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін салыстыру тұрғысында беруді де қамтыған . «Сөздік» әліпбилік емес, буындық қағида бойынша құрастырылған.
Сөз таптары туралы ілімде М.Қашқари кейінгі замандардағы басқа да шығыс филологтары секілді араб мектебінің ілімінің ізімен жүрді. Сондықтан да ол сөз таптарын:
етістік
есім (зат есім, сын есім, сан есім)
көмекші сөздер деп бөлді.
М.Қашқаридың ең көп талдау мен саралауға , жинақтау мен жүйелеуге салған сөз табы етістік болды. Араб грамматикалық мектебінің формальды-логикалық әдісі оған қатты әсер еткендіктен , кейде сөзөзгерім және сөзжасам ілімдерінде жасанды сөз формалары мен синтаксистік модельдер жасауына әкеліп соққан тұстары бар.
М.Қашқари сөзжасам тұрғысынан келгенде, есімдер мен етістіктерді туынды және туынды емес деген түрлерге бөліп , есімдердің сөз тудырушы жұрнақтарын жіктеп көрсетеді. Етістіктерге келгенде , етіс формаларының жүйесін түбегейі талдап, етістіктің түбір формасы (ал-асл) бұйрық райлы ІІІ жақтағы етістік деп есептейді.
Есім сөздерді жіктеуі :
Түпкілікті есім
|
Жасанды есім
|
Деген сөздер мысал бола алады. Олар басқа сөздермен жасалмаған.
|
Мұдай сөздер қатарына басқа сөздерден жасалынатын сөздердің бәрін жатқызған
|
М. Қашқари аталған кітабында етістіктен жасалатын есімдер етістіктің соңына 12әріптің бірін қосу арқылы жасалатынын жазған.
Одан бөлек, М.Қашқари еңбегінде есімдерден етістік құрайтын жұрнақтарды да тізбектеп көрсеткен екен.
М.Қашқаридың етістіктердің өткен шағы хақындағы пікірлері :
1.
|
«Етістіктің түзілімінде етістіктің өткен шағы мен бұйрық райы түбірлес болады. Өйткені, өткен шақтағы етістіктің бас әрпі өткен шақ түрінде фатхалық болса, келер шақтағы етістік түрінде масдар да сондай болады. Оның басы өткен шақ сияқты зәммалық болса, келер шақ түріндегі масдар да сондай болады. Егер кесралық болса, келер шақ түріндегі масдар да кесралық болады». Мысалы :
|
2.
|
Іс-әрекетті білдіретін сипат , (яғни есемше ) оғыз, қыпшақ, иемек, яғма, арғу, суварлардан бешенектерге дейінгі көшпелілер тілінде өткен шақ етістігінен жасалады. Мысалы:
|
3.
|
«Араб тілінде етістіктердің барлығы бірдей өткен шақ, келер шақ, масдар түрлерінде бір-бірінен ажыратылады. Өзара үйлеспейді. Ал, түркі тілдерінде олай емес! Барлық етістік ортақ бір ережеге бағышады. Демек, екі, үш, төрт, бес, одан да көп әріптерден түзілетін етістіктер өткен шақ, келер шақ, масдар түрлерінде бір сипатты ережеге сай жасалады.»
|
4.
|
«Етістік бұйрық райларынан жасалады»
|
5.
|
«Өткен шақ етістігі барлық етістіктерге –ды,-ді қосылып жасалады. Бұдан еш танбайды. Тек қана қатаң дыбысты –п, -т, -ч, -к секілді әріптерге қосылғанда д әрпі т әрпіне алмасады. Мәселен, тепті, түтті, қашты»
|
М.Қашқаридың етістіктердің келер шағы хақындағы пікірлері :
1.
|
«Етістіктің келер шақ түрі барлық түрдегі етістіктерге –р әрпі қосылу жолымен жасалады: Әтәрәкім , сөз түбірі р әрпімен аяқталып түрса, оған тағы бір –р әрпі қосылып қайталанады. Оның бірі түбір сөздегі р әрпі, екіншісі келер шақ етістігін жасаушы –р әрпі болады».
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |