Primary Smart School Сынып: 1 «А» сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар: сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі Осы сабақ



Дата07.02.2024
өлшемі0.74 Mb.
#491099
түріСабақ
Ашық сабақ Үү дыбысы мен әрпі 1 сынып ҚМЖ


Пәні: Әліппе

Мұғалім: Байбагысова Г.С
Мектеп: Primary Smart School

Сынып: 1 «А» сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ү дыбысы мен әрпі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.9.1 – Сөздегі дыбыс және буын түрлерін ажырату және дұрыс дыбыстау, әріпті тану және оны дыбыспен сәйкестендіру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Ү дыбысы мен әрпін таниды, ажырата алады.

Көптеген оқушылар:

Кейбір оқушылар:

  • Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Жетістік критерийі

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бірін – бірі тыңдауға, жұптасып тапсырмаларды орындай білуге, диалогтік сөйлесу мәдениетін қалыптастыруға баулу.

АКТ қолдану

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, ребус.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, ағылшын,математика

Тілдік мақсат

Үштілділік, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Тақырыпқа байланысты сөздерді үш тілде айту

Сабақтың барысы

Ресурстар

Сабақтың басы 5 минут


Ынтымақтастық атмосферасы



Психологиялық ахуал қалыптастыру:



Топқа бөлу 2 минут
Білім алушыларды 3 топқа бөлемін.
1 – топ: Әріп тобы
2 – топ: Дыбыс тобы
3 – топ: Буын тобы



Интербелсенді тақтадан музыка ойнайды

Сабақтың ортасы 25 минут


Оқулықпен жұмыс


Топтық жұмыс



Білу және түсіну 10 минут
Алдыңғы білім
К к дыбысы туралы алған білімдерін еске түсіру
Жеке жұмыс
Түсіп қалған әріптерді жазу
...на, ...р, ап..., ...ір, ...ілт, е...і, а...па, ш...на, ме...теп,
Дескриптор: Өткен әріптерді біледі, орнына қоя алады, сөз құрастыра алады.
Ашық сұрақтар қою арқылы өткен сабақты бекіту.

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Дыбысты естиміз, тыңдаймыз.

  • Дыбыс нешеге бөлінеді?

  • Дыбыс екіге бөлінеді (Дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар)

  • Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • 2-ге бөлінеді. Жуан және жіңішке.

  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • 3-ке бөлінеді. Қатаң. Ұяң. Үнді.

Оқылым
Өлеңді оқу, түсіндіру.
Мұғалімнің артынан қайталап оқыту
Үйрек десе бірінші Үкі десе бірінші
Үміт десе бірінші Үсен десе бірінші
Үтік десе бірінші Үй десе де бірінші
Бұл әріпті қанекей Кім айтады бірінші? - Хормен - Ү дыбысы.
Жазылым

  1. Ү дыбысының жазылу үлгісін көрсетіп ауада жаздыру, тақтаға жаздыру


Оқулықпен жұмыс: Оқылым
Сөздерді буындап оқу
Кү-шік, гүл, ү-кі, үш, түл-кі, күл-кі, кү-міс, күн, сүт, күт.
Дескриптор: Буынға бөліп оқи алады, сөзде қанша буын бар екенін ажырата алады.
Қолдану 8 минут
Жалпыға арналған тапсырма:
Топтық жұмыс:
Оқушылар топ басшыларын сайлап, топ аттарын қорғау мақсатында топ аттарына сәйкес мысалдар келтіреді.
Оқылым
Мәтінді оқу, түсіндіру
Тізбектей оқыту, әр топтан екі оқушыдан оқыту
Айтылым
Топқа тапсырма
1-топ: Дыбыстарды дұрыс қою
2-топ: Буындардан сөз құрастыру
3-топ: Мультфильм не туралы? Әңгіме құра.
Дескриптор:
Дыбыстарды ажырата алады. Ү дыбысы кездесетін сөздерді таба алады. Сөйлем құрай алады.
Бағалау: топтар бірін-бірі «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды


Оқулық

Білім алушылар келтірген мысалдарын жазып айтып береді.



Сергіту сәті
2 минут

«Бала, бала, балақан!»



Видео
жазбадағы би

Сабақтың соңы
10 минут


Қызықты тапсырма
5 минут

Грфикалық диктант +, -
Әр тапсырманы білім беруші оқып тұрады, егер ол дұрыс болса білім алушылар «+» таңбасын, ал қате болса «-» таңбасын қойып отырады.

1

Ү дауысты дыбыс

+

2

«Күшік» сөзі ү дыбысынан басталады

-

3

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады

+

4

«Үйрек» сөзінде үш буын бар

-

5

Үйрек суда жүзетін құс

+

Жеке жұмыс:
Ребус шешу: Ү Т І К

Дескриптор: Ребусты шеше алады, мағынасын түсінеді.
Оқылым: Дауыстап оқуды ұйымдастыру. Оқулықтағы баған бойынша берілген сөздерді тізбектей оқиды.
Дескриптор: Сөздерді оқи алады

Интребелсенді тақтадан ребус көрсетіледі





Рефлексия


«Бағдаршам» әдісі Кері байланыс


Қорытынды бағамдау
Бүгінгі сабақ барысында көшбасшы және тыңдаушылар, білу және түсіну, қолдану, сәйкестендіру, ажырату, ойын әдістері арқылы өткізген топтық тапсырмаларым табысты өтті. Алдағы уақытта да оқушылар қызығатын және оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын әдіс – тәсілдерді көптеп қолданып, барлық оқушыларды қамтитын « Ашық микрофон» әдісін қолданғым келеді




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет