Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 25 қазан №331 Астана қаласы



Дата26.02.2016
өлшемі261.14 Kb.
#27136



Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы

2013 жылғы 25 қазан №331 Астана қаласы

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы

«Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына және «Мемлекеттiк статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоспарланған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпараттың нысаны бекітілсін.

2. Мыналар осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген толтырылған нысандарды электронды түрде «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы ақпараттық жүйесіне орналастыру жолымен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсынсын және электронды сандық қол қойып куәландырсын:

1) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар;

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар;

3) концессионерлер.

3. Жоспарланған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысанын жыл сайын сатып алуды жүргізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде ұсынсын.

Сатып алынған тауарлары, жұмыстары және қызметтері бойынша ақпараттардың нысаны тоқсан сайын, өсу қорытындысымен есеп беру мерзімінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей ұсынылады.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жергілікті қамтуды дамыту департаменті (С. Кәмелі) заңды тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. «Ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылдағы 13 маусымдағы № 196 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7792 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 8 тамыздағы «Казахстанская правда» газетінде №256-257 (27075-27076); 2012 жылғы 8 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 477-482 (27555) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6. Осы бұйрық «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысына сәйкес ұсынатын тауарларды, жұмыстарды жергілікті қамту мониторингі субъектілері ұсынатын жоспарланған және сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпаратқа қолданылмайды.

7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е.Сауранбаевқа жүктелсін.

8. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары –

Индустрия және жаңа технологиялар

министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ.

КЕЛІСІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Статистика агентігінің төрағасы

___________________Ә.СМАЙЫЛОВ.

2013 ж. 16 қазан

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы №331 бұйрығына 1-қосымша


әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат нысаны
Есептік кезең 20___ ж.
Индексі № 1- ЖО нысаны.
Кезеңділігі: жылдық.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алулары жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар; концессионерлер.
Ұсынылатын орын: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Ұсыну мерзімі – сатып алуды жоспарлап отырған жылдың 1 ақпанына дейін.


Тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Тапсырыс берушінің атауы

экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеушінің коды (6 белгі)

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірлігінің коды (мемлекетаралық өлшем бірлігінің жіктеуішіне сәйкес)

Заттай көріністегі сатып алу көлемі

Жоспарланған сатып алу сомасы, теңге

Сатып алуды өткізу орны (әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды)

Сатып алуды өткізу мерзімі

Тауарды жеткізу, жұмысты атқару, қызметті көрсету мерзімі

Сатып алу жоспарының жылы

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


«Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат» нысанын толтыру түсініктемесі
1. «Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат» нысаны «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. «Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат» нысаны жыл сайын сатып алуды өткізуді жоспарлап отырған жылдың 1 ақпанына дейін ұсынылады.

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұлғасында шоғырланып ұсынылады.

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары – «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес ұйымдардың жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауын, талдауын және ұсынуын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекітілген тізбесіне сәйкес қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді.

5. Нысан мынадай үлгідегі толтырылады:

1-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес мемлекеттік тілде көрсетіледі;

3-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес орыс тілінде көрсетіледі;

4-бағанда өнімнің коды экономикалық қызмет түрлері бойынша 6 белгі деңгейінде көрсетіледі (мысалы: 01.11.33);

5-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы мемлекеттік тілде (нышандардың шексіз санына рұқсат етіледі) көрсетіледі;

6-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы орыс тілінде (нышандардың шексіз санына рұқсат етіледі) көрсетіледі;

7-бағанда өлшем бірлігінің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды);

8-бағанда заттай көріністегі сатып алудың көлемі көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыру үшін баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 50,5);

9-бағанда сатып алудың жоспарланып отырған сомасы, теңгемен көрсетіледі (егер сатып алудың жоспарланып отырған сомасына қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) қосылса, онда сатып алудың жоспарланып отырған сомасы ҚҚС-мен көрсетіледі);

10-бағанда сатып алу өткізілетін орын көрсетіледі (әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес код) (алаң форматы: мәтіндік, 9 сан, мысалы: 710000000);

11-бағанда сатып алуды өткізудің мерзімі көрсетіледі (мысалы: 2011 жылғы мамыр);

12-бағанда тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің мерзімі еркін нысанда көрсетіледі (міндетті түрде толтырылуы қажет алаң, мысалы: 2-жартыжылдық);

13-бағанда сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі (мысалы: 2012);

6. Ақпарат нысаны тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылады және электрондық түрде .xls форматында (Microsoft Excel 2003) ұсынылады.

7. Ақпарат нысаны тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға жоспарланған номенклатураларға (лоттарға) сәйкес толтырылады.

8. Грамматикалық қателермен толтырылған немесе өзгерген форматта ұсынылған ақпарат нысаны қабылданбайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазанда №331 бұйрығына 2-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпараттың нысаны
Есептік кезең: өсу қорытындысы бар тоқсан, 20___ ж.
Индексі № 2-ТЖҚ-К1 нысаны, № 2-ТЖҚ-К2 нысаны.
Кезеңділігі: тоқсан сайын өсу қорытындысымен.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар; концессионерлер.
Ұсынылатын орын: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
Ұсыну мерзімі - есептік кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей.

1 - кесте



Тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс беруші өңірінің коды (әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес)

Сатып алуды растайтын шарттың немесе де өзге құжаттың №

Сатып алуды растайтын шартты және де өзге де құжатты жасау күні (күн.ай.жыл)

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың мерзімі аяқталатын күн (күн.ай.жыл)

Есептік кезең ішінде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы, теңге

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың жалпы сомасы, теңге

Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы, теңге

Тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге жеткізушінің атауы

Тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Кестенің жалғасы



Жеткізуші елінің коды

Жеткізуші өңірінің коды (әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеушісіне сәйкес)

Тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге жеткізушінің

заңды


мекенжайы

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың мәртебесі

мемлекеттік тілде

орыс тілде

14

15

16

17

18


«Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. «Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысаны «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. «Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысаны тоқсан сайын, өсу қорытындысымен есептік кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей ұсынылады.

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұлғасында шоғырланып ұсынылады.

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы №733 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдардың жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауын, талдауын және ұсынуын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді.

5. Нысан мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бізнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

2-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес мемлекеттік тілде көрсетіледі;

3-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес орыс тілінде көрсетіледі;

4-бағанда тапсырыс беруші өңірінің коды әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі (алаң пішімі: мәтіндік, 9 цифр, мысалы: 711000000);

5-бағанда сатып алуды растайтын шарттың және өзге де құжаттың нөмірі көрсетіледі, шарттың немесе өзге де құжаттың бір күндегі нөмірі көрсетілген жағдайда, құжатқа бірегей нөмір беріледі, мысалы: 100/1;

6-бағанда сатып алуды растайтын шарттың және өзге де құжаттың жасалған күні көрсетіледі (күн.ай.жыл). Егер сатып алу шартты жасаспай жүзеге асырылса, онда 7-бағанда сатып алуды жүзеге асыруды растайтын өзге де құжаттың күні көрсетіледі (алаң пішімі: күні, күн, ай, жыл сандарының араларын бөлу белгісі, «.» белгісі, әріптер жазылмайды, мысалы: 01.01.2011, бос баған бар кестені толтыру үшін мысал: 0);

7-бағанда сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың мерзімі аяқталатын күн көрсетіледі (күн.ай.жыл). Егер сатып алу шартты жасаспай жүзеге асырылса, сатып алуды жүзеге асыруды растайтын өзге де құжаттың мерзімі аяқталатын күн көрсетіледі. Егер шартта құжаттың мерзімі аяқталатын күн айтылмаса, онда әрекеттің шамамен аяқталатын күні немесе қаржылық жылдың соңы көрсетіледі (мысалы: 31.12.2012);

8-бағанда есептілік кезең ішінде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы теңгемен көрсетіледі, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы құжаттармен расталмаған аванстық төлемдер, алдынала және өзге де төлемдер көрсетілмейді. Егер шарт ұзақ мерзімді немесе ауыспалы болса, онда қаржылық жылдың өспелі қорытындысымен есептік кезең ішіндегі сома көрсетіледі. Егер есептік кезеңде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жүзеге асырылмаса, 0 мәні көрсетіледі;

9-бағанда сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы ескерілмесе, осы шарт бойынша осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жоспарланған сома көрсетіледі. Егер шарт ұзақ мерзімді болса, онда шарттың барлық әрекет ету кезеңіне шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы ескерілмей, бірақ шарттың орындалуына қарай орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің шот фактурасына немесе актілер берілген болса, онда әрбір есептік кезеңдегі өсумен осы құжаттардың сомасын көрсетіледі (мысалы: 1000,5).

10-бағанда орындалған шарттың жалпы нақты сомасы теңгемен көрсетіледі (мысалы: 1000,5). Бұл ретте:

Егер шарттың мәртебесі – «жасалған» немесе «ұзақ мерзімді жасалған» болса («0» немесе «3.0.»), 0 мәні көрсетіледі;

Егер шарттың мәртебесі – «орындалған» немесе «ұзақ мерзімді орындалған» болса («1» немесе «3.1»), орындалған шарттың нақты жалпы сомасы көрсетіледі;

Егер шарттың мәртебесі - «бұзылған» немесе «ұзақ мерзімді бұзылған» болса («2» немесе «3.2»), бірақ шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде жеткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалады және шарт ішінара орындалған деген шешім қабылданса, онда орындалған шарттың нақты жалпы сомасы көрсетіледі.

Егер шарттың мәртебесі – «бұзылған» немесе «ұзақ мерзімді бұзылған» болса («2» немесе «3.2») және көрсетілген қол қойылған келісімнің негізінде жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстарды шартты бұзу туралы табылмаса, қызметтерді қайтару шешімі қабылданса, онда 0 мәні көрсетіледі.

11-бағанда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушінің атауы мемлекеттік мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес мемлекеттік тілде көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда осы жеткізушінің елінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес жеткізушінің атауы көрсетіледі (мысалы: «Жетісу» ЖШС);

12-бағанда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы аңықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес орыс тілінде көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда осы жеткізушінің елінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес жеткізушінің атауы көрсетіледі (мысалы: ТОО «Жетысу»);

13-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге жеткізушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, жол толтырылмайды;

14-бағанда жеткізуші елінің коды елдер жіктеушіне сәйкес көрсетіледі (мысалы: 398);

15-бағанда жеткізуші өңірінің коды әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі (мысалы: 710000000). Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, жол толтырылмайды;

16-бағанда жеткізушінің заңды мекенжайы мемлекеттік тілде көрсетіледі: елді-мекен, көше, үй, кеңсе. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда осы жеткізушінің заңды мекенжайы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес көрсетіледі (мысалы: Қазақстан, Астана қ., Иманов к-сі., 9);

17-бағанда жеткізушінің заңды мекенжайы орыс тілінде көрсетіледі: елді мекен, көше, үй, кеңсе. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда аталған жеткізушінің заңды мекенжайы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес көрсетіледі (мысалы: Казахстан, г. Астана, ул. Иманова, 9);

18-бағанда шарттың немесе сатып алуды растайтын өзге құжаттың мәртебесі көрсетіледі, яғни шарттардың немесе сатып алуды растайтын өзге де құжаттардың мәртебелерінің жіктеуішке сәйкес шарт мәртебесінің коды көрсетіледі:

«0» мәртебесі жасалған шарттар бойынша көрсетіледі;

«1» мәртебесі төлеміне байланысты емес, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған шарттар бойынша көрсетіледі;

«2» мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзалған шарттар бойынша көрсетіледі;

«3.0» мәртебесі жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

«3.1.» мәртебесі төлеміне байланысты емес, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;

«3.2» мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі (төменде көрсетілген).


Жіктеу коды

Атауы

0

Жасалды

1

Орындалды

2

Бұзылды

3.0

Ұзақ мерзімді жасалды

3.1

Ұзақ мерзімді орындалды

3.2

Ұзақ мерзімді бұзылды

6. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу болмаған жағдайда, ақпарат нысаны бос бағаншамен кесте түрінде беріледі (есептің файлы бір жолмен беріледі, 2-кесте толтырылмайды).

7. Сатып алу сомасы, егер тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуші ҚҚС төлеуші және сатып алу сомасы ҚҚС-ны қамтыған жағдайда, ҚҚС-мен көрсетіледі. Егер жеткізуші ҚҚС-ны төлеуші болмаса және сатып алу сомасы ҚҚС-ны қамтымаса, сатып алу сомасы ҚҚС-сыз көрсетіледі.

8. Ұзақ мерзімді немесе ауыспалы шарттарды жасаған кезде шарттың нөмірі, шартты жасаған күні және шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні, шарттың сомасы (теңгемен) шартқа сәйкес көрсетіледі. Сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің сомасы есептік қаржылық жыл бойынша көрсетіледі. Ұзақ мерзімді және ауыспалы шарттар бойынша сома қаржы жылы аяқталған соң есептік қаржылық жыл бойынша 8-бағанда көрсетіледі (2-кесте ұсынылады).

9. Шартты келесі кезеңге ұзартқан кезде шарттың нөмірі, шарт жасалған күн негізгі шартқа сәйкес көрсетіледі, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн және шарттың жалпы сомасы (теңгемен) екі тараптың жазбаша және ауызша келісуі негізінде шартты ұзарту талаптарына сәйкес көрсетіледі. Егер шарт келесі қаржылық жылға ұзартылса және жаңа шарт ретінде әрекет етсе, онда ол ұзақ мерзімді шарт болып есептелмейді.

10. «1» мәртебесі бар шарттар немесе өзге де құжаттар бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат нысаны, есептік кезеңге 1-кестенің 8-бағанының жалпы сомасына 2-кесте ұсынылады. Бұдан басқа, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат нысаны, олар бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын «2» мәртебесі бар шарттар және өзге де құжаттар бойынша 2-кесте ұсынылады. Бір қаржылық шарт аяқталған соң сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат нысаны, 2-кесте «3.0» мәртебесі бар жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, «3.1» мәртебесі бар орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, есептік қаржылық жылы ішінде тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын «3.2» мәртебесі бар бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, сондай-ақ «есептік қаржылық жылға 8-бағанның сомасына 0» мәртебесі бар ауыспалы шарттар бойынша ұсынылады.

11. Ақпарат нысаны электронды түрде .xls форматында (Microsoft Excel 2003) ұсынылады.

12. Қателермен толтырылған немесе өзгерген пішімде ұсынылған ақпарат нысаны қабылданбайды.


2-кесте


Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың №

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың жасалған күні (күн.ай.жыл.)

Тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің жіктеуіш коды (6 сбелгі)

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаш

(қосымша) сипаттамасы



Өлшем бірлігінің коды (мемлекетаралық өлшем бірлігінің жіктеушісіне сәйкес)

Сатып алу көлемі

СТ-KZ нысанының сертификаты

Жергілікті қамту

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

заттай көріністе

құндық көріністе, теңге



Сериясы

Беретін органның коды

Берілген жылы

Берілген күні

тауарда, %

жұмыста/қызметте, %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16


«Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысанын толтыру бойынша түсініктеме
1. «Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысаны «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. «Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат» нысаны тоқсан сайын, өсу қорытындысымен есептік кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей ұсынылады.

3. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұлғасында шоғырланып ұсынылады.

4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы №733 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдардан жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды және ұсынуды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекітілген тізбесіне сәйкес қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді.

5. Нысан мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда 1-кестедегі шарттың немесе өзге құжаттың нөмірімен бірдей сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың нөмірі көрсетіледі (мысалы: 100/1).

2-бағанда 1-кестедегі шартты жасау немесе өзге де құжаттың күнімен бірдей сатып алуды растайтын шартты жасау немесе өзге де құжаттың күні көрсетіледі (мысалы: 01.01.2011).

3-бағанда 1-кестедегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестіндіру нөмірімен немесе жеке сәйкестендіру нөмірімен бірдей тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

4-бағанда 6 белгі деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.33).

5-бағанда сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (символдардың шексіз санына рұқсат етіледі) мемлекеттік тілде көрсетіледі.

6-бағанда сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (символдардың шексіз санына рұқсат етіледі) орыс тілінде көрсетіледі.

7-бағанда өлшем бірлігінің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 006).

8-бағанда сатып алудың көлемі заттай көріністе көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 50,5).

9-бағанда сатып алудың көлемі құндық көріністегі теңгеде көрсетіледі (мысалы: 1240,5).

10-бағанда CT-KZ нысаны сертификатының нөмірі көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 00023).

11-бағанда CT-KZ нысаны сертификатының сериясы көрсетіледі (CT-KZ сертификатының бланкісінің нөміріне сәйкес келеді, тауарлар бойынша толтырылады, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 0001689).

12-бағанда CT-KZ нысанының сертификатын берген органның коды көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 650).

13-бағанда CT-KZ нысанының сертификаты берілген жылы көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 2, сертификат 2012 жылы берілген).

14-бағанда CT-KZ нысанының сертификаты берілген күні көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 01.01.2012).

15-бағанда CT-KZ нысанының сертификатында көрсетілген тауарда жергілікті қамту (%) көрсетіледі. CT-KZ нысанының сертификаты болмаған жағдайда 0 мәні көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 54).

16-бағанда жұмыстағы/қызметтегі жергілікті қамту (%) көрсетіледі (жұмыстар/қызметтер бойынша толтыруға арналған баған, тауарлар бойынша толтырылмайды, мысалы: 95).

6. 2-кесте тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды растайтын «1» мәртебесі бар шарттар мен өзге де құжаттар бойынша және олар бойынша тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушілерде қалатын «2» мәртебесі бар шарттар немесе өзге де құжаттар бойынша толтырылады. Бір қаржылық жыл аяқталғаннан кейін 2-кесте «3.0» мәртебесі бар жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, «3.1» мәртебесі бар орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, олар бойынша есептік қаржылық жылына тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын «3.2» мәртебесі бар ұзақ мерзімді бұзылған шарттар бойынша, сондай-ақ «0» мәртебесі бар ауыспалы шарттар бойынша толтырылады.

7. 2-кесте тауардың жеткізілу, жұмыстың орындалу немесе қызметтің көрсетілу фактісін растайтын шарттар немесе өзге де құжаттар негізінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің (лоттардың) номенклатурасын көрсете отырып толтырылады (егер 1-кестеде бір шарт немесе өзге де құжат бойынша бірнеше тауар сатып алынған болса, онда шарт туралы ақпарат жеке жолмен көрсетіледі, ал 2-кестеде әрбір тауар заттай көріністе және сатып алу сомасымен қоса жеке жолмен көрсетіледі).

8. Егер тауарлардың жеткізілу фактісін растайтын шартта немесе өзге де құжаттарда бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, онда әрбір номенклатура (лоттары) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің жіктеуішінің коды, атаулары, өлшем бірліктері, көлемдері және жергілікті қамтуы сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың сол бір деректемелері көрсетіле отырып жеке жолда көрсетіледі.

9. Егер жұмыстардың орындалу фактісін растайтын шартта немесе өзге де құжаттарда бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, онда әрбір номенклатура (лоттары) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің жіктеуішінің коды, атаулары, құндық көріністегі көлемдері және жергілікті қамту көрсетіге отырып сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың сол бір деректемелері жеке жолда көрсетіледі.

10. Егер қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын шартта немесе өзге де құжаттарда бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, онда әрбір номенклатура (лоттары) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің жіктеуіштерінің коды, атаулары, құндық көріністегі көлемдері және жергілікті қамтуы көрсетіле отырып сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың сол бір деректемелері жеке жолда көрсетіледі.

11. Ақпарат нысаны электронды түрде, өсу қорытындысымен есептік тоқсан үшін .xls форматында (Microsoft Excel 2003) ұсынылады және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша жеке толтырылады.

12. Қателермен немесе өзгерген форматта толтырылған ақпарат нысаны қабылданбайды.


Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8923 болып енгізілді.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет