Курсты оқыту мақсаты: өз елінің және шетелдік тарихнаманың қазіргі жетістіктері негізінде студент ХХ ғ. және ХХІ ғ. басындағы геосаяси үрдістердің өзгеру логикасын түсініп, олардың заңдылықтары мен даму тенденцияларын меңгеруі керек.
Пәнді оқу барысында «геосаясат» ұғымына тоқтала отырып, мемлекеттің геосаяси жағдайын, оған байланысты еуропалық классикалық геосаяси мектеп өкілдерінің теориялары мен концепцияларын қарастыру көзделген. Сонымен бірге қазіргі геосаясаттағы үрдістер мен жаңа мектептердің қалыптасу тарихы мен барысы зерттеледі.
Сабақтың барысында пәннің мазмұнын толық игеру мақстында сұрақ – жауап, «іскерлік ойын», «дөңгелек үстел», сараптамалық талдау және басқа да интерактивтік әдістердің түрін пайдаланылады.