Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің «5В011600-География» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік олимпиадасы а қ паратты қ Х а т



Дата25.02.2016
өлшемі52.64 Kb.
#25643
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің «5В011600-География» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік олимпиадасы


А қ п а р а т т ы қ х а т

( Орал қаласы, 26-27 наурыз 2015 жыл)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2015 жылдың 26-27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В011600 - «География» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиадасы ұйымдастырылады.

Олимпиада бағдарламасына жоғары оқу орындары 5В011600 - «География» мамандығының базалық пәндер тараулары бойынша тапсырмалары кіреді. Олимпиада қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы командалық І, ІІ, ІІІ - орынға ие болған үздік қатысушыларды анықтайды. Олимпиадаға жоғары оқу орындарының қазақ және орыс бөлімінің 1-4 курс студенттері қатыса алады (қатысушыларда өзімен бірге жеке куәлігі, сынақ кітапшасы немесе студенттік билеті болуы тиіс).

Команда құрамы: жетекшісі және 2 команда мүшесі. Қатысушылардың іссапар, тұратын жері мен тәуліктік шығыны жіберуші тарапынан.



2015 жылдың 10 наурызға дейін олимпиадаға қатынасу туралы өтініштерді akan.86@mail.ru электрондық поштасына жіберуіңіз сұралады.

5В011600 - «География» мамандығы бойынша студенттердің VII Республикалық пәндік олимпиадасына қатысушылар өтініші: (өтініш әрбір қатынасушыға жеке толтырылады)

Тіркеу картасы:

  1. Қатысушының аты-жөні (толығымен);

  2. Шифр, мамандығы, курсы, оқу тілі;

  3. ЖОО атауы (толық);

  4. Кәсіпорын пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны\факс, е-mаіl;

  5. Олимпиада тапсырмаларын орындайтын тілі;

  6. Қонақүйге тапсырыс беру керек пе (ия, жоқ);

  7. Келу уақыты (күні, уақыты, көлік түрі);

  8. Кету уақыты (күні, уақыты, көлік түрі);

9. Команда жетекшісінің аты-жөні, лауазымы және байланыс (ұялы) телефоны;

10. Электрондық поштасы, е-mаіl (міндетті түрде).

Тіркеу картасын электрондық нұсқада doc. форматында жіберу керек. Студенттердің және жетекшінің жеке куәлігінің көшірмесі тіркелуі қажет. Олимпиадаға қатынасушылардың келу уақыты 25 наурыз 2015 жыл.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 090000, БҚО, Орал қаласы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Достық - Дружба даңғылы 121, №5 оқу ғимараты.

Байланыс телефондары: М.Өтемісов атындағы БҚМУ жаратылыстану-география факультеті география кафедрасының меңгерушісі Тургумбаев Ахан Асқарұлы, жұмыс тел.: 8 (7112) 50-35-49, 26-03-73, ұялы тел.: 8-747-134-24-00, 8-702-790-37-97, e-mail: akan.86@mail.ru Олимпиада ережесі мен бағдарламасы http://www.wksu.kz сайтында орналасқан.
Ұйымдастыру комитеті

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы

5В011600 - «География» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиада

Е Р Е Ж Е С І

(26-27 наурыз 2015 жыл)

1. Жалпы ережесі

Олимпиаданың мақсаты: болашақ кәсіби мамандардың біліктілігін қалыптастыру мен дамыту үшін оларды ғылымға бейімдеу мен еліміздің жастарының ғылыми әлеуметін кеңейту.

Олимпиаданың негізгі міндеттері:


  1. Болашақ мамандардың география саласында кәсіби біліктіліктерін арттыру, білімін тереңдету;

  2. Студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қасиеттерін қалыптастыру;

  3. Талантты және дарынды студенттерді анықтау және оларға қолдау көрсету.

2. Олимпиадаға қатысушылар

5В011600–«География» мамандығы бойынша олимпиада – студенттердің теориялық және практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындау сайысы.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының жоо-ның 5В011600-«География» мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын 1-4 курс студенттері қатыса алады.

Өту күні мен уақыты:

Олимпиаданың ашылу салтанаты: 26 наурыз 2015 жыл (сағат 09.30);

І тур: 26 наурыз 2015 жыл (дайындалған жұмыс тапсырылады);

ІІ тур: 26 наурыз 2015 жыл (сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін);

ІІІ тур: 27 наурыз 2015 жыл (сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін).

Өтетін орны: Олимпиада М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өтеді. Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы, Достық - Дружба даңғылы, 121, №5 оқу ғимараты, жаратылыстану-география факультеті.

3. Олимпиаданың өту бағыты

5В011600–«География» мамандығы бойынша республикалық олимпиада үш турдан тұрады.

Бірінші тур үй тапсырмасы, тақырыбы: «Астана және Алматы қалаларының қалыптасуы мен дамуының географиялық факторлары». Орындалу жоспары: 1. Астана және Алматы қалаларының қалыптасуы мен дамуының географиялық факторларына негіздеме беру. 2. Қосымшаға: карталар, сызба-нұсқа, кесте, диаграммалар, космостық түсірілімдерді пайданау. Жұмысқа қойылатын талаптар: мәтіні 3 беттен аспауы тиіс, Word 2003-2010 мәтіндік редакторында А4 форматта, KZ Times New Roman (қазақ тілінде), Times New Roman (орыс тілінде) шрифтісінде, жолдар арасы 1,0 интервал, 14 п.т. кегльмен, жоғары және төмен жағынан – 20 мм, сол және оң жағынан – 30 мм бос жер қалдырады.

Екінші турда тест тапсырмалары (қазақ және ағылшын тілінде, орыс және ағылшын тілінде) ұсынылады. Бірінші және екінші турда 0 балл жинаған студенттер келесі турға жіберілмейді.

Олимпиаданың үшінші турында практикалық бағыттағы тапсырмалар беріледі. Олимпиаданың екінші, үшінші турының өту ұзақтығы – 3 сағат. Олимпиаданың басында әрбір қатынасушыға олимпиада ережесі түсіндіріледі:


  • тапсырмалардың құрылымы;

  • тапсырмаларды рәсімдеу реті;

  • орындалған тапсырмалардың бағалану саясаты.

Олимпиаданың өткізілу тілі: қазақ, орыс және ағылшын тілінде.

Қатысушылар өз тапсырмаларын тексеру үшін қазылар алқасына береді. Тапсырмаларды тексеру әр тур аяқталған соң басталады. Екі күндік турдың нәтижелері бойынша қорытынды шығады.



Олимпиадаға қатысушы студентке тиым салынады:

- өзара бір-бірімен әңгімелесуге, тапсырмалар мазмұнына қатыссыз барлық сұрақтар олимпиаданың ұйымдастыру комитеті өкілдерінің рұқсатымен ғана қойылады.

- анықтамалық, оқу-әдеби және нормативті материалдарды қолдануға;

- ұялы байланыс телефондарымен немесе басқа да байланыс құралдарын пайдалануға;

- Аудиториядан шығуға ұйымдастырушы комитет өкілдерінің келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Берілген талаптарды бұзған қатысушылар олимпиададан шығарылады, ал олардың жұмысы байқау қорытындысында қарастырылмайды.



4. Қорытындыларды шығару

Бағалау саясаты және балдарды есептеу ұйымдастыру комитетімен анықталады. Жұмыстардың бағалануы туралы сұрақтар ұйымдастыру комитетінде әділқазы алқасының ұйғарымынан кейін ғана шешіледі.



  1. Жеңімпаздарды марапаттау

Тексерілген жұмыстың негізінде әділқазылар олимпиада жеңімпаздарын анықтайды. Әділқазылар әр тур қорытындысын және олимпиада жеңімпаздары туралы қорытындыны тур өткен күні жариялайды. Әділқазылардың соңғы шешімі қайта қарауға жатпайды. Жұмысты бағалау бойынша қойылатын барлық сұрақтар әділқазылар шешімінен кейін қаралады.

Жеңімпаздарды марапаттау бойынша әділқазылар шешімі хаттамамен толтырылады. Жүлде қорын бөлуді ұйымдастыру алқасы шешеді. 2015 жылғы олимпиаданың жүлде қоры М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен даярланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет