2
УДК 159.9 (075.8)
Т 65
Пікір берушілер:
Р. Б. Каримова – психология
ғылымдарының докторы, профессор;
Н. Б. Жиенбаева – психология ғылымдарының докторы, профессор;
Ш. М. Майгельдиева – психология ғылымдарының докторы, доцент.
ISBN 978-601-217-288-1
Оқу құралы 5В010300-Педагогика жəне психология мамандығының
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары
білім беру стандартының
мазмұны негізінде «Психологиялық-педагогикалық жеке адам диа-
гностикасы» оқу пəнінің типтік бағдарламасына сəйкес жазылған. Оқу
құралының мазмұнында болашақ мамандарға практикалық қызметте
қажетті педагогикалық-психологиялық білімдердің ғылыми-əдіснамалық,
əдістемелік негіздеріне талдаулар жасалынып, психологиялық-
педагогикалық диагностиканың
теориялық мағлұматтары, практикалық
қызметте қажетті кеңестер, қолданылатын əдістемелер, оларды алғашқы
өңдеудің негіздері қарастырылған.
Оқу құралы жоғары оқу орнының оқытушыларына,
магистранттары
мен студенттеріне арналған.
УДК 159.9 (075.8)
Т 65 Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н.
Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы.
Алматы, 2012. – 304 бет.
© Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н., 2012
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2012
ISBN 978-601-217-288-1
3
АЛҒЫ СӨЗ
Қоғамдағы түрлі құбылыстардың адам психикасына əсері
олардың психикалық жай-күйін, дамуын, қалыптасуын, қоғамдағы
орнын анықтауды жəне бағыттауды қажет етеді. Бұл тұрғыда,
адам қоғамына қызмет етуші болашақ педагог-психолог ма-
мандарды кəсіби даярлау мəселесіне ерекше назар аударылады.
Болашақ педагог-психологтар тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға
бағытталған педагогикалық, психологиялық үдерісті ұйымдастыру,
стандартталған
нұсқауларды
пайдаланып,
педагогикалық-
психологиялық диагностика жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу,
ауытқушылық түрін анықтау үшін арнайы диагностика жүргізу,
арнайы əдістемелерді пайдаланып əртүрлі жастағы балаларға
психологиялық тексеру жүргізу, алғашқы нəтижелерді өңдеу жəне
психологиялық
қорытынды жасай білу, білім беру ұйымдарында
психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу сияқты қызмет
түрлерін ұйымдастыра білетін маман ретінде дайындалады. Осы
мазмұнындағы қызметті ұйымдастыруда теориялық білім жəне
практикалық дайындықты қамтамасыз ететін психологиялық
циклдегі пəндерді оқытудың бір саласы «Психологиялық-
педагогикалық диагностика» оқыту пəні.
Бұл пəнді оқыту барысында студенттер психодиагности-
ка
саласының қалыптасу тарихымен, психологиялық тестілеу
қағидаларымен,
психодигогностикалық
əдістермен
жəне
əдістемелермен танысып, ғылыми теориялық білімді меңгереді,
практикалық іскерліктері мен дағдылары қалыптасады. Сонымен
қатар, білім беру жүйесіндегі психолог қызметінің мазмұнымен
жəне ұйымдастырылу бағытымен танысады.
Лабораториялық
сабақтарда жалпы, балалар, жас ерекшелік психологиясы пəндері
бойынша берілген білімді жүйелеу, тереңдету, нақтылау міндеттері
шешіледі.
«Психологиялық-педагогикалық диагностика» пəнін оқыту
мақсаты:
- болашақ педагог-психолог мамандардың теориялық жəне
практикалық дайындықтарын жүзеге асыру;
4
-тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға бағытталған қазіргі
кездегі психологиялық-педагогикалық əдістерді қолдануға үйрету;
- педагогика жəне психология ғылымындағы өзекті мəселелерді
зерттеуге бағытталған ғылыми іс-əрекетті меңгерту;
- маманның практикалық дайындығын жəне кəсіби дағдыларын
игеру.
Ұсынылып отырған оқу құралы 5В010300-Педагогика жəне пси-
хология мамандығының ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары
білім беру стандартының мазмұны негізінде «Психологиялық-
педагогикалық жеке адам диагностикасы» оқу пəнінің типтік
бағдарламасына сəйкестендірілген. Əрбір бөлім арнайы тараулар-
дан, оның соңында берілген студенттердің өзіндік жұмысына тап-
сырмалар мен сұрақтар жəне ұсынылған əдебиеттер
тізімінен
құралады. Оқу құралын ұсынудағы басты мақсат – практикалық
психология қызметін қазақ тілінде ұйымдастыруды мүмкіндігінше
қамтамасыз ету.