253
ме
басшылығына, əдістеме бірлестігіне жəне облыстық ғылыми-
əдістеме Кеңесіне ескертуі тиіс;
б) Кодекстің принциптері психологтың балалармен,
ата-ана-
лармен, педагогтармен, осы жұмысқа қатысы бар басқа да білім
саласындағы тұлғаларға кəсіби арақатынастарына тəн;
в) Психолог өзінің ресми эксперт міндеттерін заң аясында орын-
дайды. Психологиялық тұжырым шығару
керек болған жағдайда
психолог-лауазымды қызметкердің пікірі қоғамның, жеке бастың
(баланың, педагогтың т.т.) мүддесін қорғауда шешуші күш
екенін
естен шығармағаны жөн.
V. Психологияны жоғары кəсіби деңгейде насихаттау
а) психологиядан хабарсыз адамдарға əдістеменің тілі түсінікті,
қарапайым болғаны дұрыс.
ə) əр хабарламада психолог іс жүзіндегі психологияның
əдіс-тəсілдерінің мүмкіншіліктері туралы, оның нақ болмысқа
байланыстылығын мəлімдеп отыруы керек.
б) психолог ғылымның бүгінгі деңгейіне сəйкес психологияның
жетістіктерін дəріптеуші болу керек.
VІ. Клиенттің амандығын қамтамасыз ету
а) психолог өзінің ізденіс, зерттеу жұмыстарында зерттелінушінің
қауіпсіздігін сақтау, оның құқықтарын
бұзбау шарттарын естігені
дұрыс. Психологтың міндеттері этикалық нормаларға қайшы болса,
психолог «бүлдіріп алма, кесірі тимесін» принциптерін ұстанғаны
жөн;
ə) ізденіс əрекеттерінің мақсаты мен орындау жоспарын,
диагностикалық зерттеудің мінездемесін
анықтау зерттелінушінің
мүддесін жоғары қоя отырып, адами қасиеттерін бағалап, оған
ешқандай психологиялық нұқсан келтірілмеуі тиіс;
б) қызмет бабында психолог зерттелінушінің жасын, жынысын,
ұлтын, ой-өрісін, білім деңгейін, басқа да жеке басының қасиеттерін
ескеріп, бөлектеу мүмкіндіктеріне жол бермеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: