Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет99/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   129
Практикалық тапсырма
Мақсаты: Кабинетті жоспарлау мен достық атмосфера 
арасындағы байланысты зерттеу.


248
Тапсырма: Адамды қоршаған материалдық орта оның 
қылықтық əрекеті мен əлеуметтік өзара қатынасына əсер етеді, 
алайда адам бұл жағдайды саналы түрде сезінбейді. Бұл фактор-
лар жиһаздардың орнын ауыстыру мен қою тəрізді контактілер 
мен интимдік қатынастарды жақындастырады немесе қиындатады, 
өзара статустардың қиындығын туғызады. Сондықтан кабинет-
те нəрселерді қалай орналастырсақ, солай одан жылылық немесе 
салқындық, ал адамдар арасында салқындық немесе достық жылы 
қарым-қатынас орнайды.
Сіздердің міндеттеріңіз кабинет атмосферасын бағалаушы бағалау 
өлшемдерін белгілеу, оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара 
қарым-қатынастың ерекшелігін көрсету.
Кабинет атмосферасын бағалаудың шамамен өлшемдері
1. Оқытушының жұмыс столының орналасуы (қабырғадан тіке, 
оң жəне сол жағы, ортасында, аудитория ортасында).
2. Студенттер столының орналасуы (дөңгелек, «П» əрпі тəрізді, 
екі қатарда, үш қатарда жəне т.б.).
3. Кең орналасу жағдайы.
4. Оқытушы жəне студенттер столдарының арақашықтығы.
Оқытушы жəне студенттің өзара қатынасын бағалау 
өлшемдері
1. Оқытушы студентке жақын (ашық қарым-қатынас).
2. Көз контактілері бар.
3. Оқытушы мен студент арасында жақын қарым-қатынас (дис-
танция).
Тапсырма
1. Кабинет орналасуы жəне оның ішкі атмосферасын 5 өлшем 
көрсеткішімен бағалаңыз, оның ішінде студент пен оқытушының 
өзара қарым-қатынасы да есепке алынсын.
2. Берілген кестеге осы көрсеткіштерді толтырыңыз.
3. Кабинет ішінде жабдықтардың орнын ауыстыру арқылы ішкі 
атмосфера қалай өзгергенін бағалаңыз.
Оқытушы
аудитория ортасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет