252
в) алдындағы міндеттерін толық
орындау мақсатында психолог
өзге əріптестерімен қызмет бабын орнатады, ғылымның психология-
мен қатысы бар салаларымен байланыс жүргізеді;
г) психолог өз бетімен ізденіс-зерттеу жолдарын таңдайды. Ке-
рек болған жағдайда осы сала маман эксперттерінен ақыл-кеңес ала-
ды (əдістемелік топтың жетекшісінен, ғылыми-əдістемелік
кеңес
мүшелерінен, басқа да мамандардан);
д) күнделікті жұмыста қолданылып жүрген жаңа педагогикалық-
психологиялық бағдарламалар облыстық ғылыми-əдістемелік
кеңесте бекітілген болуы керек;
е) психолог мұғалімдер мен білім беру жүйесіне қатысты
педагогтардың қолданысындағы психологиялық əдістемелерді зер-
делеуге құқылы.
ІІІ. Жауапкершілік
а) психолог қоғам-жұртшылық алдында өзінің кəсіби жəне адами
жауапкершілігін жете түсінуі шарт;
ə) тексеру,
зерттеу процесінде психолог, ең алдымен,
адамдардың (клиенттердің)
жеке басының қауіпсіздігін, тексеріс
қорытындыларының оған зиянсыз болуын қамтамасыз етуі тиіс;
б) психолог тексеріс-зерттеу жұмыстарын өзі жүргізсе де, осы
жұмыстарды атқарушыларға басшылық етсе де, этикалық Кодекстің
мүлтіксіз орындалуына жауапты;
в) психолог көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде тексерілмеген,
көз
жетпеген деректер келтіріп, өзінің білімі мен білгірлік деңгейі
туралы айтып, оқырмандар мен тыңдаушыларға
жалған ақпарат
бермеуі тиіс;
г) тексеріс-зерттеу жұмыстарының шынайы мақсатына жетудің
баламасы болмаған жағдайда
психолог зерттелінушіге бұл
ізденістердің мақсатын түсіндірмеуіне болады. Бүкіл психологиялық
əрекеттердің құпияларын зерттелінушіге жұмыс аяғына дейін
мəлімдеме берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: