Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
29 қарашадағы № 1133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 43, 475-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Агенттің 2007 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 68400000 (алпыс сегіз миллион төрт жүз мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.»;
3-тармақта:
«2006» деген сандар «2007» деген сандармен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесінде:
3-тармағында «, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелерін және сақтандырушының өтеген сақтандыру төлемін растайтын құжаттарды (төлем тапсырмасының түпнұсқасын, сақтандырушының мөрімен куәландырылған шығыс ордерінің телнұсқасын)» деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Достарыңызбен бөлісу: |