Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы №230 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы»


Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі186 Kb.
#174328
1   2   3
7. Дайын сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

33. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы кезіндегі ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу жолымен қолдауға ие болуы тиіс.

34. Өткізуге арналған сүт және сүт өнімдерінде уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, пестицидтердің, радионуклидтердің болуы, сондай-ақ тотығып бүліну көрсеткіштерінің мәні осы техникалық регламентке 4-қосымшада көрсетілген рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.

35. Өткізуге арналған сүттегі және сүт өнімдеріндегі микроорганизмдер құрамының рұқсат етілген деңгейі осы техникалық регламентке 5-қосымшада көрсетілген нормалардан аспауға тиіс.

36. Дайын сүт өнімдерінде фосфотазаның және (немесе) пероксидазаның болуына жол берілмейді.

37. А және Б топтарының толық консервілері қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері (өнеркәсіптік зарарсыздандыру) ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде белгіленген деңгейден аспауға тиіс.

38. Мерзімінен бұрын бүлінуі туындау қаупінің алдын алуды қамтамасыз ететін дайын сүт өнімдерін шығару кезіндегі температура нақты сүт өнімдерінің түріне арналған гигиеналық нормативтер мен нормативтік құжаттарға сәйкес дайын сүт өнімдерін өткізу мерзімін ескере отырып белгіленуге тиіс.

39. Аралас құрамдағы сүт өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштерін анықтау салмақтық үлесі бойынша да, сол сияқты нормаланатын контаминанттардың рұқсат етілген деңгейі бойынша да негізгі шикізат түрі бойынша жүргізіледі.

40. Құрғақ, қойытылған немесе қалпына келтірілген сүт өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштерін дайындаушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша шикізаттағы және түпкі өнімдегі құрғақ заттардың құрамын ескере отырып, бастапқы өнімді қайта есептеуде есепке алады.

41. Жаңа сүт өнімі үшін қауіпсіздік деңгейін республикада белгіленген нормалар мен стандарттарға, ал олар болмаған кезде ұсынылған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес, өнімдердің құрамы бойынша соған ұқсас немесе жақын көрсеткіштерді есепке ала отырып, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша өндіру (дайындау) субъектісі айқындайды.

42. Сүтті және сүт өнімдерін тағамдық қоспалармен және витаминдермен байыту денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі.



Байыту өнімдердің тұтынушылық қасиетін төмендетпеуі, оның ішінде тағамдық заттарда қамтылғанды және олардағы басқа да қамтылғандарды игеру деңгейін төмендетпеуі және олардың қауіпсіздігіне әсер етпеуі тиіс.

43. Сүт өнімдерін витаминдермен және тағамдық қоспалармен байыту кезінде байытылатын қоспалардың өзара және байытылатын өнімнің компоненттерімен химиялық өзара іс-әрекетке түсу мүмкіндігін ескеру және байытылған өнімдердің айналымы процесінде барынша сақталуын қамтамасыз ететін олардың үйлесімін, нысанын, тәсілдері мен енгізу дәйектілігін таңдау қажет.

44. Сүт өнімдерін пробиотикалық микроорганизмдермен байыту үшін пробиотикалық қасиеттері тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған дақылдардың ресми коллекцияларында сақтауға берілген штаммаларды пайдалануға жол беріледі.

45. Экологиялық таза сүт пен сүт өнімдері генетикалық түрлендірілген объектілерді қамтымауы тиіс, ал контоминанттарды, микроорганизмдерді, уытты элементтерді, радионуклидтерді, пестицидтерді, микотоксиндерді қамту деңгейі бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген экологиялық тазалық стандарттарына сәйкес келуі тиіс.



 

 

8. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде пайдаланылатын ғимараттардың,



құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

46. Сүт және сүт дайындау өндіру (дайындау) жөніндегі ғимарат пен оған іргелес маңдағы аумақ объектісі инфекциялық аурулар бойынша қолайлы аумақтарда орналастырылады және ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтай отырып пайдаланылады.

47. Сүт өнімдерін дайындау кезінде қолданылатын ұйытқылар мен пробиотикалық дақылдар нормативтік және техникалық құжаттамаларға сәйкес мамандандырылған кәсіпорындарда дайындалуы тиіс.



Өндірістік ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау арнайы бөлінген және тиісті үлгіде ұйымдастырылған ұйытқы бөлімшесінде жүргізіледі, ол мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) өндірістік цехтардан оқшауландырылған үй-жайларда негізгі тұтынушы-цехтармен бірге бір өндірістік корпуста орнастырылуы;

2) ұйытқылар мен дақылдарды микроорганизмдердің, бактериофагалар мен басқа да ластаушылардың ластауынан қорғауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасайтын және күтіп ұстайтын жекелеген үй-жайлары болуы;

3) тасқынды-сорғыш желдеткіші және (немесе) ауаны тазалау мен өңдеудің басқа да тиімді жүйесінің болуы.

48. Кәсіпорынның кәріз жүйесінің құрылғысы құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарын қанағаттандыруға тиіс.



Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды бұру үшін ұйымдар жалпы қалалық кәрізге қосылуы немесе дербес кәрізі және су объектісіне ағын суларды шығаратын тазалау құрылыстары болуға тиіс.

Ашық су тоғандарына өндірістік, тұрмыстық және нөсер жауынның ағын суларын қашыртқылауды тиісті тазалаусыз жүргізуге жол берілмейді.

Фекальді-шаруашылық және ластанған өндірістік ағын суларды жұтып қоятын құдықтарға және бұрғылау ұңғымаларына жіберуге тыйым салынады.

Ағын суларға арналған қайта айдау стацияларының тазалау құрылыстары мен өзге де қондырғылар жарамды қалпында, таза ұсталуға әрі суларды, топырақты және ауаны ластау көздері болмауға тиіс.

49. Өндіру (дайындау) объектілері:



1) қоршаған ортаны ластау объектілерінен және сүтті және сүт өнімдерін ластау қауіпін тудыратын өнеркәсіптік қызметтен;

2) жеткілікті алдын алу шараларының қабылданған жағдайларынан басқа, су тасқынына душар болған өңірлерден;

3) зиянкестердің шабуылына ұшыраған аудандардан;

4) қатты немесе сұйық өндіру (дайындау) қалдықтары тиімді аласталмайтын аудандардан қашықта орналасуы тиіс.

Сүт және сүт өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорынның ішкі схемасы мен орналасуы шикізат пен дайын сүт өнімдерінің тоғыспалы қозғалысына жол бермеуге тиіс.

Тоғыспалы ластануы ықтимал орындарда операциялар табиғи немесе басқа да тиімді тәсілдермен бөлінуі тиіс.

Ғимараттар мен өндірістік үй-жайлар шикізатты алған сәттен бастап, түпкі өнімге дейінгі ағындарды реттеуді ескере отырып жоспарлануға тиіс.

 

 

9. Сүтті және сүт өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде



оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

50. Сүтті және сүт өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларда сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) қатысы жоқ тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдері мен шикізатты бірлесіп сақтауға тыйым салынады.

Сүтті және сүт өнімдерін сақтау кезінде өндіру (дайындау) субъектісі қоймадан бірінші кезекте сақтауға басқалардан бұрын келіп түскен сүт және сүт өнімдерін шығаруды көздейтін алмастыру жүйесі қолданылуы тиіс.

Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін сүт-шикізаты бар (толтырылған немесе жартылай толтырылған) контейнерлер жабық күйінде сақталуға және алғашқы мүмкіндіктің өзінде-ақ пайдаланылуы тиіс. Буып-түйілген материалдарды сақтау олардың кез келген ықтимал ластануын болдырмауға тиіс.

Сүтті және сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) пайдаланылатын басқа да материалдар тиісті таңбасы бар жекелеген контейнерлерде ұсталуға және сақталуға тиіс.

Сүтті және сүт өнімдерін сақтау олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін температуралық режимде ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

51. Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау кезінде олардың ластануы мен бүлінуін болдырмауды қамтамасыз ететін шарттар сақталуы тиіс.



Сүт консервілерін, құрғақ және қоюлатылған сүт өнімдерін қоспағанда, сүт және сүт өнімдері тез арада бүлінетін өнімдердің қатарына жатады және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тасымалдануы тиіс.

Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдау үшін тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келетін, белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорттары бар арнайы көлік құралдары (суық емес изотермиялық шанақтар, тоңазытылатын шанақтар, рефрижераторлар) пайдаланылуы тиіс.

Жылдың жылы уақытында тасымалдау:

1) тоңазытылған шанақтары бар арнайы көлікте алты сағаттан аспайтын;

2) суық емес изотермиялық шанақтарда бір сағаттан көп емес 60С-дан аспайтын температура кезінде жүргізіледі.

Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау, сақтау шарттары бұзылған кезде, сүт және сүт өнімдері нәтижелері бойынша олардың одан әрі пайдаланылуы айқындалатын ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберіледі.

Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдаған кезде, олардың шыққан жерін, қауіпсіздігін, сақтау шарттары мен сақтау мерзімін растайтын құжаттар ілесе жүреді.

 

 

10. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жарату кезінде олардың



қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

52. Мынадай:

1) осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмеген;

2) сапасыздықтың анық белгілері болған;

3) олардың шыққан жерін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын өндірушінің (дайындаушының) немесе берушінің құжаттарының болмауы;

4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметті қамтитын таңбасының болмауы;

5) жарамдылық немесе сақтау мерзімі белгіленбеген немесе өтіп кеткен;

6) ауру тудыру және таралу немесе адамдар мен жануарларды уландыру қаупін, адам мен жануарлардың денсаулығына және өміріне қатер төндіретін әрі қоршаған ортаны ластау қаупін тудыру себептері бойынша сапасыз және қауіпті деп танылған сүт және сүт өнімдері кәдеге жаратуға жатады.

53. Сүтті және сүт өнімдерін кәдеге жаратуды өндіруші (дайындаушы) немесе сүтті және сүт өнімдерін сатушы оларды бастапқы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін болдырмайтын кез-келген техникалық қол жететін және сенімді тәсілмен санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды міндетті түрде сақтай отырып жүзеге асырады.



 

 

11. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түюге (ыдыстарға) және таңбалау



қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

54. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түю және тасымалдау үшін пайдаланылатын буып-түю және мамандандырылған барлық көлік түрлерінің сүт өнімдерімен жанасуы үшін белгіленген тәртіппен рұқсаты болуы тиіс.

Орама тығыз жабылуы және кез-келген ластану мүмкіндігін болдырмауы, белгіленген сақтау және (немесе) жарамдылық кепілдігі берілген мерзімдері бойы тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде өнімдердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Көп мәрте қолданылатын орама (ыдыс) берік және (немесе) жөндеуге келетіндей болуы, жеңіл тазалануы әрі залалсыздандырылуы тиіс.

Орама (ыдыс) немесе буып-түйілген сүт және сүт өнімдерін ашқан және (немесе) оралған өнімді алу кезінде, оның ішінде немесе тұтынушылардың белгілі бір санаттары (балалар, зейнеткерлер, мүгедектер) үшін ғана қиындықтар немесе ықтимал қауіп тудыратын жағдайларда мыналарға:

1) орамада (ыдыста) орналастырылған ашылуы бойынша түсінікке қол жеткізу үшін нұсқаулықтың болуына;

2) егер ораманы (ыдысты) тек қолдың көмегімен ашу мүмкіндігі болмаса, қосымша құралдардың болуына;

3) буып-түйілген сүтті және сүт өнімдерін қауіпсіз ашу мүмкіндігіне назар аудару қажет.

55. Сүтті және сүт өнімдерін буып-түю «Буып-түюге, (ыдысқа), таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс жазуға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.



Сүттің және сүт өнімдерінің орамында (ыдысында) тұтынушы үшін міндетті ақпаратқа қосымша тамақ өнімдері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өндіру (дайындау) объектісінің есепке алу нөмірі көрсетіледі.

56. Таңбалау тікелей тұтынушылық, топтық немесе көліктік орамаға (ыдысқа) немесе оларға бекітілетін (ілінетін) жапсырма қағаздарға немесе затбелгі жапсырмаларға, олардың жоғалуын болдырмайтын әдістермен немесе тиісті ілеспе құжаттарға салынады.



 

 

12. Сәйкестік презумпциясы



 

57. Осы техникалық регламенттің негізгі техникалық (елеулі) талаптарын қанағаттандыратын шарттар үйлестірілген стандарттарды қолдану болып табылады.

Сүт және сүт өнімдері осы техникалық регламентке және үйлестірілген стандарттарға сәйкестігі жағдайында стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттар бойынша өндірілуі (дайындалуы) мүмкін.

 

 

13. Сәйкестікті растау



 

58. Сәйкестікті растау - дайын сүт өнімдерінің осы техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестігін растау арқылы жүзеге асырылатын рәсім.

Дайын сүт өнімдерінің сертификаттау мен тіркелу сәйкестігі міндетті түрде расталуы тиіс.

59. Дайын сүт өнімдерінің міндетті түрдегі сертификациясының техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сүт өнімдерін өндірушімен (дайындаушымен) шарт негізінде сәйкестікті растау жөніндегі тіркелген орган жүзеге асырады.

60. Өнімнің техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сүт өнімдерін өндірушіге (дайындаушыға) сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификатымен расталады. Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі 3 жылдан аспайды.

61. Сәйкестігі техникалық регламент талаптарымен расталған дайын сүт өнімі тауарлық белгімен немесе сәйкестік белгісімен таңбаланады. Тауарлық белгімен (егер бар болса) таңбалауды сүт өнімдерін өндіруші (дайындаушы) өзіне қолайлы кез келген тәсілмен дербес жүзеге асырады.

62. Сәйкестікті міндетті түрде растау жөніндегі тізбеге енбей қалған дайын сүт өнімі сүт өнімін өндірушінің (дайындаушының) қалауы бойынша еркін түрде сертификаттауға жіберілуі мүмкін.

Шетел мемлекеті берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде таныған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.

 

 

14. Үйлестірілген стандарттардың тізбесі



 

63. Осы техникалық регламентпен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, үйлестірілген стандарттардың тізбесі (дәлелдеу базасы) осы техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.

64. Сүтке және сүт өнімдеріне арналған стандарттарда орындалуы үшін міндетті осы техникалық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаптары болып табылады.

65. Осы техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз ететін сүт және сүт өнімдері бойынша қолданылатын қолданыстағы стандарттарды үйлестіру техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.



 

 

15. Қолданысқа енгізу мерзімдері мен шарттары



 

66. Осы техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

67. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттама оларды осы техникалық регламентке сәйкес келтіргенге дейін, осы техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.



 
Техникалық регламентіне

1-қосымша

 

 

Техникалық регламенттің қолданысына енетін өнім

түрлерінің тізбесі

 

Өнім түрлері

СЭҚ ТН коды

1. Табиғи сүт өнімдері:

0401

1.1. Табиғи сүт

0401 20

1.2. Ішетін сүт

0401

1.3. Майсыздандырылған сүт

0401 10

1.4. Қорытылған сүт

0401

1.5. Кілегей

0401

2. Биоөнімдерді қоса алғанда, сүтқышқылды өнімдер:

0403

2.1. Қатық

0403

2.2. Ұйыған сүт

0403

2.3. Кефир

0403

2.4. Ряженка

0403 10

2.5. Йогурт

0403

2.6. Қаймақ

0403

2.7. Сүзбе

0406 10 2001

2.8. Сүзбе өнімдері

0406

2.9. Сүт негізіндегі сусындар

0406

3. Ірімшіктер

0406 90

3.1. Қатты ірімшіктер

0406 10

3.2. Тұздықты ірімшіктер

0406 30

3.3. Балқытылған ірімшіктер

  

4. Сиыр сүтінен жасалған май

0405 10

4.1. Сарымай

0405 10

4.2. Қышқыл сары май (майлы паста)

0405 10

(0405 20)

4.3. Тәтті сары май (май пастасы)

  

4.4. Майлы паста (сиыр сүтінен жасалған)

0405 10

(0405 20)

4.5. Қорытылған май

0405

4.6. Құрамында сүті бар өнім.

Спред

0405 90

5. Сүт (сүтті құрайтын, сүт

құрамды) консервілері

1517

5.1. Қойытылған сүт өнімі

0402

5.2. Қоюлатылған сүт (қойытылған)

зарарсыздандырылған (табиғи)

0402

 0402

5.3. Құрғақ сүт өнімі

0402

5.4. Құрғақ сүтті қайта өңдеу өнімдері

0404

5.5. Майсыздандырылған құрғақ сүт (табиғи)

0402

5.6. Құрғақ кілегей

0402

5.7. Құрғақ сарысу

0404

6. Балмұздақ

2105 00

6.1. Сүтқышқылды балмұздақ

2106

7. Сүтті қайта өңдеу өнімдері

2106

7.1. Майсу

0403

7.2. Сүт сарысуы

0404

7.3. Тағамдық казеин (қышқыл, мәйекті)

0406

7.4. Тағамдық казеинат

0406 10 200 9

8. Ұлттық сүт өнімдері

0403, 0406 10

200 9

8.1. Қымыз

0403

8.2. Айран

0403

8.3. Ірімшік

0406 10 200 9

8.4. Сүзбе

0406 10 200 9

8.5. Құрт

0406 10 200 9

9. Сүт құрамды өнімдер

2106

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет