Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны



Дата15.06.2016
өлшемі212.5 Kb.
#138243
түріСабақ

Пән бойынша оқу бағдарламасының титулды парағы (Syllabus)




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультеті
Журналистика кафедрасы

5В050400, 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған


«
Кегль 14,

буквы строчные, кроме первой прописной


Қазіргі журналистикасының жанрлық формалар және функциялары»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланыс ақпараты

Журналистика кафедрасы бас корпуста орналасқан, мекенжайы: Ломов көшесі 64, А-536 аудитория, байланыс телефоны 67-36-85, ішкі 12-45.
2 Пән туралы мәліметтер

Пәннің оқылуына бөлінген сағаттардың жалпы саны, - 225, олардың ішінде аудиториялық – 45 сағ. Курс бойынша сабақтардың келесі түрлері қарастырылған: лекциялар (30 сағ.), тәжірибелік (15 сағ.), магистранттың өздік жұмыстары (180 сағ.)


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттер саны

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағаттар саны

Бақылау формасы

барлығы

лекциялар

тәж.

жеке

барлығы

СОӨЖ

2




45

30

15




180

45

емт.




























Барлығы




45

30

15




180

45

емт.


4 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пән мақсаты – студенттерге бұқаралық ақпарат құралдарының теориясы мен тәжірибесінің заманауи базалық білімдерін беру; заманауи қоғам өміріндегі, әлеуметтік басқарудағы, заманауи коммуникация жүйесіндегі БАҚ орны мен рөлін ашу; заманауи БАҚ жүйелік сипаттамасын оқыту.

Пән міндеттері:

  • бұқаралық ақпарат теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелерін зерделеу;

  • студенттерді журналистік шығармашылықтың тәсілдері мен әдістеріне оқыту;

  • журналистердің кәсіби іс-әрекеттерінің принциптерін қарастыру;

  • БАҚ-на қатысты қолданыстағы заңнамалық әрі этикалық нормалар принциптерімен таныстыру;

  • ақпараттық нарықтың мәні мен құрылымының және жұмыс істеу шарттарының сараптамасы

5 Аталмыш пәнді оқу нәтижесінде меңгеруі тиіс, келесі туралы түсінік болу:

  • заманауи коммуникациялық кеңістіктегі журналистиканың рөлі мен маңызы туралы;

  • журналистиканың шығу және даму тарихы туралы;

  • заманауи шет ел және отандық БАҚ жұмыс істеуінің ерекшеліктері туралы;

  • журналистиканың әлеуметтік рөлдері мен функциялары туралы;

  • БАҚ пен журналистің құқықтық статусы туралы;

  • бұқаралық коммуникацияның техникалық құралдары туралы.

білу:

  • бұқаралық ақпарат теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелерін;

  • журналистиканың пайда болуы, дамуы және жетілуінің әлеуметтік-саяси, ақпараттық және материалды-техникалық алғышарттарын;

  • заманауи отандық БАҚ құрылымы мен типологиялық сипаттамасын;

  • бұқаралы-ақпараттық іс-қарекеттің бағыттарын, журналистік шығармашылықтың теориясы мен әдістемесін;

  • БАҚ, жарнама және жұртшылықпен байланыс құрылымдарының іс-қарекеттері туралы негізгі заңнаманы;

  • журналистік қызметтің кәсіби-этикалық нормалары мен қағидаларын;

  • ақпараттық нарықтың жұмыс істеу жағдайларын, мәнін және құрылымын;

  • БАҚ және жұртшылықпен байланыс қызметтерінің өзара әрекеттерінің бағыттары мен формасы;

істей алу:

  • БАҚ жұмысының тиімділігін бағалау;

  • мақсатты топты ескере келе, БАҚ-ның ұнамды бейнесін жасай алу;

  • өзінің жеке журналистік мәтіндерін дайындау алу;

  • БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтетін брифингтер, баспасөз мәжілістерін, ақпараттық-жарнамалық сипаттағы басқа шаралар мен акциялар дайындау және өткізу;

  • ақпараттық дерекнама мониторингісін өткізу;

  • ақпараттық нарықтың және қоғамдық коммуникация салаларының өзгерістерін болжамдау және жағдайына талдау жасау;

  • байланыстың заманауи техникалық құралдары және компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін тәжірибе жүзінде іске асыру.


6 Пререквизиттер:

Аталмыш пәнді меңгеру үшін келесі бакалавриат пәндерін оқу кезінде қалыптасқан машықтар мен білім қажет

1. Журналистикаға кіріспе

2. Публицистикалық шығармашылық негіздері

3. Газет және журналдар шығару

4. Радиожурналистика

5. Тележурналистика

7 Постреквизиттер

Пәнді оқу кезінде қалыптасатын білім мен машықтар келесі пәндерді зерделеуге қажет болады:

1. Электрондық БАҚ

2. Публицистиканың теориялық негіздері

3. Журналистиканың көкейкесті мәселелері

4. Журналистиканың құқықтық негіздері


8 Тақырыптық жоспар



Тақырып атаулары

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Лек

Тәж


МӨЖ

1

Қоғамның әлеуметтік-саяси реформалары және журналистиканың пайда болуы

3

2

16

2

XX ғасырдағы журналистиканың ерекшеліктері мен негізгі даму кезеңдері

3




20

3

Бұқаралық ақпарат, және оның заманауи әлемдегі рөлі

3

1

16

4

Заманауи бұқаралық ақпарат құралдары

3

1

16

5

Журналистік шығармашылықтың теориясы мен әдістемесі

3

2

18

6

Бұқаралық коммуникацияның техникалық құралдары. Радио мен телевизияның техникалық құралдары

3

2

20

7

Редакция жұмысын ұйымдастыру: журналистік корпус

3

2

18

8

Бұқаралық ақпарат құралдары өндіріс ретінде: заманауи баспасөз нарығы

3

2

20

9

Кәсіби-этикалық қағидалар мен нормалар: журналистика саласындағы заңнама

3

2

18

10

БАҚ және жұртшылықпен байланыс – өзара әрекеттесу жүйесі

3

1

18




Барлығы

30

15

180


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Қазіргі журналистикасының жанрлық формалар және функциялары» оқу пәні маман журналистерді жалпы білімдік және кәсіби дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады. Пән объектісі ретінде бұқаралық ақпарат қоғамдық көрініс ретінде, оның коммуникациясының жолдары қарастырылады. «БАҚ теориясы мен тәжірибесі» пәнінің мәні – журналистік шығармашылық туындыларының нақты мазмұны.


10 Курс компоненттері

Лекциялық сабақтардың тақырыптары тізімі

1-тақырып. Қоғамның әлеуметтік-саяси реформалары және журналистиканың пайда болуы

«Қазіргі журналистикасының жанрлық формалар және функциялары» оқу пәнінің мәні мен міндеттері, оқыту әдістемесі. Оқу пәнінің негізгі категориялары: әлеуметтік ақпарат, бұқаралық ақпарат, БАҚ, журналистика және т.б.

Журналистика тарихының бастауы. Адамзаттың бұқаралық коммуникациясының журналистикаға дейінгі тәжірибесі. Бұқаралы-ақпараттық іс-әрекеттің ауызекі және жазба формаларының дамуы. Журналистиканың пайда болуының әлеуметтік-тарихи, ақпараттық, материалды-техникалық алғышарттары. Ақпараттың революциялардың сипаттамасы. Қоғамның әлеуметтік-саяси реформалары және журналистика. Бұқаралық коммуникация дамуының алғашқы кезеңдеріндегі бұқаралық ақпарат. Журналистиканың коммуникативті табиғаты.

Журналистиканың тарихи типтері, идеялық әрі теориялық тұжырымдамалары, модельдері.



2-тақырып. XX ғасырдағы журналистиканың ерекшеліктері мен негізгі даму кезеңдері.

XX ғасырдағы журналистиканың дамуындағы негізгі тенденциялар. Оның кезеңдері.

Бұқаралық ақпарат мазмұнының және БАҚ типологиясының түбегейлі өзгеруіне себеп болған факторлар. Қоғамның демократизациялануы, елде көп партиялы баспасөздің қайта жаңғыруы, БАҚ басқарудың әкімшілік-командалық жүйесінің ыдырауы, баспасөз және сөз бостандығы. Жаңа саяси ойлаудың тұжырымдамасы, оның баспасөзге, радио мен телевизияға әсері. ҚР бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдары.

Қоғамның қайта құрылуы жағдайындағы бұқаралық ақпарат мазмұнының және БАҚ жүйелік сипаттамасының өзгерістері. ХХ ғасыр соңындағы ҚР мерзімді баспасөзі, телевизиясы мен радиосы.

ҚР-ндағы БАҚ және нарықтық шаруашылық идеялары. Елдің ақпараттық нарығындағы жаңа мерзімді басылымдар, радиостанциялар мен телеарналар.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен билік құрылымдарының өзара әрекеттестігінің тәжірибесі. Кәсіпкерлік, ресми баспасөз. Журналистика бойынша зерттеу тәжірибесіндегі жаңа тақырыптар мен бағыттар.

Бұқаралық ақпарат құралдарының техникалық қайта қарулануы. Интернет, оның ақпараттық қызметінің ерекшеліктері.

3-тақырып. Бұқаралық ақпарат, және оның заманауи әлемдегі рөлі

Журналистика әлеуметтік институт әрі бұқаралы-ақпараттық іс-әрекет саласы ретінде. Бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникация. Қоғам және әлеуметтік басқарудағы журналистиканың рөлі. Журналистиканың әлеуметтік рөлдері мен функциялары. БАҚ бұқаралық ақпараттың таралу арнасы ретінде.

Қоғамның саяси саласын БАҚ-дарында жарықтандырудың негізгі бағыттары. Елде демократияның қалыптасуы мен дамуы барысында БАҚ рөлі. Билік құрылымдарының БАҚ-пен өзара әрекеттестігі. Қоғамның саяси саласында БАҚ-тың реттеуші рөлі. Тәуелсіз БАҚ проблемалары. Баспасөз бостандығы мен әлеуметтік жауапкершілік теориясы. Журналистика жалпысаяси қызметтің саласы ретінде.

БАҚ саласының ақпараттық қауіпсіздігі. Ақпараттық саясат.

БАҚ және әлемдік қауымдастық проблемасы. Телеграфтық агенттіктердің заманауи ақпараттық ағымдардағы рөлі.

4-тақырып. Заманауи бұқаралық ақпарат құралдары

ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарындағы әлеуметтік-саяси реформалар, БАҚ-тың жаңа жүйесінің пайда болуы. БАҚ жүйесінің құрылымы мен тенденцияларына әсер ететін негізгі экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани-идеологиялық, техникалық-технологиялық факторлар.

Бұқаралық ақпарат мазмұны және ҚР заманауи БАҚ. Журналистика моделдері. БАҚ-тың жүйелік сипаттамасы. Заманауи қазақстандық мерзімді баспасөздің, телевизия мен радионың типологиясы. Спутниктік, кабелдік және эфирлік телевизия. Заманауи баспасөзді шығарудағы, редакция жұмысындағы компьютерлік техника. Заманауи газеттердің электрондық нұсқалары.

Интернеттегі БАҚ. Экономикалық және қоғамдық өмірді реформалаудың проблемалары және Интернет. ҚР және әлемдік ақпараттық кеңістік.

Республикалық және аймақтық БАҚ. Сапалы және «бұқаралық» басылымдар. Басылымдардың жаңа түрлерінің қалыптасуы.

5-тақырып. Журналистік шығармашылықтың теориясы мен әдістемесі

Журналистік шығармашылық кәсіби іс-әрекет ретінде. Журналистика саласындағы ғылыми шығармашылық.

Журналистік іс-әрекеттің редакторлық, ұйымдастырушылық және авторлық түрлері. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялық саясатты іске асыру формалары. Өзектілік пен жеделдік – бұқаралық ақпарат сапасын айқындайтын ұғым ретінде.

Ақпарат және публицистика. Шығармашылықтың ғылыми, көркем және публицистикалық түрлері және оны БАҚ-тың күнделікті тәжірибесі аясында таныстыру. Журналистік шығармашылықтың мазмұны мен өзіндік қырлары: жылдам ағымдағы күнделікті өмірдің образдарда көрініс табуы. Журналистикада фактінің және фактілік негіздің рөлі. Журналистикадағы ақпарат жинау әдістері. Публици­стикалық шығармашылық. Публицистикалық шығармашылықтағы мазмұн мен пішін.

Журналистік туынды мәтіндік-жанрлық әр түрлілік ретінде. Ақпараттық жанрлар: заметка, есеп, репортаж, сұхбат. Сараптамалық жанрлар: мақала, корреспон­денция, рецензия, шолу, БАҚ шолу, хат. Көркем-публицистикалық: очерк, зарисовка. Көркем-публицистикалық сатирикалық жанрлар: фельетон, памфлет, пародия, эпиграмма және т.б. Радио мен телевизиядағы жанрлар ерекшеліктері.

Журналистік зерттеу жанр ретінде, оның ерекшеліктері. Журналистік зерттеу барысында деректер алу әдістері.

Интернет және журналистің оны қолдануы; журналистік шығармашылық барысындағы техникалық құралдар.

Журналистика шығармашылықтың басқа түрлері арасында. Журналистиканың әдеби-көркем және ғылыми шығармашылыққа ұқсастығы және олардан ерекшелігі.



6-тақырып. Бұқаралық коммуникацияның техникалық құралдары. Радио мен телевизияның техникалық құралдары

Бұқаралық коммуникация құралдары: баспасөз, радио және телевизия. Бұқаралық коммуникация процессі және БАҚ. Журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде және оларды басқару. Баспасөздің, радио мен телевизияның бұқаралық-коммуникациялық қасиеттері. БАҚ инфрақұрылымы: баспасөз, телевизия, радио, публицистикалық типографиялық басылымдар, хроникалық-деректі кино, Интернет. Ақпараттық агенттіктер мен қызметтер, баспасөз қызметі, баспасөз орталықтары және жұртшылықпен байаныс қызметтері. Техникалық мекемелердің ақпарат және коммуникация жүйелеріндегі рөлі мен орны. Коммуникация саласындағы басқару құрылымы.

Радиожурналистиканың ерекшеліктері БАҚ-тың құрамдас бөлігі ретінде. Радиожурналистиканың техникалық құралдары. Радиожурналистика және жұртшылықпен байланыс бойынша маманның кәсіби қызметімен өзара байланысы. Ауызекі сөз, бейнелеуші дыбыстар, музыка, монтаж – радионың негізгі көркемдеуші құралдары. Радиостанцияларың шақыру дыбыстары, музыкалық өрнектер және олардың рөлі. Радиобағдарламаларды жоспарлау және жасаудың негізгі кезеңдері. Радиохабар таратудың ұйымдастырушылық принциптері. Радиобағдарламалар жасаудағы журналистің рөлі. Студиялық және студиядан тыс радиохабарларды дайындау мен жүргізудің технологиясы. Радиохабар тарататуды дамытудың келешегі. Жаңа электрондық БАҚ: техника мен технология.

Телевизияның БАҚ жүйесіндегі орны мен рөлі. Заманауи отандық телевизияның типологиялық сипаттамасы. Телевизиялық публицистиканың жанрлық құрылымы. Телевизияның техникалық құралдары. Кабелдік және эфирлік телевизия. Спутниктік телевизия. Телевизиялық таратуды ұйымдастыру. Журналистің телевизиялық өндірістегі рөлі.



7-тақырып. Редакция жұмысын ұйымдастыру: журналистік корпус

Редакция – шығармашылық бірлестік және коммерциялық өндіріс, өндірістік-шығармашылық құрылым ретінде. Басылым типі. Редакциялық іс-әрекеттің принциптері: еңбекті бөлі, еңбекті кооперациялау және оның нәтижелерін біріктіру, жеке-дара принципі. Редакцияның шығармашылық бөлімінің құрылымы: тілшілер (меншікті және арнайы), тілшілер желісі, штаттан тыс авторлар. Жетекшілік және басқару буыны (редакторлар, хатшылық); орындау буыны (редакция бөлімдері: салалық, жанрлық, проблемалық). Редакцияның коммерциялық қызметтері: жарнама бөлімі, газет менеждері. Редакциядағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру. Заманауи журналистің құрал-жабдықтары. Редакциялардың штаттық кестесі.

Мерзімді баспасөз шығарудың материалдық-техникалық құралдары. Полиграфиялық техника және полиграфиялық процесстер. Заманауи полиграфиялық өндірістің негіздері, мәтінді полиграфиялық жаңғыртудың құралдары. Полиграфиялық өндірістегі компьютерлік технология.

Баспа БАҚ шығарудағы редакциялық процесстерді ұйымдастыру. Газетті шығаруды жоспарлау, ағымдағы нөмірді жоспарлау принциптері, келешекке жоспарлау, айлық және тоқсандық жоспарлар. Мақсатты нөмірдің, акцияның, газеттік науқанның жоспары.

Газеттік-журналдық өнімді шығарудың негізгі технологиялық сызбанұсқалары. Газеттер мен журналдардың заманауи безендірілуі, макеттеу және беттеу. Газет пен журналдың форматы. Қаріптік безендіру. Газеттік және журналдық тақырыптар мен айдарларға қойылатын талаптар. Баспа түрі.

Мәтіннің түпнұсқасы және оны өңдеудегі редакторлық жұмыс. Мәтіндік және суретті материалдың көлемін санау. Макет түрлері. Макеттеудің принциптері мен тәсілдері. Мерзімді басылымдарды компьютерлік макеттеу және беттеу. Мерзімді басылымдардың компьютерлік дизайны туралы түсінік.

Типографиялық дизайн. Безендірудің функционалдылығы мен эстетикасы. Композициялық-графикалық моделдеу. Мазмұн мен пішіннің өзара байланысы. Жарнаманы безендірудің ерекшеліктері мен стильдері. Ақпаратты-жарнамалық қосымшалардың дизайны. Фотосуреттердің мәнерлі және бейнелеу құралдары. Фоторепортаж, оны безендіру. Фотожарнама. Журналистік корпус. Журналистік білім.

Журналистиканың тиімділігі мен әрекеттілігі ұғымы. Аудиторияның журналистік туындыны қабылдауы мен игеруінің проблемасы.



8-тақырып. Бұқаралық ақпарат құралдары өндіріс ретінде: заманауи баспасөз нарығы

Бұқаралық ақпарат құралдары және нарық. БАҚ кәсіпорын ретінде. Журналистік ақпарат тауар ретінде, редакция кәсіпорындық мекеме ретінде. Редакцияның экономикалық мақсаттары. Типографиялық қызметтер, мерзімді басылымдар мен ақпараттық өнімді тұтынушылар нарығы.

Ақпараттық бизнесті ұйымдастырудың құқықтық және экономикалық формалары.

Маркетинг – БАҚ-тың нарықтық мінез-құлқындағы құрал ретінде. Маркетингтің кешені, коммуникациялары мен кезеңдері.

Заманауи менеджмент және БАҚ. Редакциялық менеджменттің ерекшеліктері. Редакцияны басқару әдістері. БАҚ нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Басылымды тарату әдістері. Экономика, құқық және этиканың өзара байланысы.

9-тақырып. Кәсіби-этикалық қағидалар мен нормалар: журналистика саласындағы заңнама

Журналистің кәсіби және қызметтік әдебі. Кодекс – журналистік қауымдастықтағы өзін-өзі реттеу механизмы ретінде. Журналистік шығармашылықтың өзіндік ерекшелігі мен тілші тұлғасының кәсіби қасиеттерінің ерекшеліктері. Журналистің әлеуметтік ұстанымы. Журналистің мінез-құлқы тәртібінің принциптері.

Ақиқаттың шынайы оқиғалары туралы оқырмандарды ақпараттандыру адекваттылығы – журналист кәсібінің адамгершілік формасы ретінде. Таңдау проблемасы. Ақиқат. Жариялық және оның журналистік іс-әрекеттегі көрінісі. Журналист және ақпарат көздері. Редакциялық ұжым және қызметтік әдептің нормалары. Сөз бостандығын конституциялық бекіту және ақпараттық қоғамға көшу жағдайларында журналистік іс-әрекеттегі кәсіби-этикалық нормалар рөлінің артуы. Журналистің кәсіби мәдениеті.

Журналист іс-әрекетінің құқықтық регламенттелуі. Ақпараттық құқықтың негізі. Ақпараттың шынайылығы үшін заңды жауапкершілік.

БАҚ-тың ұйымдастырылуы мен іс-әрекеті – құқықтық реттеудің пәні ретінде. Құрылымды жасаушы сызықтардағы өзара құқықтар мен міндеттер: қоғам мен мемлекет – БАҚ; құрылтайшы мен шығарушы – БАҚ редакциясы; редакция – жарияланым авторы; редакция – автор, ақпарат көзі; БАҚ – тұрғындар. Журналистер мен БАҚ редакцияларының құқықтық нормаларды бұзуын талдаудың соттық тәжірибесі.

10-тақырып. БАҚ және жұртшылықпен байланыс – өзара әрекеттесу жүйесі.

БАҚ және жұртшылықпен байланыс қызметі - ақпараттық-әлеуметтік жүйелер ретінде. Арналуы, мақсаттары мен негізгі функциялары.

БАҚ және жұртшылықпен байланыс қызметтерінің әдістері, тәсілдері, қызметтестік формалары. Баспасөз мәжілістері, брифингтер, таныстырылымдар. Жұртшылықпен байланыс құрылымдарының БАҚ-қа ұсынатын ақпараттық материалдарының түрлері. БАҚ – жұртшылықпен байланыс субъектісі ретінде.


Тәжірибелік сабақтардың мазмұны мен тізімі

1-тақырып. Қоғамның әлеуметтік-саяси реформалары және журналистиканың пайда болуы

«БАҚ теориясы мен тәжірибесі» оқу пәнінің мәні мен міндеттері. Оқу пәнінің журналисті кәсіби дайындаудағы рөлі мен орны. Оқу пәнінің негізгі категориялары: әлеуметтік ақпарат, бұқаралық ақпарат, БАҚ, журналистика және т.б.

Адамзаттың бұқаралық коммуникациясының журналистикаға дейінгі тәжірибесі. Бұқаралық коммуникация дамуының алғашқы кезеңдеріндегі бұқаралық ақпарат. Бұқаралық ақпараттың, оның коммуникация құралдарының қалыптасуы мен дамуы барысындағы қоғамның әлеуметтік-саяси реформаларының рөлі.

Бұқаралық ақпараттың, оның коммуникация құралдарының пайда болуы, қалыптасуы мен дамуының материалды-техникалық алғышарттары.

Журналистиканың тарихи типтері, идеялық әрі теориялық тұжырымдамалары, модельдері.

3-тақырып. Бұқаралық ақпарат, және оның заманауи әлемдегі рөлі

Журналистика әлеуметтік институт ретінде. Журналистиканың әлеуметтік рөлдері мен функциялары. БАҚ бұқаралық ақпараттың таралу арнасы ретінде.

Журналистика жалпысаяси қызметтің саласы ретінде. Елде демократияның қалыптасуы мен дамуы барысында БАҚ рөлі. Билік құрылымдарының БАҚ-пен өзара әрекеттестігі.

БАҚ саласының ақпараттық қауіпсіздігі. Ақпараттық саясат.

Саясат және БАҚ. Қоғамның саяси саласында БАҚ-тың реттеуші рөлі.

БАҚ және әлемдік қауымдастық проблемасы. Телеграфтық агенттіктердің заманауи ақпараттық ағымдардағы рөлі.

АҚШ, Ұлыбритания, Германия, ҚХР, Франция, Жапония және басқа елдердің заманауи ақпараттық қызметтері. Ақпараттық қоғамның қалыптасуы, ақпараттық процесстердің жаһандануы жағдайларындағы ақпараттық қызметтердің дамуы.

4-тақырып. Заманауи бұқаралық ақпарат құралдары

Бұқаралық ақпараттың мазмұны және ҚР БАҚ ерекшеліктері.

Заманауи журналистиканың моделдері, жүйелік сипаттамасы. Заманауи қазақстандық мерзімді баспасөздің, телевизия мен радионың типологиясы. Спутниктік, кабелдік және эфирлік телевизия. Заманауи баспасөзді шығарудағы, редакция жұмысындағы компьютерлік техника. Заманауи газеттердің электрондық нұсқалары. Интернеттегі БАҚ. Республикалық және аймақтық БАҚ. Сапалы және «бұқаралық» басылымдар. Іскери, жарнамалық, аграрлық және басқа да басылымдардың құрылымдық-функционалдық талдауы. Әйелдерге, балаларға және басқа әлеуметтік топтарға арналған басылымдар.

5-тақырып. Журналистік шығармашылықтың теориясы мен әдістемесі

Журналистік әс-әрекет – өзекті әлеуметтік ақпаратты жинау, өңдеу, мерзімді тарату бойынша қоғамдық іс-әрекеттің түрі ретінде.

Журналистика саласындағы ғылыми шығармашылық. Коммуникация саласындағы тәжірибе, теория және тарихты зерттеу бойынша ғылыми орталықтардың жасалуы мен ғылыми мектептердің пайда болуы. Ғылыми-зерттеулік іс-әрекеттің өзгешеліктері. Журналистиканы зерттеу әдістері, олардың эво­люциясы.

Журналистік іс-әрекеттің редакторлық түрі. Журналистік іс-әрекеттің ұйымдастырушылық түрі. Журналистік іс-әрекеттің авторлық түрі.

Мазмұн және журналистік шығармашылықтың өзіндік ерекшеліктері. Журналистік шығармашылық түрлері: ғылыми, көркем және публицистикалық.

Зерттеу әдістерінің журналистің ғылыми шығармашылығындағы орны мен рөлі.

Журналистикада қолданылатын зерттеу әдістерінің классификациясы.

Анализ – журналистік іс-әрекеттегі жалпығылыми әдістердің әр түрлілігі ретінде. Журналистік зерттеу. Журналистикадағы ақпарат жинау әдістері.



6-тақырып. Бұқаралық коммуникацияның техникалық құралдары. Радио мен телевизияның техникалық құралдары.

Бұқаралық коммуникация құралдары құрылымдық компоненттерінің сипаттамасы. Бұқаралық коммуникация процессі және БАҚ. Баспасөздің, радио мен телевизияның бұқаралық-коммуникациялық қасиеттері. БАҚ инфрақұрылымы: баспасөз, телевизия, радио, публицистикалық типографиялық басылымдар, хроникалық-деректі кино, Интернет. Ақпараттық агенттіктер мен қызметтер, баспасөз қызметі, баспасөз орталықтары және жұртшылықпен байланыс қызметтері. Техникалық мекемелердің ақпарат және коммуникация жүйелеріндегі рөлі мен орны.

Радиожурналистиканың ерекшеліктері. Радиожурналистиканың қазақстандық және шетелдік құрылымдық компоненттерінің типологиялық сипаттамасы. Заманауи қазақстандық телевизияның типологиясы. Телевизияның басқа БАҚ-пен өзара байланысы. Радиобағдарламаларды жоспарлау және жасаудың негізгі кезеңдері. Жаңа электрондық БАҚ: техника және технология. Кабелдік және эфирлік телевизия. Спутниктік телевизия. Сандық телевизия. Телевизиялық орталықтар және олардың құрал-жабдықтары. Студиядан тыс телевизиялық құрал-жабдықтар, тасымалданатын және репортажға арналған телевизиялық техника. Телевизиялық бағдарламаларды жасаудың негізгі кезеңдері. Журналистің телевизиялық өндірістегі рөлі.

7-тақырып. Редакция жұмысын ұйымдастыру: журналистік корпус

Редакция – шығармашылық бірлестік және коммерциялық өндіріс, өндірістік-шығармашылық құрылым ретінде. Басылым типі. Редакциялық іс-әрекеттің принциптері.

Редакцияның шығармашылық бөлімінің құрылымы. Жетекшілік және басқару буыны; орындау буыны. Редакцияның коммерциялық қызметтері.

Редакциядағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру. Заманауи журналистің құрал-жабдықтары. Редакциялардың штаттық кестесі.

Мерзімді баспасөз шығарудың материалдық-техникалық құралдары. Қаріптер мен олардың классификациясы.

Газетті шығаруды жоспарлау, ағымдағы нөмірді жоспарлау принциптері, келешекке жоспарлау, айлық және тоқсандық жоспарлар.

Беттеу және баспа. Полиграфиялық басылымдардың дизайны. Газеттер мен журналдардың заманауи безендірілуі, макеттеу және беттеу. Газет пен журналдың форматы. Қаріптік безендіру. Газеттік және журналдық тақырыптар мен айдарларға қойылатын талаптар. Баспа түрі.

Мәтіннің өңдеудегі редакторлық жұмыс. Мәтінді түзету түрлері. Макет түрлері. Макеттеудің принциптері мен тәсілдері. Мерзімді басылымдарды компьютерлік макеттеу және беттеу. Мерзімді басылымдардың компьютерлік дизайны.

Типографиялық дизайн. Композициялық-графикалық моделдеу. Беттің эстетикасы. Жарнаманы безендірудің ерекшлеіктері мен стилдері. Ақпаратты-жарнамалық қосымшалардың дизайны. Түспен жұмыс. Газет, журнал, кітаптағы фотосурет. Фотосурет түсірудің техникасы. Фотосуреттердің мәнерлі және бейнелеу құралдары. Кітап фотосуретінің композициясы. Басылымның композициялық-графикалық моделіндегі фотосурет және оған арналған мәтін.

Фоторепортаж, оны көркемдеу. Фотожарнама.

Журналистік корпус.

8-тақырып. Бұқаралық ақпарат құралдары өндіріс ретінде: заманауи баспасөз нарығы

Бұқаралық ақпарат құралдары және нарық. БАҚ кәсіпорын ретінде. Журналистік ақпарат тауар ретінде, редакция кәсіпорындық мекеме ретінде.

Ақпараттық бизнесті ұйымдастырудың құқықтық және экономикалық формалары.

Маркетинг – БАҚ-тың нарықтық мінез-құлқындағы құрал ретінде. Ақпараттық нарықты зерттеу: бұқаралық ақпарат нарығын, БАҚ-тың жұмыс күшін, материалдарды, таратушыларды, техникалық және шығарушы нарықты қарастыру.

Заманауи менеджмент және БАҚ. Редакциялық менеджменттің ерекшеліктері. Редакцияны басқару әдістері. БАҚ нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Басылымды тарату әдістері.

9-тақырып. Кәсіби-этикалық қағидалар мен нормалар: журналистика саласындағы заңнама

Журналистің кәсіби және қызметтік әдебі. Журналистің әлеуметтік ұстанымы. Журналистің мінез-құлқы тәртібінің принциптері.

Журналист және ақпарат көздері. «Компромат» түсінігі; «жасырын» жарнама проблемасы; факт пен комментарий проблемасы. Редакциялық ұжым және қызметтік әдептің нормалары.

Журналист іс-әрекетінің құқықтық регламенттелуі. Ақпараттық құқықтың негізі. Ақпараттың шынайылығы үшін заңды жауапкершілік.

БАҚ-тың ұйымдастырылуы мен іс-әрекеті – құқықтық реттеудің пәні ретінде. Журналистер мен БАҚ редакцияларының құқықтық нормаларды бұзуын талдаудың соттық тәжірибесі.

10-тақырып. БАҚ және жұртшылықпен байланыс – өзара әрекеттесу жүйесі

БАҚ және жұртшылықпен байланыс қызметі - ақпараттық-әлеуметтік жүйелер ретінде. Арналуы, мақсаттары мен негізгі функциялары.



БАҚ және жұртшылықпен байланыс қызметтерінің әдістері, тәсілдері, қызметтестік формалары. Баспасөз мәжілістері, брифингтер, таныстырылымдар. Ұйымның іс-әрекеті туралы журналистік сөз сөйлеудің бағасы мен мониторингісі. Жұртшылықпен байланыс құрылымдарының БАҚ-қа ұсынатын ақпараттық материалдарының түрлері. БАҚ – жұртшылықпен байланыс субъектісі ретінде.
СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатта

1

Лекция сабақтарына дайындық

Конспект

Сабаққа қатысуы

60

2

Тәжірибе сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Тапсырмаларды орындауы

40

3

Аудиториялық сабақтар мазмұнына кірмеген материалмен танысып, зерделеу

Жұмыс дәптері Конспект

Сұрастыру

60

4

БАҚ материалдарымен жұмыс

Жұмыс дәптері

Сұрастыру

10

5

Сынақ шараларына дайындық




РБ 1, РБ 2, ауызша сұрастыру

10

Барлығы:







180


Студенттердің өздігінен қарастыруларына арналған тақырыптар тізімі:

  1. Бұқаралық коммуникация дамуының алғашқы кезеңдеріндегі бұқаралық ақпарат.

  2. Ақпараттық қоғамның мәні мен мазмұны.

  3. Журналистика моделдері: феодалды-монархиялық, діни-клерикалдық, буржуаздық, социалистік.

  4. Коммуникация, бұқаралық коммуникация, журналистика, масс-медиа, публицистика ұғымдарының мәні мен мазмұны

  5. БАҚ саласындағы ақпараттық қауіпсіздік

  6. ҚР заманауи журналдарының типологиялық сипаттамасы

  7. Тележурналистикадағы жанрларды іске асырудың ерекшеліктері

  8. Радиожурналистикадағы жанрларды іске асырудың ерекшеліктері



11 Курс саясаты
Егер студент қандай да бір себеппен сабаққа қатыса алмаса, оқытушыға алдын-ала ескерткені жөн.

Барлық дәріс, тәжірибелік және СӨЖМ сабақтарына міндетті түрде қатысу.

Міндетті түрде сабақтарға дәл уақытында келу, оқу процессіне бөгет жасамас үшін кешікпеу қажет. Сабақ басталған соң дәрісханаға кіруге болады, алайда әр кешіккен сайын межелігі 0,5 баллға төмендеп отырады.

Егер магистрант қандай да бір жағдай бойынша сабақтарға қатыса алмаса, оқытушыны алдын-ала ескертуі қажет.

Студент сабақтарда тәртіп сақтап отыруы керек. Сабаққа қатыссыз жайттармен (әңгімелесу, телефонмен сөйлесу, басқа пәндер бойынша жазбаша жұмыстар) онда оқытушы сабақтың межелігін 0 баллға дейін төмендете алады.

Тақырыптық өзектілігі бойынша пікірсайыс ұйымдастырылса, сабақтың тақырыбы бойынша ақпараттық ауысым жасалса, межелігі 1 баллдық жүйемен мадақталады.

Ұрлық, арамдық мінез-құлық дөрекі түрлермен жасалса, межелігі 0 баллға дейінгі төмендетумен жазаланады.

Дәрістің, тәжірибенің, студиялық сабақтардың, СӨЖМ және СӨЖ жоспарлары бойынша барлық тапсырмалар магистранттар өздік жұмысының корындалуының графигінде көрсетілгендей дәл уақытында орындалуы және тапсырылуы тиіс.



Тақырыпты қайта тапсыру мақсатымен көрсеткіш коэффицентін жоғарылату мүмкіндігі бар, бірақ ол кейінгі тақырыптардың жұмыстарына теңеседі.
12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Ахмадулин, Е. В. Основы теории журналистики: учеб. пособие
    для вузов по спец. "Журналистика"/Е. В. Ахмадулин.-М.; Ростов н/Д:
    МарТ, 2008

  2. Ворошилов В.В. Техника и технология СМИ: Конспект лекций.- СПб: Изд-во Михайлова В.А.,2001

  3. Козыбаев, С. К. Журналистика Казахстана:энциклопедия

  4. /С.К.Козыбаев, Л.П. Нода, А.В.Рожков.-Алматы:Экономика, 2006.

  5. Мельник, Г. С. Основы творческой деятельности журналиста:учебное пособие/ Г. С.Мельник, А.Н.Тепляшина.-М.:Питер.-(Краткий курс). Ч.1: Краткий курс лекций. Ч.2: Хрестоматия.-2004

  6. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики:Учебное пособие СПб.:Изд-во Михайлова,2000

Қосымша:

  1. Астахов, П. Справочник журналиста и руководителя СМИ:
    ( учредителя, издателя, главного редактора): [все юридические
    аспекты деятельности ]/ П. Астахов.-М.:ЭКСМО,2008

  2. Грабельников А.А. Русская журналистика на рубеже тысячелетий. Итоги и перспективы.- М. : РИП- холдинг,2001

  3. История печати: Антология: Учеб.пособие для вузов /Сост.:Я.Н.Засурский, Е.Л. Вартанова.-М.:Аспект-Пресс,2001

  4. Кайда Л.Г. Эффективность публицистического текста. - М., 1989.

  5. Ким М. Н. Технология создания журналистского произведения.- СПб. :Изд-во Михайлова В.А.,2001

  6. Лазутина Г.В. Основы творческой деятельности журналиста:Учебн.для вузов.-М.:Аспект Пресс,2001.

  7. Маккей, Д. Все о журналах/Д. Маккей.-М.:Университетская
    книга, 2008.

  8. Назаров, М. М. Массовая коммуникация и общество. Введение в теорию и исследования/М. М. Назаров.-М.:Аванти плюс,2003

  9. Олешко, В. Ф. Журналистика как творчество: чеб. пособие/В. Ф.Олешко.-М.:РИП-холдинг,2004.-220 с.-(Практическая журналистика)

  10. Очерки истории русской советской журналистики 1933-1945 /Ред.А.Г.Дементьев.-М.:Наука,1968

  11. Свиридов А.М., Свиридова Г.М. Казахстанские средства массовой информации в 1998 году: Словарь - справочник в 2 ч.-Алматы:Фонд "ХХIвек". Ч.2.:Алма-Ата(Алматы).-1999

  12. Ткачева, Н.В. Информационные стратегии стран Восточной Азии в условиях рыночных реформ/ Н. В.Ткачева.- М.:РИП-холдинг,2003

  13. Лазутина Г.В. Основы творческой деятельности журналистики:Учебник

  14. Смирнов, В.В. Жанры радиожурналистики: учебное пособие для
    вузов/ В. В. Смирнов.- М. : Аспект Пресс, 2002

  15. Сикорский Н.М. Теория и практика редактирования:Учебник.-367 с.

  16. Справочник журналиста Казахстана.-Алматы:Санат,2002Цвик, В. Л. Телевизионная журналистика: История. Теория.Практика/ В. Л. Цвик.- М. : Аспект- пресс, 2004


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет