Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы №230 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы»



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі186 Kb.
#174328
  1   2   3
«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған  күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2008 жылғы 11 наурыздағы

230 қаулысымен



Бекітілген

 

«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»

техникалық регламенті

 

1. Қолдану саласы

 

1. «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.

Осы техникалық регламент пайдаланылатын технологиялардың ерекшеліктеріне байланысты сүт өнімдерін өндіруге (дайындауға) арналған тамақ өнімдері, жартылай фабрикат немесе басқа да шикізат ретінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде, отандық және шетелде өндірілген (дайындалған) сүт-шикізаты мен дайын сүт және сүт өнімдеріне қолданылады.

2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түскен барлық өнім түрлері мен олардың Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының жіктеуіші бойынша кодтары (бұдан әрі - СЭҚ ТН) осы техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

3. Осы техникалық регламенттің талаптары, сүт және сүт өнімдерін өндірумен (дайындаумен) қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.

4. Осы техникалық регламент балалар тағамдарына арналған, емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы үй жағдайында дайындалған сүтке және сүт өнімдеріне, жеке тұтынуға арналған сүт және сүт өнімдеріне, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) қолданылатын тағамдық қоспаларға, бояғыштар мен хош иістендіргіштерге қолданылмайды.



 

 

2. Терминдер



 

5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер пайдаланылады:

1) байыту - сүтке және сүтті қайта өңдеу өнімдеріне витаминдерді, микро- және макроэлементтерді, пробиотикалық заттарды, белокті, тағамдық талшықтарды, жартылай қанықпайтын майлы қышқылдарды, фосфолипидтерді, пробиотикалық дақылдарды енгізу процесі;

2) биоөнім - ашытатын микроорганизмдерді пайдалана отырып, ашытқылау процесінде және (немесе) одан кейін монодақылдардағы немесе қауымдастықтардағы пробиотиктердің тірі дақылдарын және (немесе) пребиотиктерді қоса отырып дайындалатын сүтті қайта өңдеудің байытылған өнімі;

3) зарарсыздандыру - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары және спораларын жоюды қамтамасыз ететін тығыз жабылған ыдыстарда 100оС-дан жоғары температура кезінде сүтті термикалық өңдеу процесі;

4) контаминант (ластағыш) - сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе оларды тұтынудың жарамдылығына қатер төндіруі мүмкін кез келген биологиялық немесе химиялық фактор, тамақ өнімдеріне әдейі қосылмаған бөтен материал немесе басқа заттар;

5) қайта қалпына келтіру - оның қоюлатылған нысандарына су қосу жолымен сүт өнімін дайындау процесі;

6) қалыпқа келтіру - сүттегі немесе сүтті қайта өңдеу өнімдеріндегі сүттің құрама бөлшектерінің қамтылуы мен арақатынасын реттеу процесі;

7) пастерлеу - өнімнің бастапқы құрамынан кемінде 99,0% микроорганизмдердің патогендік және вегетативтік жасушаларын жоюды қамтамасыз ететін 65оС-дан 100оС-қа дейінгі температура кезінде термикалық өңдеу процесі;

8) пребиотиктер - тоқ ішектегі бір немесе саны шектеулі пайдалы бактериялардың өсуіне және (немесе) белсенділігіне оң әсер ететін қорытылмайтын тағамдық ингредиенттер;

9) пробиотикалық микроорганизмдер - ас қорыту жолдарындағы микрофлоралардың құрамына және биологиялық белсенділігіне қалыпқа келтіру әсерімен адам организміне оң әсер ететін, тамақпен бірге келіп түсетін патогенсіз, токсигенсіз микроорганизмдер;

10) сүтті қайта өңдеу өнімдері - сүт өнімдері, құрамдас сүт өнімдері, құрамында сүті бар өнімдер, қайталама сүт шикізаты;

11) құрамдас сүт өнімі - өнім құрамындағы сүттің құрамдық бөліктері 50%-дан астамын құрайтын сүттің құрамдық бөлігінде, сүттің құрамдық бөлігін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдеріне және сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдық өнім;

12) суыту - технологиялық процестердің талаптарына сәйкес температураны төмендету;

13) құрамында сүті бар өнімдер - өнімнің құрғақ заттарындағы сүттің құрғақ заттарының үлес салмағы кемінде 20%, сүт құрамына жатпайтын майларды және (немесе) белоктарды қоса алғанда, сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен және (немесе) сүт құрамына жатпайтын құрамдас бөліктерден дайындалған тағамдық өнім;

14) ашыған сүт өнімдері - тірі ашытқы микроорганизмдерін қамтитын, рН-ді және белок коагуляциясын азайтуға әкеп соғатын ашытқы микроорганизмдерін пайдалана отырып, сүттің құрамдас бөліктерін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті және (немесе) сүт өнімдерін және (немесе) олардың сүтке жатпайтын құрамдас бөліктердің қоспаларын ашыта отырып әзірленетін сүт немесе сүттің құрамдас өнімі;

15) сүт өнімдері - қайта өңдеуге арналған функционалды қажетті ингредиенттерді қамтуы мүмкін сүт құрамына жатпайтын майларды және белокты пайдаланбай-ақ сүттен және (немесе) оның құрамдас бөліктерінен дайындалатын тағамдық өнім;

16) сүтті қайта өңдеу - сүттің бастапқы қасиетін өзгертетін технологиялық операциялар кешені;

17) сүтті тазарту - сүтті механикалық қоспалардан тазарту процесі;

18) сүт-шикізат (шикі) - термикалық өңдеуге түспеген сүт;

19) табиғи сүт - сүттің құрамдас бөлшектері реттеуге ұшырамаған сүт;

20) табиғи сүт өнімі - табиғи сүттен дайындалған сүт өнімі;

21) термоөңдеу - сүтті немесе сүт өнімдерін термикалық өңдеу процесі;

22) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою субъектісі (бұдан әрі - субъекті) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

23) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі - өндіру (дайындау) объектісі) - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі кәсіпорын;

24) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі - тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), ендірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіруімен және тұтынушылардың заңды мүдделерінің бұзылуымен байланысты қауіпті факторды іске асыру және оның салдарларының ауыртпалығы мүмкіндігінің үйлесімін ескере отырып, жол берілмейтін қатердің болмауы;

25) ультражоғары температуралық өңдеу (УЖТ, ультрапастерлеу) - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететін 135оС-дан астам температурада кемінде 2 секунд ұстай отырып, сүтті және оның ағынындағы қайта өңдеу өнімдерін термоөңдеу;

26) ферментті препараттар - сүтті қайта өңдеу өнімдерін дайындау кезінде орын алатын биохимиялық процестерді жүзеге асыру үшін қажетті белоктық заттар.

 

 

3. Сүтті және сүт өнімдерін сату кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



 

6. Сүт және сүт өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ішкі сауда объектілерінде санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

7. Сүтті және сүт өнімдерін өткізу үшін негізгі шарттар мыналар болып табылады:



1) ілеспе құжаттардың болуы;

2) сүт және сүт өнімдері туралы ақпараттың болуы;

3) сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттың (санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының, ветеринариялық-санитарлық қорытындының, ветеринариялық куәліктің, ветеринариялық сертификаттың, ветеринариялық анықтаманың, сәйкестік сертификатының) болуы.

8. Өткізу мерзімін сүттің және сүт өнімдерінің нақты түрлеріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес өндірушілер (дайындаушылар) белгілейді. Сүт және сүт өнімдерін өткізу кезінде сақтау шарттары орындалуы тиіс.

9. Сүт және сүт өнімдері тұтынушылық немесе топтық орамда (ыдыста), немесе оларсыз: құйылып немесе таразыға тартылып өткізіледі.

Сүт және сүт өнімдерін бүлінген және (немесе) тығыз жабылмаған орамда (ыдыста) өткізуге жол берілмейді.

Сүт және сүт өнімдерін құйылмалы немесе таразылап өткізу кезінде кесуге және таразылауға арналған арнайы жабдық, сондай-ақ таңбаланған сауда мүкәммалы (төсеніштер, қысқыштар, қалақшалар және т.б.) пайдаланылуы тиіс.

Буып-түйілмеген сүт өнімдерін тікелей таразыларда орама материалдарсыз тартуға жол берілмейді.

10. Сүт және сүт өнімдерін өткізуге белгіленген тәртіппен міндетті түрде медициналық тексеруден өткен адамдар жіберіледі.



Сүт және сүт өнімдерін өткізуді жүзеге асыратын адамдардың арнайы киімі болуы тиіс.

 

 

4. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын



шикізат қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

11. Өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған сүт-шикізаты, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жеке тапсырушылардан немесе жұқпалы аурулар бойынша салауатты шаруашылық жүргізуші субъектілерде ұсталатын дені сау жануарлардан алынуы тиіс. Сүт және құрамында сүті бар өнімдерді қайта өңдеу үшін сүт-шикізаты шикі түрінде беріледі.

12. Жануарларды ұстау, азықтандыру және сауу, жануарлардың жай-күйін бақылау шарттары, шикі сүтті өндірудің технологиялық процестері, шикі сүтті жинауды, суытуды, сақтауды және тасымалдауды қоса алғанда, ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі тиіс.

13. Сүт-шикізат сауылғаннан кейін 2 сағат ішінде кешіктірілмей шаруашылық жүргізуші субъектілерінде сүзілуі (тазалануы) және (4 + 2)оС темпертурасына дейін суытуға қамтылуы тиіс.

Сүт-шикізатын өндірушіде (дайындаушыда) қайта өңдеу жеріне тасымалдауға арналған уақытты ескере отырып, 24 сағаттан аспайтын (4 + 2)оС температурада сақтауға жол беріледі.

14. Сүт-шикізатын қайта өңдеу орнына тасымалдау уақытында және тіпті оны қайта өңдеу басталғанға дейін оның температурасы



8оС-дан аспауға тиіс.

Қайта өңдеу үшін келіп түскен сүт-шикізатты қайта өңдеуші кәсіпорнында сақтауда тұрған сүтпен араластыруға жол берілмейді.

Сүт-шикізатты өндірушіде (дайындаушыда) бұрын сақтауда тұрған сүттен басқа:

1) 4оС температурасына дейін суытылған - 6 сағаттан аспайтын;

2) 6оС температурасына дейін суытылған - 4 сағаттан аспайтын сүт-шикізатты қайта өңдеушіде сақтауға (резервтеуге) жол беріледі.

Қабылдау кезінде температурасы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін сүт-шикізат дереу қайта өңделуі тиіс.

15. Бұзаулағаннан кейінгі алғашқы жеті күнде және суалту алдындағы соңғы бес күнде сиырлардан алынған, сондай-ақ нормативтік құжаттарда анықталған қышқылдық титрі жоғары, термикалық өңдеуге жатпайтын сүт және сүт қамтылған өнімдер қайта өңдеуге жатпайды.



Ветеринарлық анықтамасы жоқ сүт-шикізат қабылданбауы тиіс.

16. Сүт-шикізатты, оның ішінде қайта өңдеу басталғанға дейінгі термикалық өңделген сүт-шикізатты сақтау (резервтеу) оған арналған жекелеген таңбаланған ыдыстарда жүзеге асырылады.

17. Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін, сау жануарлардан алынған сүт-шикізаттың өндірістік қайта өңдеуге жарамдылығы ветеринарлық анықтамамен және пероксидазасы жоқ деген сипаттағы термикалық қайта өңдеудің тиімділігін зертханалық зерттеумен расталады.

Жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз шаруашылық субъектілері үшін сүт-шикізатпен ілесе жүретін ілеспе құжаттарда өңдеу температурасы мен уақыты көрсетіле отырып, жүргізілген термикалық өңдеу туралы белгі қойылуы міндетті.

18. Сүт-шикізатындағы, қаймақ-шикізатындағы уытты элементтердің, микотоксиндердің, антибиотиктердің, ингибирлейтін заттардың, пестицидтердің, радионуклидтердің болу деңгейі осы техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген рұқсат етілген деңгейден аспауға тиіс.



Сүт-шикізатта ингибирленетін заттардың, оның ішінде жуу-дезинфекциялық құралдар мен бейтараптандыратын заттар қалдықтарының болуына жол берілмейді.

Сүт-шикізаттағы микроорганизмдер мен соматикалық жасушалардың болу деңгейі осы техникалық регламентке 3-қосымшада көрсетілген рұқсат етілген нормалардан аспауға тиіс.

19. Сүт және сүт өнімдерін өндіруге сүт-шикізатты дайындау адам өмірі мен денсаулығы үшін қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігін және олардың ластануының кез келген түрін болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.



 

 

5. Ұйытқылар мен пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



 

20. Ұйытқылар және (немесе) пробиотикалық дақылдардың қауіпсіздігін оларды өндірушілер (дайындаушылар), ал олардан дайындалған өндірістік ұйытқылар - үй-жайларға (олардың өндірістік тізбекте орналасуына, құрамына және жай-күйіне) және жабдыққа (көрінісі мен жай-күйіне) қойылатын техникалық талаптар, сондай-ақ ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар (өндірістің технологиялық режимі мен өндірістік бақылау бағдарламасы) кешенін және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

21. Орамалары (ыдыстары) ашылған және (немесе) бүлінген және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ұйытқыларды сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.



Сүт және сүт өнімдерін өндіруде пайдаланылатын өндірістік ұйытқыларды дайындауға арналған ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың әрбір партиясы белгіленген нысандағы құжаттармен ілесе жүруі тиіс.

22. Ұйытқылардан және (немесе) пробиотикалық дақылдардан өндірістік ұйытқыларды және жандандырылған бакконцентраттарды дайындау мен шығару кезіндегі ұйытқылардың және (немесе) пробиотикалық дақылдардың сапасын бақылауды өндірістік циклдің барлық кезеңдерінде арнайы дайындалған және кезеңділігімен аттестатталатын персонал жүзеге асырады.

23. Ұйытқыларды және (немесе) пробиотикалық дақылдарды дайындау процесі (құрғақ азықтық ортаны немесе құрғақ сүтті қалпына келтіруді, пастерлеуді және (немесе) залалсыздандыруды, суытуды, ашытуды, топырақ баптауды және ұйтқыны суытуды қоса алғанда) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізіледі.

 

 

6. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың



қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

24. Технологиялық үй-жайларда өндіру (дайындау) процесінде бекітілген санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес жарықтың, микроклиматтың, шудың, дірілдің және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар құрамының қажетті деңгейі қамтамасыз етілуі тиіс.

25. Технологиялық үй-жайларда сүт және сүт өнімдерінің ластануын болдырмау үшін темекі өнімдерін, сағыз резеңкелерін тұтынуға және тамақ өнімдерін қабылдауға медициналық аптечкалар мен жеке заттарды сақтауға, персоналдың әсемдік заттар мен бижутерияларды тағып жүруіне рұқсат етілмейді.



Медициналық аптечкалар технологиялық үй-жайлар мен учаскелердің тамбурларында немесе тұрмыстық үй-жайларда орналастырылуы мүмкін.

Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) процесінде персоналдың жеке гигиена ережелерін орындауын, әсіресе жұмыс алдында, жұмыстағы үзілістерден және дәретхананы пайдаланғаннан кейін қол жууға қатысты қатаң бақылауды жүзеге асырады.

Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі технологиялық үй-жайларда кемірушілер мен жәндіктердің (оның ішінде шыбындардың, тарақандардың) болуына жол берілмейді.

Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) объектісінің аумағына құстар мен жануарлардың болуына жол берілмейді.

26. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейін анықтау әр өндіру (дайындау) объектісі үшін шығарылатын сүт өнімдерінің түрлері мен санитарлық және гигиеналық нормативтерге сәйкес технологиялық процестерді жүргізу ерекшеліктеріне қарай жеке белгіленеді.



Желдету, ауаны тазалау, ауалық жылыту жүйесінің тасқынды ауасындағы зиянды заттардың шоғырлануы, оның рұқсат етілген шегінің 30%-нан аспауға тиіс. Егер шаң зиянды фактор болып табылса, онда келетін тасқынды ауаны тазартуды көздеу қажет.

27. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) өндірісіне арналған, технологиялық жабдық, оның ішінде сауу-сүт жабдығы сүт және сүт өнімдерімен байланысуға арналған материалдардан дайындалуы және машиналар мен жабдықтар қауіпсіздігі саласындағы заңнамада көзделген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.

28. Технологиялық процесс барынша автоматтандырылған болуы, ал сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін қолданылатын технологиялық жүйелер қызмет көрсетуші персоналмен өнімге, оны дайындау кезінде ластаушы заттар мен микроорганизмдердің еніп кетуін болдырмау мақсатында тікелей байланысты алынып тасталуы тиіс. Өндірістік және технологиялық жабдық қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс істеуі (техникалық қызмет көрсету, тазалау және заласыздандыру) үшін еркін келуі қамтамасыз етілетіндей етіп құрастырылуы тиіс.

29. Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау), термикалық өңдеу, суыту және сақтау үшін пайдаланылатын жабдық қауіпсіз өнім өндіруді (дайындауды) қамтамасыз ету үшін барынша тез талап етілетін температураға қол жеткізу және ұстап тұру қамтамасыз етілуі тиіс.



Жабдық Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес, мақсатына қарай пайдалану үшін сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе жарамдылығына теріс әсер етуі мүмкін температураны, ылғалдылықты, ауа ағыны мен басқа да сипаттамаларды бақылау және өлшеу құралдарымен қамтамасыз етіледі. Өлшеу құралдары белгіленген тәртіппен тексерілген және (немесе) аттестатталған және Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін рұқсат берілген өлшеу құралдарының тізіліміне енгізілген болуы тиіс.

Сүтті тазалауға арналған жабдық коррозияға берік материалдардан дайындалуы және жеңіл тазалау мүмкіндігі болатындай етіп құрастырылуы тиіс.

Ластануды болдырмау үшін сүтті тазалау және жабдықты санитарлық өңдеу жөніндегі қондырғы сүт және сүт өнімдерін сақтау, қайта өңдеу және буып-түю алаңдарынан алыста болуы тиіс.

30. Өндірістік процестердің қауіпсіздігіне өндірудің (дайындаудың) температуралық режимін және дайын сүт өнімдерін өткізуді қоса алғанда, олардың сақталуы үшін тұрақты бақылау кепілдігі беріледі.

31. Қауіпсіздікті, өнеркәсіптік зарарсыздандыруды және сақтау мерзімдерін ұзартуды қамтамасыз ету үшін сүт және сүт өнімдері термоөңдеуден, оның ішінде термизациядан, пастерлеуден, зарарсыздандырудан, ультрапастерлеуден немесе ультражоғары температуралық өңдеуден өтеді.

Сүт және сүт өнімдерінің термизациясы 600С-дан 680С-ға дейінгі температурада, кейіннен 30 секундқа дейін ұстала отырып жүзеге асырылады.

Сүт және сүт өнімдерін (төменгі температуралық, жоғары температуралық) пастерлеу сүттегі және оның қайта өңдеу өнімдеріндегі кез-келген патогенді микроорганизмдер адам денсаулығына зиян келтірмейтіндей жағдайда санының азаюын қамтамасыз ететін уақыт бойы 630С-дан 1000С-ге дейінгі температура диапазонында ұстала отырып, әртүрлі режимдерде (температура/уақыт) жүзеге асырылады.

Сүт және сүт өнімдерін төмен температуралы пастерлеу 760С-дан аспайтын температура жағдайында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза инактивациясымен ілесе жүреді.

Сүт және сүт өнімдерін жоғары температуралы пастерлеу 770С-дан 1250С-ға дейінгі температура диапазонында жүргізіледі және сілтілік фосфотаза мен пероксидаза инактивациясымен ілесе жүреді.

Сүт және сүт өнімдерін пастерлеу өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздандыру талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін 1000С-дан жоғары температурада ұстала отырып, тығыз жабылған тұтынушы орамында (ыдысында) жүзеге асырылады.

Сүтті және сұйық сүт өнімдерін қайта өңдеу кезінде ультрапастерлеу:

1) кейіннен асептикалық буып-түю кезінде - өнімнің өнеркәсіптік зарарсыздығы талаптарына сәйкестігін;

2) кейіннен асептикалық емес буып-түю кезінде - өнімнің қалдық микрофлорасының елеулі азаюы мен сақтау ұзақтығының ұлғаюын қамтамасыз ететін 1250С-1380С температура кезінде кемінде 5 секунд ұстай отырып, жүзеге асырылады.

Сүт және сүт өнімдерін ультражоғары температуралық өңдеу жабық жүйе ағынында 1350С-1400С температура кезінде жылытылған үстіңгі бетімен жанасу немесе зарарсыздандырылған буды өніммен тікелей араластыру жолымен кемінде 2 секунд ұстай отырып жүзеге асырылады.

32. Арнайы технологиялық процестердің тиімділігін бақылау кезеңділігі өндірістік бақылау бағдарламасында белгіленеді және өнеркәсіптік зарарсыздандыру талаптарына сәйкестігіне өнім үлгілерін сынау жолымен қамтамсыз етіледі.



Сүт және сүт өнімдерін термикалық өңдеуді бақылау кезінде қолданылатын әдістер дайын сүт өнімі қауіпсіздігінің берілген деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Термикалық өңдеуден өтетін сүтті және сүттің қайта өнімдерін суыту 40С +±20С-дан аспайтын температураға дейін жүргізіледі.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет