Қазақстан Республикасы ААҰ-да авиаЖЖМ-нің сапасын бақылау
БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ
|
КІРІС
|
ҚАБЫЛДАУ
|
Талдаулар
|
Тексерулер
|
Мерзімділігі
|
Қоймаға қабылдау үшін негіз
|
Талдаулар
|
Тексерулер
|
Мерзімділігі
|
Құюға дайындау үшін негіз
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
АВИА КЕРОСИНДЕР
|
Салмақтық тығыздығы
|
Қабылдау резервуарындағы және жеткізу құралдарындағы тазалығы.
Сыртқы түрі.
Ілеспе құжаттама. Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты
|
Әр топтаманың келіп түсуі және оны қабылдау кезінде
|
Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім
|
Салмақтық тығыздығы.
Фракциялық құрамы.
Тұтқырлықтары. Қышқылдары. Жабық тигельдегі оталу температурасы.
Кристалдануы басталған кездегі температурасы.*
Нақты шайырдың мөлшері.
ВКЩ-ның сумен өзара іс-қимылы
|
Резервуардағы тазалық.
Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім берушінің) паспортының және МЕМСТ-ның сәйкес келуі
|
Толтыру (қабылдау) аяқталғаннан кейін
Басқа партия өнімін әр үстемелеп құюдан кейін.
12 айдан кейін.
|
Сапа паспортының қорытындысы
|
АВИА БЕНЗИНДЕР
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Салмақтық тығыздығы
|
Қабылдау резервуарындағы және жеткізу құралдарындағы тазалығы.
Түстері мен ашықтығы.
Ілеспе құжаттама. Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты
|
Әр топтамасының келіп түсуі және оны қабылдау кезінде
|
Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім
|
Салмақтық тығыздығы.
ОЭЖ мөлшері. Фракциялық мөлшері.
Нақты шайырдың мөлшері.
ВКЩ-ның құрамы
|
Резервуардағы тазалық.
Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім берушінің) паспортының және МЕМСТ-ның (ТУ-дың) сәйкес келуі
|
Резервуарды толтыру (қабылдау аяқталғаннан) аяқталғаннан кейін.
12 айдан кейін.
|
Сапа паспортының қорытындысы
|
БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ
|
ҚОЙМАЛЫҚ
|
ӘУЕАЙЛАҚТЫҚ
|
Талдаулар
|
Тексерулер
|
Мерзімділігі
|
Қоймаға қабылдау үшін негіз
|
Талдаулар
|
Тексерулер
|
Мерзімділігі
|
Құюға дайындау үшін негіз
|
АВИАКЕРОСИНДЕР
|
Салмақтық тығыздығы
Фракциялық құрамы.
Жабық тигельдегі оталу температурасы.
Суда ерігіш қышқылдардың мөлшері
|
Резервуардағы тазалығы.
Талдау нәтижелерінің өнімге МЕМСТ-ға және жарамдылық талдауына сәйкес келуі
|
6 айдан кейін
|
Талдау нәтижелері журналында-ғы қорытынды
|
Салмақтық тығыздығы.
СКҚЖ-ның мөлшері
|
Шығыс резервуарында-ғы, тазарту және құю құралдарындағы тазалық.
|
Осы Қағиданың 4-бөліміне сәйкес
|
Бақылау талонының болуы
|
АВИА БЕНЗИНДЕР
|
Салмақтық тығыздығы.
Октандық сан.** Фракциялық құрамы.
Нақты шайырдың мөлшері.
ВКЩ-ның мөлшері
|
Қабылдау резервуардағы және жеткізу құралындағы тазалығы.
Түстері мен ашықтығы.
Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім берушінің) паспортының және МЕМСТ-ның (ТУ-дың) сәйкес келуі
|
6 айдан кейін
|
Талдау нәтижелері журналындағы қорытынды
|
Салмақтық тығыздығы.
|
Шығыс резервуарында-ғы, тазарту және құю құралдарындағы тазалығы.
|
Осы Қағиданың 4-бөліміне сәйкес.
|
Бақылау талонының болуы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
АВИА МАЙЛАР
|
Салмақтық тығыздығы
|
Қабылдау резервуардағы және жеткізу құралындағы тазалығы.
Түстері мен ашықтығы.
Талдау нәтижелерінің және дайындаушының (өнім берушінің) паспортының және МЕМСТ-ның (ТУ-дың) сәйкес келуі
|
Әр топтаманың келіп түсуі және оны қабылдау кезінде
|
Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім
|
Салмақтық тығыздығы.
Судың мөлшері.
Мехқоспалардың мөлшері.
Тұтқырлықтары.
Жабық тигельдегі (немесе жабық) оталу температурасы.
Консуемосттар.***
ВКЩ-ның мөлшері
|
Резервуардағы тазалығы.
Талдау нәтижелерінің дайындаушының (өнім берушінің) паспортына немесе май қоспалары талаптарына сәйкес келуі
|
Қабылдау (резервуарды, май қоспаларын дайындау) аяқталғаннан кейін.
Басқа партия өнімін әр үстемелеп құюдан кейін.
12 айдан кейін.
|
Сапа паспортының қорытындысы
|
ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖАҒАР МАЙЛАР
|
Жүргізілмейді
|
Ілеспе құжаттама. Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты
|
Әр топтаманың келіп түсуі және оны қабылдау кезінде
|
Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім
|
Сыртқы түрі.
Судың мөлшері.
Мехқоспалардың мөлшері.
Тамшылау*** температурасы.
Еркін сілтілер мен органикалық қышқылдардың құрамы.
колиодтінің (егер ТУ-да көзделсе) тұрақтылығы.
|
Ыдыстарды сақтау. Кепілдік мерзімі
|
Ыдыстардың қымталуы бұзылған кезде
|
Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.
Сапа паспорты.
|
СКҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ
|
Салмақтық тығыздығы.
Судың құрамы.
Еритін ластаушылардың құрамы.
Еритін металдардың құрамы
|
Сыртқы түрі.
Ілеспе құжаттама.
Талдау нәтижелері мен дайындаушы (өнім беруші) паспортының сәйкес келуі. Қабылдау құбыржолында СКҚС қалдықтарының болмауы.
|
Әр топтаманың келіп түсуі және оны қабылдау кезінде
|
Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім
|
Салмақтық тығыздығы. Судың мөлшері.
Сыну көрсеткіші.
Еритін ластаушылардың мөлшері.
Сыртқы түрі. Еритін ластаушылардың болуы.
Еритін металдарды қосу мөлшері.
Мехқоспалар.
|
Талдау нәтижелері мен дайындаушы (өнім беруші) паспортының сәйкес келуі.
|
Резервуарды толтыру аяқталғаннан (қабылдау аяқталғаннан) кейін.
Басқа партия өнімін үстемелеп құюдан кейін.
6 айдан кейін.
|
Сапа паспортының қорытындысы
|
АВИА МАЙЛАР
|
Салмақтық тығыздығы.
Тұтқырлықтары.
Ашық (жабық) тигельдегі оталу температурасы.
ВКЩ-ның мөлшері
|
Резервуардағы тазалығы.
Талдау нәтижелерінің ТУ, МЕМСТ талаптарына немесе май қоспалары талаптарына сәйкес келуі. Жарамдылық талдауына сәйкес келуі.
|
6 айдан кейін. Қабылдау мен қоймалық бақылауды жүргізу арасындағы аралықта жұмсалуы туралы шешім қабылдау кезінде.
|
Жарамдылық талдауының қорытындысы
|
Салмақтық тығыздығы.
|
Шығыс резервуарында-ғы (май станциясы бойлеріндегі) тазалығы, МҚ.
|
|
Бақылау талонының болуы.
|
ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖАҒАР МАЙЛАР
|
Жүргізілмейді.
|
Ыдыстарды сақтауы. Кепілдік мерзімі.
|
10 күнде
1 рет.
|
Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім
|
Жүргізілмейді
|
Жүргізілмейді.
|
Жүргізілмейді
|
Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.
|
СКҚ СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ
|
Салмақтық тығыздылығы. Судың құрамы.
|
Сыртқы түрі. Талдау нәтижелерінің өнімге МЕМСТ-ға (ТУ-ға) және беруге жарамдылық талдауына сәйкес келуі
|
3 айдан кейін. Қабылдау мен қоймалық бақылауды жүргізу арасындағы аралықта жұмсауды бастау туралы шешім қабылдау кезінде.
|
Жарамдылық талдауының қорытындысы.
|
Жүргізілмейді
|
Жүргізілмейді.
|
Жүргізілмейді
|
Талдау нәтижелері бойынша шешім.
|
ЖҰМЫС СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ
|
Жүргізілмейді
|
Ілеспе құжаттама. Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты. Ыдыстың сақталуы.
|
Әр ыдысты қабылдау кезінде.
|
Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім.
|
Салмақтық тығыздығы. Сыртқы түрі. 50 ˚С. кезіндегі тұтқырлығы. Ашық тигельдегі оталу температурасы.
Мехқоспалар мен судың құрамы. Қышқылдық саны.
|
Ыдыстарды сақтау. Кепілдік мерзімі.
|
Ыдыстардың қымталуы бұзылған кезінде.
|
Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты. Сапа паспортының қорытындысы.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
МҰЗДАНУҒА ҚАРСЫ СҰЙЫҚТЫҚТАР
|
Салмақтық тығыздығы. Сыртқы түрі.
20 ˚С. кезіндегі тұтқырлығы.
Ортаның реакциясы.
Мехқоспалары. Сыну көрсеткіші.
|
Мехқоспалардың құрамы. Ілеспе құжаттама.
Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.
Ыдысты сақтау. Талдау нәтижелері мен дауындаушының (өнім берушінің) паспортының сәйкес келуі.
|
Әр топтаманың келіп түсуі және оны қабылдау кезінде.
|
Талдау мен тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім.
|
Салмақтық тығыздығы. 20 ˚С. кезіндегі тұтқырлығы. Сыртқы түрі.
Мехқоспалар. Сыну көрсеткіші.
|
Мехқоспалардың құрамы. Талдау нәтижелерімен дайындаушы (өнім беруші) паспортының сәйкес келуі.
|
Резервуарды толтыру (қабылдау) аяқталғаннан кейін. 12 айдан кейін.
|
Сапа паспортының қорытындысы.
|
ЖҰМЫС СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ
|
Жүргізілмейді
|
Ыдыстың сақталуы. Кепілдік мерзімі.
|
10 күнде 1 рет.
|
Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім
|
Жүргізілмейді
|
Жүргізілмейді.
|
Жүргізілмейді
|
Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.
|
МҰЗДАНУҒА ҚАРСЫ СҰЙЫҚТЫҚТАР
|
Салмақтық тығыздығы. Сыртқы түрі.
Брукфильді бойынша тұтқырлығы (ІV үлгісі).
Ортаның реакциясы.
Мехқоспалары. Сыну көрсеткіші.
|
Мехқоспалардың құрамы. Брукфильді бойынша тұтқырлығы (ІV типі).
Талдау нәтижелері мен дауындаушының (өнім берушінің) паспортының сәйкес келуі.
|
6 айда 1 рет.
Маусымына 3 рет.
|
Тексерулерді орындау нәтижелері бойынша шешім
|
Сыну көрсеткіші
|
Инженерлік-авиациялық қызмет ауысымында 1 рет.
|
Жүргізілмейді.
|
Дайындаушының (өнім берушінің) паспорты.
Сапа паспорты.
|
ЕСКЕРТПЕ:
* - тексерілген көрсеткіш МЕМСТ талаптарына сәйкес келгенде, бірақ авиакәсіпорын ЖЖМ зертханасының талдау нәтижелері мен дайындаушының (өнім берушінің) паспортының мәліметтері арасында өрбу шегінен шығатын айырмашылық болғанда, магистральдық құбыржолдар бойынша авиа ЖЖМ-нің әр түрін араластырып (біртіндеп) айдау және су тасымалдау кезінде; (МЕМСТ 16350) І ауданда орналасқан авиакәсіпорындарда анықталады
** - талдау 1 жыл сақтау мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
*** - поршеньді қозғалтқыштарға арналған майлар үшін анықталады
**** - қорғау және нығыздайтын жағар майлар үшін анықталады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Осы кесте авиаЖЖМ-ді құюға беруге дайындаудың технологиялық үдерісінің құрамдас бөлігін білдіреді және лауазымдық нұсқаулықтары мен міндеттеріне сәйкес санамаланған операцияларды тікелей орындайтын инженер-техник қызметкерлерге арналған және ЖЖМҰ-ның ішкі құжаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиация ұйымдарында
авиациялық жанар-жағармай
материалдары мен арнаулы
сұйықтықтарды сақтаудың, құюға
беруге дайындаудың және олардың
сапасына бақылау жүргiзудiң
қағидасына
2-қосымша
АвиаЖЖМ мен арнаулы сұйықтықтарды қолдану ерекшеліктері
1. Авиациялық отын
1. Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнің қозғалтқыштары мен қосалқы қуатты қондырғыларында (бұдан әрі – ҚҚҚ) 1-кестеде ұсынылған авиаЖЖМ қолдануға жіберіледі, сондай-ақ оларды өндiру және қолданудың нормативтiк - техникалық құжаттамаcында ескерілген қондырғылар кешенiмен авиациялық отындар қолдануға жіберiлген.
2. Газтурбиналық қозғалтқыштар мен ҚҚҚ үшiн қолданылатын негiзгi авиакеросин маркалары ТС-1, РТ және Джет А-1 болып табылады.
Осы маркалардың әрқайсысын жеке немесе олардың кез келген үлестегі қоспасын ӘК (оның iшiнде шетелдiк) бактарында отын қалдығының маркасына қарамастан құюға және үстемелеп құюға рұқсат етiледi.
Маркалар қоспасы болып табылатын отынды құйған кезде бақылау талонына тиiстi жазба енгiзiледi.
Т-1 және Т-2 авиакеросиндерi резервтi болып табылады. Оларды қолдану ерекшелiктерi авиатехниканың нақты түрiне арналған пайдалану және нормативтiк құжаттамалармен немесе арнайы құжаттамамен анықталады.
3. АвиаЖЖМ-ның тiзбесін өндiрушi ұйым немесе авиациялық техниканы дайындаушы зауыт айқындайды. Негiзгi отындарға ұқсас отындар пайдалану шектеулерi мен оларды қолданумен байланысты іс-шаралар көрсетіле отырып, Әуе кемелерінің (бұдан әрi – ӘК) ұшу және техникалық пайдалану жөніндегі нұсқауында көрсетiледi.
ТС-1 және РТ (МемСТ 10227-86) отындарымен салыстырғанда шетелдік маркалы отындарда мынадай пайдалану шектеулерi болады:
1) тозуға қарсы төмендеген қасиеттер;
2) нығыздайтын резеңкелердiң кейбiр маркаларына жоғары қарсылығы;
3) отын бактарын герметизакалау үшiн қолданылатын герметиктердiң кейбiр маркаларына үлкен қарсылық;
4) қорғасыны бар материалдарға жоғары тотығу әсерi;
5) кристалданудың басталуының анағұрлым жоғары температурасы (бұл көрсеткiш үшiн өзіндік талаптарына сәйкес норма «минус 40 0 С-дан жоғары емес» құрайды).
4. Ұшып кету (ұшып келу) әуежайларындағы климаттық жағдайлар бойынша ТС-1 және РТ авиакеросиндерiн қолдану өндiрушi паспортының деректерiне сүйене отырып, кристалдану температурасының көрсеткiштерi бойынша мынадай нормативтер сақталады:
1) авиакеросиннiң кристалдану температурасы минус 60 0 С-ден жоғары емес болғанда, оны барлық климаттық аудандарда МемСТ 16350 бойынша шектеусiз қолдануға рұқсат берiледi;
2) авиакеросиннiң кристалдану температурасы - 500С-ден жоғары емес болғанда, жер бетiндегi сыртқы ауа температурасы минус 450С-ден төмен емес болған кезде оны 11 ауданнан басқа барлық климаттық аудандарда МемСТ 16350 бойынша шектеусiз қолдануға рұқсат беріледі;
3) жер бетiндегi сыртқы ауа температурасы минус 300С-ден төмен емес болған кезде 11 климаттық ауданда ӘК-ге авиакеросин құю ұшуға дейінгі 24 сағаттың ішiнде қамтамасыз етiлуi тиiс;
4) егер ЖЖМ зертханасы талдау нәтижесiнде осы авиакеросин партиясының кристалдану температурасы минус 600С-ден төмен екенiн айқындаса, онда 1) тармақты қолдану қажет.
5. Түрлi кристалдану температураларымен ТС-1 мен РТ отындарының қоспасы паспорттарда көрсетiлген кристалдану температураларының ең жоғарысымен өнiм үшiн белгiленген нормативтер бойынша қолданылады.
6. Ағымдағы қоршаған ауа температурасы минус 30 0 С-ден төмен 11 климаттық ауданында орналасқан әуежайға кристалдану температурасы минус 500 С-ден жоғары емес авиакеросин қалдығымен ұшып келген кезде және егер ұшуға 24 сағаттан астам уақыт бар болса, онда 1 сағаттан аспайтын уақыт iшiнде не бактерден авиакеросиннің қалдығын төгу, не ӘК-ге кристалдану температурасы минус 60 0 С-ден жоғары емес авиакеросинді үстемелеп құю қажет.
7. Авиакеросин ЖЖМ тұтынушы қоймасының технологиялық жабдығында, май құюдың техникалық құралдарында, сондай-ақ ӘК-нiң отын жүйесiнде болған кезде, белгiлi бiр жағдайларда тазалықты көзбен шолу немесе аспаптық тәсілдермен бақылаған кезде байқалатын лайлану құбылысы туындайды.
8. Авиакеросиннiң лайлану себебi онда эмульсиялық судың болуы, оны мөлшерлеу кезiнде отында СКҚ сұйықтығының толық ерiмеуi немесе қоршаған орта жағдайының өзгеруі нәтижесiнде авиакеросиннен ерiген сумен бiрге СКҚ сұйықтығының жартылай бөлiнуі болуы мүмкін.
Авиакеросинде эмульсиялық судың болуы ақаулық белгiсi болып табылады. Эмульсиялық су тұндыру және жиналған тұнбаны төгу, сондай-ақ су бөлу құралдары арқылы сүзу жолымен отыннан алып тасталуы тиiс.
СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинді құйғаннан кейiн (30 мин артық емес) уақытша лайлануы ақаулық белгiсi болып табылмайды.
Мөлшерлеу кезiнде СКҚ сұйықтығы толық ерiмеген кезде, сондай-ақ ауа температурасы күрт төмендеген кезде ЖЖМ қоймаларының резервуарлары мен май құю құралдарындағы отын лайлануы мүмкiн. Бұл жағдайда СКҚ сұйықтығынсыз отынның сол топтамасының тазалығын, сұйықтықтың сапасын судың болуы мен мөлшерлеу нормаларының сақталуына тексеру қажет. Барлық талдаулар мен тексерулердiң оң нәтижесi болған кезде ӘК-ге авиакеросиндi құюға рұқсат берiледi.
ӘК бактарындағы авиакеросинде И-М СКҚ сұйықтығы болған кезде, бiрқатар климаттық және пайдалану факторларының нәтижесiнде отынның лайлану процесi қарқындай түседi.
ӘК бактарында СКҚ сұйықтығы бар И-М отынының лайлануы ақаулық белгiсi болып табылмайды, мiндеттi түрде жиналған тұнбаны төгiп тұру қажет.
9. ҚР АА-да пiспектi қозғалтқыштары бар ӘК-ге май құю үшiн рұқсат етiлген авиабензиннің негiзгi маркасы Б-91/115 Б-92 және Б-95 болып табылады.
10. Б-92 (ТУ 38.401-58-47-92) және Б-85 бензині азаматтық авиацияның ғылыми-зерттеу институтында әзірленген және барлық үлгідегі пiспектi қозғалтқыштарда Б-91/115 бензинінің орнына қолданылуы мүмкiн. Б-92 және Б-95 авиабензинін қолдану арнайы құжаттамада айтылады.
2. Авиациялық майлар
11. Авиақозғалтқыштарда, ҚҚҚ және турбосуыту қондырғыларында (бұдан әрi - ТСҚ) пайдалануға рұқсат етiлген авиациялық майлардың маркалары ӘК-нiң ұшуды пайдалану жөніндегі тиісті нұсқауларында көрсетiлген. Резервтегi авиамайлар негiзгiлермен бiрдей қолданылады.
12. ӘК-де майларды қолдануды ӘК пайдаланушысы анықтайды.
13. Газтурбиналы қозғалтқыштары бар ӘК-ні пайдаланған кезде Turbonycoil-321, ИПМ-10 майлары - NYCO фирмасының Turbonycoil-210А майы және Castrol фирмасының Castrol-4000 майы МС-8П майына ұқсас болып табылады. Газтурбиналы қозғалтқыштарда Turbonycoil-321 және Turbonycoil-210А және Castrol-4000 майларын қолдану ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
14. Ми-2 және Ми-8 тiкұшақтарын пайдаланған кезде майлау жүйелерiнде Б-3В майының орнына Castrol фирмасының Castrol-98 майын пайдалануға рұқсат етiледi. Castrol-98 майын қолдану ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
15. НК-8-2У, Д-30 және НК-8-4 маркалы қозғалтқыштар үшiн резерв ретiнде қолдануға жіберiлген ВНИИНП-50-1-4ф авиамайын негiзгi майлармен май жүйелерiне үстемелеп құю үшiн пайдалануға тыйым салынады. Негiзгi майдан резервтегi майға және керiсiнше ауысу аталған қозғалтқыштардың ТҚ технологиясы бойынша жүргізіледі.
16. ТСҚ-да негiзгi және резерв ретiнде ВНИИНП-50-1-4ф және ИПМ-10 маркалар жұбын қолдануға рұқсат етiлген және негiзгi маркадан резервтегiге және керiсiнше ауысу көрсетiлген ТСҚ түрлерiнің ТҚ технологиясы бойынша жүргізіледі.
17. СМ-4,5; СМ-8; СМ-10; СМ-11,5; СМ-9; 50/50 май қоспалары дайындау және сапаны бақылаудың белгіленген технологиясы бойынша бастапқы кұрамдауыштардан дайындалады.
18. ӘК-ге белгiленген мерзiмдерде май құю және МҚ май сүзгiштерiнiң қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшiн авиациялық майлар мен май қоспалары мынадай температурада болу керек:
1) МС-20, МС-14, МК-22-20 0 С-тан төмен емес;
2) МК-8П, МС-8П-15 0 С-тан төмен емес;
3) СМ-8, СМ-9, СМ-11,5 - 15 0 С-тан төмен емес;
4) СМ-4,5, СМ-10 - 5 0 С-тантөмен емес;
5) Б-3В, ЛЗ-240, ИПМ-10, ВНИИНП-50-1-4ф(у) - минус 15 0 С-тан төмен емес.
19. Жөндеу зауыттарында авиақозғалтқыштарды және олардың жүйелерiн консервациялау үшiн жұмыс авиамайының маркасына байланысты майлар, майлайтын заттар және май қоспалары қолданылады.
20. Синтетикалық майлармен жұмыс iстейтiн қозғалтқыштарды iшкi консервациялау үшiн:
1) ИПМ-10, ВНИИНП-50-1-4ф(у), Б-3В, ЛЗ-240, 36/1 Ку-А маркалы синтетикалық майлар;
2) отын жүйесiне арналған МК - 8, МС - 8П, МС - 8РК майлары;
3) осы маймен жұмыс iстейтiн авиақозғалтқыштардың отын жүйелерiн бесжылдық сақтау кезiнде консервациялау үшiн ИПМ-10 майы қолданылады.
21. Минералды майлармен жұмыс iстейтiн қозғалтқыштарды iшкi консервациялау үшiн:
1) МС-20, МК-8П, МС-8П, МС-8РК авиамайлары;
2) К-17 жағармайы (пiспектi қозғалтқыштар үшiн);
3) МС-8П майы (тек май жүйелерi үшiн) қолданылады.
22. Консервациялау кезiнде синтетикалық майларды минералды майлармен араластыруға рұқсат етiлмейдi. Бақылау сынақтан өткен қозғалтқыштарды консервациялау кезiнде синтетикалық жұмыс майын минералды маймен ауыстыруға рұқсат етiлмейдi.
23. Түрлi майлармен консервацияланатын қозғалтқыштардың сақталу мерзiмдерi «Консервациялау үшiн МС-8П, МС-8РК, ИПМ-10 майларын қолдану тәртiбiнде» келтiрiлген.
Авиатехниканы сақтау тәртiбi мен шарттары ОСТ 1.90109 «Авиациялық аспаптарды, агрегаттарды, авиациялық жабдықты және олардың қосалқы бөлшектерiн консервациялау» бойынша жүзеге асырылады.
ГТҚ май жүйелерiн консервациялау ОСТ 1.90277 «Авиациялық қозғалтқыштарды және оларға қосалқы бөлшектердi консервациялауға» сәйкес жұмыс майымен жүргізіледі.
3. Агрегаттар, үйкелу түйiндерi мен ӘК аспаптарына
арналған майлар және пластикалық жағар майлар
24. ГТҚ бар тiкұшақтардың түйiндерi мен агрегаттарын майлау үшiн қолдануға рұқсат етiлген, тiкұшақ түрлерi және пайдалану маусымы бойынша майлар мен пластикалық жағар майлар тиісті Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқауларда көрсетiлген.
25. Бас редукторларда, трансмиссия агрегаттарында, алып жүрушi жүйелерде, тiкұшақтың түйiндерi мен агрегаттарында жанармайлар мен олардың қоспаларын қолданудың температуралық шарттары тиiстi авиациялық техника жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттамада анықталады.
26. Техникалық қызмет көрсеткен кезде авиациялық техникада пайдалануға рұқсат етiлген авиамайлар, аспаптық майлар, пластикалық жағар майлар, қатты жағармай жабындары мен пасталар Қызмет көрсету жөніндегі нұсқауда келтiрiлген.
27. Оларды консервациялау кезiнде қозғалтқыштардың, ӘК агрегаттарының және бөлшектерiнің үстіңгі қабатын тоттанудан қорғау үшiн пайдалануға рұқсат етiлген майлар мен пластикалық жағар майлар тиісті Қызмет көрсету жөніндегі нұсқауларда келтiрiлген. Консервациялау тәртiбi мен шарттары техникалық қызмет көрсету регламенттерiнде, өндiрушiнiң тиiстi бюллетендерiнде және зауыт нұсқаулықтарында анықталған.
4. Гидрожүйелер мен ӘК-нің бәсеңдеткiш тiреулеріне арналған жұмыс сұйықтықтары
28. Гидрожүйелер мен ӘК шасси тiректерi үшiн қолдануға рұқсат етiлген жұмыс сұйықтықтары: АМГ-10, НГЖ-4у, НГЖ-5у, FH-51. ҰПН және өнеркәсіп бюллетендері рұқсат еткеннен басқа өзге гидросұйықтықтарды қолдануға, гидрожүйелер маркаларын араластыруға рұқсат етiлмейдi.
29. Май құйылатын құралға жұмыс сұйықтықтарын құйған кезде су мен бөтен қоспалардың түсуiнің алдын алу мақсатында:
1) жұмыс сұйықтығын герметикалық, таңба басылған немесе қақпағы дәнекерленген банкiлерден пайдалану;
2) гидравликалық бактар мен банкiлердiң құятын түтiктерiн ластанудан тазарту;
3) ыдыстағы жұмыс сұйықтығын араластырмау және шайқамау;
4) оны 100-200 см 3 мөлшерiнде қалдырып, жұмыс сұйықтығын ыдыстан толық төкпеу;
5) ыдыстан жұмыс сұйықтығын құюды см2 -ге 8000-10000 ұяшығы бар торлы құйғыш арқылы жүргізу (МемСТ 6613 бойынша N0058 немесе 0063);
6) жұмыс сұйықтығын жартылай пайдаланған кезде қалған өнiмi бар ыдысты саңылаусыз жабу әрі таңба басу қажет.
5. Судың кристалдануына қарсы сұйықтықтар
30. Судың кристалдануына қарсы сұйықтықтар (бұдан әрі – СКҚ сұйықтықтар) керосиннiң барлық маркаларына қоспа ретiнде пайдаланылады және осы сүзгiштердiң алдында отынды жылыту жүйесi жоқ ұшақтық және тікұшақтық отын сүзгiштерiнiң тоңазу мүмкiндiгiн төмендетедi.
СКҚ сұйықтықтарынсыз авикеросин жоқ болған кезде, көрсетiлген жылыту жүйелерiн қоса алғанда, ӘК-нiң барлық түрлерiне май құюға арналған СКҚ сұйықтықтары бар авиакеросиндi қолдануға рұқсат етiледi.
31. СКҚ сұйықтықтарын авиакеросинге қосқан кезде белгіленген мөлшерде тұтану температурасының ықтимал төмендеуiн қоспағанда, оның физика-химиялық қасиеттерiнің өзгеруі болмайды.
Тоттану қасиеттері бойынша, сондай-ақ олардың ісінуі бойынша регламенттелген санда СКҚ сұйықтығы бар РТИ авиакеросині құрамында ол жоқ керосиннен ерекшеленбейді.
32. СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинге су түсіп кеткен кезде немесе авиакеросинде ертітілген су эмульсиялық түрге өзгерген кезде эмульсияға СКҚ сұйықтығы компоненттерінің ішінара бөлінуі және отындағы оның пайыздық құрамы азаюы мүмкін.
33. СКҚ сұйықтығын тұтынушы темір жол цистерналарында және болат мырыш жалатылмаған бөшкелерде жеткізеді.
СКҚ сұйықтықтарын тасымалдау үшін 2 тәуліктен аспайтын мерзімде бұзылмаған ішкі тоттануға қарсы жамылғымен автокөлікті (ТЗ, АГЦ) қолдануға рұқсат етіледі. Ұзағырақ тасымалдауда iшiнде мырыш жалатылмаған немесе лактаусыз жамылғысы жоқ болат бөшкелер, контейнерлер, сыйымдылықтар пайдаланылуы тиіс.
34. СКҚ сұйықтықтарын қабылдаған кезде бір компонентті және екі компонентті сұйықтықтарды араластыруға болмайды.
Келіп түскен өнімді төгуді бастаудан бұрын СКҚ сұйықтығының қалдығы қабылдау құбырынан жеке ыдысқа құйып алынуы тиіс. СКҚ сұйықтығының қалдығын қабылдау құбырынан төгу мүмкін болмаған жағдайда, құбырдың 1,5 көлемі санынан төгілетін өнімнің бірінші топтамасын төгу қажет.
35. Егер қабылдаудан кейін резервуарда СКҚ сұйықтықтарының (бір компонентті немесе екі компонентті) қоспасы болса, қоспаға акт ресімдеу қажет.
36. ЖЖМҰ СКҚ сұйықтығын алған кезде өзара жауапкершілікті арттыру үшін берілетін резервуардан екі төрелік сынаманы іріктеу жүргізіледі. Бір сынама өнімді берген ұйымда қалады, екіншісін алушы алады. Сынаманы сақтау мерзімі – алынатын топтама жұмсалғанға дейін.
37. СКҚ сұйықтықтарын талдау:
1) Төккенге дейін ЖЖМ қоймасына осы Қағидада белгіленген көлемде келіп түскен кезде;
2) төккеннен кейін және 3 айда бір реттен жиі емес сақтау құралдарынан техникалық талаптар көрсеткіштері бойынша;
3) судың болу көрсеткіштері бойынша шығыс сыйымдылығынан және сумен араласу – аптасына 1 рет (егер ыдыс, бак көлемі апталық шығыннан асатын болса) жүргізіледі.
38. СКҚ сұйықтығын талдау АА-да ЖЖМ сапасын талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда айтылған әдістемелер бойынша жүргізіледі.
39. Авиакеросинді СКҚ сұйықтығымен араластыру құю пункттерінде отын құюшыларды толтырған кезде, ұшақтарға орталықтандырылған ұшақтарға май құю жүйесі арқылы, сондай-ақ резервуарларға және отын құюшыларға май құйған кезде Енгізудің, авиаотында СКҚ сұйықтығының болуын бақылау және мөлшерлеу құрылғыларын пайдаланудың бірыңғай технологиясы бойынша жүргізіледі.
40. ӘК-ге «И» және ТГФ (бiр компонентті), «И-М» және ТГФ-М (екi компонентті) маркалы СКҚ сұйықтығын қолдануға рұқсат етiлген.
41. Ұшып кету әуежайында жер бетiндегi ауа температурасы мен ӘК түрлерiне арналған ұшу ұзақтығына байланысты оның қолданылуын талап ететiн авиакеросиндерге СКҚ сұйықтығын қосу нормалары 2-кестеде берiлген.
Егер Қағидада қандай да бір ӘК түрі үшін СКҚ сұйықтығын қосу нормалары туралы ақпарат болмаса, Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқауда белгіленген деректерді басшылыққа алу қажет.
42. ИЛ-96-300, Ту-204, ИЛ-86 ұшақтары мен Ка-126 тiкұшағы ұшуларды СКҚ сұйықтығын қоспастан авиакеросинде орындайды.
43. Жазғы навигация кезеңінде барлық модификациялардағы Ту-154 ұшақтарына 3-кестеде көрсетiлген жағдайлар кезiнде СКҚ сұйықтығы қосылмаған авиакеросин құйылады.
44. Егер алдағы ұшу шарттары бойынша СКҚ сұйықтығы бар авиакеросиндi қолдану талап етiлсе, ал отынның алдыңғы ұшудан қалған қалдығы СКҚ сұйықтығынсыз 9 тоннадан астамды құраса немесе ұшу әуежайында сыртқы ауа температурасы 10 0 С-тен артық төмендесе, онда ұшақ 5 сағаттан артық тұрған кезде 9 тоннадан асатын отынның артығын төгу керек және ұшаққа нормативтерге сәйкес СКҚ сұйықтығы бар отынды үстемелеп құю қажет.
45. Авиакеросинге СКҚ сұйықтығын бүркудің борттық жүйесiмен жабдықталған Ту-154 ұшақтарына шетел әуежайларында СКҚ сұйықтығын қосусыз май құйылады. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері аумағында бұл ұшақтарға 2 және 3-кестелерде көрсетiлген көлемде СКҚ сұйықтығы қосылған авиакеросин құйылады.
46. ЯК-42 және ЯК-40 ұшақтары жердiң бетiндегi температура минус 40 0 С және одан жоғары болған жағдайда, Ил-114 ұшақтары - минус 30 0 С және одан жоғары болған кезде СКҚ сұйықтығынсыз авиакеросинде ұшуларды орындайды.
47. Шетелдік әуежайлардан ұшуларды орындайтын Ил-62М ұшақтарына СКҚ сұйықтығынсыз авиакеросин құйылады, егер:
1) ұшу алдында бактардағы авиакеросин температурасы минус 15 0 С-ден жоғары болса;
2) ұшақтың отын айдайтын сорғысы 2,5х2,5 ұяшықты қорғайтын тормен жабдықталса;
3) ұшақ өндiрушiнің бюллетенi бойынша бiрiншi және төртiншi бактарда авиакеросин температурасын өлшеу жүйесiмен жабдықталса.
48. Егер ӘК бактарына СКҚ сұйықтығынсыз авиакеросин толық немесе жартылай құйылса, ал алда ұшу шарттары бойынша СКҚ сұйықтығы қосылған авиакеросиндi пайдалануды талап ететiн тапсырманы орындау тұрса, онда бұл жағдайда экипаждың немесе авиациялық-техникалық база өкiлiнiң талабы бойынша бактардан қоспасыз отынның бәрiн төгу керек және қайтадан СКҚ сұйықтығының тиiстi мөлшерi қосылған авиакеросин құйылады.
49. ӘК-ге басқа маркалы СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинді үстемелеп құюға рұқсат беріледі.
50. Авиакеросинге СКҚ сұйықтықты құю мөлшерлегiштің көмегiмен жүргізіледі. Авиакеросинге сұйықтықты шығыс резервуарларында және Технология жөніндегі ТҚ-да тікелей енгізуге рұқсат етiледi.
СКҚ сұйықтығын ӘК бактарына тiкелей қосуға рұқсат етiлмейдi.
51. СКҚ сұйықтықтары мөлшерлегіші 2-кестеге ескертуде көрсетілген шекте мөлшерлеу дәлдігін тұрақты түрде қамтамасыз етеді.
52. Мөлшерлеу құралдарының жұмысын 10 тәуліктен астам мерзімге тоқтатқан кезде сүзгі, сорғы, құбыр қуысындағы сұйықтықты төгу қажет.
53. СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинді резервуарда немесе ТҚ-да сақатау кезінде қоюлануын бақылау күн сайын (ұшу алдында) жүргізіледі.
54. ӘК-ге басқа маркалы СКҚ сұйықтығы бар авиакеросинді үстемелеп құюға рұқсат етіледі.
55. Авиакеросинге СКҚ сұйықтықты осы Қағидада көрсетілген мөлшерде қосқан кезде жабық тигельдегi тұтану температурасының 8-12 0 С-ге ықтимал төмендеуiн қоспағанда, оның физика-химиялық және пайдалану қасиеттерi өзгермейдi, ол ақаулық белгi деп есептелмейдi.
6. Мұздануға қарсы сұйықтықтар
56. Мұздануға қарсы сұйықтықтар (мысалы, «Арктика-200», «Арктика» және шетелдік маркалы «Туре I», «Туре II», «Туре IV» және басқалар) жерде ұшақтар мен тiкұшақтар бетiнен мұз түзiндiлерiн (мұзды, қатып қалған қарды, қырауды) алып тастау үшiн, сондай-ақ оны жерде мұзданудан қорғау мақсатында ӘК-нің үстіңгі бетiн профилактикалық өңдеуге арналады. Сұйықтықтар 80-85 0С температураға дейiн қыздырылып қолданылады.
57. Мұздануға қарсы сұйықтықтарды қабылдау, сақтау және арнайы машиналарға беруді ЖЖМҰ жүргізеді.
Арнайы көлік құралдарында мұздануға қарсы ерітінділерді дайындауды инженерлік-авиациялық қызмет жүзеге асырады. ЖЖМ зертханасы инженерлік-авиациялық қызметтің өтінімі бойынша арнайы технологиямен «Туре I», «Туре II», «Туре IV» сапасын бақылауды жүзеге асырады.
58. ӘК-ге жоғарғы май құйған жағдайда, оның үстіңгі бетiн мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдеу авиакеросиндi құйғаннан кейiн жүргізіледі. ӘК-нiң қаптамасына сұйықтықты жаққаннан кейiн қаптама тайғақ болады, ӘК-ге қызмет көрсеткен кезде мұны ескеру қажет.
59. Мұздануды алып тастау әдістері:
1) бір сатылы процесс алып тастау және үстіңгі қабатты мұздан, қардан және қыраудан қорғау мақсатында қоршаған ортаның температурасын және ауа райы жағдайларын ескере отырып, мұздануға қарсы сұйықтық пен судың ыстық қоспаның көмегімен жүзеге асырылады.
2) екі сатылы процесс: бірінші саты ыстық су мен мұздануға қарсы сұйықтық пен судың ыстық қоспасының көмегімен жүзеге асырылады және осы өңдеуден кейін 3 минуттан кейін суық қоюлатыланған сұйықтықтың немесе мұздануға қарсы сұйықтық пен су қоспасының көмегімен мұзданудың алдын алу үшін өңдеудің екінші сатысы болады.
Екі әдісте де мұздануға қарсы өңдеу ӘК-ның ұшып шығуына неғұрлым жақын уақытта орындалады.
7. Этил спиртi
60. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, авиа ЖЖМ-ға талдау жүргізу кезiнде, сондай-ақ ӘК-нiң мұздануының алдын алу үшін пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес этил спирттерi қолданылады:
1) тағамдық шикiзаттан ректификат, МемСТ 5962;
2) «А» техникалық маркалы, МемСТ 17299;
3) синтетикалық тазартылған, МемСТ 11547;
4) жоғары және бiрiншi сортты ректификатталған техникалық, МемСТ 18300.
5) бас фракция (бұрын ЭД сұйықтығы), ОСТ 18-121-73;
6) гидролиздiк абсолюттелген ТУ 59-108-73.
8. Тазартылған су
61. ҰПН бойынша Ан-24 және Л-410УВП ұшақтары үшiн тазартылған су қоршаған ауаның жоғары температурасы кезінде қозғалтқышқа су бүрку жүйесiнде қолданылады.
62. Ұшақтардың бүрку жүйелерi бактарына құйылатын тазартылған су өз сапасы бойынша МемСТ 6709 талаптарына сәйкес келуі керек, оның iшiнде:
1) тұздың болуы 5 мг/дм 3 (мг/л) артық емес, МемСТ бойынша анықталады, немесе 10 мкСм/см;
2) сутекті иондарының шоғырлануы (рН) - 5,4... 7,0.
63. Тазартылған суды өндiруді, сақтауды, сапасын тексеруді және ұшақтарға құюға беруді инженерлік-авиациялық қызметтің өтінімі бойынша ЖЖМҰ жүзеге асырады.
64. Тазартылған судың сапасын дайындау және бақылау тәртібі осы Қағидаға 11-қосымшада айтылған.
9. Қоймада авиа ЖЖМ сапасының сақталуы
65. Әуежайлар мен әуе компанияларына ЖЖМ мен сұйықтықтарды сатып алу саны мен сақтау мерзiмi бойынша нормаланған қормен жасалады. Әуежайлар мен әуе компанияларды отынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарының қоймаларына жеткiзілетiн пластикалық жағар майлар, гидрожүйелерге арналған сұйықтық, синтетикалық майлайтын майлар массасы 1-20 кг-ға дейін кiшкентай ыдыста сақталады. Цистерналарда немесе танкерлерде келіп түсетін отындар, бензиндер, минералды майлар, СКҚ сұйықтықтары, мұздануға қарсы сұйықтықтар металл көлденең және тік резервуарларда сақталады.
66. ЖЖМ-ны сақтаған кезде мамандар шешетiн негiзгi міндеттер олардың саны мен сапасын сақтауды қамтамасыз етеді. Отында болып жатқан физика-химиялық процестердiң күрделi жиынтығы нәтижесiнде механикалық қоспалар мен су, шайырлы қоспалар жиналады және жеңiл фракциялардың шығыны болады.
67. Отынды сақтау оны қабылдаудан басталады. Қабылдап алу-тапсыру талдауы орындалғаннан және жеткiзушiнің паспорты зерделенгеннен кейiн май құю мәселесі шешiледi. Сақтауға арналған отын сақтау процесiнде ол қойма iшiнде қотарылмайтындай жеке резервуарларға құйылу керек. Сақтау кезiнде отынның физика-химиялық көрсеткiштерiнiң өзгеру дәрежесi қотару (араластыру) санына тепе-тең болады. Резервуарларда тоттануға қарсы қорғау болу керек және олардың түбiнде шөгiндiлер болмауға тиiс. Отынды сақтау кезiнде оның тазалығын (механикалық қоспалар мен судың болуы), химиялық тұрақтылығын (шайырдың болуы) және буланушылығын (қаныққан будың қысымы, фракциялық құрам) нормалайтын көрсеткiштердiң тұрақтылығы азырақ болып табылады.
68. Отындағы механикалық қоспалар мөлшерiнiң өзгеруi оны дайындаған кезден басталады. Технологиялық жабдық, дайын отынмен түйісетін жуатын су және ауа ластану көздерi болып табылады. Технологиялық жабдық отынды тоттану өнiмдерiнен, нығыздайтын материалдардың, сүзгiштердiң, сорғылардың үйкелiс бу материалдарының ыдырау өнiмдерiмен ластайды.
69. Қатты ластанудың негiзгi көздерi ауа және металл жабдықтың тоттануы болып табылады. Ауада топырақ, шаң бөлшектерi қалқыған күйде болады. Пайдалану қасиеттерi тұрғысынан құмды және құмайт топырақты шаң әсiресе зиянды болып табылады. Ол отында жабдық пен отын жүйесiнің агрегаттарын тоздыратын кремнийдiң қатты тотықтарының болуын арттырады. Шаң ашық түтiктер мен люктерде және резервуарлардың клапандары арқылы ауадан резервуарларға, цистерналарға, бактарға, ыдыстарға түседi.
Резервуарларға түсетiн ауаның көлемi толтыру коэффициентi мен резервуар сыйымдылығына байланысты 10-40 м3 -ге жетуі мүмкiн. Ауа шаңдануы 0,1 г/м3 болған кезде резервуарларға тәулiк сайын 4-10 г шаң түседi. Шаңның 80%-ы отынмен бiрге тарату кезiнде кетедi, ал қалғаны резервуар түбiне тұнады.
70. Отынның ластану процесi жол бойы мұнай өңдеу зауыттарынан әуежайдың тазалау жүйесiнiң сүзгiштерiне дейiн жүредi. Әуежайларда отынды құюға дайындау кезiнде ондағы ластаушы қатты заттардың мөлшерiн орташа есеппен 3 есеге азайту керек. Авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдарда қабылданған тазалау жүйелерi сақталуы тиіс:
1) отынның тұну ұзақтығы бойынша резервуарлар мен ыдыстардағы отынды тұндыру;
2) отынды 3 сүзгiш (үшдүркiндi сүзу) арқылы бiртiндеп өткiзу
71. Отын сақтау кезiнде сумен қанығады. Оның көзi - ауа. Резервуарда қанығу жылдамдығы отынның атмосфералық ауамен түйiсу ауданы мен қабаттың қалыңдығына байланысты. Ұзақ сақтау кезiнде молекулалық судың фазалық ауысуы нәтижесiнде отында эмульсиялық және тұнған су пайда болады. Тұнған суды түбiндегi тұнба бөлiгi ретiнде мерзiмдi төгiп тұрады. Отында судың болуы тоттану процестері мен шайыр түзiлу процестерiн жеделдетеді. Отынның шайырлануына температура айрықша әсер етедi, өйткенi бұл құбылыстың негiзiнде химиялық процестер жатыр.
72. Отынды сақтау мерзiмi ЖЖМ-ның әрбір маркасы бойынша, сақтау шарттары мен климаттық белдiк жөніндегі нұсқауларда регламенттеледi. Отынды ЖЖМ қоймаларында сақтау мәселелерiн шешу кезiнде булануды ескеру керек. Реактивтi отын тiк металл резервуарларда сақталған кезде резервуарлар клапандары арқылы және резервуар бетiнiң күн жағынан қызуы нәтижесiнде неғұрлым жеңiл қайнайтын фракцияларын жоғалтады.
73. СКҚ сұйықтығын суды ерiту есебiнен сақтаған кезде олардағы парциал қысым нөлге тең. Бұл судың СКҚ сұйықтығы бағытына қарай диффузиялық ауысуын туғызады. СКҚ сұйықтығының сулануын болдырмау үшiн оларды герметикалық ыдыста сақтайды. СКҚ сұйықтығындағы судың тiптi азғантай мөлшерi электр химиялық құбылыстарды туғызатын электролиттер үшiн жеткiлiктi болады. СКҚ сұйықтықтарын олардың жоғары еру қабiлетiне байланысты мырыш жалатылған резервуарларда және лактаулы жамылғысы бар резервуарларда сақтауға тыйым салынады.
1-кесте
Қазақстан Республикасының әуе желілерінде ұшуларды орындайтын ӘК негізгі және қосалқы қуатты құрылғыларында қолдануға рұқсат берілген авиациялық отындардың түрлері мен маркалары
ӘК түрі
|
Авиаотынның
маркасы
|
Газтурбиналы қозғалтқыштары бар ұшақтар
|
РТ
ТС-1
Джет А-1
|
Газтурбиналы қозғалтқыштары бар тікұшақтар
|
РТ
ТС-1
Джет А-1
|
Поршенді қозғалтқыштары бар ұшақтар
|
Б-91/115, Б-92, Б-95
|
Поршенді қозғалтқыштары бар тікұшақтар
|
Б-91/115, Б-92, Б-95
|
2-кесте
ӘК-ге май құю кезінде
СКҚ сұйықтықтарын қосу нормалары
ӘК түрі
|
Ұшу әуежайындағы қоршаған ауаның температура-сы,
˚С
|
Ұшу ұзақтығы, сағ.
|
Қосылатын СҚҚ сұйықтықтың маркасы
|
Полярлы шеңбер артынан немесе полярлы шеңбер артына ұшу кезінде ұшу
әуежайындағы қоршаған ауаның температурасына байланысты емес
|
«И»***
|
«И-М»***
|
«И»
|
«И-М»
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
ТУ-134 және оның модифика-циялары,
АН-24 және оның модифика-циялары,
АН-26 және оның модифика-циялары,
АН-28,
АН-30 және оның модифика-циялары,
Л-410 және оның модифика-циялары,
МИ-2,
МИ-6,
МИ-8 және оның модифика-циялары,
МИ-10К,
МИ-26,
КА-32,
В-3
|
5 және одан төмен
|
Ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
Сол сияқты ٭٭
|
5-тен жоғары
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
0,1
|
0,1
|
ЯК-40,
ЯК-42
|
40-тан төмен
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
ТУ-154 және оның модифика-циялары
|
Қоршаған ауа температурасы мен ұшу ұзақтығына байланысты емес, 2.5.5-тармақта айтылған шарттарды қоспағанда
|
0,3
|
0,1
|
0,3
|
0,1
|
ИЛ-18 және оның модифика-циялары
|
5 және одан төмен
|
Ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
5-тен жоғары
|
5-ке дейін
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
0,1
|
0,1
|
5 и және одан артық
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
АН-12 және оның модифика-циялары
|
5 және одан төмен
5-тен жоғары
|
Ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,1
|
0,1
|
0,1
0,2
|
0,1
,1
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
ИЛ-62,
ИЛ-62М
|
5 және одан төмен
|
Тура жоғарыдағыдай
|
0,2
|
0,1
|
|
---
|
5-тен жоғары
|
3-ке дейін
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
---
|
---
|
3 және одан артық
|
0,2
|
0,1
|
---
|
---
|
ИЛ-76Т, ДТ
|
5 және одан төмен
|
Ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,2
|
0,1
|
0,2
|
0,1
|
5-тен жоғары
|
3-ке дейін
|
СКҚ сұйықтықты қоспай
|
0,2
|
0,1
|
3 және одан артық
|
0,2
|
0,1
|
0,2
|
0,1
|
«А» мен «ОК» литерлі рейстер орындайтын ӘК, ИЛ-62М және
ТУ-154 барлық модифика-цияларын қоспағанда
|
Қоршаған ауа температурасы мен ұшу ұзақтығына байланысты емес
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
«А» мен «ОК» литерлі рейстер орындайтын ӘК, ИЛ-62М және
ТУ-154 ұшақтарының барлық модифика-циялары
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
Мұзжарғыштарда орналаса-тын ГТҚ бар тікұшақтар
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
* Бақылап-өлшеу аппаратураларының дәлдiк рұқсатын, сондай-ақ мөлшерлегiштiң қателiктерiн ескерiп, ӘК-не құюға жiберiлетiн авиакеросиндер болатын СКҚ сұйықтық мөлшерiнiң мынадай шектеулерi белгiленедi: 0,1 + 0,05; 0,2 + 0,02; 0,3 + 0,03.
ӘК-не құюға арналған авиакеросинде СКҚ сұйықтықтың мөлшерi белгiленген шектеулерде нормаланады және құю құралдарынан (ТЭ, ЗА, ЦЭС бағаны) немесе жұмсалатын резервуардан алынған сынама талдауы бойынша анықталады.
** АН-24 (РВ), АН-26 (Б), АН-28, АН-30 (Р), Л-410 (МА, УВП, УВП-3) ұшақтары үшiн қоршаған ауа температурасы 50С-ден жоғары болғанда, ұшып келгеннен кейiн сынамада қоқыс отын тұнбасы табылса, онда 0,1 + 0,05% (көлем бойынша) СКҚ сұйықтық қосылған отын үстемелеп құйылады. Егер СКҚ сұйықтық жоқ болса, лай отынды бактан төгiп тастайды және оған СКҚ сұйықтықсыз отын құяды.
*** ҚР әуежайларында ИЛ-62М ұшақтарына май құю осы Қағидаға 2-қосымшаның 38-тармағына сәйкес жүргізілуі тиіс.
3-кесте
СҚҚ сұйықтарын қосуынсыз ТУ-154 ұшағының барлық модификациясын авиакеросинмен толтыру шарттары
Әуежайда май құюдағы сыртқы ауа қызуы, ˚С, кем емес
|
Кесте бойынша ұшу ұзақтығы, с, артық емес
|
10
|
1
|
15
|
1,5
|
20
|
2
|
25 және жоғары
|
2
|
Ескертпе: Егер көрсетілген жағдайларда қосалқы әуеайлақтары бағытталған әуежайдан 1 сағаттан астам қашықтықта орналасса, онда СҚҚ сұйықтықты қосып авиакеросинді құю қолданыстағы нормаға сәйкес орындалады.
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың, құюға беруге дайындаудың және олардың сапасына бақылау жүргiзудiң қағидасына 3-қосымша
АвиаЖЖМ зертханасы
(азаматтық авиация ұйымының атауы)
№ _____ САПА ПАСПОРТЫ
Өнім берілді: ________________________________
Маркасы: ___________________ резервуардағы № ___________
________жылғы ___ ________ № _______ сынамасы (актісі), көлемі _____ л, ____ МЕМСТ бойынша іріктеп алынды және төмендегі сапа көрсеткіштері бойынша ЖЖМ зертханасында тексерілді:
Р/с №
|
Сапа көрсеткіштері
|
МЕМСТ бойынша нормативі
|
Нақты мәні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Зерттеу 20 ___ жылғы «___» _______________ жүргізілді.
Қорытынды: «Өнім» ____ МЕМСТ бойынша дайындалды тексерілген көрсеткіштер бойынша нормативтік құжаттамаға сәйкес келеді және ӘК-ге құюға беруге жарамды.
ЖЖМ зертханасының басшысы _____________________ (қолы,Т.А.Ә.)
Зертханашы-техник ________________________ (қолы,Т.А.Ә.)
Берілген күні 20 ___ жылғы «___» _______________
Қазақстан Республикасының азаматтық
авиация ұйымдарында авиациялық
жанар-жағармай материалдары
мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың,
құюға беруге дайындаудың және
олардың сапасына бақылау
жүргiзудiң қағидасына
4-қосымша
_____________________________________________ 20___ жылғы «________»_______________
(ұйымның атауы)
№ __________ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
_______________________ -ға (ге) ОҚ-та № ________(______) 20___жылғы ____________ № _________ сапа паспорты
авиаотын маркасы № ______________ резервуарға t н.кр. = - ___________ Со
ЖЖМ қоймасында толтырылады
|
Арнайы көлік тұрағында толтырылады
|
Толтырғанға дейін
|
Толтырған соң 15 минуттан кейін
|
Отын темпера-турасы, С
|
Отын тығыздығыг/см3
|
СКҚ сұйықтығының құрамы,
% көлем бойынша
|
«Өнім дайын.»
ЖЖМ технигінің қолы
|
Келгеннен кейін
|
Ауа температурасы мен ылғалдылығы күрт өзгерген жағдайда тұрған кезде, ауысымда 1 рет
|
Тәулігіне 1 рет
|
«Құюға беруге рұқсат етемін» ауысым, құю бригадасы басшысының қолы
|
Тұнба төгілді
Мехқоспалар мен су жоқ
|
Механикалық қоспалар мен судың құрамы
|
Механика-лық қоспалар мен судың құрамы
|
Механикалық қоспалар мен судың құрамы
|
Отын температурасы С
|
Отын тығыздығы г/см
|
СКҚ сұйықты-ғының құрамы өңд %
|
Көзбен шолу
|
ОСИ
|
Көзбен шолу
|
Көзбен шолу
|
ОСИ
|
қанағат.
|
қанағат.
|
қанағат.
|
қанағат
|
қана-ғат.
|
«Бақылау талоны алынды» ____________________________
(қолы, күні, лауазымы)
____________________________________ 20___ жылғы «_____»________________
(ұйымның атауы)
№ __________ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
__________________________________ -ға (ге) МҚ-та № _____ (____) 20___жылғы __________ № _______ сапа паспорты
авиамай (майқоспаларының) маркасы
ЖЖМ қоймасында толтырылады
|
Арнайы көлік тұрағында толтырылады
|
Толтырылғаннан кейін
|
Тығыздығы
г/см
|
Температурасы С
|
Күні, уақыты
|
«Өнім дайындалды» ЖЖМ технигі (қолы)
|
Тәулігіне 1 рет
|
«Құюға беруге рұқсат етемін» ауысымның, құю бригадасының басшысы (қолы)
|
Тұнба төгілді. Су мен мех. қоспалар жоқ
|
Мех. қоспалардың құрамы
|
Судың құрамы
|
Күні, уақыты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Бақылау талоны алынды» _________________________
(қолы, күні, лауазымы)
____________________________________ 20___ жылғы «_____»________________
(азаматтық авиация ұйымының атауы)
№ __________ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ
__________________ -ға (ге) №____ ОҚЖ резервуарынан № ___ ҚА-дан берілетін 20___жылғы ________ № ___ сапа паспорты
авиаотын маркасы t н.кр. = - ___________ Со
-
ЖЖМ қоймасында толтырылады
|
Ұшу алаңында толтырылады
|
ОҚЖ жүйесінің шығыс резервуарынан ауысым басында
|
Тәулігіне және ауа температурасы мен ылғалдылығы күрт өзгерген жағдайда 1 рет
|
ОҚЖ жүйесінің ҚА-дан ауысымында 1 рет
|
Тұнба төгілді, су мен мех. қоспалар жоқ
|
Ты-ғыз-дығы
г/смз
|
Отын темпе-ратура-сы
|
«Өнім дайындалды» (күні, уақыты, авиатехниктің қолы)
|
ОҚЖ жүйесінің құбыр жолдарындағы мех. қоспалар мен судың құрамы
|
Тығыздығы
г/смз
|
Отын температурасы
|
СКҚ сұйықты-ғының құрамы,%
|
«Өнім дайындалды» (күні, уақыты, авиатехниктің қолы)
|
көзбен шолу
|
ОСИ
|
қанағат.
|
қанағат.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Бақылау талоны алынды» ___________________________
(қолы, күні, лауазымы)
___________________
Қазақстан Республикасының азаматтық
авиация ұйымдарында авиациялық
жанар-жағармай материалдары
мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың,
құюға беруге дайындаудың және
олардың сапасына бақылау
жүргiзудiң қағидасына
5-қосымша
БАҚЫЛАУ ТАЛОНДАРЫН БЕРУ ЖУРНАЛЫ
Талон нөмірі
|
Талонды беру күні
|
авиаЖЖМ маркасы
|
Резервуар нөмірі
|
Жарамдылық талдау нөмірі
|
ОҚ, МҚ, арнай машинаның нөмірі
|
Тегі
|
Қолы
|
Талонды қайтару (алып қою) туралы күні және қолы
|
Бақылау талонын алғандығы туралы жүргізушінің
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
________________________
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық
жанар-жағармай материалдары
мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың,
құюға беруге дайындаудың және
олардың сапасына бақылау
жүргiзудiң қағидасына
6-қосымша
ЖЖМ зертханасы
____________________________________
(ұйымның атауы)
№ _____ авиаЖЖМ сапасының көрсеткіштерін
ТАЛДАУ
авиаЖЖМ сынамасының атауы, іріктеп алу орны,
сынаманы іріктеп алу актісінің нөмірі мен күні
сынаманы іріктеп алуды жүргізген қызмет
№
|
Сапа көрсеткіштерінің атауы,
өлшем бірлігі
|
Талдау нәтижелері
|
|
|
|
Талдау 20__ жылғы «___» __________________ жүргізілді
ЖЖМ зертханасының
басшысы __________________
Техник-зертханашы __________________
________________________
Қазақстан Республикасының азаматтық
авиация ұйымдарында авиациялық
жанар-жағармай материалдары
мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың,
құюға беруге дайындаудың және
олардың сапасына бақылау
жүргiзудiң қағидасына
7-қосымша
Бекітемін
Авиа отынмен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның басшысы
________________________
(қолы)
20__ж. «__» ___________
______ авиаЖЖМ сынамаларын іріктеп алу
А К Т І С І
20___ жылғы « __ » ____________
Достарыңызбен бөлісу: |