Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №51 Қаулысы



Дата04.03.2016
өлшемі106.66 Kb.
#36987

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 51 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Қоса берiлiп отырған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 51 қаулысымен   
бекітілген     

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет стандарты


      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер


      1. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi мен мекенжайлары осы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi аудандық (облыстық маңызды қаланың) уәкiлеттi органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) ұсынады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 8-тармағы;
      2) «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық мәліметтерді, сондай-ақ оларды толтыру үлгілерін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлардан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсындағы www.minagri.gov.kz.веб-сайтының «Дипломмен ауылға» бөлімінен, мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердегі уәкілетті органының стенділерінен алуға болады.
      5. Көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына:
      қалаларда және өзге де елдi мекендерде тұрып жатқан және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстеуге және тұруға тiлек бiлдiрген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандықтары бойынша жоғары және жоғарыдан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, ортадан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерiне, сондай-ақ көрсетілген білімі бар мамандарға (бұдан әрi – тұтынушылар) ұсынылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:
      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      күнтізбелік отыз тоғыз күн ішінде көтерме жәрдемақы төленеді;
      күнтiзбелiк отыз екi күн iшiнде осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Келiсiм жасасу рәсiмi жүзеге асырылады және Келiсiм жасалғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бюджеттiк кредит ұсынылады;
      әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан бас тартылған жағдайда үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган тұтынушыға дәйектелген жауап жолдайды;
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең жоғарғы шекті уақыты - он минуттан аспайды;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті пайдаланушыға қызмет көрсетудің ең көп уақыты - отыз минуттан аспайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері, кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, 13-00-ден 14-30 сағатқа дейінгі түскі үзіліспен, 9-00-ден 18-30 сағатқа дейін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету орындары мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге бейімделеді, күту залы ақпараттық стенділермен, құжаттарды толтыру үлгілері бар тағандармен жабдықталады және ғимараттың бірінші қабатында орналасады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


      11. Мемлекеттік қызметті алу үшiн тұтынушы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      3) жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi куәландырған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      4) азаматтарды тiркеу кiтабының (үй кiтабының) немесе тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтаманың көшiрмесi;
      5) бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
      6) салық төлеушiнi тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      7) әлеуметтiк жеке кодты беру туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      8) жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (бюджеттік кредит алу үшін);
      9) тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акті.
      Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқасы өтініш берген күні тұтынушыға қайтарылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Өтініштің бланкісін уәкілетті органның кеңсесіндегі лауазымды адам береді.
      13. Тұтынушы толтырған өтініш пен мемлекеттік қызметті алу үшін талап етілетін, оған қоса берілетін құжаттар осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.
      14. Тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын қолхат беріледі және оның әлеуметтік қолдау шараларын алатын күні көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы тұтынушыға байланыс телефоны бойынша не уәкілетті органға жеке өзі келген кезде хабарланады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары


      17. Уәкілетті органының қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау, барынша толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында уәкілетті органның лауазымды адамдары:
      1) кішіпейіл және сыпайы болуы;
      2) алғашқы талап ету бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы барынша толық ақпарат беруі;
      3) тұтынушылардың құжаттарын ресімдеу және қарастыру барысында қағазбастылық және салғырттық көріністеріне жол бермеуі керек.

4. Жұмыстың нәтижелері


      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және кол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызметті көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметті көрсетудің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі


      20. Уәкілетті органның лауазымды адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді байланыс мәліметтері осы стандартна 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеушілік болған жағдайда, шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайы және электрондық поштасының мекенжайы, телефондары стандартқа 1-қосымшада көрсетілген осы мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына жолданады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым кабинетінің нөмірі уәкілетті органның тақтасында көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына жолданады, уәкілетті органның жұмыс кестесі және электрондық поштасының мекенжайы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.08 № 1030 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
      24. Шағым жазбаша нысанда ресімделеді.
      25. Өтініш берушіге оның шағымын қабылдағаны туралы растау үшін шағымның көшірмесіне кіріс нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, тиісті кеңсенің байланыс телефоны көрсетілген мөртабан қойылады.
      Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде және тәртіппен қаралады.
      26. Уәкілетті органның байланыс мәліметтері осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайында орналасқан стенділерде көрсетіледі

Ауылдық елді мекендерге  


жұмыс істеуге және тұруға 
келген денсаулық сақтау, 
білім беру, әлеуметтік  
қамсыздандыру, мәдениет және
спорт мамандарына әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну» 
мемлекеттік қызмет   
стандартына 2-қосымша  

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


Ауылдық елді мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы
үлгi келiсiм


      Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__»__________
Бұдан әрі «Әкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы ________________________________ бiр тараптан, бұдан әрi «Алушы» деп аталатын әлеуметтiк көмек алушы __________________________, басқа тараптан және бұдан әрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын ____________________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:

1. Келiсiмнiң нысанасы


      Тараптар өзара жауапкершiлiктi және келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мәжбүр етiлмей тараптар толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
      1. Әкiмшi, ________________________________ мәслихатының (20 ___ жылғы «__»_______ №_____) шешiмiнiң негiзiнде өзiне мынадай түрдегi әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:
      1) _____________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жәрдемақы;
      2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит.
      2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген әлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде елдi мекенiнде орналасқан ______________ (денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария) ұйымында кемiнде бес жыл уақыт қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.
      3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде әкiмшiнiң атынан және оның есебiнен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме қабылдайды.

2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi


      1. Әкiмшi:
      1) алушыдан осы Келiсiмге сәйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал және тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.
      2. Әкiмшi:
      1) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде және осы Келiсiм негiзiнде көтерме жәрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
      3. Алушының:
      1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде әлеуметтiк қолдау шараларын ерiктi түрде таңдауға;
      2) бес жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауылдық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
      4. Алушы:
      1) әлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;
      2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi әдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде бес жыл мерзiмге қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;
      3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
      4) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):
      1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;
      2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.
      6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;
      2) кредиттiк шарт бойынша әлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мониторинг жүргiзуге;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алушылардан берешектi өндiрiп алуды жүзеге асыруға мiндеттi.

3. Дауларды шешу

1) Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мәселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.


      2) Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешiлуге тиiс.

4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi

1) Осы Келiсiм тараптардың қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi. Келiсiмнiң қолданысы 20___ жылғы «__»____________ басталады.


      2) Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.

5. Тараптардың заңды мекенжайлары


Әкiмшi         Алушы             Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
___________________       ______________________          ____________________________
___________________       ______________________          ____________________________
___________________       ______________________          ____________________________

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге


және тұруға келген денсаулық сақтау, 
білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,
мәдениет және спорт мамандарына      
әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»   
мемлекеттік қызмет стандартына       
3-қосымша               

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.28 № 869 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

_________________ облысы
____________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi
________________________________
тегi, аты-жөнi
________________________________
мекенжайында тұратын өтiнiш берушiнiң
________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты
________________________________
жұмыс орны, қызметi

Өтініш


      Сiзден Келiсiмнiң (қоса берiлiп отыр) мөлшерiнде және шарттарында маған көтерме жәрдемақы төлеуiңiздi және/немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.
                                             ___________ ____________
                                                 күнi       қолы

      Құжаттар қабылданды:


      20__жылғы «___» _______
      _______ ____________________________________________________
      қолы    құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
                           (кесу сызығы)

      Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес мәлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.


      Азамат ____________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге 20__жылғы «__»_________________ қабылданды.
________ ________________________________________________________
қолы    құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет