Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы №859 қаулысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»


Әскери міндеттінің есепке алу карточкасын толтыру тәртібі



бет9/11
Дата14.07.2016
өлшемі1.82 Mb.
#197952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әскери міндеттінің есепке алу карточкасын толтыру тәртібі
Сержанттарға (старшиналарға) және сарбаздарға (матростарға) есепке алу карточкалары реттілікпен және әскери билет жазбаларының деректеріне дәлме-дәл сәйкестікте толтырылады. Жетіспейтін деректер есепке алу карточкасына қосымша ұсынылған құжаттардан (білімі туралы құжаттар, неке туралы куәлік, балалардың тууы туралы куәлік және басқалар) және әскери міндеттімен жеке әңгімелесуден енгізіледі.

Есепке алу карточкалары қара сиямен, анық, түсінікті жазумен толтырылады. Есепке алу карточкасында мәліметтерді қарындашпен толтырылатын тұрғылықты жері, жұмыс орны, отбасы құрамы туралы мәліметтерді және есепке алу деректеріне салыстырып тексеру жүргізу күндерін жазудан басқа, басқа түсті сиямен жазуға тыйым салынады.

Есепке алу карточкасын толтыру мынадай тәртіппен және мынадай талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

1. «№ сериялы әскери билетке» деген жолда әскери билеттің сериясы мен нөмірі әскери міндеттіде бар әскери билеттің сериясы мен нөмірін белгілеумен дәлме-дәл сәйкестікте қойылады, ал карточканың екінші жағында «Ерекше белгілер» деген бағаннан кейін ол қашан және қандай қорғаныс істері жөніндегі басқармамен (бөліммен) берілгені көрсетіледі.

2. «Туған жылы» деген сол жақ жоғарғы баған, «Тегі, аты, әкесінің аты», «Туған күні, айы, жылы және жері», «Ұлты» деген жолдар жеке куәліктің деректері бойынша толтырылады, жеке куәлікте туған жері туралы нақты деректер болмаған жағдайда туған жері туу туралы куәлікте нақтыланады. Жазба мынадай реттілікпен жүргізіледі: ауыл, аудан немесе қала, облыс. Мысалы: «Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы» немесе «Алматы облысы, Талдықорған қаласы».

3. «ӘЕМ №» деген бағанда әскери-есептік мамандықтың, лауазым кодының және ерекше қызмет белгілерінің жеті таңбалы мәні көрсетіледі. «ӘЕМ коды» деген бағанда лауазым кодының үш таңбалы сандық белгісі көрсетіледі.

4. «Партияға, қоғамдық ұйымға тиесілігі» деген тармақ оған есепке алу карточкасы жүргізілетін адамның қалауы бойынша толтырылады.

5. «Жарамдылық дәрежесі» деген баған Әскери-дәрігерлік сараптама қағидаларына сәйкес медициналық комиссияның әскери міндеттінің қызметке жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде толтырылады.

6. «Есепке алу деректерін салыстыру» деген бөлімде «Жеке өзі келген кезде», «Жұмыс орны бойынша», «Тұрғылықты жері бойынша» деген бағандарда есепке алу деректерін салыстыруды жүргізу күндері көрсетіледі.

7. «Білімі» деген тармақта кәсіптік, техникалық немесе жоғары білімі бар адамдарға оқу орнының толық атауы, қай жылы бітіргені көрсетіледі. Оқу орнында оқуды бітірмеген жағдайда неше сынып немесе курс бітіргені көрсетіледі. Егер әскери міндетті бірнеше оқу орнын бітірсе, барлық оқу орындары көрсетіледі, ал оқушыларға орта мектептің нешінші сыныбында немесе оқу орнының нешінші курсында оқитыны көрсетіледі.


Мысалы: «Орта мектептің 10-сыныбында оқиды» немесе «Еуразиялық ұлттық университеті экономикалық факультетінің 3-курсында оқиды», «Кәсіптік техникалық мектептің 2-курсында оқиды». Тек бастауыш, толық емес орта, жалпы білімі бар адамдарға: «Орта мектеп, 11 сынып бітірді» немесе «Толық емес орта мектеп, 9 сынып бітірді» немесе «Бастауыш мектеп, 4 сынып бітірді» деп жазылады.

8. «Азаматтық мамандығы» деген тармақта алған білімі нәтижесінде немесе практикалық жұмыста алған мамандықтар, разряды немесе сыныптылығы көрсетіледі. Автомобильдердің, тракторлардың, мотоциклдердің және басқа да машиналардың жүргізушілеріне осы техниканы жүргізу құқығына куәліктің нөмірі, ол берілген күні және рұқсат етілген санаттар жазылады. Жұмыс орны мен лауазымы әскери міндеттінің айтуы бойынша немесе кәсіпорынның толық атауын, оның мекенжайын және кадрлар бөлімінің телефон нөмірін көрсете отырып, кәсіпорынның деректері негізінде жазылады. Тұрғылықты жері азаматтарды тіркеу кітабының немесе толық мекенжайы мен үй телефонын көрсете отырып, мекенжай анықтамасының деректері бойынша, ал ауылдық (селолық) жерде одан басқа – елді мекеннің атауы және қандай әкімдікке жататындығы жазылады. Тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз уақытша әскери есепке алынған әскери міндеттілерге есепке алу карточкасында айтуы бойынша болжамды тұрған жері жазылады.

9. « ________ жанындағы әскерге шақыру комиссиясымен» деген бағанда әскерге шақыру комиссиясының қорытындысы, қандай ҚІБ(Б) жанында екені және күні көрсетіледі. Бұл мәліметтер әскери билет жазбалары немесе әскерге шақыру комиссиясының хаттамасынан үзінді негізінде толтырылады.

10. «Әскери бөлім өкілінің тағайындалғанды зерделеу туралы белгісі» деген бағанда тағайындалған ресурстарды зерделеуді жүргізген адам тағайындалуға сәйкестігін немесе сәйкессіздігін, әскери атағын, қолы мен күнін көрсетеді.

11. «Әскери атағы» деген бағанда әскери міндеттіге оның әскери қызмет өткеруі немесе жиындардан өтуі кезеңінде берілген немесе запасқа қою кезінде берілген соңғы әскери атағы көрсетіледі.

12. «Есепке алу тобы» деген бағанда әскери міндетті қызмет өткерген әскери бөлімшелердің әскерлеріне, басқа да әскери құралымдарына тиесілігі көрсетіледі.

13. «Құрамы» деген бағанда әскери міндеттінің оған берілген әскери атаққа сәйкес әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің сол немесе өзге де құрамына тиесілігі көрсетіледі.

14. «Есепке алу санаты» деген бағанда алынған әскери даярлыққа сәйкес әскери міндеттінің есепке алу санаты көрсетіледі.

15. «Мамандықтың, лауазымның және ерекше қызмет белгілерінің атауы» деген бағанда «ӘЕМ №» деген бағанда көрсетілген жеті таңбалы кодтың толық жазылуы көрсетіледі.

16. «Әскери бөлімнің атауы, лауазымы мен техника түрі» деген бөлімде әскери бөлімнің (мекеменің) №, лауазымы және әскери міндетті қызмет өткеру немесе әскери даярлықтан өту кезеңінде меңгерген қару-жарақ пен әскери техниканың түрі, ӘЕМ № және қызмет өткеру (әскери даярлықтан өту) кезеңдері көрсетіледі.

Осы бөлімнің төменгі екі жолында әскери бөлім командирінің запасқа шығару (тарату) туралы бұйрығының күні мен нөмірі жазылады.

Төмендегі бағандарда әскери-есептік мамандығын, лауазымын, ерекше қызмет белгілерін, қару-жарақ пен әскери техниканың түрін көрсете отырып, әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) соғыс уақытында пайдалану туралы қорытындысы көрсетіледі.

Бұдан әрі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖӘБО бастығының соғыс уақытында пайдалану туралы қорытындысы көрсетіледі, ол оның қолымен расталады.

17. «Тағайындалды» деген бөлімді жұмылдыру нарядына сәйкес соғыс уақытына тағайындауды жүргізетін аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО-ның лауазымды адамы толтырады.

Есепке алу карточкасының екінші жағы онда айқындалған бағандарға және қосымша ұсынылған мәліметтерге сәйкес толтырылады.

Антропометриялық деректер әскери міндеттінің айтуы бойынша, ал запасқа берілетін әскерге шақырылушыларға – әскерге шақырылушының есепке алу картасынан енгізіледі.

Әскери ант қабылдағаны туралы мәліметтер мынадай тәртіппен көрсетіледі: қашан және қандай әскери бөлім (мекеме) жанында ант қабылданды.

«Ерекше белгілер» деген бағанға соттылығы, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны, шетел тілдерін білгені, кезекті әскери атақтар беру негізі туралы мәліметтер және басқа да қосымша деректер енгізіледі. Әскери міндеттіні есепке қабылдау және одан алу туралы мәліметтер аудан (облыстық маңызы бар қала) ЖӘБО жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесі бастығының қолымен расталады.

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды

әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына

23-қосымша

 
Әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын 19_____ жылы туған

азаматтардың

тізімі

 

____________________________________________________



(кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдіктерінің атауы)

 

20__ж. «____» ________________ жағдай бойынша



 

Р/с



Тегі, аты,

әкесінің


аты

Жұмыс (оқу) орны және атқаратын

лауазымы


Тұрғылықты

жері


Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің)

1 қаңтардан кейін тіркеу аяқталғанға дейін болған өзгерістер туралы белгісі

және жиынтық тізімде қандай реттік нөмірмен есепке алынды


1

2

3

4

5





















 

М.О.


 

20__ж. «__» _______ Қолы _____________


Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды

әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына

24-қосымша

 
Запастағы әскери міндеттілерді, әскерге шақырылушыларды әскери есепке алудың және броньдаудың жай-күйін тексеру

ЖУРНАЛЫ

 


Р/с



Тексерген күні

Тексерушінің

лауазымы,

тегі мен

аты-жөні


Тексеру

барысында

қандай

кемшіліктер



анықталды

Тексеру нәтижелері

бойынша


қорытындылар. Кемшіліктерді жою мерзімдері

Ұйым тексеру

нәтижелері

бойынша қандай

шаралар


қабылдады

1

2

3

4

5

6

















































































































































































































































































































































































































































































































































Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына

25-қосымша
Сыртқы жағы:

____ҚОЛХАТ ТҮБІРТЕГІ

әскери міндеттіден (әскерге шақырылушыдан) әскери билетті (уақытша куәлікті (әскери билет орнына), әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті) қабылдағаны туралы

__________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Туған жылы _________________________

Әскери атағы________________________

ӘЕМ № ____________________________

___ сериялы №_______________________

әскери билет (уақытша куәлік (әскери билет орнына), тіркеу туралы куәлік) қандай мақсат үшін қабылданды:

(қандай мақсат үшін қабылданды)

Қолы ___________________________

___________________________________

(құжатты қабылдаған адамның тегі мен лауазымы)


Әскери міндеттінің

№ ______ ______________ сериялы

құжатты тапсырғаны туралы қолхаты

20___ ж. «____» ________________

(қолы)


Қию сызығы

____ ҚОЛХАТ

әскери міндеттіден (әскерге шақырылушыдан) әскери билетті ((уақытша куәлікті (әскери билет орнына), әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті) қабылдағаны туралы запастағы__________________________

___________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

_______________________ жылы туған

ӘЕМ № ______________________ оған тиесілі ____сериялы № _________________ әскери билет (уақытша куәлік (әскери билет орнына), тіркеу туралы куәлік):

___________________________ үшін қабылданғаны туралы берілді

_____________________________________

(қандай мақсат үшін көрсетілсін)

Қолы ___________________________

20___ж. «____»_____________________

__________________________________

(құжатты қабылдаған адамның тегі мен лауазымы)

М.О.


Қолхаттың екінші жағы:




Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткен күні

Қазақстан Республикасына келген күні






_________________
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына

26-қосымша

 
Мерзімді әскери қызметке даярлауға жататын, жұмыс істейтін

(оқитын) 19_____ жылы туған азаматтардың



ТІЗІМІ

 

_________________________________________________________



(заңды тұлғаның атауы)

_________________________________________________________

 

20__ж. «____» _________________ жағдай бойынша



 

Р/с



Тегі,

аты,


әкесінің

аты


Ұлты

(қалауы


бойынша көрсетіледі)

Білімі,

қайда және

нешінші сыныпта,

нешінші курста

оқиды немесе

неше сыныпты және курсты

бітірді


Жұмыс

орны


және

атқаратын

лауазымы


Қандай

тілдерді


біледі

Тұрғы-

лықты


жері

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8
















































М.О.


 

20 __ж. «___» ___________ Қолы____________

Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды

әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына

27-қосымша
 

210 х 148 форматы

Әскери бөлімнің

(мекеменің) бұрыштама

мөртаңбасы
 

НҰСҚАМА

 

___________________________________________________________________



(әскери атағы)

___________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)
Сізге 20___ж. «____»______________ әскери есепке қою үшін ________________________________________________________ (аудан, қала)

____________________________________________________________ҚІБ(Б)-ға баруды ұсынамын.

Келу мерзімі 20___ж. «____» _______________

Негіздеме:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды.

Командир (бастық)______________________________________________

(қолы, тегі мен аты-жөні)

 

М.О.


_________________


Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды

әскери есепке алуды жүргізу қағидаларына

28-қосымша

145 х 105 форматы

№ 1 үлгі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет