Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы №272 қаулысы



Дата25.02.2016
өлшемі88.75 Kb.
#25729

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2012 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 272 қаулысы              


Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаты туралы елдің қалың жұртшылығын хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2012 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлдансын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы №272 қаулысымен мақұлданған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2012 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Үкі­меті (бұдан әрі – Үкімет) мен Қа­зақ­стан Республикасы Ұлттық Бан­кінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) 2011 жылы үйлестірілген макроэкономи­ка­­­лық және ақша-кредит саясатын жүр­­гізуінің нәтижесінде елде макро­эко­номикалық, қаржылық және әлеу­мет­­тік тұрақтылық қамтамасыз етілді.

Өткен жылы дамыған елдерде дағ­дарыстың тереңдеуіне қарамас­тан, Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Алдын ала деректер бойынша нақты Жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) 2011 жылы 7,5% өсті.

Экономиканың өсіміне ішкі сұра­ныстың кеңеюі мен жыл бойы экс­порттық өнімдерге қолайлы конъ­юнк­тураның сақталуы әсер етті.

Ең көп өсім қарқыны ауыл ша­руа­шылығында – 26,7% , саудада 14,5%, байланыста – 18,7% белгіленді. Өнер­кәсіп өндірісінің өсімі 3,5%, құрылыста – 2,7 % құрады.

Алдын ала бағалау бойынша ең­бек өнiмдiлiгі 2011 жылы 104, 3%-ды құрады.

Экономика салаларындағы өсім ел халқының әл-ауқатының жақсаруы­мен қатар жүреді. Халық табысы өсуде және еңбек нарығындағы жағ­дайдың жақсарғаны байқалды. Баға­лау бойынша 2011 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ 11 мың АҚШ долларынан асты. 2011 жылғы нақты ақ­шалай табыс 7,4%,-ға нақты жалақы – 7,2%-ға өсті. Жұмыссыздық дең­гейі 2011 жылдың соңында 5,4%-ға дейін төмендеді.

Үкімет пен Ұлттық Банктің баға­ны тұрақтандыру бойынша тиімді әрекеті жылдық инфляция деңгейін жоспарланған 6-8% дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік берді. 2001 жыл­дың соңында инфляция деңгейі 7,4 % құрады, бұл 2010 жылмен салыстыр­ғанда 0,4 % төмен.

Елдің қаржылық тұрақтылығы алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор­дағы елеулі жинақтармен қамтама­сыз етіледі. 2011 жылы елдің халық­аралық резерві 73 млрд. АҚШ долларын құрады және бір жылда 23,2 %-ға өсті, оның ішінде шетел валю­тасындағы Ұлттық қор активтері 41%-дан 43,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

Банк секторының позитивті даму серпіні белгіленді, бұл банктердің кредиттік белсенділігінің біртіндеп қалпына келуімен қатар болады. 2011 жылғы қыркүйек айының қорытын­дысы бойынша банк секторының борышы 2007 жылы 45,9 млрд. АҚШ долларынан 16,5 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды.

Мемлекеттік бюджеттің тапшы­лы­ғы төмендеді және ЖІӨ-ге 2,2%-ды құрады.

2011 жыл ішінде экономикадағы банк кредиттерінің жалпы көлемі 15,7%-ға артты, банк жүйесіндегі де­позиттер көлемі 14,3%-ға, оның іш­ін­­де тұрғындар депозиті 24,1%-ға өсті.

2011 жылы экономикалық белсен­ді­лікті арттырудың негізгі факторы Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру болып табылды. Өткен жылы 1 трлн. теңге сомаға 237 жоба іске қосылып, шамамен алғанда 20 мың жұмыс орны құрылды.

Кәсіпкерлікті, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту мақса­тында «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда. 2010 жылдан бастап бағдарламаның үш бағыты бойынша жалпы сомасы 288,3 млрд.теңге сомаға 930 жоба субсидиялауға ма­құлданды.

Бизнеске әкімшілік жүктемені азайту бойынша жүргізілген жұмыс Қазақстанның Дүниежүзілік Банкі «Doing Business» рейтингіндегі бизнес жүргізуге неғұрлым қолайлы жағдай жасалған әлемнің 50 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік берді.

Экономикадағы оң үрдістер, сақ­талып отырған макроэкономикалық тұрақтылық Standard&Poor`s және Fitch агенттіктері егемен рейтинг­терді тиісінше «ВВВ+» және «ВВВ» деңгейіне дейін жақсартуға мүм­кіндік берді.

Беларусьтің, Қазақстанның және Ресейдің Кеден одағы (бұдан әрі – КО) табысты жұмыс істеуде, Кеден одағының Бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру жұмысы аяқталып, 70 халықаралық келісімді қамтитын Кеден одағының шарттық-құқықтық базасы қалыптастырылды. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай эконо­микалық кеңістіктің халықаралық шарттары пакеті өз күшіне енді – бұл біздің мемлекеттеріміздің неғұрлым терең интеграциясын білдіреді.

Өткен жылы біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Сонымен бірге ел экономикасына әсер етеді мүмкін сыртқы тәуекелдер де бар.

Әлемдік экономикада қазіргі уа­қытта ЕО және АҚШ экономикаларында рецессияға және 2012 жылдың өзінде Қытайда өсу қарқынының күрт төмендеуіне алып келетін құл­дырау үрдісі сақталып отыр. Халық­аралық ұйымдар әлемдік экономика­ның дамуы жөніндегі болжамын тө­мендеу жағына қарай қайта қарады. Халықаралық валюталық қор (бұдан әрі – ХВҚ) әлемдік экономиканың 2012 жылға арналған өсу болжамын 3,3%-ға дейін төмендетті, ал бұдан бұрын 4 % өсімі болжанған болатын, Дүниежүзілік Банк 2,5 %-ға дейін төмендетті. Fitch Ratings агенттігі 2012 жылға арналған еуроаймақтың ЖІӨ өсу болжамын қазандағы 0,8 % болжаммен салыстырғанда 0,4 %-ға төмендетті.

Бұл жағдайларда 2012 жылы эк­о­но­микалық саясаттың негізгі бағыт­та­ры мыналар болады:

1) макроэкономикалық тұрақты­лық­ты қамтамасыз ету және жос­пар­ланған деңгейде экономикалық өсу­дің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

2) адами капиталдың бәсекеге қа­білеттілігін арттыру және әлеуметтік міндеттемелерді орындау;

3) – өңірлік саясатты одан әрі дамыту;

4) бірыңғай экономикалық кеңіс­тік шеңберінде интеграциялық процестерді жалғастыру;

5) мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту.

Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген ақша-кредит және са­лық-бюджет саясатының және ин­фля­цияның деңгейін жоспарлы 6-8 % дәлізде ұстау есебінен қамтамасыз етіледі.

Салық-бюджет саясаты әзірленген мемлекеттік саясат шараларын тиім­ді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуі қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Тұрақсыздықтың ішкі фактор­ла­ры­ның экономикаға кері әсерін тө­мендету мақсатында контрциклды бюд­жет саясаты жүргізілетін болады. Экономикалық серпіліс кезеңінде экономиканың «қызып кетуіне» жол бермеу үшін бюджет шығыстарының өсімі тежелетін болады. Эконо­ми­ка­лық құлдырау кезеңінде ішкі сұра­ныс­ты қолдау үшін шығыстар ұлғай­тылатын болады.

Тұрақты экономикалық өсуді қам­тамасыз ету үшін үдемелі индустрияландыру және индустриялық-инно­ва­циялық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы әртараптандыру жалғасты­ры­ла­тын болады. Ағымдағы жылы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру басталады, оның ішінде Жезқазған-Бейнеу және Арқа­лық-Шұбаркөл теміржол желілері, Атырау МӨЗ-де мұнайды тереңнен өңдеу кешені, құбыр жүйелері елорданы қоса алғанда, елдің орталық өңірлерін газдандыруды қамтамасыз ететін Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауыты бар.

Ірі жоғары технологиялық индус­триялық жобаларды іске асыру және жүйе құраушы кәсіпорындарды қол­дау «Өнімділік 2020» және «Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықты­ру» бағдарламалары шеңберінде қам­тамасыз етіледі.

Лицензиялық-рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың ба­қы­лау-қадағалау қызметін жетілдіру арқылы бизнес-ахуалды жақсарту бой­ынша жұмыстар жалғасады. Рұқ­сат беру заңнамасының жаңа прин­циптері енгізілетін болады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында инновацияларды ен­гізу үстіндегі ісін жаңа бастаған және жас кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа тетіктері көз­делетін болады. Аталған тетік шең­берінде 10 млн. теңгеге дейінгі мөл­шерде банк кредиттерін беру көзде­леді, бұл ретте 80% дейінгі кредит «Даму» қоры арқылы кепілденді­рі­летін болады.

Экономиканың әлеуметтік маңы­зы бар секторына инвестициялауды ынталандыру мақсатында бюджет және концессия заңнамасына қажетті өзгерістер енгізу арқылы мемле­кет­тік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалануды жетілдіру жүзеге асырылатын болады.

Ауыл шаруашылығын дамыту үш­ін бірыңғай бидай холдингі және аграрлық өндіріске жеке инвестициялар тәуекелін төмендету үшін қа­рыз­ды сақтандыру мен кепілдендірудің нәрменді жүйесі құрылады.

Тауарларды делдалсыз сататын фер­мерлер мен бөлшек сауда кәсіп­орындарына мемлекеттік қолдау жү­йесін құру мақсатында «Тұтынушы­лар кооперативі туралы» және «Ау­ылдық тұтынушылар кооперациясы» туралы заңдарға өзгерістер енгізі­летін болады.

Өңірлік даму инфрақұрылымдық және институционалдық шектеулерді еңсеруге, Қазақстан азаматтарын өз­дерінің әлеуметтік және экономи­ка­лық құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктер құруға және адами әлеуетті дамытуға жәрдем көрсетуге, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалып­тас­тыруға бағытталған.

Кәсіпкерлікті белсенді дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлы­ғын арт­тыру арқылы моноқалалар мен қа­лалық агломерациялардың эко­­но­ми­касын әртараптандыруға ба­ғыт­тал­ған осы қалаларды дамытудың жаңа Бағдарламалары әзірленетін болады.

Әлеуметтік жаңғырту білім беру және денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту, зейнетақы жүйесін же­тілдіру арқылы Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсімін жалғас­ты­руға бағытталатын болады. Жұ­мыс­пен қамтуды қамтамасыз ету мақса­тында кең ауқымды негізде оқытуға және жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуге, ауылдағы кәсіпкерлікті да­мытуға көмек көрсетуге, еңбек ре­сурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы іске қосылады.

Қазақстандықтарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақ­сатында «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы әзірленеді. Қа­зақ­станда жыл сайын 6 миллион шар­шы метр жаңа тұрғын үй пай­да­лануға беріледі. Перспективада жал­ға берілетін тұрғын алаңдарды пайдалануға беру 1 миллион шаршы метрге дейін жеткізіледі.

Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі жолымен жаһандық экономикаға интеграциялану Қазақ­стан­ның сыртқы саяси басымдық­тарының бірі болып табылады. 2012 жылы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы келіссөздер аяқталады. Осы­ған байланысты, ДСҰ Хатшылы­ғы­мен бірге 2012 жылдың соңына дейін екіжақты және көпжақты келіссөздер жүргізу үдерістерінің аяқталуын көз­дейтін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің Жол картасы әзірленді.

Беларусь Республикасы, Қазақ­стан Республикасы мен Ресей Федерациясы интеграцияның келесі ке­зеңі – Еуразиялық экономикалық одақ құру кезеңіне көшу туралы мәлімдеді. Экономикалық тұрақты­лық­ты қамтамасыз ету және әрбір елдің мүдделерін қорғау қағидатта­рында ұзақ мерзімді экономикалық қатынастар құру арқылы сауда қатынастарын одан әрі интеграциялау және дамыту мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаң­ғырту нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу жө­ніндегі реформаларды тереңдету, бө­лінетін бюджет қаражатын мақсаттар мен нақты нәтижелерге өзара байланыстыруды күшейту жолымен бюджет жүйесін жетілдіру арқылы жү­зеге асырылатын болады. Мемлекет­тік қызметтерді көрсету сапасын жақ­сарту, мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіру және квазимем­ле­кет­тік сектордың тиімділігін артты­ру­ға ерекше назар аударылатын болады.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды іске асыру шеңберінде сот және құқық қорғау жүйесі жаң­ғыртылатын болады, «электрондық үкіметті» дамыту жалғасады, әкім­шілік рәсімдер қысқартылады, ха­лықтың компьютерлік сауаттылығы арттырылады.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатында жүргізілген қызметінің басым бағыты баға тұрақтылығын қам­тамасыз ету, яғни макроэкономи­калық алғышарттарға барабар қа­лып­тасып жатқан жылдық инфля­ция­ның төмен деңгейін қолдау болып қала береді.

Ұлттық Банктің негізгі күш-жігері ақша-кредит саясатының тиімді құ­рал­дарын жетілдіруге және артты­руға, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралардың ақша нарығының жай-күйіне әсерін күшейтуге бағытта­латын болады.

Қазақстан Республикасының ақ­ша-кредит саясатын жүргізу кезінде экономикадағы ақша ұсынысын икем­ді реттеу бойынша шаралар қаб­ыл­данатын болады. Инфляциялық қы­сымды ынталандыратын артық ақша ұсынысын ұлғайту стерилизация­лан­ған операциялардың өсуімен ни­ве­лир­ленетін болады.

Сонымен бірге, Ұлттық Банк мо­нетарлық құрамдауыштың оңтайлы деңгейде болуына және қосымша инфляциялық қысым көрсетпеуіне ынталанатын болады.

Қысқа мерзімді ноталарды шы­ғару және екінші деңгейдегі банк­тердің депозиттерін тарту банктердің артық өтімділігін стерилизациялау, сондай-ақ қаржы нарығында сыйақы ставкасын реттеу жөніндегі негізгі құрал­дар болып қалады.

2012 жылы Ұлттық Банк ең тө­менгі резервтік талаптарды, атап айт­қанда оны қолданудың тиімділігін арттыру бөлігінде жұмысты жалғас­ты­рады.

Валюталық саясат қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы тең­герімді қамтамасыз етуге тартылатын болады. Бағамдық саясатты жүргізу кезінде әлемдік конъюнк­ту­раның үнемі өзгеруі жағдайында отандық бәсекеге қабілеттілікке теріс әсерін тигізуі мүмкін ұлттық валю­таның нақты бағамының едәуір ауыт­қуына жол берілмейтін болады.

Айырбастау бағамы саясаты әлем­дік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда жағдайына ішкі экономиканың дамуы үшін іргетас қалай отырып барабар ден қоятын болады.

Экономикалық жағдайға байланыс­ты Қазақстан Республикасының Ұлт­тық Банкі теңге бағамының икем­ділігін арттыру мақсатында валюта­лық нарықта өзінің қатысуын одан әрі төмендетуге ұмтылатын болады.



Ақша-кредит және валюта саяса­тының қандай да бір болмасын шараларын қабылдау Бірыңғай экономи­калық кеңістіктің қызмет атқаруы шеңберінде болатын интеграциялық үдерістердің есебімен жүзеге асырылатын болады.

Осылайша, 2012 жылы Үкімет пен Ұлттық Банк жүргізетін эконо­микалық саясат ІЖӨ-нің нақты өсуін орташа 6-7 % деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің қарқынын 7% деңгейінде қамтама­сыз етуге сәйкес келеді. Инфляция деңгейі 6-8 % аралығында болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет