Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1128 Қаулысы



бет1/4
Дата29.02.2016
өлшемі0.89 Mb.
#30988
  1   2   3   4
"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру", "Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың телнұсқасын беру", "Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияларға телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 және "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      4) «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 521-құжат):
      1-тармақта:
      1), 4) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 32, 391-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1128 қаулысымен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-2) тармақшасының негізінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу және толықтыру шеңберінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:
      1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» деген бөлімде;
      2) www.con.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «Орталық» РМК) интернет-ресурсында;
      3) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органның және Орталықтардың үй-жайларында орналасқан ресми ақпарат көздерінде және стенділерде орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
      5. Осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште мекенжайдың тіркеу коды көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы туралы анықтама беру не қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды берген сәттен бастап:
      3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде;
      7 (жеті) жұмыс күн ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсетіп, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне нөмір беру, оны өзгерту немесе жою кезінде жүргізіледі.
      Электрондық сұрау салу көзделмеген;
      2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден сенбіге дейін, орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі.
      Орталықтарда қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      Тұтынушының қалауы бойынша электрондық кезекті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
      10. Мемлекеттік қызмет объект орналасқан жердегі орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған. Залда күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орындар орналастырылған, анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар орналастырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттік қызметті алушы:


      жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) тіркеу туралы куәліктің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (заңды тұлғалар үшін) көшірмелері норма 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
      Құжаттардың мәліметтері:
      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат, меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);
      4) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат (мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті өтініш алушысы);
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады;
      жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру, оны өзгерту және жою үшін:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) әкімдік қаулысының немесе әкімдік шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс);
      3) жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортының көшірмесі;
      4) блоктың (гараждар және саяжайлар үшін) реттік нөмірі мен нөмірін көрсете отырып, елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары;
      5) кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса беріп, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасы, жылжымайтын мүлік орталығы мұрағатынан (қажет болған жағдайда) қорытынды;
      6) жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда);
      7) тұтынушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат;
      8) тұтынушының жеке куәлігі (мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлғаның уәкілетті алушысы);
      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.
      Орталық қызметкерi құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде көшiрменiң түпнұсқаға сәйкестiгiн салыстырып тексереді және түпнұсқаны өтiнiш берушiге қайтарады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті өтініш еркін нысанда толтырылады.
      13. Құжаттарды қабылдау «жалғыз терезе» қағидаты бойынша «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады, онда мақсаты және атқаратын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
      5) уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және оның байланыс телефоны;
      6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      Құжаттар сәйкес келген кезде Орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті уәкілетті органға жібереді.
      Орталық уәкілетті органға құжаттарды жеткізуді және одан кері алуды осы өтініштер қабылданған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкілетті органнан орындалған құжаттар қолхатта көрсетілген мерзімнің аяқталуына бір күн қалғанда Орталыққа түсуге тиіс.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде дайын анықтаманы беруді «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзім негізінде Орталықтың қызметкері жүзеге асырады.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, Орталық оларды 1 (бір) ай сақтауды қамтамасыз етеді.
      16. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде өтініш берушіге жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.
      Уәкілетті орган орталықтан түскен, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықтаған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) оларды қайтарудың себебін жазбаша негіздей отырып, орталыққа қайтарады.
      Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн орталық бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік қызметті алушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздеме ұсынады.
      Бас тартқан жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарланады және уәкілетті органның бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның және орталықтың қызметі мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мынадай:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) тұтынушылармен жұмыс кезінде сыпайылық;
      4) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;
      5) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Орталық қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiру және өтiнiштердi дайындауға жәрдемдесу үшiн мемлекеттік қызметті алушы Орталық басшылығына жүгiнедi. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43 «А» үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.


      Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға да болады.
      21. Уәкілетті органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыруға жауапты әкімнің аппараттарына беріледі. Әкім аппараттары басшыларының мекенжайы, жұмыс кестесі, электрондық поштасының мекенжайы және телефондары осы стандартқа 6-қосымшада көрсетiлген.
      22. Орталық қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда орталықтың басшысының атына немесе орталық қарамағына кіретін «Орталық» РМК-ға шағым жасалады. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, жұмыс кестесі сағат 9.00 бастап сағат 20.00 дейін, түскі үзіліссіз.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жазбаша нысанда пошта арқылы не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      25. Пошта және қолма-қол және поштамен түскен шағымдарды растау оларды уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерін журналға тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
      Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын осы стандартқа 7-қосымшаға көрсетілген талон береді, онда шағымның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күні, байланыс деректерi көрсетiледі.
      Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
      26. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс, интернет-ресурс: http//www.ads.gov.kz.

«Қазақстан Республикасы     


аумағында жылжымайтын      
мүлік объектілерінің мекенжайын
анықтау жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша           

Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органдардың тізбесі



Мемлекеттік қызмет көрсететін органдардың атауы

Мекенжайы

Телефоны

1

2

3

4

Ақмола облысының қалалары мен аудандарының сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Ақкөл ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81

8(71638)-2-13-19

2

«Аршалы ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі, 47

8(71644)-2-25-83

3

«Астрахан ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50

8(71641)-2-32-51

4

«Атбасар ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 9

8(71643)-2-43-61

5

«Бұланды ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19

8(71646)-2-38-14

6

«Бурабай ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 34

8(71636)-4-32-58

7

«Егіндікөл ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, 6

8(71642)-2-17-14

8

«Еңбекшілдер ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Біржан Сал көшесі, 34

8(71639)-2-20-29

9

«Ерейментау ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 136

8(71633)-2-11-03

10

«Есіл ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Д.Қонаев көшесі, 15

8(71647)-2-14-84

11

«Жақсы ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Жақсы ауданы, жақсы ауылы, Дружба көшесі, 3

8(71635)-21-8-80

12

«Жарқын ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Жарқын ауданы, Державинск қаласы, Ленин көшесі, 34

8(71648)-9-13-91

13

«Зеренді ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 58

8(71632)-2-28-93

14

«Қорғалжың ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қорғалжың ауданы, Қорғалжың ауылы, Болғанбаев көшесі, 9

8(71637)-2-21-85

15

«Сандықтау ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылайхан көшесі, 117/ 1 қабат

8(71640)-9-29-49

16

«Целиноград ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 2

8(71651)-3-11-29,8(71651)-3-11-28

17

«Шортанды ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22

8(71631)-2-20-11

18

«Көкшетау қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 102 кабинет

8(7162)-25-69-79

19

«Степногор қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Степногор қаласы, 4 шағын аудан, 1 ғимарат, 73,75 кабинеттер

8(71645)-6-25-30

Ақтөбе облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Ақтөбе қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2

8(7132)-21-30-57

2

«Алға аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Алға ауданы, Алға қаласы, 5 шағын аудан, 4 үй

8(71337)-4-19-90

3

«Әйтеке би аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Т.Жүргенов көшесі, 45

8(71339)-2-22-93

4

«Байғанин аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Д. Қонаев, 36

8(71345)-22-5-07

5

«Ырғыз аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесі, 12

8(71343)-21-7-55

6

«Қарғалы аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38

8(71342)-23-1-76
 

7

«Мәртүк аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Мәртүк ауданы, Мәртүк ауылы, Сейфуллин көшесі, 38

8(71331) 21-3-66

8

«Мұғалжар аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Байтұрсынов көшесі, 8

8(71333)-3-75-99

9

«Темір аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8

8(71346)-22-7-58

10

«Ойыл аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Жолмырзаев көшесі, 1

8(71332)-2-12-04,8(71332)-2-11-52

11

«Қобда аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қобда ауданы, Қобда ауылы, Астана көшесі, 48

8(71341)-22-0-12

12

«Хромтау аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Спортивная көшесі, 2

8(71336)-25-1-44

13

«Шалқар аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Шалқар ауданы,Шалқар қаласы, Әйтеке би, 63

8(71335)- 23-6-35

Алматы облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Ақсу ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Желтоқсан көшесі, 5

8 (72832)-2-12-62

2

«Алакөл ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Жеңіс көшесі, 191

8 (72833)-2-34-89

3

«Балқаш ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 66

8 (72773)-9-12-63
8 (72773)-9-54-01

4

«Еңбекшіқазақ ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Тоқатаев көшесі, 19

8 (72775)-4-55-55

5

«Ескелді ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 31

8 (72836)-3-09-60

6

«Жамбыл ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, 47

8 (72770)-2-02-14

7

«Іле ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Батталханов көшесі, 8

8 (72752)-2-07-04

8

«Қаратал ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қумолданов көшесі, 21

8 (72834)-2-29-61

9

«Қарасай ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Өміралиев көшесі, 53

8 (72771)-2-15-07

10

«Кербұлақ ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Б. Момышұлы көшесі, 10

8 (72840)-3-27-24

11

«Көксу ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Көксу ауданы, Балпық би кенті, Мырзабеков көшесі, 40

8 (72838)-2-17-03

12

«Панфилов ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 131

8 (72831)-5-16-54

13

«Райымбек ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 9

8 (72777)-2-15-62

14

«Сарқан ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тынышбаев көшесі, 8

8 (72839)-2-33-68

15

«Талғар ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Талғар ауданы, Талғар қаласы, Ленин көшесі, 65

8 (72774)-2-01-36

16

«Ұйғыр ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Ұйғыр ауданы, Шоңжы ауылы, К. Исламов көшесі, 70

8 (72778)-2-15-19

17

«Қапшағай қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13

8 (72772)-4-45-41

18

«Талдықорған қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26 «б»

8 (7272)-27-02-29

19

«Текелі қаласының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Текелі қаласы, Абылайхан көшесі, 34

8(72835)-4-45-60

Атырау облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Атырау қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 5

8(7122)-20-44-16,
8(7122)-20-44-17

2

«Индер ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30/7

8 (71234)-2-10-74

3

«Құрманғазы ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Құрманғазы ауданы, Ганюшкино кенті, Күшікбаев көшесі, 25

8 (71233)-2-14-34

4

«Қызылқоға ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, 4

8 (71238)-2-12-46

5

«Махамбет ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 13

8 (71236)-2-19-25

6

«Мақат ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ. Сәтпаев көшесі, 1

8 (71239)-3-00-67

7

«Жылыой ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Ж. Ізтуғанов көшесі, 7

8 (71237)-5-14-63

8

«Исатай ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Исатай ауданы, Егеменді Қазақстан көшесі, 15

8 (71231)-2-08-95

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Өскемен қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Өскемен қаласы, Киров көшесі, 33

8 (7232) 26-24-48

2

«Семей қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110

8 (7222) 56-12-58

3

«Риддер қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Риддер қаласы, Қонаев көшесі, 40

8 (72336)-4-42-29

4

«Курчатов қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Курчатов қаласы, Независимость көшесі, 4

8(72251)-2-58-24

5

«Абай ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14

8(72252)-9-22-70

6

«Аягөз ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Ақанаев көшесі

8(72237)-3-33-13

7

«Бородулиха ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Независимость көшесі, 69

8(72351)-2-14-76

8

«Бесқарағай ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2а

8 (72236)-9-15-16

9

«Глубокое ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 11 «а»

8(72331)-2-34-38

10

«Жарма ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Касилев көшесі, 11

8 (72347)-6-57-96

11

«Зайсан ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Малдыбаев көшесі, 53-а

8 (72340)-2-11-00

12

«Зырян ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Зырян ауданы, Зырян қаласы, Совет көшесі, 18

8 (72335)-6-37-32

13

«Күршім ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ибежанов көшесі, 23

8(72339)-2-21-00

14

«Көкпекті ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Фахрутдинов көшесі, 44, «а»

8(72348)-2-17-02, 8(72348)-2-16-06

15

«Катонқарағай ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Катонқарағай, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 114-11

8(72341)-2-23-62

16

«Тарбағатай ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 16

8(72346)-2-24-93

17

«Ұлан ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Ұлан ауданы, Молодежный кенті, 1

8 (72338)-2-78-14

18

«Үржар ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 122

8 (72230)-3-35-19

19

«Шемонаиха ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Советская көшесі, 59

8(72332)-3-39-22,
8 (72332)-3-32-03

Жамбыл облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Тараз қаласы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Тараз қаласы, Жүнісалиев көшесі, 1

8 (7262)-45-54-97

2

«Байзақ ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 114

8 (72637)- 2-2-58

3

«Жамбыл ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, 123

8 (72633)-2-13-35

4

«Жуалы ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 12

8(72635)-2-03-40,
8 (72635)-2-04-66

5

«Қордай ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төлеби көшесі, 106

8 (72635)-2-11-39

6

«Мерке ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Мерке ауданы, Мерке ауылы, Исмайлов көшесі, 169

8 (72632)-2-20-04

7

«Мойынқұм ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 147

8(72642)-2-41-67,
8 (72642)-2-49-99

8

«Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 75

8(72631)-2-23-74,
8 (72631)-2-14-34

9

«Талас ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, 1 кабинет

8 (72244)-2-26-49

10

«Сарысу ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Ленин көшесі, № 2

8 (72634)-6-35-10

11

«Шу ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Шу ауданы, Шу қаласы, Қонаев көшесі, 23

8(72643)-2-36-30,
8 (72643)-2-22-01

Батыс Қазақстан облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Ақжар ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Ақжар ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, 70, 16, 20 кабинеттер

8 (71136)-9-18-23

2

«Бөрлі ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Советская көшесі, 99

8 (71133)-2-03-68

3

«Бөкейорда ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Бөкейорда ауданы, Сайқын ауылы, Т. Жараков көшесі, 31

8 (71140)-2-14-59

4

«Жаңақала ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Жаңақала ауданы, Жаңақала кенті, Халықтар Достығы көшесі,44

8 (71140)-2-17-59

5

«Жәнібек ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Жәнібек ауданы, Жәнібек кенті, Г. Қараш көшесі, 8

8 (71135)-2-74-09

6

«Зеленов ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесі, 137

8 (71130)-2-34-55

7

«Қазталов ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қазталов ауданы, Қазталов ауылы, Желтоқсан көшесі, 14

8 (71144)-3-17-28

8

«Қаратөбе ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, 18

8 (71144)-3-12-27

9

«Сырым ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Меңдалиев көшесі, 14

8 (71132)-3-13-43

10

«Тасқала ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23, 401 кабинет

8(71139)-2-26-10

11

«Теректі ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Теректі ауданы, Федоровка кенті Абай көшесі, 23, 401 кабинет

8(71132)-2-31-30

12

«Шыңғырлау ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Шевченко көшесі, 18

8(71137)-3-35-14

13

«Орал қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1

8(7112)-50-05-80

Қарағанды облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Қарағанды қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6

8 (7212)-42-02-20

2

«Теміртау қаласының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Теміртау қаласы, Металлургтер көшесі, 12

8(7213)- 92-26-03

3

«Жезқазған қаласының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Жезқазған қаласы, Алаша көшесі, 1

8(7102)-73-61-35

4

«Балқаш қаласының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Балқаш қаласы, Қарамеңді би көшесі 10-үй

8(71036)-4-92-44

5

«Приозерск қаласының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 5, 2-қабат

8 (71036)-5-40-48

6

«Сәтпаев қаласының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Сәтпаев қаласы, Сәтпаев даңғылы, 108

8(71036)-4-15-16

7

«Сарань қаласының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Сарань қаласы, Жамбыл көшесі, 67

8(72137)-2-52-08

8

«Шахтинск қаласының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101

8(72156)-4-08-44

9

«Қаражал қаласының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Каражал қаласы, Сары-Тоқа көшесі, 1, 2-қабат

8(71032)-2-60-10

10

«Нұра ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Нұра ауданы, Киевка қаласы, Мыңбаев көшесі, 44

8 (7244)-2-12-52

11

«Ақтоғай ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Бөкейхан көшесі, 4

8(710 37)-2-12-33

12

«Ұлытау ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 23

8(71035)-2-13-39

13

«Шетпе ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Шетпе ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі, 24

8(71035)-2-15-09

14

«Бұхар Жырау ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Бұхар Жырау ауданы, Ботақара ауылы, Қазыбек би көшесі, 50

8(72154)-2-10-30

15

«Осакаровка ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Осакаровка ауданы, Осакаровка кенті, Первомайская көшесі, 5

8(72149)-4-18-42

16

«Абай ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Абай ауданы, Абай қаласы, Абай көшесі, 26

8(72131)-4-48-00

17

«Жаңаарқа ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылы, Независимость көшесі, 5

8(71030)-2-61-01

18

«Қарқаралы ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Т. Әубәкіров көшесі, 23

8(72146)-31-3-66

Қызылорда облысы бойынша қалалары мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Қызылорда облысының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қызылорда қаласы, 3-ірілендірілген орам, н/ж

8(7242)-26-30-46

2

«Қызылорда қаласының қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қызылорда қаласы, 3-ірілендірілген орам, н/ж

8(7242)-23-11-50

3

«Арал ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Арал ауданы, Арал қаласы, Школьная көшесі, 35

8(72433)-2-31-72

4

«Қазалы ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қазалы ауданы, Әйтекеби ауылы, Примов көшесі, 5

8(72438)-24-5-49

5

«Қармақшы ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қармақшы ауданы, Жосалы ауылы, Қорқыт ата көшесі, 10

8(72437)-2-29-25

6

«Жалағаш ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі, 100

8(72431)-3-21-65

7

«Сырдария ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Сырдария ауданы, Тереңөзек ауылы, Алиәкбар көшесі, 16

8(72436)-22-8-73

8

«Шиелі ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі, 4

8(72432)-4-22-36

9

«Жаңақорған ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Жаңақорған ауданы, Жаңақорған ауылы, М. Көкенов көшесі, 35

8(72435)-22-5-84

Қостанай облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Қостанай облысы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 69

8 (7142)-57-54-16

2

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Алтынсарин ауданы, Обаған ауылы, Ленин көшесі, 4

8 (71445)-3-41-29

3

«Амангелді ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Амангелді ауданы, Амангелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 14

8(71440)-2-11-19

4

«Арқалық қаласы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Арқалық қаласы, Абай көшесі, 29

8 (71430)-7-28-37

5

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы 1 Май көшесі, 44

8 (71453)-2-11-90

6

«Жангелді ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Жангелді ауданы, Торғай ауылы, Алтынсарин көшесі, 4

8 (71439)-2-14-01

7

«Жітіқара ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Жітіқара ауданы, Жітіқара ауылы, Асанбаев көшесі, 51

8 (71435)-2-04-97

8

«Денисов ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Денисов ауданы, Денисов ауылы, Калинин көшесі, 5

8 (71434)-2-19-23

9

«Қарабалық ауданы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов көшесі, 31

8 (71441)-3-37-65

10

«Қостанай қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 128

8 (7142)-54-14-43

11

«Қостанай ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қостанай ауданы, Затобольск, кенті, Калинин көшесі, 63а

8 (71455)-2-16-79

12

«Қамысты ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қамысты ауданы, Қамысты ауылы, Ержанов көшесі, 61

8 (71437)-2-13-14

13

«Қарасу ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 73

8(71452)-2-20-78

14

«Лисаковск қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Лисаковск қаласы, Мир көшесі, 31

8(71433)-3-45-21

15

«Меңдіқара ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5

8(71443)-2-28-24

16

«Наурызым ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Наурызым ауданы, Қарамеңді ауылы, Шақшақ-Жәнібек көшесі, 1

8(71454)-11-12

17

«Рудный қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Рудный қаласы, Космонавтов даңғылы, 12

8(71431)-4-63-73

18

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кенті, Ленин көшесі, 82

8 (71451)-2-27-53

19

«Таран ауданы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Таран ауданы, Таран ауылы, Калинин көшесі, 60

8 (71436)-3-63-82

20

«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы, Мүсірепов көшесі, 14

8 (71444)-2-13-65

21

«Федоров ауданы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Федоров ауданы, Федоровка ауылы, Красноармейская көшесі, 53

8 (71442)-2-10-24

Маңғыстау облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Маңғыстау облысының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 ғимарат, 102 кабинет, 1-қабат

8(7292)-31-36-47, 8 (7292)-31-45-47

2

«Ақтау қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, № 218 кабинет, 2-қабат

8(7292)-33-65-33, 8 (7292)-33-65-35

3

«Жаңаөзен қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 ғимарат, № 113 кабинет, 1-қабат

8 (72934)-5-03-81

4

«Бейнеу ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Досан Тәжібаев көшесі, аудандық әкімдіктің ғимараты, 2-қабат

8(72932)-2-54-14,
8 (72932)-2-13-67

5

«Қарақия ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 6 ғимарат, № 2 кабинет, 2-қабат

8(72937)-2-19-88,
8(72937)-2-22-15

6

«Маңғыстау ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, орталық алаң, 1 ғимарат

8 (72931)-2-21-92
 

7

«Түпқарағай ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Түпқарағай ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Тәжиұлы көшесі, № 3 ғимарат, № 1кабинет

8 (72938)-2-29-08

8

«Мұнайлы ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Мұңайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, ХҚКО ғимараты, 4-қабат

8 (7292)-46-64-96

Павлодар облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Павлодар қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Павлодар қаласы, Кривенко, көшесі, 25

8(7182)-32-08-94

2

«Екібастұз қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Екібастұз қаласы, Дүйсенбаев көшесі, 34

8(7187)-75-56-60

3

«Ақсу қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21

8(71837)-5-64-84

4

«Ақтоғай ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97

8(71841)-2-21-56

5

«Баянауыл ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтпаев көшесі, 45

8(71840)-9-22-34

6

«Железин ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 7

8(71831)-2-19-69

7

«Ертіс ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Байзақов көшесі, 14

8(71832)-2-35-63

8

«Қашыр ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қашыр ауданы Қашыр ауылы, Ңлгин көшесі, 172

8(71833)-2-10-55

9

«Лебяжі ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Әбілхайыр Баймолдин көшесі, 13

8(71839)-2-14-31

10

«Май ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Май ауданы, Көктөбе ауылы, Әйтеке би көшесі, 18

8(71838)-9-21-17

11

«Павлодар ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Павлодар ауданы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

8(7182)-32-30-14

12

«Успенск ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Успенск ауданы, Успенка ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесі, 30

8(7183)-49-11-09

13

«Шарбақты ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51

8(71632)-2-28-93

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Солтүстік Қазақстан облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ

Петропавл қаласы, Қазақстанның Конституциясы көшесі, 23

8(7152)-46-35-57

2

«Тимирязев ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1

8(71537)-2-15-48

3

«Есіл ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 9

8(71543)-2-14-87

4

«Айыртау ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 44

8(71533)-2-05-61

5

«Ақжар ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинная көшесі,13

8(71546)-2-10-09

6

«Аққайың ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Труд көшесі,16

8(71532)-2-24-62

7

«Жамбыл ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Е.Шайкин көшесі, 30

8(71544)-2-27-56

8

«М. Жұмабаев ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56

8(71531)-2-01-19

9

«Қызылжар ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 11

8(71538)-2-19-86

10

«Мамлют ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 5

8(71541)-2-24-48

11

«Ғ. Мүсірепов ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Ғ. Мүсірепов ауданы, Новоишимское ауылы, Ленин көшесі, 2

8(71535)-2-15-79

12

«Тайынша ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстаның Конституциясы көшесі, 26

8(71536)-2-20-56

13

«Уәлиханов ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 85

8(71542)-2-25-05

14

«Шал ақын ауданының Құрылыс бөлімі» ММ

Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35

8(71534)-2-03-89

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Арыс қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Арыс қаласы, Әл-Фараби көшесі, 3

8(72540)-2-11-77

2

«Кентау қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Кентау қаласы, Әл-Фараби көшесі, 51

8(72536)-3-56-74

3

«Түркістан қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Түркістан қаласы, Байбурт көшесі, 4

8(72533)-3-34-02, 8 (72533)-4-27-22

4

«Шымкент қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, 11

8(7252)-53-61-98,8(7252)-54-84-01,8 (7252)-54-80-79

5

«Бәйдібек ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Бәйдібек көшесі, н/ж

8(72548)-2-20-20

6

«Қазығұрт ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі, н/ж

8(72539)-2-25-71,8(72539)-2-31-33

7

«Мақтаарал ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, 69

8(72534)-6-13-67

8

«Ордабасы ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Қазыбек би көшесі, н/ж

8(72530)-2-18-63

9

«Отырар ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Алтынбеков көшесі, 3

8(72544)-2-17-56

10

«Сайрам ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Жібек жолы көшесі, 55

8(72531)-2-06-04

11

«Сарыағаш ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, 55

8(72537)-2-22-87

12

«Созақ ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, н/ж

8(72546)-4-14-53, 8(72546)-4-19-53

13

«Төлеби ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Төлеби ауданы, Леңгір қаласы, Әйтеке би көшесі

8(72547)-6-22-70

14

«Түлкібас ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Түлкібас ауданы, Рысқұлов ауылы, Қонаев көшесі, 24

8(72538)-5-25-53, 8(72538)-5-18-67

15

«Шардара ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Шардара ауданы, Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі, 3

8(72535)-2-27-40

Алматы қаласы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-9-қабаттар

8 (727)-279-58-24

2

«Алмалы ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-қабат

8 (727)-279-58-24

ін. (225)



3

«Алатау ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-қабат

8 (727)-279-58-24

ін. (224)



4

«Әуезов ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-қабат

8 (727)-279-58-24

ін. (214)



5

«Бостандық ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-қабат

8 (727)-279-58-24

ін. (215)



6

«Жетісу ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-қабат

8 (727)-279-58-24

ін. (223)



7

«Медеу ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-қабат

8 (727)-279-58-24

ін. (216)



8

«Түрксіб ауданының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 91, 7-қабат

8 (727)-279-58-24

ін. (217)



Астана қаласы бойынша қалалар мен аудандардың Сәулет және қала құрылысы бөлімдері

1

«Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Астана қаласы, Әуезов көшесі, 6

8 (7172)-33-37-30

«Қазақстан Республикасы     


аумағында жылжымайтын      
мүлік объектілерінің мекенжайын
анықтау жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша           



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет