Аймауытов туралы ххх



Дата21.06.2016
өлшемі27.62 Kb.
#152022
Аймауытов туралы
ххх

Жүсіпбек Аймауытовтың түрмедегі тағдыры туралы түрлі жорамалдар мен қауесеттер орын алған. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев сияқты алаш қайраткерлеріне кешірім жасалғанда, «Алашорданың» ұймдық шараларына еш қатысы жоқ Жүсіпбектің атылып кетуіне сенімсіздікпен қарап, науқастан қайтқан болуы тиіс деп жорамалдауы орынды да. Бірақ Дінше Әділевтің «шынайы көрсетіндісі» оны ажал камерасына алып келгені шындық. Оған ҚазССР Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары А.Тілеулиевтің 1962 жылы 27 тамызда Партия институтына берген анықтамасы да емеуірін танытады. Мұнда жоғарыда аты аталған қайраткерлердің жер аударылуы, ақталуы толық баяндалады да Ж.Аймауытов туралы:



«Дулатов жетекшілік еткен қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымына қатысқаны үшін 1929 жылы мамыр айында тұтқындалып, ОГПУ коллегиясының 1930 жылғы 4 көкек күнгі шешімімен ең жоғары жазаға – атуға кесілді», – деп мағлұмат береді.

Демек, үкім орындалып кеткен.

ххх

Қайран, Жүкең...
Мұзаның сөзі: Әкемді 1929 жылдың күзінде айдап әкетті. әкем де, шешем де: «енді көрісуіміз неғайбыл», - деп жылапты. Әкем мені қолына алып, искейін деген екен, оған келгендер жібермепті. Бектұр мен Жайық қандарын ішіне тартып, көздерінен от шашып, жұдырықтарын түйіп тұрып қалыпты. Мұның бәрін мамам айтатын. Шешем әр жерге арыз айтып, қуынған екен, ештеме шықпайды. 1931 жылдың аяғында Надежда Константиновна Крупскаядан хат келіпті. Онда ол кісі: «Сіз енді босқа әуре бола бермеңіз, жұбайыңыз жер бетінде жоқ. Мен мен оны әбден тексеріп білдім.»

Шықпаса жаның денеңнен,

Не салса тағдыр көрем мен.

Бір өзім үшін өлмеймін,

Бірғана соған сенем мен.

Кеудеде әзір жүрек бар,

Тілек бар, соған сенем мен.

Артымда қыруар елім бар,

Өлсе де денем – мен өлмен.

«Шалқар» 1990, қазан.




Телегей теңіз
Соттың бірінші мәжілісі аяқталған соң, Жүсіпбек Әуеш арқылы менен «Сана» журналының бір санын сұрратып алды. Онда Жүсіпбектің психология жайында жазған «Әдет заңы» деген мақаласы болушы еді.

Сот үш күнге созылды. Үшіні күні Жүсіпбек соңғы сөзін сөйледі. Оны түгел жазып алған екен, мәнерлеп оқып шықты. Залдағы отырған көпшілік өте риза болды. Соңғы сөзін Жүсіпбек түгелдей қазақ халқының әдет заңының негізінде құрған еді. Асылы былай болды: «Қазақ ежелден қарыз беріп, қарыз алады, құн беріп, құн алады, қалыңмал береді, қалыңмал алады. Сонда ол бірінен-бірі ешуақытта қолхат алмайды, ешбір протокол жасамайды; бәрін ауызша, сөзбен жүргізеді.бұл әбден әдет болып кеткен. Аштарға жәрдем үлестіргенде менің бойымда да, ойымда да осы заң күшті болды. Мен атам қазақтың осы заңын ұстандым. Аштарға не берсем де, ешқайсысынан қолхат алмадым. Хат білмейтін, аштан көзі қарайып, өлейін деп отырған адамнан қолхат сұрауды қолайсыз көрдім» дегенді айтты. Осылай Жүсіпбек ақталып шықты.

Түрмеден шыққан соң бір күні Жүсіпбек редакцияға келді. Біз – Ахмет, Әуеш, Аманғали, Мерғали, мен бәріміз ортаға алып, біраз әңгімелесіп отырдық. Көбінше оғаг сұрау бердік. Ол бізге жауап берді. сол сұрақ-жауаптың кейбіреуі әлі есімде:

– Ал, түрмеде көпшілік арасында кілең бұзықтармен жатқаның қалай?



  • Әдейі жаттым. Оларды білгім келді. Бұзақылар өмірінен бірдеңе жазбақ ойым болды.

Бейсембай Кенжебаев

«Лениншіл Жас» 1989, 6 январь

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет