Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілде №922 қаулысы
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес Казақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 9 шілдедегі
№922 қаулысымен
бекітілген
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды және салааралық үйлестiрудi iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде куәландыратын рәсім;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – комиссия) – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққт жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктері және өзге ұйымдар өкілдерінің қатысуымен уәкілетті орган жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігі – тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау кезінде жұмсалған шығындар.
6) жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға шарттық (бұдан әрі – шарт) негізде қызметтер көрсететін ұлттық даму институты.
3. Комиссияның ережесі мен құрамын уәкілетті орган бекітеді.
4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу комиссияның оң ұсынымдарын есепке ала отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің шығындардың бір бөлігін өтеге арналған өтінімінің (бұдан әрі – өтінім) негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарын өтеу тәртібі
5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілген, жалпы танылған халықаралық стандарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттау кезінде шеккен, оның ішінде:
1) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты консультациялық қызметтерге;
2) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитін және сертификаттау сынақтарын жүргізуге;
3) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты персонал біліктілігін арттыруға жұмсалған шығындар бойынша жүргізіледі.
6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы, бірақ индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындары өтеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер өтеуге жатпайды.
7. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетелдік валютада шеккен шығындарды қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруы шыққан күні қолданылған валюталар бағамы бойынша жүзеге асырылады.
8. Мынадай:
1) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жергілікті өндірушілері болып табылатын;
2) Қағидалардың 5-тармағында көзделген түрлері бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімде шығын шеккен;
3) салықтар, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша алты айдан асып кеткен берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);
4) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта өткізуді жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері қарауға жіберіледі.
9. Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады, оған мынадай құжаттар мен материалдар қоса беріледі:
1) жеке тұлға:
кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
2) заңды тұлға – индустриялық қызмет субъектілерінің құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелері (жарғы, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік) не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
3) салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша алты айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннен бұрын 45 (қырық бес) күннен ерте берілмеуі тиіс;
4) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа өткізу фактісін растайтын құжаттардың индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған көшірмелері (жеткізу шарттары, шот-фактуралар, көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру туралы актілер, көлік жүкқұжаттары, қаражаттың түскені туралы банк анықтамасы);
5) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шығын түрлері бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
6) өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжаттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;
7) ішкі нарыққа өткізілген өнімдердің, жұмыстардың, қызметтердің қазақстандық шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері («CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат);
8) құжаттар тізімдемесі.
10. Ұлттық институт өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды шартта бекітілген талаптарға сәйкес республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда орналастырады.
Хабарландыруда өтінімдерді қабылдаудың аяқталатын күні, шығындарды өтеуге индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қойылатын талаптар, ұсынылатын құжаттардың тізбесі, ұлттық институттың толық атауы мен орналасқан жері, өтінімдерді беру тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары (ұлттық институттың уәкілетті өкілінің байланыс телефонының нөмірі, интернет-ресурс және т.б.), сондай-ақ өтінімдерді қабылдау орны және өтінімдерді берудің соңғы мерзімі көрсетіледі.
11. Өтінімдерді қабылдау (тіркеу) бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру алғаш жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң аяқталады, бұдан ерте аяқталмайды.
12. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін өтінімді өзгертіп, толықтыра алады.
Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін түскен өтінімдер қаралмайды және өтінім алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіле отырып, қайтарылуы тиіс.
13. Ұлттық институт шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған өтінімнің толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді.
14. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, ұлттық институт индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінім түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, тиісті хабарлама жібереді.
Егер өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қажетті құжаттар ұсынылмаса, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді қабылдамау туралы хабарлама жіберіледі.
15. Өтінімдерді тексеру нәтижелері бойынша ұлттық институт осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің түйіндемесін дайындайды.
Өтінімді және өтінімнің түйіндемесін ұлттық институт өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін бір айдан кешіктірмей комиссияның қарауына енгізеді.
16. Комиссия осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ұсынымдарын енгізеді.
Комиссия ұсынылған құжаттарды қарау кезінде индустриялық-инновациялық кызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражат көлемін ескереді.
Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша шығындарды өтеу үшін шығындардың бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражат көлемі жеткіліксіз болған жағдайда Комиссия өткен екі қаржы жылы үшін ақшалай мәнде өнімдердің ең көп көлемін жасап шығарған алушыларды ұсынады.
Өндірістік көрсеткіштер тең болған жағдайда өтінімді бірінші берген индустриялық-инновациялық кызмет субъектісіне басымдық беріледі.
Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешімді уәкілетті орган комиссия өз ұсынымдарын енгізген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
17. Уәкілетті орган шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институтқа өз шешімін жібереді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банкте ашылған ұлттық институттың банк шотына индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу үшін шешімге сәйкес көлемде республикалық бюджетте көзделген қаражатты аударады.
18. Уәкілетті орган шешімінің негізінде ұлттық институт шартта көрсетілген банк шотына қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің банк шотына шығындардың бір бөлігін өтеу сомасын аударады.
19. Ұлттық институт уәкілетті органның шешімі келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда орналастырады.
Индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің отандық өңделген
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарықта
жылжыту бойынша шығындарының
бір бөлігін өтеу қағидаларына
1-қосымша
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігі өтелетін экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі
ЭҚЖЖ коды
|
Атауы
|
289
|
Арнайы мақсаттағы техниканың өзге түрлерінің өндірісі
|
26
|
Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі
|
27
|
Электр жабдығы өндірісі
|
281
|
Жалпы мақсаттағы машиналардың өндірісі
|
282
|
Жалпы мақсаттағы өзге техника өндірісі
|
29
|
Автокөлік құралдарының, трейлерлер мен жартылай тіркемелердің өндірісі
|
30
|
Өзге көлік құралдарының өндірісі
|
13
|
Тоқыма өнімі өндірісі
|
14
|
Киім өндірісі
|
15
|
Былғары және оған жататын өнім өндірісі
|
20
|
Химиялық өнеркәсіп өнімі өндірісі
|
21
|
Негізгі фармацевтикалық өнім өндірісі
|
22
|
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі
|
242
|
Түтіктер, құбыржолдар, пішіндер, болаттан жасалған фитингілердің өндірісі
|
243
|
Бастапқы өңдеу жолымен өзге болат бұйымдарының өндірісі
|
2432
|
Таспаларды және енсіз жолақтарды суықтай илектеу
|
2433
|
Салқындатып қалыптау немесе бүктеу
|
2434
|
Сымдарды салқындатып тарту жолымен өндіру
|
244
|
Негізгі асыл және түсті металлдардың өндірісі
|
245
|
Металдарды құю
|
25
|
Машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі
|
33
|
Машиналар мен жабдықты жөндеу және орнату
|
41
|
Ғимараттар мен құрылыстар салу
|
43
|
Мамандырылған құрылыс жұмыстары
|
4313
|
Барлау бұрғылауы
|
61
|
Шикі мұнай өндіру
|
91
|
Мұнай және табиғи газ өндіру саласындағы техникалық қызметтер
|
Индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің отандық өңделген
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарықта
жылжыту бойынша шығындарының
бір бөлігін өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім
Кімге:
________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________
(ұлттық институттың атауы)
Кімнен:
________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген толық атауы)
Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні
_____________________________________________________________________________________
________________________________________________________
(Куәліктің №, кім және қашан берді)
БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Персонал саны ______адам.
Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары ______ адам.
Кадрлардағы жергілікті қамтудың үлесі ____%.
Қызмет түрі
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Тел/факс:
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
1. Субъекті шеккен шығындар1:
шығындар тізбесі
Шығындар атауы
|
Экономикалық қызмет түрі
|
Шығындар жүргізілген
шарттың №
|
Жеткізушіден қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні
|
ҚҚС-сыз шығындар сомасы
|
ЭҚЖЖ коды
|
атауы
|
төлемнің валютасы
|
теңгемен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
_________________________
1 Кестені толтыру кезінде шот-фактураға сәйкес шеккен шығындардың әрбір сомасын көрсету керек.
Шығындардың бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома: ____________________________________________________________ теңге
(сомасы цифрмен және жазумен жазылады)
2. Отандық өнім туралы мәліметтер:
КО СЭҚ ТН 10 белгісі деңгейіндегі тауар позициясы көрсетілетін тауардың атауы:
____________________________________________________________________________________________________________________________________
Сертификаттау жүргізілгеннен кейін шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген өткізілген өнім үлесі, соңғы екі жыл ішіндегі өнімді өткізудің жалпы көлемінде (пайыздық мәнде): __________________________________
__________________%.
Соңғы екі қаржы жылы ішінде өндірістің ақшалай мәндегі көлемі: ____________________________________теңге.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «___» __________ №________ қаулысымен бекітілген Индустриялық-инновациялық субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 9-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
3._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4._____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Уәкілетті тұлға: _______________________________________
Қолы ___________________
Өтінім берілген күн: __________
Индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілерінің отандық өңделген
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарықта
жылжыту бойынша шығындарының
бір бөлігін өтеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған
өтінімнің түйіндемесі
1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім берген ұйым туралы ақпарат:
Ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген
атауы:_______________________________________________________________________
______________________________________________
Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні
____________________________________________________________________________
(куәлік №, кім және қашан берген)
БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________________
Персонал саны ______адам.
Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары ______ адам.
Кадрлардағы жергілікті қамтудың үлесі ____%.
Экономикалық қызмет түрі ____________________________________
____________________________________________________________
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «___» ____________ №____ қаулысымен бекітілген Индустриялық-инновациялық субъектілерінің шығындарының отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша бір бөлігін өтеу қағидаларының 9-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________________________
___________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________
___________________________________________________________
3._____________________________________________________________________________
___________________________________________________________
4.____________________________________________________________________________
___________________________________________________________
5.____________________________________________________________________________
____________________________________________________________
3. Өтеуге мәлімделген шығындар1:
____________________
1 Кестені толтыру кезінде шот-фактураға сәйкес шеккен шығындардың әрбір сомасын көрсету керек:
шығындар тізбесі:
Шығындар атауы
|
Экономикалық қызмет түрі
|
Шығындар жүргізілген
шарттың №
|
Жеткізушіден қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні
|
ҚҚС-сыз шығындар сомасы
|
ЭҚЖЖ коды
|
атауы
|
төлемнің валютасы
|
теңгемен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
|
…
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома: _____________________________________________________________ теңге.
(сома цифрмен және жазумен жазылады)
4. Индустриялық-инновациялық субъектілері отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 6-тармағының талаптарына сәйкес өтеуге жататын (жатпайтын) сома.
___________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Соңғы екі қаржы жылы ішінде өндірістің ақшалай мәндегі көлемі: ____________________________________теңге.
6. Шығындардың бір бөлігін өтеуге болжанған жалпы сома: ___________________________________________________________ теңге
(сома цифрмен және жазумен жазылады)
Лауазымды тұлға ______________
Қолы _________
Күні____________
Ескертпе: шығындарды теңгемен қайта есептеу және жиынтық соманы
есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданылған валюталар бағамы қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |