Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 наурыздағы №228 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаты туралы елдің қалың жұртшылығын хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясатының 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 228 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясаттың 2013 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) 2012 жылы жүргізген экономикалық саясаты әлемдік экономикадағы ахуалдың кері әсеріне қарамастан, елде экономика дамуының оң серпінін қамтамасыз етуге және макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіңдік берді.
Алдын ала бағалау бойынша 2012 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,0 %-ды құрады, өнеркәсіп өнімінің өндірісі 0,5 %-ға өсті.
Экономика салаларындағы оң серпін және елдегі жоғары тұтынушылық сұраныс қызмет көрсету саласының 10 %-ға өсуіне ықпал етгі.
Жылдық мәндегі инфляция деңгейі 6,0 %-ды құрады, бұл 2011 жылдың қорытындысынан 1,4 пайыздық тармаққа төмен.
Елдің халықаралық резерві 17,9 %-ға өсіп, 86,0 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 32,4 %-ға, 57,8 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
Банк секторы қайта қалпына келудің тұрақты серпінін көрсетуде. Өткен жылы банктердің активтері 8,2 %-ға өсті, кредиттер қөлемі 13,0 %-ға ұлғайды, депозиттер 7,2 %-ға өсті.
2012 жылы «Ғitсh» агенттігі Қазақстанның егеменді кредит рейтингін «ВВВ+»-қа дейін көтерді, бұл батыс елдеріндегі дағдарыс жағдайында еліміздің кредиттік қабілеттілігін куәландырады.
Республикалық бюджеттің тапшылығы 906,5 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 3%-ды құрады.
2012 жылы сыртқы сауда айналымы 9,8 %-ға ұлғайды. Алдын ала бағалау бойынша төлем теңгерімінің ағымдағы шотының профициті 8.8 млрд. АҚШ долларын құрады.
Экономиканың өсуіне ел азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаты барабар жақсаруда. Халықтың нақты ақшалай табысы 6,8%-ға өсті, нақты жалақы 6,9%-ға артты, орташа айлық атаулы жалақы 101 мың теңгеден асты.
Жұмыссыздық деңгейі желтоқсанда 5,3 % деңгейінде қалыптасты.
Индустрияландыру картасын, Бизнестің жол картасы-2020 сәтті іске асыру экономиканың өсуін қолдауға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, әлемдік экономикадағы ахуалдың нашарлауы экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға қауіп төндіруі мүмкін.
Дағдарыстан кейінгі елеулі қайта қалпына келуден кейін әлемдік экономика тағы да бәсеңдеді. Жаһандық өсудің төмен қарқыны 2020 жылға дейін болжануда. Халықаралық валюта қоры 2013 жылғы әлемдік экономиканың өсуін 3,5% деңгейінде болжап отыр, бұл өткен жылғы деңгейден (3,2%) шамалы ғана жоғары. Ғitch Ratings халықаралық агенттігі де 2013 жылы әлемдік экономика өсуінің болжамын бұдан бұрын жарияланған 2,6 % болжаммен салыстырғанда 2,4 %-ға дейін төмендетті. Сонымен қатар, әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың Қазақстанға кері әсері 2012 жылмен салыстырғанда біршама төмен болуы күтілуде.
Осындай жағдайларда Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Cтратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін ескере отырып, 2013 жылы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мыналар болады:
прагматикалық экономикалық саясат жүргізу;
әртараптандыру негізінде экономиканы жаңғырту;
3) әлеуметтік жаңғырту және жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастыру;
теңгерімделген өңірлік даму;
тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру;
халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл.
Прагматикалық экономикалық саясат экономиканы әртараптандыру, кең ауқымды кәсіпкерлікті тарту, инновацияларды жандандыру және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың серпінді өсуін 6% деңгейінде қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Макроэкономикалық тұрақтылық жаңа салық-бюджет саясатын және экономикалық өсу үшін қолайлы инфляция деңгейін ұстап тұру есебінен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын және шикізатқа әлемдік бағаның құлдырауы кезінде бюджеттің орнықтылығын арттыру мақсатында теңгерімделген бюджет саясаты жүргізіледі.
Мемлекеттік борышты шамалы деңгейде ұстау және мемлекеттік қаржы тұрақтылығы үшін бюджет тапшылығын және ЖІӨ-ге қатысты мұнай емес тапшылықтың өсуін ұстап тұру жоспарлануда. Квазимемлекеттік сектор борышының өсуіне бақылау қамтамасыз етіледі.
Кепілдендірілген трансферт көлемінде қор қаражатын пайдалануды шектеу арқылы Ұлттық қорда мұнай кірістерін жинақтау саясаты жалғасатын болады.
Салық саясаты экономика дамуын ынталандырушы құралдардың бірі болады және әлеуметтік бағыттылыққа ие болады. Салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру, экономиканың шикізат емес секторларын және инновацияларды дамытудағы ынталандыратын рөлін күшейту мақсатында 2013 жылы қолданыстағы салықтық жеңілдіктерге ревизия жүргізіледі.
Орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін экономиканы жаңарту және әртараптандыру негізінде елдің бәсекеге қабілеттілігін нығайту жалғасын табады.
Экономиканы жаңғыртудың негізі елді Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыру, кластерлік тәсілді енгізу және басты рөлі сапалы адами фактордың рөлін және мәнін күшейту болатын ақпараттық қоғамды дамыту үшін негіз құру болып табылады. Үкімет Республикалық индустрияландыру картасының ірі жобаларын іске асыруға шоғырланады.
Инфрақұрылымдық интеграцияны қамтамасыз ету үшін Қазақстаннан тыс жерлерінде өндірістік көліктік-логистикалық объектілер, өңірде бірлескен кәсіпорындар құрылатын болады.
2020 жылға дейінгі елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың жаңа бағдарламасы шеңберінде аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ауыл экономикасын дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығын ауқымды жаңғырту басталады.
Елдің табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануға негізделген орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жасыл экономикаға көшудің ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленуде. Осы жұмыс шеңберінде табиғи және су ресурстарын басқарудың, энергияны көп қажет етуді төмендету мен экономиканың энергия тиімділігін арттырудың, жаңартылатын энергия көздерін дамьпу мен қоршаған ортаның ластануын төмендетудің қағидаттық жағынан жаңа жүйесін қалыптастыру басталады.
Бақылау-рұқсат беру практикасының жүйесін оңтайландыру арқылы бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жұмыс жалғастырылады. Азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар хабарландырулармен алмастырылады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде нақты жұмыс орындарын құруға бағдарлай отырып, шағын және орта бизнесті кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады.
Елдің экономикалық өсуінің негізгі факторы экономиканың шикізаттық емес секторына инвестицияларды тарту болуы тиіс. Үкімет елде қолайлы инвестициялық ахуалды құруға шоғырланады.
Экономиканың әлеуметтік маңызы бар секторларына инвестицияларды ынталандыру мақсатында бюджеттік және концессиялық заңнамаға қажетті езгерістер енгізу арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалануды жетілдіру жалғасатын болады.
Экономиканың өсуін ескере отырып, азаматтардың өмір сүру сапасының стандарттарын кезең-кезеңімен жоғарылату үшін тиісті негіздемелік заңмен регламенттелетін ең төменгі әлеуметтік стандарттар жүйесін қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.
Азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуын және көбеюін арттыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылатын болады.
Әзірленіп жатқан дағдарысқа қарсы ден қоюдың жол картасы шеңберінде Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын іске асыру құралдарын кеңейту дағдарыс басталған жағдайда жұмыспен қамтуды және экономиканың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыру жалғасын табады.
Өңірлік саясат экономикалық өсу орталықтары: агломерациялар, 2-деңгейдегі тірек қалаларды (облыс орталықтары) және 3-деңгейдегі қалаларды (моноқалалар және шағын қалалар), сондай-ақ тірек елді мекендерді қалыптастыруға бағытталады. Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру белсенді фазаға көшеді.
Осы жылы мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі реформаларды іске асыру жалғасатын болады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін төменгі басқару деңгейлерінің қаржылық дербестілігін кеңейту, төменгі деңгейдегі әкімдерді мәслихаттардың сайлауын енгізу, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі халықтың рөлін арттыру үшін тиісті заң жобасы әзірленетін болады.
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойышпа Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау қайталауға жол бермеуге, сондай-ақ жекелеген өкілеттіктерді орталықтан өңірлерге беруге мүмкіндік береді.
Халыққа және бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіруге және әрбір қызметкер жұмысының тиімділігін арттыруға баса назар аударылатын болады.
Мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жөніндегі жұмыс жүргізіліп, мемлекет қатысатын жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізбесі айқындалады. Бұдан басқа, «Халықтық ІРО» бағдарламасы одан әрі дамытылады.
Қазақстан экономикасын Бірыңғай экономикалық кеңістік (бұдан әрі - БЭК) және Кеден одағы (бұдан әрі - КО) шеңберіндегі интеграция шарттарына бейімдеу мақсатында тауарлардың импорты мен экспорты кезіндегі кедергілерді жою, сондай-ақ отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау және ілгерілету бойынша күш-жігер салынады.
Ағымдағы жыл КО және БЭК тетіктерінің қалыптасуы үшін маңызды болады. Алда БЭК құқықтық базасын дамыту жөніндегі күнтізбелік жоспарды іске асыру, КО және БЭК халықаралық шарттарын кодификациялау, интеграциялық процестерді одан әрі дамыту бағыттарын пысықтау бойынша жұмыстың негізгі көлемін орындау тұр.
Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары шеңберінде Халықаралық көрме бюросының Атқарушы комитетінде тіркеу дерекнамасының тұсаукесері өтіп бекітіледі.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді ақша-кредит саясатын жүргізетін болады.
Бұдан басқа, Ұлттық Банк қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту және олардың қаржылық сауаттылық деңгейін жоғарылату жөніндегі жұмысын жалғастырады.
Ақша-кредит саясаты саласында 2013 жылға арналған негізгі перспективалық бағыт өтімділікті ұсыну/алу бойынша тұрақты тетіктерге, ашық нарықтағы операцияларға арналған тәсілдер өзгерісі шеңберінде трансмиссиялық тетіктерді кезең-кезеңімен жетілдіру болып табылады.
Валюталық саясат қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Ұлттық Банктің ішкі валюталық нарыққа қатысуы экономиканың одан әрі тұрақты дамуы үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ете отырып, ең аз болып қалады.
Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу шеңберінде банктер активтерінің төмен сапасының проблемаларын шешу жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады. Ұлттық Банк банктердің күмәнді және үмітсіз активтерді осындай активтерді басқаруға мамандандырылған ұйымдарға сатуы (беруі) бойынша қажетті жағдайлар жасауды, сондай-ақ үмітсіз берешекті кешіру тәртібін жеңілдететін тетікті енгізуді қамтитын шаралар кешенін іске асыруды жалғастыратын болады. Үмітсіз берешекті «тазарту» бойынша ерте ден қою және уақтылы шаралар қабылдау мақсатында 2013 жылдан бастап банктердің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесіне шекті мән енгізіледі, ол 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 20 %-дан, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 %-дан аспайды.
Банк секторының тұрақты жұмыс істеуі, сондай-ақ кредиттік белсенділіктің өсуі экономиканың басым секторларын одан әрі дамытуға және кредиттеуді кеңейту мен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал ететін болады.
2013 жылы Үкімет пен Ұлттық Банк жүргізетін экономикалық саясат 6 % деңгейіндегі орнықты экономикалық өсуді және инфляция аясын нысаналы 6-8% деңгейінде сақтауды камтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |