Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын



бет1/3
Дата26.02.2016
өлшемі179.5 Kb.
#26868
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.04.2011 12:36:45
Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) іске асыруды республикалық және жергілікті деңгейлерде ақпараттық қолдау жөніндегі медиа-жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 87-ө Өкімі

 

«Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысын іске асыру мақсатында:



1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) іске асыруды республикалық және жергілікті деңгейлерде ақпараттық қолдау жөніндегі медиа-жоспар (бұдан әрі - Медиа-жоспар) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

1) Медиа-жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуын;

2) 2009 жылғы 25 маусымға, 25 қыркүйекке және 25 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Медиа-жоспардың орындалуы жөніндегі есептерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2009 жылғы 5 шілдеге, 5 қазанға және 2010 жылғы 5 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Медиа-жоспардың орындалуы жөніндегі жиынтық есепті ұсынсын.

4. Медиа-жоспардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов

                               

Қазақстан Республикасы



Премьер-Министрінің

2009 жылғы 24 маусымдағы

 № 87-ө өкімімен



бекітілген

 

 

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) іске асыруды республикалық және жергілікті деңгейлерде ақпараттық қолдау жөніндегі медиа-жоспар

 

Осы Медиа-жоспар Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық холдингтердің Жол картасында көзделген міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметі туралы кеңейтілген жарияланымдардың, теле- және радиосюжеттердің, ақпараттық хабарламалардың, сөйлеген сөздердің, сұхбаттардың, түсіндірмелердің шығуын, «тікелей желілерді» ұйымдастыруды болжайды.

Жоспардың мақсаты - халық арасында әлеуметтік оптимизмді арттыру, Үкіметтің экономикалық дағдарыс салдарын жеңілдету жөніндегі іс-қимылын тусіндіру.

 

Р/с



Іс-шараның атауы, тақырыбы

Іске асыру нысаны

Коммуникациялық арналар

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

5

6

Ұйымдастыру іс-шаралары

1.

Қолданыстағы арнайы айдарлар шеңберінде кеңейтілген жарияланымдардың, циклді теле- және радиохабарлардың (жаңалықтар, талдамалық, интерактивтік), ақпараттық хабарламалардың, сөйленген сөздердің, сұхбаттардың, пікірлердің, оның ішінде Үкіметтің Жол картасында көзделген міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметінің ерекшелігін ашатын сарапшылық қоғамдастық пікірлерінің шығуын қамтамасыз ету

БАҚ-қа материалдар шығару

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Республика kz», «Ел», «Айқын», «Экспресс-К», «Известия- Казахстан», «Комсомольская правда в Казахстане», «Хабар», «Қазақстан», «31 арна», «Астана қаласының телевидениесі», «Рахат», «Қазақ радиосы», өңірлік БАҚ-тар

маусым- желтоқсан

МАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2.

Үкімет экономикалық дағдарысты жеңілдету жөнінде қабылдап жатқан шаралар туралы ақпараттық-сараптамалық (қорытылған) материалдарды дайындауды және орналастыруды қамтамасыз ету

Қорытылған материалдар

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Республика kz», «Айқын», «Экспресс-К», «Аргументы и факты Казахстан», «Известия-Казахстан», «Комсомольская правда в Казахстане», өңірлік БАҚ-тар

маусым-желтоқсан

МАМ, орталық және жергілікті атқарушы органдар

3.

Өңірлік ақпараттық-насихаттық топтар шеңберінде Жол картасының негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

АНТ-тың сапарлары

Өңірлік БАҚ-тар

маусым-желтоқсан

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

4.

Жол картасының бағыттары бойынша спикерлердің тізімін жасау және олардың республикалық және өңірлік БАҚ-тардың эфиріндегі талдамалық және сараптамалық пікір алмасу алаңдарына қатысуын қамтамасыз ету

Спикерлердің тізімі

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Республика kz», «Ел», «Айқын», «Экспресс-К», «Известия-Казахстан», «Комсомольская правда в Казахстане», «Хабар», «Қазақстан», «31 арна», «Астана қаласының телевидениесі», «Рахат», «Қазақ радиосы», өңірлік БАҚ-тар

маусым

МАМ, орталық  және жергілікті атқарушы органдар

5.

Жол картасы бағыттарының орындалуын көрсететін «оқиғалар қатарын» қалыптастыру

«Оқиғалар қатары»

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Республика kz», «Ел», «Айқын», «Экспресс-К»  «Известия-Қазахстан», «Комсомольская правда в Казахстане», «Хабар», «Қазақстан», «31 арна», «Астана қаласының телевидениесі», «Рахат», «Қазақ радиосы», өңірлік БАҚ-тар

маусым

МАМ, орталық  және жергілікті атқарушы органдар

6.

Жол картасы бағыттарының орындалуы туралы «Жаңа Қазақстан», «Шешім қабылданды» атты арнайы бағдарламалардың шығуын ұйымдастыру

Жол картасы бағыттары бойынша арнайы бағдарламалар

«Қазақстан», «Хабар»

Жекелеген жоспар бойынша

МАМ, «Арна медиа» ҰАХ» АҚ (келісім бойынша), орталық және жергілікті атқарушы органдар

7.

Жастар жарыс сөздері бағдарламалары шеңберінде Жол картасының негізгі бағыттарын талқылауды ұйымдастыру

Жастар жарыс сөздері бағдарламалары

«Ел арна»

маусым-желтоқсан

МАМ, «Арна медиа» ҰАХ» АҚ (келісім бойынша), орталық және жергілікті атқарушы органдар

8.

Журналистер үшін халықты жұмыспен қамту картасы туралы арнайы семинарлардың өткізілуін ұйымдастыру

Оқыту іс-шараларын өткізу

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық  және өңірлік БАҚ-тар

Мемлекеттік органдардың ішкі жоспарларына сәйкес

Еңбекмині, МАМ, «Арна медиа» ҰАХ» АҚ (келісім бойынша)

9.

Баспа БАҚ-тарда әкімдіктердің басшыларымен жұмыстан босатылатын қызметкерлерді және жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлау тетіктері туралы «тікелей желілер» ұйымдастыру

Баспа БАҚ-та материалдар шығару

Өңірлік БАҚ-тар

маусым

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, МАМ

10.

«Қазақстанның туристік кластерінің халықаралық серпінді жобалары» тақырыбына баспасөз конференциясын ұйымдастыру

Баспасөз конференциясы

«Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Республика kz», «Ел», «Айқын», «Экспресс-К», «Известия-Казахстан», «Комсомольская правда в Казахстане», «Хабар», «Қазақстан», «31 арна», «Астана қаласының телевидениесі», «Рахат», «Қазақ радиосы», өңірлік БАҚ-тар

маусым

ТСМ, МАМ

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін (бұдан әрі - ТКШ) қайта жаңарту және дамыту

11.

ТКШ объектілерінің тозуы және жаңарту туралы материалдардың шығуын ұйымдастыру

Жарияланымдар

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық  және өңірлік БАҚ-тар

маусым-шілде

ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, МАМ

12.

Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ТКШ объектілерін қайта жаңартудың мультипликативті тиімділігі туралы сұхбаттарының шығуын қамтамасыз ету

Сұхбаттар

«Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан»

қыркүйек

Астана және Алматы қалаларының әкімдері, МАМ

13.

Тұрғын үй-коммуналдық саладағы мамандарды даярлау мен қайта даярлау туралы сюжеттердің шығуын ұйымдастыру

Сюжеттер

«Қазақстан», «Хабар», «Рахат», «31 арна», «Астана қаласының телевидениесі», «Эра ТВ», мемлекеттік тапсырысты орындайтын өңірлік БАҚ-тар

маусым-шілде

БҒМ, Еңбекмині, ИСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, МАМ

14.

Мамандықтар бөлінісінде қайта жаңартуға және еңбек ресурстарына мұқтаж ТКШ объектілерінің тізбесін жариялауды ұйымдастыру

Тізбе

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын өңірлік БАҚ-тар

маусым

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

15.

ӘКК басшыларының ТКШ объектілерін қайта жаңартуға қатысу тетіктері туралы сұхбаттарын ұйымдастыру

Сұхбаттар

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық және өңірлік БАҚ-тар

маусым

ӘКК (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

16.

Отандық өндірушілерді ТКШ жүйесін қайта жаңғырту және дамыту жұмыстарын іске асыруға тарту туралы сюжеттердің шығуын ұйымдастыру

Жаңалықтық сюжеттер

Мемлекеттік тапсырысты орындайтын республикалық  және өңірлік БАҚ-тар

маусым, қыркүйек

Еңбекмині, ИСМ, АШМ, МАМ, «Арна Медиа» ҰАХ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ӘКК (келісім бойынша)

17.

Тұрғын үй секторын кредиттеу және дамыту бағдарламаларын іске асыру тетіктері туралы мынадай сюжеттердің шығуын ұйымдастыру:

ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру;

тұрғын үйді тіркелген баға бойынша өткізу;

тұрғын үйді еркін баға бойынша өткізу;

жалға берілетін тұрғын үй

Жаңалықтық сюжеттер

«Хабар», «Қазақстан», «Қазақ радиосы», «Астана», «Шалқар», өңірлік БАҚ-тар

маусым-шілде; қыркүйек-қазан

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), МАМ

18.

ТКШ-ны қайта жаңарту және дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу  және оның қорытындылары туралы сюжеттердің шығуын ұйымдастыру

Жаңалықтық сюжеттер

«Хабар», «Қазақстан», «Эра ТВ», «Рахат», «Астана қаласының телевидениесі», «Қазақ радиосы», «Сәлем», «Астана», «Шалқар», өңірлік БАҚ-тар

маусым-шілде; қазан

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері, ИСМ, АШМ, МАМ, «Арна Медиа» ҰАХ» АҚ (келісім бойынша)

19.

ТКШ-ны қайта жаңарту және дамыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу  және оның қорытындылары туралы материалдардың шығуын ұйымдастыру

Мақалаларды шығару, сұхбаттар

«Казахстанская правда», «Айқын», «Экспресс-К», «Егемен Қазақстан», «Литер», «Түркістан», «ОКО», «Ел», «Республика.kz», «Дала мен қала», «Страна и мир», «Аргументы и факты Казахстана», «Комсомольская правда в Казахстане», «Московский комсомолец в Казахстане», өңірлік БАҚ-тар

маусым-тамыз;

қыркүйек қараша

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ИСМ, МАМ, «Арна Медиа» ҰАХ» АҚ (келісім бойынша)

20.

«Даму» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның басшысы Ғ.К. Әмриннің сатылмаған пәтерлерді салушылардан сатып алу мәселесі бойынша талдамалық бағдарламаға қатысуын ұйымдастыру

«Жаңа Қазақстан» бағдарламасының шығуы

«Қазақстан»

маусым

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), МАМ, «Арна Медиа» ҰАХ» АҚ (келісім бойынша)

21.

Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы С.К. Нокиннің мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша талдамалық бағдарламаға қатысуын ұйымдастыру

«Бетпе-бет» бағдарламасының шығуы

«Хабар»

маусым

ИСМ, МАМ, «Арна Медиа» ҰАХ» АҚ (келісім бойынша)

22.

Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеу туралы сюжеттердің шығуын ұйымдастыру

Жаңалықтық сюжеттер

«Хабар», «Қазақстан», «Эра ТВ», «Рахат», «Астана қаласының телевидениесі», «Қазақ радиосы», «Сәлем», «Астана», «Шалқар», өңірлік БАҚ-тар

маусым, тамыз

БҒМ, ДСМ, МАМ, «Арна Медиа» ҰАХ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет