Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы №57 қаулысы



Дата24.02.2016
өлшемі175.5 Kb.
#16884




Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы №57 қаулысы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.



2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар;

2) облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi мен оның аумақтық бөлімшелері өтініш берушінің Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі бөлігінде этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді келісетін мемлекеттік орган болып белгіленсін.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 20 қаңтардағы

№57 қаулысымен

бекітілген


Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын

құжаттар тізбесі


Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Этил спиртін өндіру бойынша қызмет түрі үшін

1

Этил спиртін өндірушінің өндіру паспорты

Этил спиртін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспортының көшірмесі

Этил спиртін өндіру паспорты «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 қаулысының талаптарына сәйкес келуі тиіс

2

Мынадай жолдармен:

1) тоқсандар бойынша бір қалыпты



200 мың декалитрден төмен емес көлемде бидайдан, картоптан, қант қызылшасынан,

Этил спиртінің қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік

Осы талапқа сәйкестік өндірістік қуат есебінің дәйектілігі бойынша және тиісті жабдықтың паспортында көрсетілген деректер бойынша белгіленеді


1

2

3

4

2

қант шикiзаты сiрнесiнен және басқа да қантты-крахмалды тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн спирт ашытқыларынан боза айыру;

2) жылына 20 мың декалитрден төмен емес көлемде шарап материалын тікелей немесе екі жақты айдау жолымен алынған этил спиртін өндіру және шығару мүмкіндігі



қуат есебі




3

Этил спирті өндірісінің паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлар мен жабдықтар

Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлар мен жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы белгіленеді

4

Стационарлық үй-жайларда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін коммуникациялар (сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз)

Коммуникациялардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Коммуникациялардың болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес өзге бақылау нысанын жүргізу жолымен анықтайды

5

Меншік құқығындағы этил

Ұйымның теңгеріміне технологиялық




1

2

3

4

5

спиртін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық

жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері




6

Лицензиарға өндіру көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн спирт өлшеуіш аппараттар

Спирт өлшеуіш аппараттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

«Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 30 қаулысының талаптарын қанағаттандыратын спирт өлшеуіш аппараттарының болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына

1

2

3

4

6







сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

7

Этил спиртін сақтауға, қабылдауға және жіберуге ғана арналған қойма үй-жайлары - мамандандырылған стационарлық үй-жайлар мен алаңдар (этил спиртін сақтау үшін)





«Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1572 қаулысында белгіленген талаптарға жауап беретін арнайы стационарлық үй-жайлар мен алаңдардың сәйкестігін лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

8

Этил спиртін өндіруге арналған шикізатты сақтауға, дайындауға (өңдеуге) арналған қойма



Қойманың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Қойманың болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

9

Этил спиртін, шикізатты және қосалқы материалдарды санитарлық-эпидемиологиялық

Лицензиардың сұрауына санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның жауабы

Лицензиардың сұрауына «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабымен белгіленген тәртіпте санитариялық-

1

2

3

4

9

қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін қойма үй-жайларында және қоймаларда сақтау шарттары




эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті орган жауап береді

10

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық және ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, этил спиртін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар

Аспаптардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)


Аспаптардың болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

Алкоголь өнімін өндіру бойынша қызмет түрі үшін

11

Алкоголь өнімін өндірушінің өндіру паспорты

Алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен алкоголь өнімінің өндіру паспортының көшірмесі

Алкоголь өнімін өндіру паспорты «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 қаулысының талаптарына сәйкес келуі тиіс

12

Арақ пен айрықша арақ және ликер-

Арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ

Осы талапқа сәйкестік өндірістік қуаттың

1

2

3

4

12

арақ өнімдерін (күштілігі он екі пайызға жетпейтін күштілігі төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасын) әрбір технологиялық желіде тоқсандар бойынша бір қалыпты жылына 200 мың декалитрден төмен емес көлемде өндіру және өнім шығару мүмкіндігі

өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі

есебінің дәйектілігі бойынша және тиісті жабдықтың паспортында көрсетілген деректер бойынша белгіленеді



13

Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлар мен жабдықтар

Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлар мен жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы белгіленеді

14

Стационарлық үй-жайларда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін коммуникациялар (сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз)

Коммуникациялардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Коммуникациялардың болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес өзге бақылау нысанын жүргізу жолымен анықтайды

15

Меншік құқығындағы алкоголь өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын

Ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың




1

2

3

4




технологиялық жабдық

көшірмелері




16

Лицензиарға өндіру көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн алкоголь өнімін өндіру көлемін есепке алу (көмір қостотығымен қаныққанынан және шарап материалынан басқа) аппараттары


Алкоголь өнімін өндіру көлемін есептеу аппараттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

«Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін алкоголь өнімін өндіру көлемін есепке алу (көмір қостотығымен қаныққанынан және шарап материалынан басқа) аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 30 қаулысының талаптарын қанағаттандыратын есептеу аппараттарының болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына

1

2

3

4

16







сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

17

Алкоголь өнімін өндіруге пайдаланылатын этил спиртін сақтауға, қабылдауға және жіберуге ғана арналған және өндірілген алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және жіберуге арналған қойма үй-жайлары - мамандандырылған стационарлық үй-жайлар





«Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы

№ 1572 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келетін спиртті саңтауға арналған қойма үй жайларыныз және өндірілген алкогольдік өнімді сақтауға арналған қойма үй-жайларының сәйкестігін лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды



18

Алкоголь өнімін өндіруге арналған шикізатты сақтауға, дайындауға (өңдеуге) арналған қойма



Қойманың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Қойманың болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

19

Алкоголь өнімін, шикізатты және қосалқы

Лицензиардың сұрауына санитариялық- эпидемиологиялық

Лицензиардың сұрауына «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы

1

2

3

4

19

материалдарды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін қойма үй-жайларында және қоймаларда сақтау шарттары

қадағалау саласындағы уәкілетті органның жауабы


Заңының 42-бабымен белгіленген тәртіпте санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілітті орган жауап береді

20

Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық және ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар

Аспаптардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Аспаптардың болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және көтерме саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату қызметінің түрі үшін

21

Базарлардан, көтерме базарлардан тыс орналасқан, сумен, электрмен және кәрізбен қамтамасыз етілген меншік құқығындағы

Тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы белгісімен құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы немесе уақытша иелік ету, (пайдалану) құқығы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы белгіленеді

1

2

3

4

21

немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы алкоголь өнімін сақтауға, қабылдауға және жөнелтуге ғана арналған стационарлық қойма үй-жайлары

беріледі) жағдайда - жүргізілген тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі




Жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі – осы шарттарды кемінде бір жылдан кем мерзімге жасасқан жағдайда




22

Стационарлық қойма үй-жайларындағы коммуникациялар (сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз)

Коммуникациялар болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Осы талапқа сәйкестігін лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

Техникалық сипаттамасын көрсете отырып, қойма стационарлық үй-жайға техникалық паспорттың көшірмесі

23

Мәлімделген қойма үй-жайларында алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудамен сату бойынша қызметті жүзеге асыратын екі және одан да астам лицензиаттың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер

Лицензиаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Мәліметтердің дәйектілігін лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

24

Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес

Аспаптардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)


Аспаптардың болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы

1

2

3

4

24

тексерілген температуралық және ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар




Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

25

Балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейінгі жүз метрден астам радиуста орналасқан қойма үй-жайларының қоршау шекарасы




Осы талапқа сәйкестігін лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау және бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату қызметінің түрі үшін

26

Базарлардан, көтерме базарлардан тыс орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, стационарлық үй-жайы

Тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы белгісімен құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі, құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген (2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап беріледі) жағдайда - жүргізілген тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы белгіленеді.


Жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі – осы шарттарды кемінде бір жылдан кем мерзімге




1

2

3

4

26




жасасқан жағдайда




27

Стационарлық қойма үй-жайлардағы коммуникациялар (сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз)

Стационарлық үй-жайға техникалық сипаттамасы көрсетілген техникалық паспорттың көшірмесі


Осы талапқа сәйкестігін лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

Коммуникациялардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

28

Фискалды жады бар бақылау-касса машинасы

Бақылау-касса машинасының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Бақылау-касса машинасының болуы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы анықталады

29

Алкоголь өнімдерін ғана қоюға арналған витриналар және (немесе) сөрелер




«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес витриналардың және (немесе) сөрелердің болуын, лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

30

Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық және ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін

Аспаптардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)


Аспаптардың болуын лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

1

2

3

4

30

сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар







31

Балалар мекемелері мен білім беру ұйымдары қоршауының шекарасына дейінгі жүз метрден астам радиуста орналасқан стационарлық үй-жайлардың қоршаулары болмаған кезде стационарлық үй-жайлар қоршауларының шекаралары немесе стационарлық үй-жайларға арналған жер учаскесінің шекаралары




Осы талапқа сәйкестігін лицензиар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен анықтайды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 20 қаңтардағы

№57 қаулысына

қосымша


Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 343-құжат).

2. «Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 345-құжат).

3. «Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 346-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1181 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 547-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 329-құжат).

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).

8. «Алкоголь өнімінің өндірісі жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 732 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 9, 183-құжат).

9. «Этил спиртін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1614 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 205-құжат).

10. «Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1704 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 17, 268-құжат).

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны

сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек

саудада сату жөніндегі қызметті

қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь

өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау,

көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату

жөніндегі қызметті жүзеге асыруға

қойылатын біліктілік талаптары және

оларға сәйкестігін растайтын

құжаттар тізбесіне

қосымша

Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары

Этил спиртін өндіру бойынша қызмет түрі үшін:

1. Этил спиртін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жайдың) ____________________________________________________________;

2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ______________________;

3) меншік құқығы туындауының негізі _____________________________;

4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ______________________________________________________;

5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ______________________;

6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы __________________________;

7) салынған жыл ________________________________________________.

2. Стационарлық үй-жайда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін коммуникациялар (сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз):

мыналарды көрсетіңіз:

1) стационарлық үй-жайды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың (шарттардың) атауы____________________________________;

2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ___________________________.

3. Лицензиарға өндіру көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн спирт өлшеуіш аппараттар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аппараттарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________________;

2) аппараттар саны ______________________________________________;

3) ақпаратты автоматты түрде берудi жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы _____________________________.

4. Этил спиртін өндіруге шикізатты сақтау, дайындау (өңдеу), беру үшін арналған қойма:

мыналарды көрсетіңіз:

1) меншік құқығы туындауының негізі _____________________________;

2) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ______________________;

3) меншiк құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ______________________________________________________;

4) қойманың алаңы ______________________________________________;

5) біржолғы сақтау көлемі ________________________________________.

5. Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, этил спиртін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ____________________________________________________________;

2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ____________;

3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ______________________________.
Алкоголь өнімін өндіру бойынша қызмет түрі үшін:

1. Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жайдың) ____________________________________________________________;

2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі _____________________;

3) меншiк құқығы туындаудың негіздемесі __________________________;

4) меншiк құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні _____________________________________________________;

5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ______________________;

6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы __________________________;

7) салынған жылы _______________________________________________.

2. Стационарлық үй-жайда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін коммуникациялар (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз):

мыналарды көрсетіңіз:

1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ______________________________________________________________;

2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ___________________________.

3. Лицензиарға өндіру көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн алкоголь өнімдерінің өндірілу көлемін есептеу аспаптары (көмір қостотығымен қаныққанынан және шарап материалынан басқа):

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________________________;

2) аспаптар саны ________________________________________________;

3) ақпаратты автоматты түрде берудi жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы _____________________________.

4. Алкоголь өнімін өндіруге шикізатты сақтауға, дайындауға (өңдеуге), беруге арналған қойма:

мыналарды көрсетіңіз:

1) меншік құқығы туындауының негізі _____________________________;

2) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ______________________;

3) меншiк құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ______________________________________________________;

4) қойманың алаңы ______________________________________________;

5) біжолғы сақтау көлемі _________________________________________.

5. Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ____________________________________________________________;

2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ____________;

3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ______________________________.



Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметтің түрі үшін:

1. Қойма үй-жайдағы коммуникациялар (сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз):

мыналарды көрсетіңіз:

1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ______________________________________________________________;

2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ___________________________.

2. Мәлімделген қойма үй-жайда алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын екі немесе одан көп лицензиаттың бар немесе жоқ болуы туралы мәліметтер:

қойма үй-жайында екі немесе одан көп лицензиаттың бар немесе жоқ болуын көрсетіңіз ____________________________________________________.

3. Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні ___________________________________________________________;

2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ____________;

3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ______________________________.

Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметтің түрі үшін:

1. Стационарлық үй-жайдағы коммуникациялар (сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз):

мыналарды көрсетіңіз:

1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ____________________________________________________________________;

2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ___________________________.

2. Фискалдық жады бар бақылау-кассалық машина:

бақылау-кассалық машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз ______________________________________________________.

3. Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық режимі бойынша алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:

мыналарды көрсетіңіз:

1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ____________________________________________________________;



2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ____________;

3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ______________________________.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет