Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы



Дата22.02.2016
өлшемі62 Kb.
#1312
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1424 қаулысы


"Егемен Қазақстан" 11.01.2014 ж. № 6 (28230); "Казахстанская правда" от 11.01.2014 г. № 6 (27627)


      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

      РҚАО-ның ескертпесi!


      Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) «Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 318 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 28, 342-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Аса жеңiл авиация әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттiк қызмет ақылы болып табылады. Азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшiн алым мөлшерлемелерi «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен республикалық бюджетке төленедi.
      Салмағы 750 килограмнан төмен азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшiн алым мөлшерлемесi алым төленетiн күнi қолданылатын 10 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет мемлекеттiк бюджетке көрсетiлген алым төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.»;
      11-тармақта:
      2), 3), және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) азаматтық авиация саласында сертификаттау үшiн алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.»;
      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда, шағым 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенiң телефоны: 8 (7172) 24-14-19 бойынша Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне берiледi.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
      Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейiн.
      22. Дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда, шағым 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 24-26-05 бойынша уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiнедi.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.».
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының үшiншi, төртiншi, бесiншi, сегiзiншi және тоғызыншы абзацтарын және Қағиданың 12-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1424 қаулысына     
қосымша          

Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау тәртiбi айқындайды.


      2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      1) өтiнiм – өтiнiш берушiнiң сертификаттау рәсiмiн өту үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi;
      2) өтiнiш берушi – аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
      3) ұшуға жарамдылық – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетiн оның техникалық жай-күйi.
      3. Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығын және аса жеңiл авиацияның бекiтiлген үлгiлiк конструкциясы жоқ әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерiн пайдаланушыларды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      4. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау үшiн коммерциялық емес тиiстi ұйымдар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн тексеру бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн техникалық комиссия (бұдан әрi – техникалық комиссия) құрады.
      Техникалық комиссияның құрамына бiлiктi, әуе кемелерiн пайдалануда кемiнде бес жыл практикалық тәжiрибесi бар техникалық сарапшылар мен ұшқыштар, сертификаттау орталықтарының, ғылыми-зерттеу, сынау және басқа да ұйымдар басшыларының келiсiмi бойынша осы ұйымдардың мамандары кiредi.

2. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын
сертификаттау

      5. Сертификаттау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:


      1) өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiм бередi. Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
      аса жеңiл авиацияның әуе кемесi данасының сәйкестiк куәлiгiнiң немесе үлгi сертификатының көшiрмесi;
      аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшiн алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
      2) пайдалану-техникалық құжаттамасын сараптау және әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын айқындау;
      3) шешiм қабылдау және сертификат беру (беруден бас тарту).
      Пайдалану құжаттамасын сараптау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 шiлдедегi № 859 қаулысымен бекiтiлген азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн бағалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн уәкiлеттi орган өтiнiмнiң көшiрмесiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде техникалық комиссияға бередi.
      Өтiнiш берушi пайдалану құжаттамасына және аса жеңiл авиацияның әуе кемесiне техникалық комиссия мүшелерiнiң кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi.
      Техникалық комиссия күнтiзбелiк 20 күн iшiнде пайдалану құжаттамасын сараптау және аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн бағалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi.
      6. Пайдалану құжаттамасын сараптау және аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн бағалау жөнiнде жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесi бойынша техникалық комиссия осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес үш данада аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы акт (бұдан әрi – акт) жасайды. Актiнiң бiр данасы уәкiлеттi органнан өтiнiмнiң көшiрмесi алынған күннен бастап күнтiзбелiк 20 күн iшiнде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жiберiледi, екiншi данасы өтiнiш берушiге берiледi, үшiншi данасы әуе кемелерiн пайдаланушыларды бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйымда қалады.
      7. Техникалық комиссия берген акт ұшуға жарамдылық сертификатын беруге немесе беруден бас тартуға негiз болады.
      8. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган актiнiң оң қорытындысы мен ұсынылған құжаттар негiзiнде өтiнiш берушiге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын бередi.
      9. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын беруден бас тартылған болса, қайтадан берiлген өтiнiмдi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган оны беруден бас тартудың себептерi жойылған жағдайда қарастырады.
      10. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру мерзiмi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiм берiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайды.
      11. Ұшуға жарамдылық сертификаты бiр жыл мерзiмге берiледi.
      12. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығын сертификаттау мемлекеттiк бюджетке көрсетiлген алым төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.

3. Ұшуға жарамдылық сертификатын тоқтата тұру және қайтарып алу

      13. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген аса жеңiл авиацияның әуе кемелерi ұшуға жарамдылығын қолдауға қатысты тексерiлуге тиiс. Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессiздiктерi анықталған жағдайда, ұшуға жарамдылық сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрады, аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессiздiктерi жойылғанға дейiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган аса жеңiл авиацияның әуе кемесiн пайдаланылуға тыйым салады, уәкiлеттi орган сәйкессiздiк анықталған кезден бастап бұл туралы дереу пайдаланушыға және әуе қозғалысын басқару органына ұшуға жарамдылық сертификатының тоқтатыла тұруы туралы хабарлайды.


      Тоқтата тұрған күннен бастап алты ай iшiнде әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкессiздiгi жойылмаған жағдайда, ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынады. Сертификатты қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк екi күн iшiнде уәкiлеттi орган пайдаланушыны хабардар етедi.
      Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiн пайдаланушы өзi хабардар болған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық сертификатын уәкiлеттi органға қайтарады.

4. Ұшуға жарамдылық сертификатының телнұсқасын беру

      14. Бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда, өтiнiш берушi еркiн нысанда өтiнiш берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұшуға жарамдылық сертификаты телнұсқа беру арқылы ауыстырылуға тиiс.


      15. Ұшуға жарамдылық сертификатының телнұсқасын алу үшiн пайдаланушы өтiнiшке сертификаттың бүлiну немесе жоғалу (ұрлану) фактiсiнiң сипаттамасын қоса беруi қажет.

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1424 қаулысына    
қосымша         

Аса жеңiл авиация саласында


сертификаттау қағидасына 
1-қосымша        

ӨТIНIМ

1. Тiзiлiмге ____ ж. «___» ____ № ___ енгiзiлген аса жеңiл авиацияның


әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық сертификатын берудi сұраймын:
Түрi ________________________________________________________________
Әуе кемесiнiң мақсаты _______________________________________________
1.1. Әуе кемесiнiң сериялық (зауыттық) нөмiрi _______________________
1.2. Әуе кемесi жасалған күн ________________________________________
1.3. Жасап шығарушының атауы ________________________________________
1.4. Жасап шығарушы мемлекет ________________________________________
1.5. Үлгi сертификаты (немесе балама құжат):
№ ___________________________, берiлген күнi
2. Өтiнiш берушi туралы мәлiметтер:
2.1. Мекенжайы ______________________________________________________
2.2. Телефоны ____________________ Факсы ____________________________
2.3. Электронды поштасының мекенжайы (бар болса) ____________________
2.4. Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) ________________________________
2.5. Бизнес сәйкестендiру нөмiрi (БИН) ______________________________
2.6. Егер ӘК пайдаланушы – жеке тұлға болса:
Тегi, аты, әкесiнiң аты _____________________________________________
2.7. Егер ӘК пайдаланушы – заңды тұлға болса:
Ұйымның толық атауы _________________________________________________
Басшының тегi, аты, әкесiнiң аты ____________________________________
3. ӘК данасының орналасқан жерi _____________________________________
4. Соңғы жөндеу жүргiзiлген күнi мен жерi ___________________________
5. Әуе кемесiнiң ұшуы
пайдалану басталғаннан берi: ______ сағ. ____ соңғы _____________ жыл
соңғы жөндеуден кейiн: ____________ сағ. ____ соңғы _____________ жыл
6. Жөндеуге дейiн қалған ресурс: __ сағ. ____ соңғы _____________ жыл
7. Массасы, кг ________________ Орталықтандыру, % ___________________
8. Техникалық жай-күйiн бағалау актiсi бекiтiлген күн _______________
9. Техникалық байқауды кiм жүргiздi _________________________________
10. Әуе кемесiн жетiлдiрудi, өзгертудi орындаған ұйым, орындау күнi
_____________________________________________________________________
11. Пайдаланушының заңды мекенжайы, телефоны, факсы _________________
_____________________________________________________________________
12. Пошталық мекенжайы: _____________________________________________

М.О. ________________________________


               (лауазымы)

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1424 қаулысына    
қосымша         

Аса жеңiл авиация саласында


сертификаттау қағидасына 
2-қосымша        

Нысан


«Бекiтемiн»        
Азаматтық авиация саласындағы
уәкiлеттi органның лауазымды
адамы                       
_____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)      
20__ жылғы «___» ____________

Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiнiң пайдалануға
жарамдылығы туралы бағалау
АКТIСI

_____________________________________________________________________


(ұйымның атауы)

20__ жылғы «___» ______________ _____ № ____________ бұйрығына сәйкес


мынадай құрамдағы комиссия:

Төраға:
_____________________________________________________________________


                           (Т.А.Ә. лауазымы)

Комиссия мүшелерi:


_____________________________________________________________________
                           (Т.А.Ә. лауазымы)
_____________________________________________________________________
                           (Т.А.Ә. лауазымы)
_____________________________________________________________________
              (ӘК түрi, тiркеу нөмiрi, сериялық нөмiрi)
әуе кемесiнiң пайдалану құжаттамасын сараптауды және ұшуға
жарамдылығын бағалауды жүргiздi.

Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң пайдалануға


жарамдылығы туралы бағалау актiсiнiң мәтiнi

      Актiнiң қорытынды бөлiгiнде пайдалану құжаттамасының, оның


iшiнде техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентiнiң), әуе
кемесiнiң азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құқықтық
актiлердiң талаптарына сәйкестiгi (сәйкессiздiгi), сондай-ақ әуе
кемесiнiң және оның жабдықтарының ұшудың мәлiмделген түрлерiне
сәйкестiгi көрсетiледi.

Төраға:
                   _____________________________ ____________________


                              (Т.А.Ә.)                  (қолы)
Комиссия мүшелерi: _____________________________ ____________________
                              (Т.А.Ә.)                  (қолы)
                   _____________________________ ____________________
                              (Т.А.Ә.)                  (қолы)
Актiмен таныстым:
Ұйымның басшысы    _____________________________ ____________________
                              (Т.А.Ә.)                  (қолы)

Қазақстан Республикасы 


Үкiметiнiң       
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1424 қаулысына    
қосымша         

Аса жеңiл авиация саласында


сертификаттау қағидасына 
3-қосымша        

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы


_______________________________________________________________
Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган

Аса жеңiл авиацияның әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылық сертификаты
№ _____

1. Әуе кемесiнiң үлгiсi мен мақсаты

2. Мемлекеттiк және тiркелген тану белгiлерi

3. Сериялық (зауыттық) нөмiрi

      4. Әуе кемесi Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе
кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне ___ ж. «__» ____ № ___ енгiзiлген.
      5. Егер осы әуе кемесi осы сертификаттың ажырамас бөлiгi болып
табылатын қосымшада көрсетiлген белгiленген пайдалану шектеулерiне
сәйкес күтiп ұсталатын және пайдаланылатын болса, ұшуға жарамды деп
есептеледi.
      6. Конструкцияның салмағы (массасы/кг) ________________________
      7. Орталықтандыру % ___________________________________________

      ________ ж. «___» берiлдi.


      ________ ж. «___» дейiн жарамды.

      М.О.



                                         Азаматтық авиация
                                         саласындағы уәкiлеттi
                                         органның басшысы
                                         не ол уәкiлеттiк берген адам
                                         ________ ___________________
                                          (қолы)         Т.Ә.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет