Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер



бет1/7
Дата12.06.2016
өлшемі2.61 Mb.
#129769
  1   2   3   4   5   6   7




Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрінің міндетін атқарушының

2014 жылғы «___»______

№ бұйрығымен

бекітілген

Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы

1. Жалпы ережелер
1. Осы Авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарын авиациялық қауіпсіздік және ұшулар қауіпсіздігі мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық авиацияны оның қызметіне заңсыз араласу актілерінен қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін тиісті біліктілікті игерген авиациялық персоналды және азаматтық авиация персоналын даярлау және қайта даярлау тәртібін регламенттейді.

2. Осы Бағдарламада қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

1) нұсқаушы – тиісті сертификаты бар жоғары білікті маман ретінде қызмет ететін, персоналдың теориялық немесе практикалық даярлауын жүзеге асыратын оқытушы;

2) біліктілікті арттыру – кәсіби және әдістемелік шеберлікті жетілдіруге бағытталған білім мен дағдыны жаңарту мен тереңдету мақсаты бар азаматтық авиация персоналын кәсіби дайындау кезеңі;

3) кәсіби қайта даярлау (қайта оқыту) – ол үшін жаңа жабдық түлерін, технологияларды, функционалдық міндеттерді, авиациялық жұмыстарды игеру мақсатында азаматтық авиация персоналын кәсіби даярлау процесі кезеңі;

4) практикалық даярлау – теориялық білімін бекіту, түрлі жаттықтырушы құралдар мен техникалық жабдықтардың көмегімен қажетті машықтану мен шеберлікті иелену қолдану және жетілдіру мақсатында азаматтық авиация персоналын кәсіби даярлау кезеңі;

5) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі өңірлік оқу орталығы – авиациялық қауіпсіздік қызметінің авиациялық персоналы мен қызметкерлерінің бастапқы даярлығын, қайта даярлығын – кәсіптік деңгейін қолдауды (біліктілігін арттыру) жүзеге асыратын ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының сәйкестік сертификатына ие заңды тұлға;

6) өңірлік курстар – Орталық Азия және Қазақстан және басқа да елдердің өңірі үшін ИКАО атынан өзінің нұсқаушыларының көмегімен ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталығы өткізетін немесе ИКАО нұсқаушыларының көмегімен өткізілген халықаралық курстар;

7) авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы – «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 443 қаулысымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін, азаматтық авиация ұйымының басшысына бағынатын лауазымды адам;

8) сертификат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 507 қпү қаулысымен белгіленген Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік ережесіне сәйкес өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін адамда талап етілетін білім барын растайтын құжат;

9) авиациялық қауіпсіздік қызметі (бұдан әрі - АҚҚ) – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында міндетті түрде құрылатын, жолаушыларды, авиациялық персоналды, әуе кемелерін, әуежай объектілерін және аэронавигациялық құралдарды жерде және әуеде болатын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тікелей жүзеге асыратын дербес құрылымдық бөлімше;

10) теориялық даярлау – оқушылардың арнайы білім алуы, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 507 қпү қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес қолдау және жетілдіру мақсаты бар, персоналды кәсіби даярлау кезеңі;

11) ұлттық курстар – Қазақстан Республикасының авиакәсіпорындарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің авиациялық персоналдары мен қызметкерлеріне арналған ИКАО өңірлік оқу орталығы және/немесе авиациялық оқу орталығы өткізетін курстар;

12) авиация қызметіне заңсыз араласу - авиацияның қауiпсiз қызметiне қол сұғатын, адамдардың жазатайым жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесiн басып алуға немесе айдап әкетуге әкеп соққан немесе осындай салдардың туындау қатерін төндiрген құқыққа қарсы әрекет;

13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3. Оқу орталықтармен, сондай-ақ азаматтық авиация субъектілерімен олардың персоналын даярлау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін уәкілетті органда оқыту бойынша ұлттық үйлестіруі тағайындалады, оның функциялары мыналар болып табылады:



    1. осы Бағдарламаны іске асыру үшін азаматтық авиация ұйымдарының өзара іс-қимылы және ынтымақтастығы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;

  1. осы Бағдарламаны іске асырумен тікелей байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар жасау, бастамашылық таныту, консультативтік және тікелей көмек көрсету.

4. Оқытуға барлық авиациялық персоналдар, авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлері, әуежайлық қызметке кірістірілген персонал және әуежайдың бақылау аймағына жіберілмейтін АҚҚ қатысы жоқ персоналдар жатады.

5. Оқитын персоналдардың санаттарын оқыту кезеңдері осы Бағдарламаның 1-қосымшасында келтірілген.

6. Азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен АҚҚ-не авиациялық оқыту жөніндегі үйлестіруші тағайындалады, оның қызметтері мыналар болып табылады:

1) азаматтық авиация ұйымының персоналын даярлау және қайта даярлануын қамтамасыз ету;

2) осы бағдарламаның 2, 3-қосымшаларына сәйкес енгізу парағы бойынша АҚҚ жаңадан қабылданған қызметкерлердің дайындығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

3) құрылымдық бөлімшелер бойынша даярлау және қайта даярлау (оқыту) жоспарларын әзірлеу және азаматтық авиация ұйымдарының басшылары бекіткен осы жоспарлардың орындалуын бақылау;

4) уәкілетті органмен және авиациялық оқу орталықтарымен қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша өзара әрекет ету.

2. Авиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту түрлері және оқушылар санаттары
7. Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау үшін оқытудың мынадай түрлері жүргізіледі:

1) АҚҚ мамандарын оқытудың кіріспе курсы – 3 ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған қызметкерді АҚҚ маманының міндеттерін дербес орындауға рұқсат ету алдында өткізілетін азаматтық авиация ұйымдарында алғашқы кәсіби даярлау. Оқу осы Бағдарламаның 2, 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы (типтік) және қарап тексеру бөлімшесінің қарап тексеру инспекторы (типтік) лауазымына Кірісу парағына сәйкес жүргізіледі;

Даярлауды АҚҚ басшылары (олардың орынбасарлары), авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғалар және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар – оқыту жөніндегі үйлестірушілер өткізеді;

2) бастапқы даярлау – ИКАО Дос 8973, «Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі басшылықтың» талаптарына сәйкес азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау үшін авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша арнайы оқыту;

3) кәсіби деңгейін қолдау (біліктілігін арттыру), мерзімді оқыту және сертификаттау – кәсіби деңгейін қолдау, жаңа қауіп-қатер түрлерін, кейінгі орын алған заңсыз араласу актілерін, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңа кәсіби әдістер мен дағдыларды зерделеу мақсатында ИКАО Дос 8973 «Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі басшылықтың» талаптарына сәйкес жүргізіледі;

4) авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша жұмыс істейтін уәкілетті органның лауазымды тұлғаларын, авиакәсіпорындардың бірінші басшыларын, олардың орынбасарларын, АҚҚ басшыларын, олардың орынбасарларын, қарап тексеру бөлімшелерінің, қауіпсіздік бөлімшелерінің басшыларын бастанқы даярлау және біліктілігін арттыру ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі өңірлік оқу орталықтарында жүргізіледі. Өңірлік және ұлттық курстар жүргізу кезінде оқыту ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу кешендеріне сәйкес (бұдан әрі - АҚОК), осы тармақта көрсетілген (авиакәсіпорындардың бірінші басшыларынан басқа) санаттар үшін ИКАО АҚОК/МЕНЕДЖМЕНТ ИКАО 2003 жыл талаптарына сәйкес және ұлттық курстар үшін авиакәсіпорындардың бірінші басшысы мен оның орынбасары үшін ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталығы әзірлеген жұмыс оқу бағдарламаларының уәкілетті органмен келісілген көлемде жүргізіледі. Олардың тақырыптық мазмұны мен көлемі осы Бағдарламаға 4-қосымшада көрсетілген Бастанқы даярлау және авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша авиациялық персоналды және авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналының біліктілігін арттыру курстарының үлгі схемалық бағдарламасына сәйкес болуы тиіс (бұдан әрі – Үлгі схемалық бағдарламасы);

5) қарап тексеру бөлімшелерінің инспекторларын (операторлар) бастапқы даярлау және біліктіліктерін арттыру, қайта даярлаудан өткізу тек ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту өңірлік курстарды өткізу кезінде 2010 жылғы АҚОК/БАЗАЛЫҚ талаптарға сәйкес жүргізіледі, ал оқу-жұмыс бағдарламалары бойынша ұлттық курстарды өткізу кезінде ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталығымен әзірленген, уәкілеттік органдармен келісілген тақырыптық мазмұны мен көлемі Үлгі схемалық бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;

6) осы Бағдарламаның 1-қосымшасында көрсетілген қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторларын және басқа да персоналдарды бастапқы даярлау және біліктіліктерін арттыру, қайта даярлау, авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында немесе уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында оқытады, уәкілеттік органдармен келісілген тақырыптық мазмұны мен көлемі Үлгі схемалық бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;

7) авиациялық қауіпсіздік бойынша жауапты тұлғалардың бастапқы даярлығы, кәсіптік деңгейді қолдауы (біліктілігін арттыруы) тек ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында ғана жүргізіледі. Оқыту 2003 жылғы АҚОҚ/МЕНЕДЖМЕНТ сәйкес өңірлік және ұлттық курстарды өткізу кезінде жүргізіледі;

8) авиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаушылардың бастапқы даярлығы, кәсіптік деңгейді, кәсіптік деңгейді қолдауы (біліктілігін арттыруы) тек ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында ғана жүргізіледі. Оқыту АҚОҚ/НҰСҚАУШЫ талаптарын сай жүргізіледі ИКАО 2010 жыл;

9) Авиациялық қауіпсіздік бойынша ұлттық аудиторларды/инспекторларды даярлау- уәкілетті органдардың лауазымдық тұлғалар үшін бастапқы даярлау, біліктіліктерін арттыру курстары авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша азаматтық авиация ұйымдарының сапасын бақылаудың ұлттық аудиторларын/инспекторларын даярлау, тек ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту АҚОҚ/ҰЛТТЫҚ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ИКАО 2009 жыл талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Сапаны бақылау аудиторлар курсына үміткерлер уәкілетті органдармен келісіледі;

10) Жүкті өңдеу, курьерлік және жедел жеткізу, пошталар мен борт жабдықтары мен айналысатын персоналды даярлау – бастапқы дайындық және біліктілікті арттыру курстары, тек ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту 2010 жыл АҚОҚ/ЖҮКТЕР талаптарына сай жүргізіледі;

11) авиациялық қауіпсіздік бойынша авиакәсіпорындардың бірінші басшыларын, олардың орынбасарларын, заңсыз араласу актілеріне байланысты, әртүрлі жағдайларды шешу бойынша оперативтік штаб мүшелері болып табылатын авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшыларын, осы мемлекет жерінде заңсыз араласу актілері кезінде әртүрлі жағдайларда әрекеттерді ұйымдастыруға жауапты авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ұлттық бағдарламасына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың басшыларына арналған дайындық. Оқыту 2010 жыл АҚОҚ/ӘРТҮРЛІ ЖАҒДАЙЛАРДЫ БАСҚАРУ талаптарына сай жүргізіледі;

12) әуе кемелері экипажының мүшелерін, бортсеріктерді, әуе операторларын даярлау-бастапқы даярлық және біліктіліктерін арттыру курстары, тек ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту ИКАО АҚОҚ әзірлеген оқу-жұмыс бағдарламасы көлемінде, Үлгі схемалық бағдарламасына сәйкес тақырыптық мазмұны және көлемі үлгілік жүйелік бағдарламасында қарастырылған талаптарына сай жүргізіледі;

13) инженерлік авиациялық қызмет мамандарын даярлау-бастапқы даярлық және біліктіліктерін арттыру курстары, тек ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту ИКАО АҚОҚ әзірлеген оқу-жұмыс бағдарламасы көлемінде, Үлгі схемалық бағдарламасына сәйкес тақырыптық мазмұны және көлемі үлгілік жүйелік бағдарламасында қарастырылған талаптарына сай жүргізіледі. Азаматтық авиация ұйымының (авиакомпанияның) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі персоналын даярлау бағдарламасы уәкілетті органмен келісілуі тиіс;

14) әуе қозғалысына қызмет көрсету персоналын даярлау - бастанқы даярлық және біліктіліктерін арттыру курстары, тек ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында және/немесе уәкілетті орган сертификатталған авиациялық оқыту орталықтарында жүргізіледі. Оқыту ИКАО АҚОҚ әзірлеген оқу-жұмыс бағдарламасы көлемінде, Үлгі схемалық бағдарламасына сәйкес тақырыптық мазмұны және көлемі үлгілік жүйелік бағдарламасында қарастырылған талаптарын сай жүргізіледі;

15) тасымалдауды ұйымдастыру қызметінің қызметкерлерін даярлау - бастанқы даярлық және біліктіліктерін арттыру курстары, тек ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтарында немесе азаматтық авиациялық орталықтарында жүргізіледі. Оқыту ХААҰ АҚОҚ әзірлеген оқу-жұмыс бағдарламасы көлемінде, Үлгі схемалық бағдарламасына сәйкес тақырыптық мазмұны және көлемі үлгілік жүйелік бағдарламасында қарастырылған бойынша талаптарына сай жүргізіледі. Азаматтық авиация ұйымының (авиакомпанияның) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі персоналын даярлау бағдарламасы уәкілетті органмен келісіледі;

16) АҚҚ кинолог мамандарын даярлау – уәкілетті орган сертификаттаған арнайы кинология орталықтарында немесе авиациялық оқу орталықтарында қызметтік іздестіру және қарауыл иттерін пайдалана отырып, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірістірілген лауазымды тұлғаларға алғашқы даярлау және біліктілікті арттыру курстары. Оқыту авиациялық оқу орталығы әзірлеген жұмыс оқу бағдарламасы көлемінде жүргізіледі, тақырыптық мазмұны және көлемі Үлгі схемалық бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;

17) әуежай қызметіне кірістірілген қызметтер мен ұйымдар басшылары мен персоналын авиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудың таныстыру курсы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында жүргізіледі.

Осы курс сондай-ақ:

-әуежайдың бақылау аймағына жіберілмейтін, АҚҚ қатысы жоқ персоналдарына;

-қызметін әуежайда жүзеге асыратын жүк, күзет-инкассаторлық ұйымдардың, пошта қызметтерінің мамандарына;

-өз қызметін әуежайда жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына;

- борт тағамымен, жинау және тазалаумен айналысатын ұйымдардың (компаниялардың) мамандары. Оқыту авиациялық оқу орталығы, АҚҚ басшылары, оқыту жөніндегі үйлестірушілер, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар «Авиациялық қауіпсіздік бойынша басшылықтың», ИКАО Doc 8973 талаптарына сәйкес әзірлеген жұмыс оқу бағдарламасы көлемінде, кемінде 6 сағат жүргізіледі;

-борт тағамымен және борт қорымен қамтамасыз ету пунктерінің, тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын, ЖЖМ қоймаларының мамандарына, жүргізушілерге, еден жуушыларға, авиабилеттерді брондау және сату жөніндегі агенттерге, қойма және жүк бөлімшелерінің қызметкерлеріне, әуежай кешенінің инженерлік коммуникациясының қызмет етуін қамтамасыз ететін мамандарға;

-әуежайдың бақылау аймағын жайларды жалға алушыларға арналған.

Оқыту оқу сертификатталған авиациялық оқу орталығы немесе авиакәсіпорын АҚҚ басшылары (оқыту жөніндегі үйлестірушілер) немесе авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғалар әзірлеген бағдарлама көлемінде осы бағдарламаның 5-қосымшасына сәйкес жүргізіледі. Оқытудың таныстыру курсының бағдарламасын уәкілетті органмен келісілгеннен кейін азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы бекітеді. Авиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудың таныстыру курсын АҚҚ басшылары (олардың орынбасарлары), авиациялық оқу орталығының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғалар мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар жүргізеді. Авиациялық қауіпсіздік бойынша таныстыру курсы бойынша оқу қызметтік міндеттерін дербес орындауға рұқсат ету алдында және бұдан әрі үш жылда бір рет жүргізіледі. Оқытудың таныстыру курсында қорытынды аттестаттау - сынақ жүргізіледі.

18) Авиациялық қауіпсіздік бойынша ағымдағы оқу – азаматтық авиация ұйымдарындағы персоналды жұмыс орнында әуе кемелерін мерзімдік пайдалануға көшу кезінде жылына 2 рет жүргізілетін дайындық. Оқу АҚҚ басшылары немесе авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғалар әзірлеген, азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысы бекіткен, уәкілетті органмен келісілген бағдарлама көлемінде жүргізіледі. Оқытуды авиациялық оқу орталығынң нұсқаушылары, АҚҚ басшылары (олардың орынбасарлары), авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғалар немесе авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар, авиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаушы сертификаты бар оқыту жөніндегі үйлестіруші жүргізеді.

8. Даярлау және қайта даярлау бойынша оқыту:



  1. авиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудың кіріспе курсы және авиациялық қауіпсіздік бойынша ағымдағы оқу авиакәсіпорынның АҚҚ бөлімшелерінде және/немесе авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі;

  2. авиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудың таныстыру курсы бойынша авиациялық оқу орталықтарында немесе авиакәсіпорындарда;

  3. уәкілетті органдарды хабарландырып, авиакәсіпорын басшыларының өтініші бойынша оқыту орнына баруы арқылы курстар ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО өңірлік оқу орталығында жүргізіледі;

9. ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша өңірлік оқу орталықтары жіне уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық оқу орталықтары Үлгі схемалық бағдарламасына сәйкес жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлейді.

10. Жұмыс оқу бағдарламасы төмендегі бөлімдерді қамтуы тиіс:

1) курстың атауы;

2) оқу процесінің графигі;

3) пәндер бойынша оқу сағаттарын бөлу;

4) курстың бағыты;

5) оқитындардың құрамы және алдын ала қойылатын талаптар;

6) емтиханға және аттестацияға жіберу шарты;

7) оқу мақсаты;

8) әдістемелік ұсынымдар;

9) сабақтардың тақырыптық жоспары;

10) тақырыптар мазмұны;

11) әдебиеттер тізімі.

11. Жұмыс оқу бағдарламасының үлгі осы Бағдарламадағы 6-қосымшада көрсетілген.

12. Оқытудың кешендік әдісін пайдалану кезінде тыңдаушыларға өткізілетін оқу сабақтарының негізгі түрлері мен нысандары төмендегілер болып табылады:

1) теориялық (лекциялық);

2) практикалық сабақтар арнайы оқу дәрісханаларында;

3) автоматтандырылған оқу курстары пайдаланылатын сабақтар;

4) кеңестер мен өзіндік сабақтар;

5) жұмыс орнында және өндіріс үрдісінде оқыту;

6) слайдтар мен оқу фильмдерін пайдалану;

7) топтық жаттығулар және іскерлік ойындар;

8) компьютерлік технологияны пайдалана отырып оқыту;

9) әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынатын заттардың бейнесі бейнеленген жүйені пайдалану;

10) ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу жиынтықтарын (АҚОЖ) пайдалану.

13. Авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу процесі оқу-әдістемелік материалдарымен, оқу құралдарымен, оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

14. Оқу мыналармен дәрісханаларда, зертханаларда өткізіледі:

1) Компьютерлік багдарламалармен қараптексеру испекторларын (операторлады) даярлау;

2) аудио-бейне – компьютерлік техникамен;

3) қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттарға ұқсас нәрселермен, жаттығу қарумен, қару- жарақтардың оқуда қолданатын үлгілерімен баска да түрлерін сақтауға Авиациялық оқу орталықтарының рұқсат етілген құқықтық лицензиясы болуы қажет.

4) оқу фильмдерімен, слайдтармен, оқытудың басқа аудио-көрнекі және демонстрациялық құралдарымен, оның ішінде жасырын оқ атқыш және суық қару бейнеленген, жүктің ішіндегі заттардың көлеңкелі түрде бейнеленген құралдарды

15. Курс тыңдаушылары оқу құралдарымен, қағаз және электрондық таратушы үлестірмелі және анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледі:

16. Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін ИКАО АҚОК, Авиациялық оқу орталықтарының авиациялық қауіпсіздік бойынша барлық нормативтік құқықтық актілері, ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін электронды және қағаз түрінде кітапхана болу қажет.

17. Оқу топтары азаматтық авиация ұйымының және басқа да мүдделі ұйымдар мен мемлекеттік органдардың жазбаша өтінімдері (кепіл хаттары) негізінде авиациялық оқу орталығы басшысының бұйрығымен (жарғысымен) құрылады.

18. Оқу курсынан және қорытынды аттестаттаудан өткен тыңдаушыларға төмендегілер беріледі:


  1. әуежайдың (авиакомпания) бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына, уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына, АҚҚ басшыларына, қарап тексеру бөлімшілері мен қауіпсіздік бөлімшелерінің басшыларына, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғаларға, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларға, авиациялық қауіпсіздік сапасын бақылаудың ұлттық аудиторлары(инспекторларына) әр түрлі жағдайларда әрекеттерді ұйымдастыруға жауапты персоналға, АҚҚ қарап тексеру бөлімшесінің қарап тексеру инспекторларына (операторларына) АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторларына авиациялық қауіпсіздік бойынша сертификаттар осы бағдарламадағы 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі;

  2. АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің мамандарының сертификаттары ИКАО авиациялық қауіпсіздік өңірлік оқу орталығы және оларға оқыту жүргізілген авиациялық оқу орталықтарында әзірленген. Тыңдаушылардың әрбір санаттарына арналған сертификаттарының үлгілік нысаны осы бағдарламаға7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-қосымшаларына сәйкес жасалған;

3) АҚҚ тексеру бөлімшесінің мамандарына арналған сертификат ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығында әзірленген, осы бағдарламаның 8-қосымшасына сәйкес жасалған. Тексеру бөлімшесі маманы сертификатының күші авиациялық қауіпсіздік белгіленген шаралары мен рәсімдерді бірнеше рет бұзған жағдайда, сондай-ақ азаматтық авиация ұйымы басшысының сұрауы бойынша уәкілетті орган тоқтатуы немесе жоюы мүмкін;

4) авиация персоналына және жүк тасымалдау қызметінің қызметкерлеріне тапсырылған емтихан нәтижелері бойынша бағалар қойылған, біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны туралы құжат беріледі.



3. Авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша жұмыс істейтін уәкілетті органның лауазымды тұлғаларын даярлау
19. Авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша жұмыс істейтін уәкілетті орган мамандары мынадай оқу курстарынан өтуге міндетті:

1) бастапқы даярлау – уәкілетті орган маманының басшылығымен, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі тиісті курстардан өткенге дейін жұмыс орында, бірақ жұмысқа орналасқан сәттен бастап күнтізбелік үш ай аспайтындай мерзімде жүргізіледі. Даярлаудың осы түрі мыналарды қамтиды:

Қазақстан Республикасының және ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен таныстыру;

азаматтық авиация ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және бөгде ұйымдармен өзара іс-қимыл және үйлесу тәртібімен таныстыру;

авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерулер жүргізу тәртібімен таныстыру;

авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерулерге тағылымдамадан өтуші ретінде қатыстыру;

іс жүргізумен таныстыру;

2) АҚҚ басшысы ретінде бастапқы даярлаудан өту және біліктілікті арттыру курстары;

3) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық аудитор/инспектор ретін бастапқы даярлаудан өту және біліктілікті арттыру курстары.

20. Авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша уәкілетті органның мамандары жұмыс жағдайында оқытудан мынадай бағыттар бойынша өтеді;

1) кіріс құжаттамаларын бақылауға бағынысты тексеру, есепке алуды жүргізу, тиісті кшығыс құжаттамаларын зерделеу және дайындау;

2) әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруін ұйымдастыруды сертификаттау бойынша оқушы ретінде комиссияға қатысу;

3) аэронавигациялық ақпаратпен (AIS) қамтамасыз ету бөлігінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды тексеру бойынша оқушы ретінде комиссияға қатысу;

4) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды тексеру бойынша оқушы ретінде комиссияға қатысу;

5) әуе кемелерінің инспекциясы бойынша оқушы ретінде комиссияға қатысу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет