Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі
Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысы (ережесі);
2) Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысы бекітілсін.
2. «Мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) туралы Ережені әзірлеу жөніндегі нұсқаулық пен мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің Үлгі жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 ақпандағы № 119 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 3, 30-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы «9» тамыздағы
№919 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысы (ережесі)
1. Жалпы ережелер
1. _____________________________________ мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі:____________________________________.
(республикалық немесе коммуналдық)
3. Мемлекеттік мекеме ______жылғы «___»________________шешімімен
құрылды.
4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы___________________________
________________________________________________________________
болып табылады.
5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган____________________________________________ болып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің атауы (мемлекеттік меншіктің түріне тиесілігін, ұйымдық құқықтық нысаны мен ведомстволық бағыныстылығы көрсету) ___________________________________________________________________ .
(республикалық немесе коммуналдық)
7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері______________________________
________________________________________________________________
2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
8. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
9. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
10. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
11. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
12. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні____________________________
14. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты_________________________
________________________________________________болып табылады.
15. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1)__________________________________;
2)__________________________________;
3)__________________________________.
Мемлекеттік мекемеге жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
16. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
4. Мемлекеттік мекемені басқару
18. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.
19. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік мекеме жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
11) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;
12) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды);
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен (жергілікті атқарушы орган) қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
22. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
23. Мемлекеттік мекемеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен (ережемен) және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
24. Мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
25. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметі тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы органы бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
29. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
31. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгертістер мен толықтырулар енгізу тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
33. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
34. Мемлекеттік мекеменің мынадай филиалары мен өкілдіктері бар:
1) ___________________________________
2) ___________________________________.
Басшы __________________________ _____________
Т.А.Ә.А. қолы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы «9» тамыздағы
№919 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. мемлекеттік (республикалық, коммуналдық) кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы (жедел басқару құқығындағы) мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
2.Кәсіпорын « »____________ жылғы ______ сәйкес құрылды.
(меншік иесі шешімінің атауы)
3. Кәсіпорынның құрылтайшылары болып табылады.
4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік (республикалық, коммуналдық) меншік құқығын (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
6. Кәсіпорынның атауы: (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға (республикалық немесе коммуналдық) жататынын, ведомстволық бағыныстылығын көрсету) .
7. Кәсіпорынның орналасқан жері _________________________________
2. Мемлекеттік кәсіпорынның заңдық мәртебесі
8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
10. Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
Мемлекеттік кәсіпорын – табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) және мемлекеттік органның келісімімен табиғи монополиялар саласында және реттелмелі нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады.
13. Кәсіпорын қызметінің мақсаты болып табылады.
14. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) ____________________________;
2) ____________________________;
3) .
15. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
4. Кәсіпорынды басқару
18. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін):
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Кәсіпорынның құрылтайшысы болады;
2) Қазақстан Республикасының атынан Кәсіпорынға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
3) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осы қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорын түрін айқындайды және Кәсіпорынның Жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
4) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынға берілген немесе ол өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
5) Кәсіпорын мүлкінің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
6) Кәсіпорынның мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;
7) Кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен теңгерімнен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
8) тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;
9) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
10) Кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
11) Кәсіпорындардың жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Тиісті саланың уәкілетті органы (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін):
1) Кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын Кәсіпорынның түрін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
4) Кәсіпорын мүлкінің сақталуына және Кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуына талдауды және бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға Кәсіпорын берген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
6) Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады;
7) Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;
8) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
9) Кәсіпорынның таза табыстың бір бөлігін республикалық бюджетке толық және уақытылы аударуын бақылауды жүзеге асырады;
10) Кәсіпорын басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) жыл сайын қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
11) жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілейді;
12) Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн белгілейді;
13) Кәсіпорын басшысының ұсынымы бойынша Кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жататын басқа да мәселелерді шешеді.
20. Жергілікті атқарушы орган (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар үшін):
1) Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;
3) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;
4) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі
есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
5) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
6) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
7) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
8) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
9) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;
10) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
11) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Кәсіпорынның басшысы оның органы болып, сондай-ақ Жарғының 5-бөлімінде көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.
22. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
23. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.
24. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
25. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
26. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
27. Басшы:
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;
Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді.
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) кандидатуралар ұсынады;
10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;
11) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды басқарудың ерекшеліктері
(Білім беру және денсаулық сақтау салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын жарғысында байқау кеңесін құрған жағдайда көрсетіледі.)
28. Білім беру және денсаулық сақтау салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсынысы бойынша кәсіпорын органы – байқау кеңесі құрылуы мүмкін.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларында байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды құру, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларында қолданыстағы шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорындарына байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
29. Байқау кеңесі құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорындарға қойылатын өлшемдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
30. Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
31. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкімет айқындайды.
32. Байқау кеңесінің өкілеттігі, отырыстарын өткізу тәртібі:
1)___________________________________________________
2)___________________________________________________
3)___________________________________________________
4)___________________________________________________
6. Кәсіпорынның мүлкі
33. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
34. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
35. Кәсіпорынның мүлкі:
1) оған меншік иесі берген мүліктің;
2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.
36. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
37. Шаруашылық жүргізу (жедел басқару) құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
38. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
39. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу (жедел басқару) құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
40. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
41. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу (жедел басқару) құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 42, 43-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
42. Осы Жарғының 41-тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:
- шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;
- артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.
43. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынан (жедел басқару құқығында) бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
44. Шаруашылық жүргізу (жедел басқару) құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді (жедел басқару құқығындағы Кәсіпорындарға белгілеуге құқылы).
45. Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) жазбаша келісімімен тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мыналарға:
1) филиалдар, өкілдіктер құруға;
2) оған тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына, сондай-ақ дебиторлық берешегіне билік етуге;
3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге;
4) қарыздар беруге құқылы.
46. Осы Жарғының 40-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешекті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімімен ғана (жергілікті атқарушы орган), беруге және есептен шығаруға құқылы.
47. Кәсіпорын оған шаруашылық жүргізу құқығында (жедел басқару құқығында) бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
48. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлетті орган, жергілікті атқарушы органмен) өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 45 және 47-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығында) дербес пайдаланады.
7. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру
49. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) айқындайды.
50. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) белгілейді.
Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.
Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
51. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.
52. Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.
Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) белгiлейдi.
Кәсіпорын өндiретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) белгiлейдi.
Табиғи монополиялар субъектілеріне немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы», «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының және табиғи монополиялар субъектілерінің немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеуін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып, белгіленеді.
53. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
8. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
54. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері (шаруашылық жүргізу құқығындағы) _____________________________________ құрайды.
Жарғылық капиталды меншік иесі (құрылтайшы) Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне толық қалыптастыруы тиіс.
55. Кәсіпорынның жарғылық капиталы (жедел басқару құқығындағы) меншік иесінінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.
9. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі
56. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) келісімі бойынша халықаралық стандарттарына (шаруашылық жүргізу құқығындағы) және қаржылық есептіліктің ұлттық стандартарттарына (жедел басқару құқығындағы) сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
57. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
58. Кәсіпорын байқау кеңесімен бірге жылдық қаржылық есеп беру аудитін жүргізуге міндетті. Кәсіпорын аудиті байқау кеңесінің, басшының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бастамасы бойынша (Білім беру және денсаулық сақтау салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын жарғысында байқау кеңесін құрған жағдайда көрсетіледі) Кәсіпорын қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.
10. Кәсіпорынның жауапкершілігі
59. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері
бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
60. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
11. Еңбек ұжымымен өзара қатынас
61. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
62. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
12. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
63. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) белгілейді.
64. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
65. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) белгiлейдi.
13. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату
66. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органының) шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
67. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
68. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) қайта бөледі.
Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.
14. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
69. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) бұйрығымен енгізіледі.
Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.
Басшы ________________________ ______________
Т.А.Ә.А. қолы
Достарыңызбен бөлісу: |