Үлкен үміт күтеміз/Қ. Ахметов // Орталық Қазақстан. 2001. 1 желтоқсан



Дата17.06.2016
өлшемі35.17 Kb.
#142893
Ахметов Қ.

Үлкен үміт күтеміз/Қ.Ахметов // Орталық Қазақстан.-2001.-1 желтоқсан

Адамзаттың жер бесігі қашан да аялауды, жанашырлық сезімді, ыстық жүректі қажет етеді. Табиғатқа немқүрайды қарайтындар өз тағдырының да жауапкершілігін көтере алмайтындар болуы керек. Ендігі арада табиғаттың тепе-теңдігін сақтап, болашақ үрпаққа тапсыру бүгінгілердің парызы. Ертедегі үранды сөзді еске түсіре кетсек артық болмас. Табиғаттың бермесін тартып аламыз деп даурықтық. Табиғат жарықтықтың не жазығы бар еді. Ықылым заманнан адамзатты асырап, жарылқап келе жатқаны үшін бе? Арал тағдырының апатынан айығып біткен жоқпыз. Ол да адамзаттың қолымен жасалған қиянаттың біріне жатады. Бүған інжу-маржандай болған Балқаш көлінің тартылуы қосылса, болашаққа не бетімізбен қараймыз. Сондықтан, көл тағдырына алаңдаушылық — Қазақ елі азаматының ар-үяты. Бар күшжігер, мүмкіңдік Балқаш көлінің табиғи байлығын, ырысын сақтап қалуға жүмсалуы керек. Тағы да өткенді еске түсірейік. 1984 жылы «Әлем көлдерін қүтқарайық» атты халықаралық форум өткізілген болатын. Сонда жер бетіндегі ірілі-үсақ көлдердің жай-күйі егжей-тегжейлі айтылып, қамтылды. Оларды апаттан қүтқарудың жолдары үсынылды. Жанайқайға қүлақ асып, «эй, осымыз қалай өзі» дегендер қателігін түзеп, дереу іске кірісті. Атақты орыс жазушысы В.Распутин «Байкал у нас один» деп түбегейлі мэселе көтеріп еді, руханият өкілдері іле қолдап экетті. Байкалдың тағдырына жүрегі тілім-тілім болып, елжірей қарайтындар ілеклегімен табылып жатты. Қоғамдық үйымдардың өкілдері де үсыныс-пікірін ағын судай тасытты. Мақсат - эрі сүлу, эрі мөлдір сулы Байкалды жер бетінен жойылып кету апатынан алып қалу.

Ал, біздер Балқаш көлі жайлы үнсіз қалған едік.Әрине, ештен кеш жақсы. Қазірден бастап көлді қүтқарып қалуға кіріссек, үтыла қоймаспыз.Қашан да табиғатқа аяулы сезіммен қарайтын жапон ғалымдары осы көлді зерттейтін арнайы экспедиция шығарды. Қазақтың түңғыш ғарышкері Т.Әубэкіров Балқаш көлін космостан бақылап, белгіленген бағдарлама бойынша түжырым жасады. Өзі де қалада бірнеше рет болып, көлдің тағдыры туралы пікірін ашық айтып жүрді. Космостан қарағанда қаланың үсті қоп-қою түтіннен көрінбейді екен. Ол комбинат мүржасынан үшқан улы газ түманы еді. Реті келгенде айта кетейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің арнайы қаулысымен БКМК-ның қоршаған ортаға тигізетін зиянын ауыздықтау, газды залалсыздандыру жөнінде бағдарлама жасау үсынылған еді. Бүгін де бүл бағдарлама бірте-бірте жүзеге асырылып келеді. Газды залалсыздандыру қондырғыларының қүрылысы аяқталуға жақын.

Былтырғы жылы Алматы қаласында Балқаш көлінің мэселелері жөніңде үлкен басқосу өткізілді. Көлді сақтап қалудың негізгі жоспар-бағдарлама-сының түп-қазығы осы басқосуда жасалынды. Қүнды-қүнды пікірлер ай-

тылды. ҚР Парламенті Мэжілісінің депутаты Е. Нығматулин алғашқы бетте-ақ Балқаш көлінің тағдырына араша түсуге азаматтықпен батыл кірісті. Бүрынғы айтылған үсыны-пікірді саралап, зерделеп өз тарапынан Үкімет алдына мэселе қойды. Енді, міне, оның игілігі Балқаш көлі туралы заң қабылдауға жалғасып отыр. Халық қызу қуаттап, қолдады.

Содан кейін Приозерск қаласында Парламент Мэжілісінің бір топ де-путаттары басқосу өткізіп, жүртшылық өкілдерімен жүздесті. Әңгіме тақырыбы—қайткен күңде, қандай жолмен Балқаш көлін сақтап қаламыз? Үстіміздегі жылдың тамыз айында Журналистердің экологиялық экспе-дициясы болып қайтты. Бүл жолы да жап-жақсы қоғамдық пікір қалыптасты.

Кезінде белгілі ақын; қоғам қайраткері М.Шаханов Аралмен қоса Балқаш көлінің тағдырына да қатты алаңдаушылық туғызды. Тіпті халықаралық деңгейге дейін көтерді. Осындай игі ниеті, бастамасы үшін М.Шахановқа Біріккен Үлттар Үйымының Айналадағы Ортаны Қорғау бағдарламасының Халықаралық сыйлығы табыс етілген болатын. Сол М.Шаханов былай дейді: «Су,ауа,топырақ — біздің теңдессіз байлығымыз екенін жиі естен шығарып аламыз. Осы үшеуінің арасындағы биологиялық байланыс бүзылса, тіршілік азады».

Бүл бағалы ой-санаға пікір айтудың өзі артық болар.

Өткенді еске ала отырып, бүгінгі игі іс жасалып жатқан эрекет «Балқаш көлі туралы» заң жобасын талқылауға пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Балқаш көлін арнайы заңмен қорғайтын күн де алыс емес. Үкімет тарапынан кешенді бағдарлама жасалуда. Заңмен бағдарлама үндесіп, қабысып түрса, қүба-қүп. Балқаш көлі бэрімізге ортақ байлық. Оны ана облыспен шектеледі, мына облыспен шектеледі деп түс-түсынан басқару жараспайды. Заң қабылданған соң Балқаш көлін сақтау, қорғау үшін мемлекет есебінен қомақты қаржы бөлуді қажет етеді. Сонда заң іс-қимыл танытады. Балқаш көлінің тағдыр-талайына жанашыр көзбен қарап, жүрегі сыздап отыратын үйлестіру, басқару қүрылымы ауадай қажет. Ол жүдырықтай жүмылып, жал-тақтамай батыл қызмет жасауға тиіс.

Балқаш көліне су қорының басым көпшілігі Іле өзені арқылы келеді. Бүл ретте ежелгі көршіміз Қытаймен де мемлекет аралық келіссөз арқылы шешетін мэселе аз емес. Іле Қытай өлкесінен бастау алады. Олар болса Іле арнасына қол салып, өзен суын бүруға эрекет етіп жатқан көрінеді. Бүған да аса сергектікпен қарасақ екен дейміз.

Балқаш қаласының түрғындары Заң жобасынан үлкен үміт күтеді. Оның эр тарау, тармағы халыққа қызмет ететін болады. Ол сонымен қатар элеуметтік-экономикалық салаға күрт өзгеріс экеліп, ілгерілеушілік туғызады. Көлдің жағасындағы елді мекен түрғындары тың жаңалық, жақсылық күтіп отырғаны да шындық.



Олай болса Балқаш көлі туралы заң көп кешікпей қабылданып, Республика жүртшылығына көптен күткен қуаныш экелетіндігіне кэміл сенеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет