Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы жобасына Салыстырмалы кесте



бет1/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#169861
  1   2   3   4   5   6   7

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы жобасына

Салыстырмалы кесте

т/а

Баптар

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

Тапсырмаларға сілтемелерден басқа:

1) түзетудің мағынасын;

2) әрбір енгізілетін түзетудің нақты негіздемесін көрсету қажет.
  1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді

капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың

Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 Қаулысы

(жаңа редакцияда)



1.

Тақырып

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың

Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы




Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың

Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы





«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру

2.

1-тармақ

1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.

1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру

3.

Қағидалар

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің  2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 571 қаулысымен  
бекітілген   

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі
аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына
ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасы


     

Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі -Қағида) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.



  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


     1) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) ай сайынғы төлемдер - банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне және бұрынғы қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен адамдар (бұдан әрі - зардап шеккен адамдар) - Қазақстан Республикасының азаматтарына зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан (зардап шеккен адамдар 70 жасқа жеткен, бірақ заңды тұлға банкрот деп танылған күнінен бастап 10 жыл өткеннен (120 айдан) ерте емес) кейін жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;
      3) ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым - банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
     4) ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
     5) ай сайынғы төлемдерді төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
     6) капиталдандыру кезеңі - капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;
     7) капиталдандырылған төлемдер сомасы - зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай нысанда өтелген сот актісі (актілері), кредиторлар тізілімі, анықтама-есепте көрсетілген сома;
     8) Орталықтың бөлімшелері - Орталықтың қалалық және аудандық бөлімшелері;
     9) Орталықтың Орталықтандырылған дерекқоры (бұдан әрі - ОДҚ) - ай сайынғы төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқоры;
    10) Орталықтың филиалдары - Орталықтың облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары.

2. Ай сайынғы төлемдерді тағайындау

      2. Ай сайынғы төлемдерді алуға құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша Орталықтың бөлімшесіне қажетті құжаттарды және олардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайларды қоспағанда, құжаттардың көшірмелері ұсынылған түпнұсқалармен салыстырылғаннан кейін оларды Орталық бөлімшесінің бастығы куәландыруға тиіс.


      Ай сайынғы төлемдерді тағайындау үшін өтініш пен қажетті құжаттарды үшінші тұлғалардың ұсынуы ай сайынғы төлемді алуға құқығы бар адамның нотариалды расталған сенімхаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, паспорты) көшірмесі;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.04.2014 N 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
     3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы);
      4) ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдағы банктік шотының не түзеу мекемесінің арнайы шотының нөмірі туралы мәліметтер;
      5) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған соманы алу құқығын растайтын сот актісінің (актілерінің) көшірмесі:
      капиталдандырылған төлемдер сомасын мемлекеттен алу кезінде - зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);
      таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған сомаларды алу кезінде - бірінші кезектегі әрбір кредит алушы бойынша таратып жазылған материалдарды қамтитын конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғандығы туралы ұйғарым (шешім).
      Капиталдандырылған соманы алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжатымен растауға болады;
      6) зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:
      денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде - кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың көшірмесі;
     Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедекке зиянды өтеу кезінде - мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
      Капиталдандырылған соманы алуға құқықты растайтын сот актісінде не мұрағат құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу немесе мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, бұдан кейін құжаттардың түпнұсқалары мен құжаттың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны өтініш берушіге қайтарылады. Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайларды қоспағанда, Орталық бөлімшесінің бастығы құжаттардың көшірмесін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін куәландыруға тиіс.
     3.1. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды жинауға жәрдемдесу туралы жазбаша өтініші бойынша Орталық бөлімшесі өтінішті қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлай отырып, органдарға және ұйымдарға тиісті сұратулар жібереді.
      Егер сұратулар бойынша екі айдың ішінде жауап алынбаса, бұл туралы осы мерзім өткен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді. Сұратуларға өтініш берушінің ай сайынғы төлемдерге құқығын растайтын жауаптар келген кезде өтініш беруші жауаптар келіп түскен күнінен бастап екі күн ішінде ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы өтініш беру үшін шақырылады.
      4. 2011 жылы жүгінген, ай сайынғы төлемдер 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалатын адамдарды қоспағанда, ай сайынғы төлемдер жүгінген күнінен бастап тағайындалады, бірақ капиталдандыру кезеңінің аяқталуынан ерте болмауға тиіс.
      5. Ай сайынғы төлемдерді тағайындау туралы өтініш осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркеледі.
      6. Орталықтың бөлімшесі өтініш берушіден өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші осы Қағидаға сәйкес ұсынған құжаттардан қалыптастырылған қағаз жеткізгіштегі іс макеті (бұдан әрі - іс макеті) мен электрондық цифрлық нысанда қалыптастырылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған өтініш берушінің электрондық іс макетін (бұдан әрі - электрондық іс макеті) қалыптастырады.
      7. Орталық бөлімшесінің маманы электрондық іс макетін қалыптастыру үшін іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкестігін тексереді, осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда шешімнің жобасын қалыптастырады, ай сайынғы төлемнің мөлшерін есептеуді жүргізеді және оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      Ай сайынғы төлемдерді есептеу әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Шешімнің жобасы ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық цифрлық нысандағы құжат (бұдан әрі - шешімнің жобасы) болып табылады.
      Орталық бөлімшесінің басшысы электрондық іс макетінің қағаз жеткізгіштегі іс макетіне сәйкестігін, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, ай сайынғы төлем мөлшерін есептеудің, шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.
      8. Орталықтың бөлімшесі электрондық іс макетін шешімнің жобасымен және осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған электрондық хабарламамен қоса, электрондық байланыс арқылы Орталықтың филиалына жібереді.
      9. Орталықтың филиалы келіп түскен электрондык іс макеті мен шешімнің жобасын екі жұмыс күні ішінде қарайды, есептің және шешімді ресімдеудің дұрыстығын тексереді, осыдан кейін оны электрондық хабарламамен бірге ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді. Шешімнің жобасы Орталық филиалы маманының және басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      10. Электронды іс макеттері келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ай сайынғы төлемдерді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған жағдайда электронды шешім жобасы басқарма (бөлім) маманының, бастығының және ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      Ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның маманы электронды шешімді осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық журналда нөмір бере отырып, автоматты режимде тіркейді, электронды шешімді Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте электрондық хабарламаның қағаз жеткізгіштегі бір данасы электрондық іс макеттерін есепке алу үшін уәкілетті мемлекеттік органның маманында қалады.
      11. Орталықтың бөлімшесі ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен қоса электрондық іс макетін алғаннан кейін, осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысандағы журналда іске нөмір береді, одан кейін қағаз жеткізгіштегі шешімді өтініш берушінің іс макетіне қосып тігеді.
      12. Сканермен көшірілген электрондық іс макетінің берілген құжаттарында күмән туындаған жағдайда ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электрондық іс макетімен салыстыру үшін Орталықтың бөлімшесінен іс макетін сұратады.
      13. Орталық бөлімшесінің қызметкері ай сайынғы төлемдерді алушының іс макетін ресімдеу кезінде қателер жібергені анықталған жағдайда, ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электрондық іс макеті Орталық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қателерді жою үшін электрондық іс макетін Орталық бөлімшесіне осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес электронды хабарламада қайтару себебін көрсете отырып дұрыс ресімдеуге қайтарады.
      14. Өтініш берушінің ай сайынғы төлемдерге құқығының болмауы ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
      Өтініш берушінің ай сайынғы төлемдерге құқығының болмауына байланысты ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан бас тартылған жағдайда, ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электронды шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
      Электрондық іс макеті электрондық хабарламамен және ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бас тарту себептері туралы хатымен қоса, электрондық байланыс арқылы Орталықтың бөлімшесіне қайтарылады.
      15. Орталықтың бөлімшесі Орталық бөлімшесіне электрондық іс макеті түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні ай сайынғы төлемдерді тағайындаудан бас тарту туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бас тарту себебі туралы хатымен бірге өтініш берушіге қайтарады.
      16. Ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешіміне жоғары тұрған органдарға не сот тәртібімен шағымдануға болады.
      17. Ай сайынғы төлемді алушы республиканың басқа өңірлеріне кеткен жағдайда, оны төлеуді жаңа тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесі ай сайынғы төлемді алушының өзі немесе оның сенім білдірілген адамы осы Қағиданың 3-тармағы 1-4) тармақшаларына сәйкес ұсынған қайталама өтініші мен құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
      18. Республиканың басқа өңірлеріне кеткен ай сайынғы төлемдерді алушының ісі Орталықтың басқа бөлімшелерінің сұратуы бойынша осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.
      19. Түзеу мекемесінде жүрген ай сайынғы төлемді алуға құқығы бар адамға ай сайынғы төлем өтінішінің және түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталықтың бөлімшесіне түзеу мекемесінің әкімшілігі ұсынатын, осы Қағиданың 3-тармағында көзделген құжаттардың негізінде тағайындалады.
      20. Егер ай сайынғы төлемді алуға құқығы бар адам түзеу мекемесінде жүрген кезінде ай сайынғы төлем алушы болып табылатын болса, түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталық бөлімшесі көрсетілген адамның осы Қағиданың 17 және 18-тармақтарына сәйкес түзеу мекемесінің әкімшілігі ұсынған өтінішінің негізінде ай сайынғы төлем төлеуді жүзеге асырады.
      21. Түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталықтың бөлімшесі істі алғаннан кейін оны есепке қояды және түзеу мекемесінің арнаулы шотына ай сайынғы төлемді толық көлемде аудару үшін деректемелерін көрсете отырып, сотталушының деректерін ОДҚ-ға енгізеді.
      22. Медициналық-әлеуметтік мекемеде жүрген ай сайынғы төлемдер алуға құқығы бар адамға медициналық-әлеуметтік мекеме орналасқан жердегі Орталық бөлімшесі ай сайынғы төлем төлеуді осы Қағиданың 17 және 18-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.
      23. Медициналық-әлеуметтік мекемеде тұратын іс-әрекетке қабілетті адамдардың ай сайынғы төлемдері ай сайынғы төлемдер беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылатын банк шоттарына аударылады.
      24. Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға (бұдан әрі - іс-әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағылар) ай сайынғы төлемдер олардың қамқоршылары (қорғаншылары) ай сайынғы төлемдер беру жөніндегі ұйымда ашатын банк шоттарына есептеледі.
      25. Қамқоршы (қорғаншы) Орталық бөлімшесіне осы Қағиданың 3-тармағында санамаланған құжаттардан бөлек, адамды іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің және іс-әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағы адамға медициналық-әлеуметтік мекеме әкімшілігінің қамқоршылық (қорғаншылық) белгілегендігі туралы қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесін ұсынады.
      26. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруларға байланысты ай сайынғы төлемдердің мөлшерін өзгертуді ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесі дайындаған электронды шешім жобасының негізінде жүргізеді.
      27. Ай сайынғы төлемді алушылардың жоғалған немесе (өрт, су тасқыны және басқа жағдайлар кезінде) жарамсыз болған істерінің телнұсқаларын Орталық бөлімшесі жоғалғаны (ісінің болмауы) туралы актінің, ай сайынғы төлемді тағайындау жөніндегі комиссия шешімінің хаттамасынан үзінді көшірменің және (немесе) азаматтардың ай сайынғы төлемдерді тағайындауға берген өтініштерін тіркеу журналының, істердің электронды мұрағатының негізінде қалыптастырады және оны ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. Орталық бөлімшесі азаматтардан осы Қағиданың 3-тармағында көзделген құжаттарды сұратады.
    28. Ай сайынғы жәрдемақыларды алушылардың жоғалған немесе жарамсыз болған істерін қалпына келтіру заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      29. Ай сайынғы төлем тоқтатылған істер алушының өзі жүгінгенге дейін «Бақылауда» деген белгімен қолданыстағы істерден бөлек сақталады. Алты ай өткеннен кейін іс соңғы төлемнің күні мен сомасы көрсетіле отырып есептен алынады және Орталық бөлімшесінің мұрағатына тапсырылады. Алты айдан артық мерзімге тоқтатыла тұрған істер бойынша ай сайынғы төлемді төлеуді Орталық бөлімшесі ай сайынғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша тоқтатылған күнінен бастап қайта жаңартады.
      30. Алушының қайтыс болуына, кетуіне немесе басқа да себептер бойынша ай сайынғы төлемнің электронды есепке алу карточкасы жабылған кезде Орталық бөлімшесі алушының ісіне себебін, күнін көрсете отырып, есептен шығарылғаны туралы белгі қояды және ол Орталық бөлімшесі бастығының қолымен және мөртабан бедерімен расталады.
      31. Мұрағаттық істер әліпби және істердің жабылу жылдары бойынша он жыл бойы Орталықта сақталады, сақтау мерзімі өткеннен кейін акт бойынша жойылады.
      32. Сақтау мерзімі өткен мұрағаттық істерді жою кезінде Орталық филиалының шешімі бойынша істерді жою жөнінде комиссия құрылады, оның құрамына ай сайынғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (келісім бойынша), Орталық мұрағатының (келісім бойынша) өкілдері, Орталықтың филиалы мен бөлімшесінің қызметкерлері кіреді.
      Жойылатын істердің тізімдері, жойылған күні көрсетілетін мұрағаттық істерді соңғы түгендеу деректерімен салыстырып тексеріледі.

3. Ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру

      33. Ай сайынғы төлемдерді Орталық өтініш берушінің таңдауы бойынша ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.


      34. Ай сайынғы төлемдерді тағайындау және олардың мөлшерін өзгерту кезінде тиынмен есептелген барлық сома тиын сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектенуге тиіс.
      35. Ай сайынғы төлемдер ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қабылдаған шешім негізінде облыстар, Астана мен Алматы қалалары бөлінісінде ай сайынғы төлемдерді төлеу жөніндегі Орталық құрастырған кестеге сәйкес ағымдағы ай үшін ай сайын төленеді.
      36. Төлемді тағайындайтын немесе жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған ай сайынғы төлемдердің сомасы өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей бір уақытта төленеді.
      37. Ай сайынғы төлемді алушы қайтыс болған жағдайда төлем ол қайтыс болған ай өткеннен кейін тоқтатылады.
      Ай сайынғы төлемді алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда, ай сайынғы төлем ішкі істер органдарында тіркеуден шыққан айға қоса төленеді.
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен және қайта оралған адамдарға тоқтата тұрылған ай сайынғы төлемдер жүгінген күннен бастап өтініштің және осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес олар ұсынған құжаттардың негізінде қайта жаңартылады.
      Бұл ретте ай сайынғы төлемдер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қайта жаңартылады, Егер кету кезеңінде ай сайынғы төлемдерді арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері өтініш берілген сәттегі осы арттыруларды ескеріп белгіленеді.
      38. Тегі, аты немесе әкесінің аты, шот нөмірі, туған күні, тұратын жері өзгерген жағдайда алушы Орталық бөлімшесіне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен қоса, осы өзгерістер туралы өтініш береді. Деректемелердің өзгеруі туралы белгі ай сайынғы төлемді алушы ісінің мұқабасына жасалады, сондай-ақ ОДҚ-ға тиісті өзгерістер жасалады.
      39. Орталық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары, ауыл әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар органдары ұсынатын қайтыс болғандар мен қайтыс болды деп жарияланған адамдардың тізімдерін, ішкі істер органдары ұсынатын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткендердің тізімдерін ай сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.
      40. Ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдар шоттарында үш және одан да көп айлар бойы қозғалыс жоқ ай сайынғы төлемдерді алушылардың тізімдерін соңғы операцияның күнін, сондай-ақ сенімхат бойынша алушылардың шоттарынан ай сайынғы төлемдердің алынғаны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тоқсан сайын Орталық бөлімшелеріне ұсынады.
      41. Орталық ай сайынғы төлемдерді алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету не алушының қайтыс болу фактісін анықтаған жағдайларда Орталық бөлімшесі ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган шешімінің негізінде ай сайынғы төлемдерді тоқтата тұрады.
     42. Орталық бөлімшесінің қызметкерлері ОДҚ-ға қайтыс болу, кету фактілері, ай сайынғы төлемді тоқтата тұру, ай сайынғы төлемді қайта жаңарту туралы, сондай-ақ алушылардың қайтыс болуына, кетуіне байланысты, оның ішінде осы Қағиданың 39-тармағына сәйкес салыстырып тексеру нәтижелерінің деректері бойынша қажеттілік сомаларын азаю жағына қарай түзету жөніндегі негіздемелер, іс-әрекеттер белгіленген ұстап қалу сомалары туралы күн сайын жазба жасайды.
      43. Артық есептелген (төленген) ай сайынғы төлемдер сомаларын қайтару ай сайынғы төлемдерді алушының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Көрсетілген сомаларды қайтарудан бас тартқан жағдайда Орталықтың филиалдары ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның сенімхаты бойынша сот органдарына жүгінеді.
      44. Орталықтың ай сайынғы төлемдерді қате есептегені, нұсқауды қате кері қайтарғаны немесе қате тоқтатқаны анықталған жағдайда Орталық ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзгеше белгілемесе, Орталық пен ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымның арасындағы шартта белгіленген нысан мен тәсіл бойынша, қате нұсқау не нұсқауды кері қайтару немесе орындалуын тоқтата тұру туралы ақпарат жібереді.
      Қате нұсқау туралы не кері қайтару немесе орындауды тоқтата тұру туралы ақпарат негізінде ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым ақшаны Орталыққа қайтаруды жүзеге асырады не «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңында белгіленген тәртіппен нұсқаудың орындалуын тоқтата тұрады.
      45. Ай сайынғы төлемдерді алушылар бойынша деректер негізінде Орталық ай сайынғы төлемдерді төлеуге бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және төлеу айының алдындағы айдың 25-і күні әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
      46. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган Орталықтан ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға қажеттілік туралы өтінімді алғаннан кейін ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыруға қаржыландыруды жүргізеді.
      47. Орталық әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан бюджет қаражатын алғаннан кейін ай сайынғы төлемдерді төлеуге төлем тапсырыстарын, сондай-ақ ай сайынғы төлемдерден ұстап қалуларды қалыптастырады.
      48. Орталық ай сайынғы төлемдерді төлеуді Орталықтың бөлімшелері басып шығаратын және ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға ұсынатын, осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес 7Д нысанындағы тізім-ведомостардың негізінде банктік шоттарға есептеу немесе алушылардың үйіне апарып беру арқылы жүргізеді.
      49. 7Д нысанындағы тізім-ведомостар екі данада басылады және ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен Орталық бөлімшесінің қолымен және мөрімен расталады әрі олардың әрқайсысында бір-бір данадан сақталады.
      50. Ай сайынғы төлемдерді үйге апарып беруді ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сексен жасқа жеткен зейнетақы алушыларға, бірінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ бөгде адамның күтіміне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға жүргізеді.
      51. Ай сайынғы төлемді беру жеке басын куәландыратын құжатын ұсынғанда, ай сайынғы төлемдерді алушылардың банк шоттарына есептелген сомалар шегінде, сондай-ақ 7Д нысанындағы тізім-ведомостар бойынша жүргізіледі.
      52. Ай сайынғы төлемдердің төленген сомалары бойынша Орталық пен ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актісі жасалады.
      53. Ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу Орталық пен ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйымның арасында заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған шарттың негізінде жүргізіледі.
      54. Бөлінген қаражат бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган мен Орталық арасында ай сайын салыстырып тексеру актісі жасалады.



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы

№ 571 қаулысымен

бекітілген



Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидасы

Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі -Қағида) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек - банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне және бұрынғы қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен адамдар (бұдан әрі - зардап шеккен адамдар) - Қазақстан Республикасының азаматтарына зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан (зардап шеккен адамдар 70 жасқа жеткен, бірақ заңды тұлға банкрот деп танылған күнінен бастап 10 жыл өткеннен (120 айдан) ерте емес) кейін жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;

2) ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі уәкілетті ұйым - банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) ай сайынғы төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;

4) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

5) капиталдандыру кезеңі - капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;

6) капиталдандырылған төлемдер сомасы - зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай нысанда өтелген сот актісі (актілері), кредиторлар тізілімі, анықтама-есепте көрсетілген сома;

7) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қалалық және аудандық бөлімшелері;

8) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары - Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары.

9) Орталықтандырылған дерекқоры (бұдан әрі – ОДҚ) - ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың орталықтандырылған дерекқоры;

10) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

11) істің электрондық макеті (бұдан әрі – ІЭМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушы ісінің электрондық макеті;

12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

  1. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгіну тәртібі



2. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамдар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне беріледі.

3. Өтініш қабылданған кезде «электронды үкімет» шлюз арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді сұратады (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер).

Ақпараттық жүйелер арқылы мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

жеке басты куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі) көшірмесі;

тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімнің анықтамасы).

Өтінішке сондай-ақ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірі туралы немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер қоса беріледі.



Іс-әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.

4. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшiн өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында тізбеленген құжаттарға мыналарды қоса береді:

1) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған соманы алу құқығын растайтын сот актісі (актілері):

капиталдандырылған төлемдер сомасын мемлекеттен алу кезінде - зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);

таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған сомаларды алу кезінде - бірінші кезектегі әрбір кредит алушы бойынша таратып жазылған материалдарды қамтитын конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғандығы туралы ұйғарым (шешім).



Капиталдандырылған соманы алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжатымен растауға болады;

2) зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:

денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде - кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедекке зиянды өтеу кезінде – мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан өтініш білдірушіге мүгедектік орнату туралы ақпарат сұратылады.

Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорында ақпарат болмаған жағдайда өтінішке мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі қоса беріледі.

Капиталдандырылған соманы алуға құқықты растайтын сот актісінде не мұрағат құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу немесе мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.

5. Өтініш беруші ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгінген кезде өтініш берушіде тағайындау немесе төлем тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына тексеру жүзеге асырылады.



Орталықтың ақпараттық жүйесінен тиісті төлем тағайындау немесе ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде өтініш берушіге мүлтiксiз әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.

6. Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден тиісті төлемді тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

7. Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған немесе ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтініш берушіге мүлтiксiз әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама беріледі.

Құжаттардың электрондық көшірмелері Мемлекеттік корпорацияның маманның ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

8. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініштер әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша Орталық бөлімшесінде тағайындау туралы азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналдарында тіркеледі.

9. Өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қолхат беріледі.
3. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
10. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі үш жұмыс күн ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға ІЭМ-ді және шешімнің жобасын қалыптастырады.

Қалыптастырылған ІЭМ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорация филиалы арқылы уәкілетті органға жіберіледі.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушы ісінің әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қағаз түріндегі нұсқасын қалыптастыру үшін ІЭМ басып шығарылады.

Мемлекеттік корпорация филиалы келіп түскен құжаттарды, ЭІМ-ын ресімделу және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті есептеудің дұрыстығын тексереді.

11. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті есептеу әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

12. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындаған және олардың мөлшері өзгерген кезде тиындармен есептелген барлық сома, тиындардың сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады.

13. Уәкілетті орган келіп түскен ІЭМ-ді қарайды және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысандар бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті бес жұмыс күн ішінде тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

14. Ұсынылған құжаттың дұрыстығына тексеруге негіз болған жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді.

Бұл ретте Мемлекеттік корпорация бөлімшесі өтініш берушіге әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша уәкілетті орган тексеру жүргізетіні туралы хабарлама береді.

15. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге негіз болған жағдайда уәкілетті орган Мемлекеттік корпорация бөлімшесі арқылы өтініш берушіден құжаттарды қағаз жеткізгіште сұратады.

16. Егер Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін жетіспейтін құжат ІЭМ-де болмаған жағдайда уәкілетті орган Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне ІЭМ-ді әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша хабарлама қоса оны қайтарады. Орталық бөлімшесі жетіспейтін толықтыру үшін қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді. Қайта рәсімдеу үшін мерзімі отыз жұмыс күннен аспау қажет.

Егер құжаттар отыз жұмыс күні ішінде жете ресімделмесе, уәкілетті орган қолда бар құжаттар бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады.

Кейіннен қажетті барлық құжаттармен қайта жүгінген күн өтініш білдірген күн болып есептеледі.

17. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған кезде Мемлекеттік корпорация бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша қабылданған шешім туралы хабарламаны әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша хабарламалар журналына тіркей отырып, оны өзі келген кезде береді немесе оны өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Sms-хабарлар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

18. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруларға байланысты ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгертуді ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесі дайындаған электронды шешім жобасының негізінде жүргізеді.

19. Алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні өзгерген кезде ОДҚ-да өзгерістер автоматты режимде жүргізіледі.
4. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi

20. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар не Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген алушылар ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының ісіне сұрау салуға, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтініш береді. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады.

21. Басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтінішті және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

22. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек төлемдерін тағайындалған адамдардың бұрын Қазақстан Республикасында тағайындалған зейнетақы төлемін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіруді не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа тағайындау рәсімінен өтуді таңдауға құқығы бар.

23. Кеткен елінде төлемдер алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен және қайтып келген адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу кеткен елінің уәкілетті органдары берген төлемдерді алмағаны туралы анықтаманы ұсынған кезде төлем тоқтатылған күннен бастап, бірақ оларды алу үшін жүгінер алдындағы үш жылдан асырылмай қалпына келтіріледі.

Бұл ретте ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіріледі. Егер кету кезеңінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері осы арттырулар ескеріле отырып белгіленеді.

24. Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне кеткен адамның ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушының ісі Мемлекеттік корпорацияның басқа бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.

25. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетушілерге ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылған айға қоса жүргізіледі.
5. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру тәртібі
26. Мемлекеттік корпорация уәкілетті органның ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімдерінің негізінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекке бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастырады және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға төлем айының алдындағы айдың 25-күнiне ұсынады.

27. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде төлеуге қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.



28. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражатын аударуды төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сома шегінде жүзеге асырады.

29. Төлейтін айға қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.

30. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алып, төлеу кестесіне сәйкес ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек төлеуге төлем тапсырмаларын, сондай-ақ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектен ұстап қалуларды қалыптастырады.

31. ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді Мемлекеттік корпорация:

ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттарға есептеу;



«Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушыларға үйлеріне жеткізіп беру жолымен жүргізеді.

Алушының банктік шотының нөмірі, төлеу тәсілі, алушының (қамқоршының, қорғаншының) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушылар (қамқоршылар, қорғаншылар) Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне осы өзгерістер туралы, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен қоса өтініш береді.

32. Алушыларға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу бойынша өзара қарым-қатынас, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзгеше белгілемесе, Мемлекеттік корпорация мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттар негізінде регламенттеледі.

33. ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеумен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

34. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша уәкiлеттi органның шешімінің негізінде:

1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;

2) ақпараттық жүйеден іздеуде жүрген адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің анықталғаны туралы;

3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйеден анықталғаны туралы.

35. Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысан бойынша уәкiлеттi органның шешімінің негізінде:

қайтыс болғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйеден алынатын мәліметтер;

кеткен елінің уәкілетті органынан зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;

ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының оны әділет органдарынан тіркеуден шығарғанын растайтын құжатпен қоса, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату туралы өтініші келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатады.

36. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның электрондық шешім жобасымен қоса, жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырылған ІЭМ-ді дайындауы және оны уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық басталған, бірақ оларды алу үшін жүгінер алдындағы үш жылдан аспайтын сәттен бастап әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген нысандар бойынша жүргізіледі.

37. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің қызметкерлері қайтыс болу, кету фактілері туралы төлемді тоқтата тұру немесе алып тастау, төлемді қалпына келтіру, сондай-ақ алушылардың қайтыс болуына, кетуіне, төлемдерді тоқтата тұруға байланысты қажеттілік сомаларын азаю жағына қарай түзету жөніндегі негіздемелер, іс-әрекеттер белгіленген ұстап қалу сомалары туралы ОДҚ-да күн сайын жазбалар жасайды.


6. Қылмыстық-атқару мекемелерiнде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi
38. Қылмыстық-атқару мекемесiндегі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек өтiнiштің және қылмыстық-атқару мекемесі орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесiне мекеме әкiмшiлiгi ұсынатын, осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың негiзiнде тағайындалады.

39. Егер адам қылмыстық-атқару мекемесiне орналастырылған сәтте ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушы болып табылса, қылмыстық-атқару мекемесi орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесi Қылмыстық-атқару мекемесінің мекемесiнiң әкiмшiлiгi әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен ұсынған, көрсетiлген адамның өтiнiшi негiзiнде төлемді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.



40. Қылмыстық-атқару мекемесі орналасқан жердегі Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі алушының ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек ісін алғаннан кейін ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті аудару үшін қылмыстық-атқару мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының деректемелерін көрсете отырып оны есепке қояды.

7. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу тәртiбi



41. Қамқоршы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне адамды іс-әрекетке қабілетсіз (қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін не қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімін және қамқоршылықты растайтын құжатты ұсынады.

Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекеме орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорация бөлiмшесi ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеудi осы Қағидалардың 20 және 24-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі деп танылған және қамқорлыққа мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тіркелген күнінен бастап жүзеге асырылады.



42. Іс-әрекетке қабілетсіз, қабілеті шектеулі және қамқорлыққа мұқтаж, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылатын олардың банктік шоттарына аударылады.

8. Қорытынды ережелер



43. ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектен артық есептелген (төленген) сомаларын қайтару:

Алушының өтiнiшi бойынша;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша Мемлекеттік корпорация хатының негізінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте Мемлекеттік корпорация төлемдерді республикалық бюджет кірісіне аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға қайтарудың негізділігін растайтын қажетті құжатты (ақпараттық жүйеден алынған алушының қайтыс болғаны не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткені туралы мәліметтерді және (немесе) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушы тұруға кеткен елдегі уәкілетті органнан ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек ісіне сұрау салуды) қоса бере отырып ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға хат ұсынады;

соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.



44. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің сомалары қате аударылған жағдайларда Мемлекеттік корпорация ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға Мемлекеттік корпорация және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасындағы шартта белгіленген нысан бойынша және тәсілмен төлем тапсырмасын кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы ақпарат жолдайды.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым қате аударым не кері қайтару немесе нұсқауды орындауды тоқтата тұру туралы ақпараттың негізінде ақшаны Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады не нұсқауды орындауды тоқтата тұрады.



45. Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қатыссыз себептер бойынша алушыларға артық есептелген (төленген) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек сомаларын есептен шығару үшін Мемлекеттік корпорация борышкердің қайда екені белгісіз болуына немесе мұрагері болмауына байланысты соманы қайтару мүмкін еместігі туралы ұйғарым шығару үшін сот органдарына жүгінеді.

Мемлекеттік корпорация артық есептелген (төленген) сомаларды есептен шығаруды сот қаулыларының негізінде есептен шығару актісі бойынша жүргізеді.

46. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу жүзеге асырылатын ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушылардың істері (қолданыстағы істер) қолданыстағы істер мұрағатында сақталады.

47. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек төлеу тоқтатыла тұрған ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушылардың істері алушының өзi немесе отбасының мүшелерi жүгінгенге дейiн «Бақылауда» деген белгiмен қолданыстағы iстерден бөлек сақталады.

Алты ай өткеннен кейiн iс соңғы төлемнiң күнi мен сомасы көрсетiле отырып есептен алынады және Мемлекеттік корпорация мұрағатына өткiзiледi. Алты айдан артық мерзiмге тоқтатыла тұрған ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушылардың істері бойынша Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеудi Мемлекеттік корпорация уәкiлеттi органның Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешiмi бойынша қалпына келтіреді.



48. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушы ісінің телнұсқасын қалпына келтіру уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.

Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек алушылар iстерiнiң қалпына келтiрiлген телнұсқасының мұқабасында оң жақ үстіңгі бұрышына «Телнұсқа» деген белгі қойылады.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2015 жылғы 17 қарашадағы Заңына сәйкес келтіру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет