Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



Дата12.07.2016
өлшемі29.83 Kb.
#195479



Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 347 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Елемесов               Асқар Раушанұлы 

-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице- министрi»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерғожин

Дәулет Еділұлы



-

Қазақстан Республикасының Қаржы вице- министрі»;

«Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы 

-

«Самұрық» мемлекеттiк активтердi басқару      жөнiндегi қазақстандық холдингi»  акционерлiк қоғамы атқарушы директорының мiндетiн атқарушы, тәуелсiз директор»

деген жолдағы «атқарушы директорының мiндетiн атқарушы» деген сөздер «басқармасының төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Axмeтoв 

Серiк Нығметұлы  



-

«Атамекен» Қазақстан кәсiпкерлерiнiң және жұмыс берушiлерiнiң жалпыұлттық одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң басқарма  төрағасы, тәуелсiз директор»

деген жол алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:



«Мирчев

Александр Васильевич



-

тәуелсіз директор»;



2) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 873 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

2 және 4-тармақтарда:

«Палымбетов Болат Әбілқасымұлы – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Супрун Виктор Васильевич – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;»;

5-тармақта:

«Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерғожин Дәулет Еділұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»;

3) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 885 қаулысында:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі – Болат Әбілқасымұлы Палымбетовті»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі – Виктор Васильевич Супрунды».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет