Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1115 қаулысы
"Егемен Қазақстан" 11.12.2013 ж. № 272 (28211); "Казахстанская правда" от 11.12.2013 г. № 334 (27608); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 827-құжат;
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуды, сондай-ақ азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салықты төлеуді және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:
көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыссыз азаматтардың алған табыстарынан жеке табыс салығын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуды, сондай-ақ жұмыссыз азаматтарға төленетін табыстар түрінде жұмыс берушінің шығыстарынан әлеуметтік салық төлеуді және әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге міндеттенеді.».
2. «Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1448 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 50, 495-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесінде:
4-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін мiндеттi зейнетақы жарналарына;».
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
2) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;»;
32), 33) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«32) Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптамасын және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесін әзірлейді;
33) толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын маусымдық өнеркәсіп салаларының тізімін әзірлейді;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді;»;
36), 38) және 39) тармақшалар алынып тасталсын;
40), 41) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«40) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;
41) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзірлейді;»;
42) тармақша алынып тасталсын;
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін әзірлейді;»;
44), 45) тармақшалар алынып тасталсын;
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық құжат айналымын пайдалана отырып салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар туралы мәліметтерді Орталыққа ұсыну қағидаларын әзірлейді;»;
66) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 69-1), 83-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«69-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережелерді әзірлейді және бекітеді;»;
«83-1) оралман мәртебесін беру тәртібін айқындайды;»;
ведомстволардың функцияларында:
8), 10) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;»;
11), 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) үш адамнан бес адамға дейін қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болған кезде - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді;
12) басшы қызметкерлер мен жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқытуға және олардың білімін тексеруге қатысу;»;
13), 14) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс беруші, қызметкер мен мемлекеттік еңбек инспекторы арасындағы келіспеушіліктерді қарау;»;
17) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 22-1), 22-2), 22-3), 22-4), 23-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
17-2) оралман мәртебесін беруден бас тарту туралы шағымдарды қарау;»;
«22-1) еңбек қатынастарын реттеу және халықтың көші-қон саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
22-2) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіру және қызметін тексеруді жүзеге асыру;
22-3) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпарат сұратуды жүзеге асыру;
22-4) үш адамнан бес адамға дейін қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссиялар құру;»;
«23-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келісу;».
4. «Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiнде:
1-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) банкроттық саласындағы уәкілетті орган – банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.».
5. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 720 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 337-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесінде:
4-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкі - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның функцияларын іске асыруға байланысты туындайтын мәліметтер жиынтығы.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негізінде еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарға ұсынады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар жүйелейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.
6. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар өңірлер бойынша ұсынған ақпарат негізінде жиынтық деректерді қалыптастыруды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның статистика жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында деректер банкі құрылады.».
6. «Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 338-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;».
7. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 3.5-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 3.6-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шоттарын енгізу есебінен ақша-кредит статистикасын институционалдық қамтуды кеңейту».
8. «Мемлекеттік органдардың өз құзіретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірлері 334, 338, 342, 346-жолдар алынып тасталсын;
2-бағанда:
реттік нөмірлері 354 және 355 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру»;
«Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру».
9. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 31, 389-құжат):
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсімі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру»;
көрсетілген стандартқа 1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
көрсетілген стандартқа 3-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 4-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша».
10. «Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1225 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 836-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және олардың бiлiмдерiн тексеру қағидалары мен мерзімінде:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Басшы қызметкерлерге арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары экономика саласындағы ұйымның ерекшелiгiн ескере отырып, теориялық және өндiрiстiк оқытуды көздеуге және оны еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті орган бекiтуге тиiс.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша басшы қызметкерлердiң бiлiмiн тексерудi оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейiн бiлiктiлiктi арттыру курстарында (сабақ болған жерде) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның бұйрығымен құрылатын, құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жүргiзедi.
Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негiзде жүзеге асырылады.»;
2) көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң атауы» деген сөздер «Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның атауы» деген сөздермен ауыстырылсын».
11. «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 113-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс беруші бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.»;
5-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін аттестаттау нәтижелерін еңбек жөніндегі тиісті жергілікті органға бір ай мерзімде осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес қағаз және электронды тасымалдағышта беруге міндетті.».
12. «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 170-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларында:
139-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«139. Жеке тұлғалардың тізімдері және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылғанын растайтын құжаттар бір істе қалыптастырылады.».
13. «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1605 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 10, 200-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 911-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі есеп карточкалары, ведомостары (дерекқорлар)».
14. «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 525-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Патронаттық тәрбие туралы ережеде:
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Патронат тәрбиешілерге берілген бала (балалар) өзіне мұрагерлік тәртібінде өтетін алименттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарына, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Баланың (балалардың) тұрғын үй-жайы болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес өзіне тұрғын үй-жай беру құқығына ие.».
15. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 910-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерінде:
16-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қарыз алушы (бірлесіп қарыз алушы) жеке тұлғаның жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айға үзінді көшірмесі. Білім беру кредитін беру жүйесі шеңберінде берілген кредиттер бойынша сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын растайтын құжаттар болған кезде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың кредиттері бойынша аталған құжаттың болуы талап етілмейді;».
16. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 984-құжат):
1-тармақтың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты»;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда мекенжайлары көрсетілген Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім басқармалары (бұдан әрі – уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді жылжымалы орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталықта – осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беру, шарттарды бұзу), осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаға тиесілі мүлікпен іс-қимыл жасауға анықтамалар (бұдан әрі – анықтама) беру немесе қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызметтер ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап;»;
көрсетілген стандартқа 1-қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 2-қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 4-қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 5-қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 6-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 7-қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 7-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 8-қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 8-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 9-қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 9-қосымша».
17. «Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 66-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:
8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшалай қаражаттың мөлшерінен жиырма пайыз мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен есептеледі және салымшының жеке зейнетақы шотына аударылады.».
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысына
1-қосымша
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қоры салымшысы қаражатының
түсуі және қозғалысы туралы
ақпарат беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
Өтініш
Азамат ________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
Туған күні «___» ________ 19__ ж.,: _________________________________
___________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
ЖСН _________________________________________________________________
Жеке куәлік (паспорт) деректері: № __________________________________
Кім берген ________________________ Берген күні _____________________
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының транзиттік
шоттарының айналымы жөнінде ақпарат беруді сұраймын.
Қолы __________________________
Толтырған күні «___» _______ ж.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысына
2-қосымша
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына
және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына, банктерге кәмелетке толмағандардың
салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полициясы комитетінің
аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға
мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік қызметі стандартына
3-қосымша
Үлгі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына және/немесе (ерікті
жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы)
ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорына ____________________
Аудандық (қалалық) білім беру бөлімі _______________ жылы туған
кәмелетке толмаған ______________________ (баланың Т.А.Ә.) __________
заңды өкіл(дер)і (ата-анасы (ата-аналар), қорғаншысы немесе
қамқоршысы, патронат тәрбиешісі және оларды алмастырушы басқа
адамдар) _______________ жылы туған, ________________________ (өтініш
берушінің Т.А.Ә.) (жеке куәлік № __ ______ жылы ___________ берілген)
______________________ салымшының (мұраға қалдырушының Т.А.Ә.) қайтыс
болуына байланысты (___________ жылғы ___________ № ____ қайтыс болуы
туралы куәлік) ________ жылғы нотариус берген (_________________ жылы
____________ берген мемлекеттік лицензия № ______) заң/аманат бойынша
мұрагерлікке құқығы туралы куәлікке сәйкес тиесілі инвестициялық
табыспен, өсіммен және өзге түсімдермен бірге заңнамаға сәйкес
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және/немесе ерікті жинақтаушы
зейнетақы қорында ______________________ (ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорының атауы) мұраға қалатын зейнетақы жинақтарын алуға рұқсат
береді.
Аудандық (қалалық) білім беру
бөлімінің бастығы ________________________ қолы (Т.А.Ә.)
Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) айға дейін жарамды.
М.О.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысына
3-қосымша
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорына және/немесе ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорына,
банктерге кәмелетке
толмағандардың салымдарына
иелік ету үшін,
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Әкімшілік полициясы комитетінің
аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке
толмаған балаларға мұраны
ресімдеу үшін анықтамалар беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша
Үлгі
Жеке тұлғаға арналған үлгі
Аудандық (қалалық) білім беру бөлімі
(өтініш берушінің Т.А.Ә.) _____________
мекенжайы, телефоны: __________________
_______________________________________
Өтініш
Сізден __________________________ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы
қорындағы және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы (ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорының атауы мұрагерлікке құқығы туралы
куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі) зейнетақы жинақтарын
салымшының (Т.А.Ә.) _______________ қайтыс болуына байланысты (қайтыс
болуы туралы куәліктің № ________, куәліктің берілген күні) кәмелетке
толмаған балаларының (Т.А.Ә.) _________________________ алуына рұқсат
беруіңізді сұраймын.
Толтырылған күні: _________ жылғы «___»
Өтініш берушінің(лер) қолы ____________
Аудандық (қалалық) білім
бөлімінің бастығы ____________ қолы (Т.А.Ә.)
Анықтама берілген күннен бастап 1 (бір) айға дейін жарамды.
М.О.
Достарыңызбен бөлісу: |