6.
|
Жобада қарастырылған мәселелер бойынша ертеректе қабылданған Үкімет және/немесе Президент актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
1. «Агент пен сақтандырушының арасында жасалатын сақтандыру төлемдерiн iшiнара өтеу тәртiбi мен талаптары туралы шарттың үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы № 863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 405-құжат);
2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 17 тамыздағы
№ 863 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1019 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 436-құжат);
3. «Гидрометеорология қызметi органының және (немесе) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның қолайсыз табиғат құбылысы фактiсiн растайтын анықтамасының үлгi нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1032 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 442-құжат);
4. «Қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 270 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 124-құжат);
5. «Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 410 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 146-құжат);
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 тамыздағы
№ 863 және 2006 жылғы 31 қазандағы № 1036 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1728 қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 443-құжат);
7. «Патент қабiлеттiлiгімен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiш берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 238-құжат);
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 8 қазандағы № 1042 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 526-құжат);
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы
№ 410 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 526 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 476-құжат);
10. «Сорттың патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiш берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 92-құжат);
11. «Элиталық тұқымдарды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі № 843 қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48 482-құжат).
|