Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1559 қаулысымен
бекітілген
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы»: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа:
сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сот шешімінің негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнге дейін ұзартылады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтiзбелiк 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;
2) порталда – өтінішті алғанын растау және бір жұмыс күн ішінде некені бұзуды тіркеу күнін, уақытын белгілеу бөлігінде ақпарат алу.
3) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
орталыққа – 15 (он бес) минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіге – 20 (жиырма) минут;
орталыққа – 15 (он бес) минут;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде:
жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;
жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде қағаз жеткізгіште құжатты берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулерімен жаңа куәлік беру;
2) орталықта:
жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;
жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулерімен қағаз жеткізгіште құжатты берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру;
3) порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге электрондық өтінішті қабылдау және оның күнін белгілеу туралы хабарламасы.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркегені үшін мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша – 2 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
сот шешімі негізінде – 1,5 АЕК (ерлі-зайыптылардың бірінен немесе екеуінен де);
сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардан, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан – 0,1 АЕК.
Некені бұзу туралы акт жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.
Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13-00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа жүгінген кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
соттың шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бірлескен өтініш;
3) некені қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіппен хабарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
3) сот шешімінің немесе сот үкімінің көшірмесі;
4) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік;
5) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
өзгерістер, түзетулер және толықтырулар енгізу үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған болса – некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы анықтама;
4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілгенде қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
1) өтініштің қабылданған күні;
2) қоса берілген құжаттардың саны;
3) құжаттарды беру күні, уақыты;
4) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді көрсетілетін қызметті беруші немесе орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері немесе орталық қызметкері құжаттар түпнұсқаларының түпнұсқалылығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық берген нысан бойынша жазбаша келісім береді.
Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға:
1) сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
2) сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталға жүгінген кезде:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) егер азаматтық хал актілерін тіркеу 2008 жылға дейін жүргізілген жағдайда, құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
1) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша Министрлік басшылығының атына беріледі, телефоны: 8(7172) 74-07-37, 74-07-68.
Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
2) орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша орталықтың басшысына жіберіледі.
Почта арқылы, сол сияқты қолма-қол келіп түскен шағымды орталықтың кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін шағым орталық басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе орталықтың атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа жеке өзі келуге мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің – www.adilet.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
орталықтың – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефоны: 8 (7172) 58 00 58. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
______________________________________________
______________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
жеке куәлік № ________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) БҰЗУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды ерлі-зайыптылардың некені бұзу
(ерлі-зайыптылықты) туралы соттың ___________________________________
(соттың атауы, шешімнің күні мен нөмірі)
шешімінің негізінде тіркеуді сұраймыз(-мын)
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы мынадай мәліметтерді
хабарлаймыз(мын):
№
|
Қажетті мәліметтер
|
ЕР
|
ӘЙЕЛ
|
1.
|
Аты
|
|
|
2.
|
Әкесінің аты (бар болса)
|
|
|
3.
|
Тегі: некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғанға дейінгі
|
|
|
|
бұзғаннан кейінгі
|
|
|
4.
|
Туған күні, айы, жылы
|
|
|
5.
|
Жасы
|
___ жасқа толды
|
___ жасқа толды
|
6.
|
Ұлты
|
|
|
7.
|
Азаматтығы
|
|
|
8.
|
Заңды мекенжайы
|
|
|
9.
|
Қай жылдан бастап
|
|
|
10.
|
Білімі
|
|
|
11.
|
Қайда және кім болып істейді (егер жұмыс істемесе, күнкөріс көзін көрсету керек)
|
|
|
12.
|
Саны бойынша нешінші некеде тұрған
|
|
|
13.
|
Бұзған некесі (ерлі-зайыптылығы) қайда жасалған (неке қию туралы акт жазбасының нөмірі мен күні)
|
|
|
14.
|
Өндіріп алуға жататын мемлекеттік баждың сомасы
|
|
|
15.
|
18 жасқа дейінгі балалары (тегі, аты, әкесінің аты)
|
|
|
16.
|
Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, қашан және кім берді)
|
|
|
Өтінішке қоса тіркейміз(-мін): ______________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың қолдары:
ЕР _________________ ӘЙЕЛ ____________________
20__ жылғы «___» __________
Жолданды __________________
20__ ж. «___» ______________ жауап күтіледі
20__ жылы «___» _______________
даудың жоқтығы, болуы туралы
жауап алынды, жауап алынған жоқ
(қажеттісінің асты сызылсын)
_____________________________________________________________________
(қиып алу сызығы)
Өтініш 20__ жылғы «___» ____________ қабылданды және
журналда № ______ тіркелді.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу 20__ жылғы «___» ___________
тағайындалды.
Қолы _____________
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
_____________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
_____________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
_____________________________________________
жеке куәлік № _______________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы
ӨТІНІШ
Біз, төменде қол қоюшылар, өзара келісім бойынша некені
(ерлі-зайыптылықты) бұзуды сұраймыз. Бізде кәмелеттік жасқа толмаған
балалар және мүлікті бөлуге байланысты даулар жоқ.
№
|
Қажетті мәліметтер
|
ЕР
|
ӘЙЕЛ
|
1.
|
Тегі
|
|
|
2.
|
Аты
|
|
|
3.
|
Әкесінің аты
|
|
|
4.
|
Туған, күні, айы, жылы
|
|
|
5.
|
Жасы
|
|
|
6.
|
Ұлты
|
|
|
7.
|
Заңды мекенжайы
|
|
|
8.
|
Кім болып және қайда жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, күнкөріс көздерін көрсету)
|
|
|
9.
|
Білімі
|
|
|
10.
|
Саны бойынша нешінші некеде тұрған
|
|
|
11.
|
Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде жасалынған, неке қию туралы актінің нөмірі мен күні
|
|
|
12.
|
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған соң кімнің тегін алғысы келеді (некеге дейінгі немесе некені қиған кезде қабылдаған)
|
|
|
13.
|
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себебі
|
|
|
14.
|
Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, қашан және кім берген)
|
|
|
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу шарттарымен және тәртібімен
таныстық. Азаматтық хал актілерінде жазылған қағидаларды бұзатын
болсақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 376-бабына
сәйкес әкімшілік жаза қолданылатындығы туралы бізге ескертілді.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың қолдары:
ЕР ____________________________ ӘЙЕЛ _________________________
(аты, әкесінің аты, тегі) (аты, әкесінің аты, тегі)
20__ жылғы «___» _______________
_____________________________________________________________________
(қиып алу сызығы)
Өтініш 20__ жылғы «___» ___________ қабылданды және журналда
№ _______________ болып тіркелді.
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу 20__ жылғы «___» __________________
тағайындалды.
Қолы _______________________
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
______________________________________________
______________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
______________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
жеке куәлік № ________________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз жоғалып кеткен немесе жан
күйзелісі сырқаты немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан
әрекетке қабілетсіз ден танылған, не қылмыс жасағаны үшін үш
жылдан астам мерзімге бостандығынан айрылған сотталған
адамдармен сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты)
бұзуды тіркеу туралы
өтініші
_______________________ туралы сотының ______________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
20__ жылғы «___» _________ № __________ шешімінің/ үкімінің негізінде
_____________________-мен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды сұраймын.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылар туралы мәліметтер:
№
|
Қажетті мәліметтер
|
ЕР
|
ӘЙЕЛ
|
1.
|
Аты
|
|
|
2.
|
Әкесінің аты (бар болса)
|
|
|
3.
|
Тегі: некені бұзғанға дейінгі некені бұзғаннан кейінгі
|
|
|
4.
|
Туған күні
|
|
|
5.
|
Жасы
|
___ жасқа толды
|
___ жасқа толды
|
6.
|
Ұлты
|
|
|
7.
|
Азаматтығы
|
|
|
8.
|
Заңды мекенжайы
|
|
|
9.
|
Қай жылдан бастап тұрады
|
|
|
10.
|
Білімі
|
|
|
11.
|
Кім болып және қай жерде жұмыс істейді (егер жұмыс істемесе, күнкөріс көзін көрсету керек)
|
|
|
12.
|
Саны бойынша нешінші некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған
|
|
|
13.
|
Бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) қай жерде қиылған (некені қию туралы акт жазбасының нөмірі мен күні)
|
|
|
14.
|
Өндіріп алуға жататын мемлекеттік баждың сомасы
|
|
|
15.
|
18 жасқа дейінгі балалары (аты, әкесінің аты, тегі)
|
|
|
16.
|
Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, қашан және кім берген)
|
|
|
Пошталық мекенжайы __________________________________________________
(сотталған жұбайының, әрекетке қабілетсіз жұбайының
_____________________________________________________________________
қорғаншысының, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жұбайының мүлкіне
қорғаншысының
_____________________________________________________________________
тегін, атын, әкесінің атын, нақты мекенжайын көрсету)
Өтінішке қоса береміз(-мін): ________________________________________
Өтініш берушінің қолы: ЕР ___________________ ӘЙЕЛ __________________
20__ жылғы «___» ___________
_____________________________________________________________________
(қиып алу сызығы)
20__ жылғы «___» _______ _______________ құжаттар қарауға қабылданды.
Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. ______________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы куәлікті алу үшін
20__ жылғы «___» _____________ келеді.
_______________________________ құжаттарын қабылдаған маманның Т.А.Ә.
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
_____________________________________________
_____________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
_____________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
_____________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
жеке куәлік № _______________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы
(қажеттісінің асты сызылсын) ӨТІНІШ
_______ жылғы «___» _______________ № _______ акт жазбасына
мынадай өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер ______________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________ енгізуді сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
1. Аты, тегі (бар болса), әкесінің аты ______________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Туған жері _______________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Азаматтығы _______________________________________________________
6. Отбасылық жағдайы ________________________________________________
7. Кәмелетке толмаған балалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі,
туған күні және жері ________________________________________________
8. Жеке басты куәландыратын құжат ___________________________________
9. Қайда және кім болып жұмыс істейді _______________________________
10. Әскери қызметке қатыстылығы:
а) қайда есепте тұр _________________________________________________
б) қызмет ететін әскери бөлімнің атауы ______________________________
_____________________________________________________________________
11. Тұрған уақытын көрсете отырып, тұрған жерлерінің толық тізбесі
12. Тергеуде, сотта тұрған не өтелмеген соттылығы немесе заңда
белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы болған жағдайда, ол туралы
атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініштің қабылданғаны
туралы мемлекеттік органдарға тиісті хабарлама жіберу үшін көрсету
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
13. Бұрын аты, әкесінің аты, тегі ауыстырылды ма ____________________
14. Өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу себебі ___________
Өтінішке өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін
растайтын мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) _____________________________________ 3) _________________________
2) _____________________________________ 4) _________________________
Жалған мәліметтер хабарлағаным үшін жауапкершілік туралы маған
ескертілді
20__ ж. «___» _____________
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,
лауазымы)
журнал бойынша № ____
---------------------------------------------------------------------
(қиып алу сызығы)
20__ жылғы «___» _________ азамат(ша) _______________________________
азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу туралы өтініш ______________________________ қосымша
құжаттармен қарауға қабылданды.
Қарау нәтижелері 20__ жылғы «___» ______________ хабарланатын болады.
Маман _______________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты)
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен
түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
________________________________________________
(Т.А.Ә. не көрсетілетін қызметті алушының атауы)
________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
толық топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атаулары:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас
тартады.
Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден.
Т.А.Ә. (ХҚО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. _________________________________
Телефоны __________________________________________
Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы «___» __________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |